Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет39/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   95

145
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
– атаңмен ойна», – деген қағиданы малданып, екеуі құрдастарша 
қалжыңдаса беретін. Үнемі зілсіз қажасып отыратын. Бірде ит-
жығыс түссе, бірде Жұматайдың басымдығы байқалып қала беретін. 
Сол Әбен Талдықорған қаласынан пәтер алып, бір күні үйімді көр 
деп, Жұматайды ертіп келе жатса керек. Ішуді іші жек көр мейтін 
Жұматайдың әңгіменің аяғын дәйім ғана ішімдік жағына апа рып 
тірей беретін әдеті бар еді. «Міне, мынау үй, пәтеріміз осы ның 
үшінші қабатында»,– деп келе жатқан Әбенге, әлгі үйдің астыңғы 
қабаты тұтас қана азық- түлік дүкені екенін көре қойған Жұматай: 
Бұл үйдің үсті де дом, асты да дом,
Тиіп тұр іргесіне гастроном, – деп жібереді. Әбен де ол шір кін нен 
қашпайды білем, екеуі бір-бірін арғы жағын айтпай-ақ түсіне қояды 
да, қатарласа барып дүкенге бас сұғыпты. «Ал, қайсысын ала мыз?»– 
деген Әбенге Жұматай: 
Қасында еріп жүрсе екі-үш сыра,
Арақтың төресі ғой «Экстра», – деген екен.
Әбеннің тұңғыш қызы дүниеге келіп, соның шілдехана 
сына 
жиналып отырғандардың көзінше: 
Айналайын Гүлзадам,
Айтайын саған бір жаңа ән.
Әкең сенің импортный –
Поштамен келген Құлжадан, – дегенді де Жұматай айтқан.
Әбеннің көп жылдар бұрын Қытай жағынан ауып келгенін 
емеурінмен білдіре кеткендігі еді онысы. Сол Гүлзада апыл-тапыл 
жүре бастаған кезде, Әбеннің үйіне келе қалады да, жөпшендіде 
аузыңа ештеңе тие қоймай, тамағы жыбырлай берген Жұматай: 
Келетін ағайының бар алыста,
Мықты болсаң үйіңде арақ ұста.
Мамаңа айтшы – жүз грамм құйып берсін
Жұматай Жақыпбаев товаришқа! – деп, «үйде арақ болмай тұр 
еді» – деп сылтауратқан ата-анасын да бір іліп өткен ғой.
Айтып жүрмеген соң ұмытып та қалыппын, мұндай-мұн 
дай 
бірқақ пайлар онда өте көп болушы еді. Сол Әбеннің бойының 
аласалығын меңзеп: 
Құлақшыны екі тышқанның терісі,
Өзі Суанның перісі...
Озат колхоздың қызылшасындай бойы бар,
Соған қарамай,
Тоқал алсам ба деген де ойы бар, – деп бір кетсе, Тоқтасын 
Сүгірбеков дейтін ақын жігітке:
Қиярдың бөшкесіндей жуан ақын,
Жүнжүн берсең – балаша жұбанатын,
Қыз көрсе қылмың қағып қуанатын,


146
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Кіндігін қытай кескен Суан ақын, –
Сүр жегендей боламыз сені көрсек,
Бірдемең бар ма бізді суаратын?!  – дейтіні де бар.
Аңқылдап қалған, ақкөңіл Тоқтасынның барған үйіне ауызша 
«бір қой сыйлап» кететіні болады екен. Сырын білетіндер күледі де 
қояды, сырын білмейтіндер шынымен қой береді екен деп дәметіп 
те жүретін көрінеді. Бізге де бірер қой «атағаны» бар. Бірде бәріне 
ортақ жолдастарының бірінің әйелі босанып, соларға барып «бауы 
берік болсын» айтайын десе «қалтасының түбі тесік», бармайын десе 
тағы да ұят, не істерін білмей дағдарған Жұматайдың алды нан Тоқ-
тасын жолыға кетпей ме. Жұматайдың қысылып тұрған жа ғдайын өз 
аузынан естіген Тоқтасын: «Мен бір қой атадым» – деп қалса керек. 
Сонда Жұматай: «Әй, Тоқа-ай, сіздің қойлардай қойдың мен бол сам 
бес-алтауын қатар атап, өзіне айдатып-ақ жіберер едім ғой»,– депті. 
Сол Тоқтасынның жаңағыдай қылығына қарата шығарған Жұма-
тайдың тағы бір өлеңі мынандай: 
Бір жілігі базарда,
Бір жілігі қазанда,
Бір жілігі Басқанда,
Бір жілігі аспанда,
Бір жілігі арқанда,
Бір жілігі Сарқанда..,
Тоқаңның бір қойы бар,
Әркімге берсем деген ойы бар.
Тоқаң бермей жүрген жоқ,
Өзің тап та, сойып ал!
Облыстық газет жігіттерін бірде колхоздағы жұмысқа апарып 
салады. Оларды бастап барған газет редакторының орынбасары 
Елжас Бейсенбеков болса, өзі де елгезек, тынымсыз, басқаларға да 
дікектеп тыным бермесе керек. Ақ таңнан оятып алып, «тұрыңдар 
да, тұрыңдар!» – деп жігіттердің мазасын ала береді екен. Басына 
ұдайы түрік тақиясын киіп жүретін көрінеді. 
Мекеніміз Кеңарал,
Уақыт жоқ демалар.
Тықақ-тықақ етеді,
Турецкий Генерал!.. – деп, Жұматай Елжастың өзін де, өзге жігіт-
терді де күлдірсе керек. Бұлардың жұмыс істеп жатқан Кеңара л дары 
әйгілі Зылиха Тамшыбаева басқаратын кеңшарға қарайды екен. 
Бірде плантация басындағы бұларға қарай келе жатқан сол 
Зылиханы көріп қалған Елжас бастық асып-сасып оның алдынан 
шығам деп жүргенде, шалбарының құйрық тұсын бұта сы дырып, 
жыртып алыпты. Кісіге ұдайы жүзін ғана бере сөйлеп, көткен шектеп 
шығатын қытайларша, Елжас та амалсыз Зылиханың алдынан 
артымен шегіншектей бермей ме, соны бағып отырған Жұматай: 


147
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Жалбырап жүріп көтеніңіз, 
Зылиха сіздің не теңіңіз, – деп бір қағытып өтеді. 
Оның Баяндин Құттыбекке, редакциядағы басқа да жігіт-желең, 
қыз-келіншектерге қарата айтқан тапқыр да дәл шумақтарының, 
достық әзілдерінің көбін есіме түсіре алмай отырмын. Білетін дердің 
ауылы алыс, сұрап алудың да ретін таппадым. Кейінірек, Алма тыға 
ауысқаннан кейінгі кезде ол «Жазушы» баспасындағы маған жиі 
келіп тұратын еді. Бір күні: «Көке, мен орысша бірер өлең жазып 
ем, тыңдайсыз ба, оқып берейін? Осындағы орысша өлең жазатын 
Орынбай, Бақытжандар мақтап жүр»,– дегені бар. 
Өлеңдері шынында да жақсы сияқты. Бірақ мен оған: 
– Сен қазақ жырының түбін түсіріп жүрген үлкен ақын 
сың 
ғой. Соңыңнан біраз жастарды да ертіп, «Жұматай қаға 
натын» 
құрғаныңды да естіп жүрміз. Орысшаны сол Олжастарға-ақ қал-
дырсаң қайтеді, тыпа-тыныш, – деп едім, ол түсінді ме, жоқ па, 
білмедім, әйтеуір одан соң орысша өлеңімді тыңда деп мені маза-
ламайтын болған. 
... Бір күні естідім, Жұматай жұмыстан шығып, ауылына кетіп 
қалыпты. Әке-шешесі Талдықорған түбіндегі «Жетісу» аталатын 
бір ұжымшарда тұратын. Көктем кезі еді. Мал төлдеп жатқан, 
шопандарға ілесіп, қозы бағуға сақманшы болып кетіпті деген 
хабар да жеткен бізге. Оның мінезіне күлгеміз де қойғанбыз. Газет 
редакторының орынбасарымен жұмыс үстінде жүз шайысып қалып, 
бастықтығын көрсетіп дікеңдей берген әлгінің иегінен Қасым 
Қайсенов ағамыз айтқандай, бір сүйкеп жіберіп, тұрыпты да жүре 
беріпті. Мен ол кезде облыстық партия комитетінде істеймін. Екі-
үш ай бойына жұмыссыз жүріп қалған Жұматай ақынға жана шыр-
лық көрсеткім келіп: «Редакцияға соқса, маған кіріп шықсыншы, 
жұмыс қарастырып көрейін» – деп сәлем айттым жігіттерден. Бұл 
кезде Жұматай сақал-мұрт жіберіпті деп те естігенмін. «Араб шейх-
терінен аумай қалыпты»,– деп жүрген жігіттер. 
– Сәкеңе барсаң, сақал-мұртыңды қауғадай қылмай, қырғы зып 
бар. Обкомдағылардан ыңғайсыз болар,– дейді ғой оған редакция 
жігіттері әдейілеп ескертіп. 
Бірден елп етіп келе қалса Жұматай Жұматай бола ма, «Жарайды, 
барып көрейін!» – деудің орнына: – Сәкең бірден жұмыс тауып бере 
қойса – жақсы, тауып бермесе – не жұмыс жоқ, не сақал-мұрт жоқ, 
сымпиып қала бермеймін бе, одан да «аш құлақтан – тыныш құлақ», 
осылай жүре берсем қайтеді? – дейтін көрінеді. 
Жұматай Жақыпбаев дегенің осындай жігіт болатын... 
«Парасат» журналы
2007 жылдың қазан айы


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау