Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет36/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95

136
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
көзімен қарағанда, жүзім сөлі өзге заттардан ғөрі анағұрлым адам 
қанына ұқсайды. Расымен олар жүзім жерге көмілген өліктердің 
қанынан нәр алып, өсіп-өніп шығады деп ойлайтын еді». Әлем бір-
бірінен даяр үлгіні қабылдай бергіш, қазақ мұны сынықтан өзгенің 
бәрі жұғады деп қисындайды. «Христиандар Шарапты Христтің 
қанының нышандық белгісі ретінде қабылдады. Христос, Күн 
Рухының экзотерикалық (сыртқы) символы, «Мен шараппын» деп 
айтты. Ол осылайша мас болған қызу сәттегі табынатын зат болып 
шықты. Тұп-тура пұтқа табынған дәуірлердегі оның прототиптері – 
Вакх, Дионис, Апис немесе Адонистен аумайды». 
Мәжнүн – мифологиялық, архаикалық фольклордан лиро-
эпикалық, мифо-поэтикалық поэзияға өткен мистикалық кейіпкер. 
Тұла бойы тұнған құдірет.
Грек мифологиясындағы Орфейдің жаратылыс қалыбынан 
Мәжнүнге ауған қасиет аян. Екеуі де сыбызғыда ойнайды, аң мен 
құсты аңшы мен тұзақтан қорғаштап, жан-жануарларды сазды 
әуенмен баурайды. 
Орфей таланттың магиялық сиқыр күші дарыған мифтік әнші, 
өнеріне адамзат нәсілі мен олимпиялық құдайлар түгілі табиғат 
бағынады. Ол аргонавтардың жорығына қатысқанда, аспап тартып, 
дұғамен жал-жал толқындарды жуасытып, «Арго» кемесінің 
ескекшілеріне көмектеседі. Орфей қайғы буып, қаңғып өледі.
Ел-жұрттан безіп, саяқ кеткен тақуалар барлық дінде бар. 
Христиандарда аз емес, әулие Антоний, жын иектеп азғыруды 
жеңген тақуаның бірі, Бенедикт мен Павел әулие... Дүниеден безген 
диуаналықтың түбінде не бар? Күнәкәрлықтың жойқын күйретуші 
күшін анық түсініп, күнәдан қашып құтылуға мұрат бар.
Күнә – өлімнің көзірі. Христиандықта тән ләззаты, нәпсі 
айрықша күнә саналады. Жұмақтан қуылудың басы сол. Ислам 
нәпсінің зиянын өзгеше қадағалайды, исламда некеге қарсылық 
жоқ. Тақуалықты дін неліктен артық санайды? Не үшін әулие 
діндарлар өзін-өзін шектейді? Бұл жалғыздықтың уытына еркімен 
көну, жұбайлық өмірді қор санау және ұрпақ өсіруден бас сауғалау 
тәрізденетіні рас. 
Орта ғасырлық Еуропада кедейшілікті уағыздап, сандалмамен 
күнелтетін деп айтса теріске шығара алмастай монах ордендері 
болды. Францискандықтар, доминикандықтар, бенедиктиндіктер, 
т.б. Бұлар кезбе уағызшылар. Әулие Доминик (1170-1221) негізін 
салған уағызшы монахтар ордені кезбелікпен айналысты. Арасында 
суретшілер көп. Бұл монах ордендерін батыс тармақ суфийлер десе 
қате емес. Таспиықты дұға қылу үшін енгізген осы әулие Доминик 
екенін Дж. Холл айтады. Монахтар өсіп-өнбейді.
Целибат – (грекше ердің некесіздігі, бойдақ) католик 
діндарларының үйленбеуге бекінуі, парызы. Целибат – некеден 


137
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
безуші деген сөз. Оны 1073-1085 жылдары папа Григорий VІІ 
енгізген, 13 ғ. ортасынан бастап нығайды. Иисус Христос тән 
құмарлығы туралы жұмған аузын ашпайды һәм пәктігін сақтайды. 
Мәртебе һәм парыз, бәлкім елден еректік. Мәжнүн Франциск 
Аскизскийге ұқсайды, тақуалардың бәріне ортақ сарын уағыз 
айту мақсатымен көп қаңғиды. Франциск әулие құстарға құдайға 
жалбарыңдар деп уағыз оқиды. Расында аң-құс өз ғибадатын біледі. 
Франциск Аскизский рухын қорлатпау үшін нәпсісін әзәзіл санап, 
өлтіруге мәжбүр. Ол тәнін тікенекті бұтаға жыртқызады. Сол қан 
тамған жерге раушангүл өседі. Христиандық аңыздарда тән мүддесін 
жанның асқақтығы жеңеді, бірақ жеңіс оңайшылықпен тағы келе 
қоймайды. Лев Толстойдың нәпсісімен күресіп, бір саусағын шауып 
тастаған Сергий әкейінің бейнесі еске түседі. Бірақ ол арылудан 
ғөрі менмендікке тең қылық еді. Дінде өзін-өзі зор тұтуға тыйым 
салынған. Ф.М.Достоевскийдің «Нақұрыс» атты романының бас 
қаһарманы князь Мышкин, оның түп негізінде Иисус Христос 
алынған, момақан, момындығы һәм пәктігі бұлтартпасы аян. 
Асылы, «нақұрыс» сөзі мәжнүннің синонимі. Мәжнүнде әулиеге 
тән аскетизм мен маңдайы сәуле шашып тұратын діни белгі бар. 
Мәжнүннің әкесі Ләйліге құда түскенмен сәтсіз болып, қыз жігітке 
айттырылмады. Мәжнүн шын мәнінде целибат, некені аңсау оған 
жат. Ғашықтық отына күйіп-жанып, безгек буғандай сенделіп кетсе 
де, жас жігіт қызды құшуды тіпті армандамайды. Ол Ләйліге дертімен 
асық, жанымен ғашық. Мистикалық жолда ұстамдылық, төзімділік, 
тыйылу (зухд) қажет. Күнәға бату адам баласын құдайдан алыстатып 
жібереді. Румиде жан мен тәннің арасы жер мен көктей екі бөлек. Бұл 
жалған фәнидің ұрымтал қызығына қанбай, алдамшы дүниелігіне 
алданған жан эзотерикалық байланысты көруге дәрменсіз.
Анық асық – әулие!
Кереметке сол ие.
Жаны құрбан жарына,
Керексіз оған дүние.
Шәкерім өлеңінде мәжнүндіктің портреті тұр. Ол айдалада 
қаңғып, дүниеден безгендердің жүрегінде ұлы сүйіспеншілікке ғана 
орын барын шын ұғынып жырлады. Өз басынан өткерген күй болған 
соң неге жалған сөйлесін.
Тірілікте қосылысқан – шын жар емес, ойнас ол,
Ондай асық шынға дұспан,
Ол бейіске бармады.
Жар сипатын білсеңіз де,
Нәпсің «өлмей» деме жар,
Айла, алдау өзіңізге,
Шын қақиқат қанбады, – деп жырлайды «Өртейін деп отқа 
көмдім, от жүрегім жанбады» атты өлеңінде Шәкерім қажы. 


138
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Өліп едім – жар бірігіп, бір бейісті таңдады,
Ләйлі – Мәжнүн қарсы шығып, ерулігін қамдады.
Қазақ салт-дәстүрінде, бірақ жардың сипаты суфийдің көзімен.
Араб тілінде «калб» – жүрек. Жүрек культын суфизмнен бөгде 
ешкім егіле шерткен жоқ. Ол «ғаділетті жүрек» (Абай). Эзотерикалық 
аллегориялардың мағынасын дәлме-дәл ұғыну үстірт шалағайлық. 
Дәруіштік ұлы махаббат туралы 1832-36 ж.ж. жарияланған орыс 
поэзиясынан мына бір өлең жолдары ше: «О луч души осиротелой!/ 
Поток в пустыне бытия, /Любовь, сестра священной Веры,/ Лилея 
Ангелов...»
«Кезбелер» атты бұл өлеңнің авторы В.Г.Тепляков. Ақын заты 
қашанда диуана, ол әпенділікті шет көрмейді. Ақын пайғамбардың 
сөзін айтуға хақылы. Мәжнүндік пен кещеліктің арасы жұмақ пен 
тамұқтың шегіндей бітіспейді. Бірі аллашыл сана, бірі адами сана, 
биік пен аласа. Джалаледдин Руми Мәжнүн образын ерен шыңға 
көтерді. Оның «Мәжнүн» атты жыры – дұға. Сүйікті Ләйлісінен 
айрылуы Мәжнүнді дертке ұшыратты. Жүзі сынып, қаны тасыды. 
Білгір емші оны емдеуге кірісті, ол науқасқа қан ағызу керек деп 
жазып берді. Мәжнүннің денесінен қан алуға келгенде ол бас 
тартты. Әлгі кісі сонда: «Сахарада арыстаннан қорықпағанда, енді 
үрей буып отырсың ба өзі?» деп кінә тақты. Мәжнүн оған Ләйлі 
екеуіміздің арамызда меже жоқ. Менің тамырымды кескенде, бәлкім 
сен, сүйгенімді аңдаусызда жаралап аларсың деді.
Я тот, чья жизнь – скитанье и любовь,
И мне ль бояться, что прольется кровь?
Но я своей любовью перегружен,
Как раковина, полная жемчужин.
Лейли и я – мы друг без друга – прах.
Мы с нею – дух единый в двух телах!
Аруана бауыр дүние. Құранда адам баласына Алла күре тамы-
рынан да жақын делінген: «Расында адамзатты жараттық. Оған, 
нәп сісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамыры-
нан да жақынбыз». (50:16). Руми мұны Мәжнүннің қан тамы рында 
Ләйлі жаны барына мегзеп, Қаф сүресінің нақ осы аятын астарлап 
аса көркем сипаттайды. Құдайға құлшылық қылудың мұнан асқан 
қас үлгісін Румиден артық айтқан қайсысы бар еді?!
 Низами жар салды: «Ақынның тілі астында асыл Қазына 
қойманың кілті жасырулы. Пайғамбар мен ақын – бұл дән өзегі, 
қалғанының бәрі қабық». 800 жыл бұрын туған Руми бүгінгі 
дүниеқоңыз адамдар үш ұйықтап түсіне кірмейтін рухани аңсарды 
жүрегі езіле жырлайды. Неткен шебер құдай. Адам жанын ерен сұлу 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау