Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет35/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95

133
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
еврей аңызында Лилит Хауа анадан бұрын Адам атаның бірінші 
әйелі болған. Лилит бейнесін каббала, сиқырда кеңінен пай 
да-
ланған. Шумерлік пері Лилу мен Лилитудан шығады. Адам Ева үшін 
Лилитті тастаған, яки ол өзі жұбайынан кетіп қалған. 
Руми Ләйліге кіршік жұқтырмайды, өзі Мәжнүн халмен сүйеді. 
«Үндістанға аттанған көпес және оған тотықұс берген тапсырма 
туралы әңгімеде» Руми құсты адам жанының символына ба  лайды. 
Құс ұшады, жан асқақтауға бейім, шыбын жанның қасиеті құстың 
қос қанатында бедерленген. Әлем поэзиясы құс қауырсында ры ның 
астында қалықтайды.
Көпеске құсы былай дейді: «Кім құсалы, соны досы еске ал сын. 
Бұл оған сор мен азаптың ауыртпалығын жеңілдетеді».
Особо если друга звать Лейлою, 
Что о Маджнуне думает порою.
Тотықұс өз сыңарына сәлем айтқан екен. Көпес екеуін 
айырғанына өкініп, құстардың денесі екеу болғанмен жаны бір 
деп шешті. Бұл тәмсілді ол Аттардың (1222 ж. өлген) «Құпиялар 
кітабынан» алған. 
Суфизм адами қасиеттерді Жасаған Ие Жарға деген ма хаббат 
арқылы қорғайды. Бұл адам баласын өсіреді, оны қорлат пайды. 
Құдайға ғашықтық осы тұрғыдан асқақ. Шәкерім Жарға ға шық-
пын дегенде Алланың нұрына шөлдеген толық адам, кемел суфий-
дың жан сарайын айтады. Соның үшін Мәжнүн пайғамбар әрі 
ақын. Ләйлісі – Жар, Аллатағала ишарасы, суфийдің асығы. Пай-
ғам бар асық, ақындығы махаббатында түюлі. Бірақ бұл тым құпия-
лы сүйініш, тылсым сезім. Оның олай болмағын Ләйлі обра зынан 
емес Мәжнүннен көреміз. Ләйлі неге көрікті? Асылында Мәжнүн 
көркем.
ІІІ. Мәжнүндікке іңкәрлік
Шығыстанушы шоң ғалым, Низамидың бес дастанын зерт-
теп жазған автор А.Бертельс Мәжнүн образы нағыз ақынның про-
образы, түпкі аңсарлы бейнесі деп жазды. Суфийлер – бұл ақындар 
һәм ғашықтар екенін Ыдырыс Шах түйіндейді.
Мәжнүн – жарымес, есуас, махаббаттан есі ауып, жын иек теген 
деген сөз. Ол араб ақыны Кайстың лақап аты. Мәжнүннің Ләйлі 
сұлуға есі ауысқанша сүйіспеншілік сезімі шығыс классикалық 
әдебиетінде кең таралған сюжет. Мәжнүн жынданып кеткен әулие 
ғашықтың мәңгілік символы.
Кайс – араб тілінде «өлшем», «шама», «берік үлгі, өнеге» деген 
ұғымға тең. Мәжнүн – сүю сезімі кернеген соң нақұрыс атанды. 
Ол – қисапсыз көп поэмалар мен аңыздар қаһарманы. Жай тілмен 


134
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
айтқанда, жынданған ғашық образы не үшін әспеттелуге лайық? 
Мәжнүн неге соншалық биік образ? Мұның сырын суфизмнің 
теориялық негізін қалаған ойшылдар түсіндірері хақ. Аспантекті 
Мәжнүн, көкке телмірген, жаны пәк ғашық. Қауызы ашылған 
райхан гүліндей әзиз жүрегі бар, сол жүрегінің маңында тікенектер 
өскен махаббат құрбаны. 
Шығыстық ақын атаулы Мәжнүннің қошаметке лайық бейнесін 
жырлау арқылы өз жүректерін сөйлеткен, бәрі Мәжнүнді өзіне 
теліген еді. Ибн Араби суфийлықтың сырын шын асықта ақыл – ес 
болмайды деп ашты. Ақыл билеген, есепке шорқақ деуге келмейтін 
естияр махаббат шынайы сүйіспеншілікке жатпас. Қазаққа мұны 
Шәкерім әулиеден асырып айтқан ешкім жоқ:
Олай болса, таза ақыл,
Әулиелік сенде жоқ.
Баянсызға бәрі құл,
Жынданбаған пенде жоқ.
«Шыннан өзге құдай жоқ».
Ләйлі бейнесінде бойжеткен қыздың осалдықтары жоқ болуы 
Құдайдың кемшіліктен, мұқтаждықтан пәктігін бейнелеуге тиіс. 
Жұматайдың «Ләйлә дертін жазар деп Ләйлә ғана» деп жырлауы 
рациональды жадтан гөрі иррациональды мағынаға дөп.
Эстетикалық категорияда биік ұғымдар табиғаттың адамға 
беретін әсеріндей буырқандырады, әлемнің ұлылығын ашады. 
Адам жаны биікшіл, әулиелер дұға қылу үшін иен түзді таңдайды, 
себебі ол кеңдіктің һәм азаттықтың көрінісі. Әрі әзәзілдікке бейім, 
бағынғыш адам табиғатымен күресу шөлде қиын, оны жеңу нағыз 
әулиелік құпиясы. Шөл – адасқан, лағынет арқалаған періште – 
сайтанның да елі. 
Мәжнүн кәдімгі көп ғашыққа ұқсамайды. Суфийлік орден-
дер мәжнүндік екі құбылысты айқын білдірді. 1. Мәжнүндік – жан 
қалауы, аллашылдық. 2. Тән құмарлық, нәпсіден азат ғашық образы. 
Мәжнүннің Ләйлі деп зарлап, жер бетін кезіп жүруі жүректің дұға 
сөздері. 
Менің жарым қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры.
Шәкерім «жар» сөзін суфизмнен қабылдады. 
Месневиде Руми жырлаған «Ләйлі жақты мекендейтін итті 
Мәжнүннің қалай еркелеткені туралы әңгімесінде» Мәжнүн 
кемеліне келген нағыз мистиктің бейнесі, ол мұсылман дәстүрінде 
былғаныш саналған итті де сүйеді. Ләйліге таяу жүргендіктен итке 
оның ізгілік сәулесі түскен. Ит құдайға жарамсыз, лас хайуандарға 
жатады, ит тиген киіммен намаз оқуға болмайды. Мәжнүн иттің 
арқасын сипалап, ауқат беріп сүйінді. Мен махаббаттың мүсәпір 


135
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
құлы, иттің табаны астындағы шаңды сүюге даярмын,- деп 
мойындайды ол өзін кінәлаған елге. Зерттеушінің айтуынша, 
исламның жарлықтарына қарсы шыққан Мәжнүнді бұл әрекеті 
үшін айыптауға болмайды, себебі ол есінен адасқан жан. Шынында 
Мәжнүнге Ләйлі бар жердің бәрі жұмақ, өзге адамдар тек дүниені 
Мәжнүннің көзімен көре алмайды. Суфизмнің ой желісінде діннің 
сыртқы атрибуттары мен көріністері, салт-дәстүрлері, догма тыйым 
сенімдерге аса маңыз берудің қажеті жоқ. Діннің сыртқы формасына 
суфизм мән бермейді. 
Руми осы концепциясын Ләйлі – Мәжнүн аллегориясындағы 
келесі мысалында нақты тұжырымдайды. «Адамдар Мәжнүнді 
Ләйліге деген махаббатынан бас тартуға иландырғаны туралы 
әңгімеде» ол суфизмдегі көркем символдың бірі «шарап» сөзін 
пайдаланған. Ләйлінің көркі соншалық көз тартпайды, айнала тым 
құрығанда жүз, екі жүз перизат ару бар, соның кез келгенін таңда!- 
деп жұрт атайды. Мәжнүн жүзі сұрланып былай үн қатты: «Сұлулық 
– ыдыстың кескіні емес. Сол ыдыстан бізге құйылатын сусын. 
Сендерге содан сірке су ішу жазылған, Мен бал шарап татамын. 
Жаратқан Құдай бір құмырадан біреуге кермек у, енді біреуге бал 
құяды. Барлығы ыдыстың нобайын ғана көреді. Тек лайық жан оның 
ішіндегі дәмін (маңызын, мазмұн, мағынасын) көреді. Поэманың 
түпнұсқасында: «Сыртқы түр – бұл құмыра, Әдемілік – бұл шарап. 
Құдай маған оның жүзінен (яғни ыдыстан) шарап құйды» делінген. 
Түсініктемеден бұл мистикасыз өнбейтін ұғым екені аян. Ләйлінің 
сұлулығы құдайдың мінсіз сұлулығының бейнесі, ол тек өлердей 
ғашық күй кешкен Мәжнүнге ғана көрінеді. Сондықтан Ләйлінің 
көркі шарап деп аталынған, бұл шарап таңдаулылар үшін. «Даналық 
– бұл гүл, одан ара бал жасайды, ал өрмекші – у жасайды. Әрқайсысы 
өз табиғатына орай». Мэнли П.Холл ежелгі идеяны ұсынды.
Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ. 
Абай өлеңінде Алла деу үшін адамзатқа «оларға кез-кезімен нәби 
келді» деп жазды. («Алла деген сөз жеңіл»).
«Шараптың тұнбасы, аспаз, ақын, арфа, сазды әуен, асық, 
шырағдан, шарап пен бақытқа мастану – соның бәрі мен. Алла 
атымен ант ішемін, кез келген сенім мен секта – бұл мен»,- деп елітті 
Руми, хикмет кеудесінде махаббат гүлшешек жарып бүрлеген сәтте. 
Руми Мәжнүн емес дей алмассыз. Ол неге масайрап, мастанады? 
Құс жолында қалықтап, қаны теңіздей тасынған бұл экстазға 
шомған күйдің поэтикалық құдіретін тілмен айтып жеткізу қиын. 
Эзоп тілімен көбік шашқан мынау ессіз құштарлықты рациональды 
қазыққа кіндігінен тұсалған дүмше жұрт ұға қояр ма. Руми «мен 
шараппын» десе христиандық ілім мен мұсылман дінінде мистикалық 
сарыннан аумай қайталайды. Мэнли П.Холл: «Мысырлықтардың 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау