Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет37/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95

139
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
жаратқан Асылпана Аллатағаланы Расулдан соң ұлықтау Румиге 
ақындықтан артық аңсарлы сыр болатын.
 Маджнун всегда по запаху земли, Догадывался, где прош ла Лей-
ли, – деуі нені білдіреді? Мұхаммед с.ғ.с. хадистерінен аян: «Раббы  -
сын – зікір етуші тірі, ал зікір етпеген – жансыз дене сияқты». Мәж-
нүн дұғасыз Мәжнүн емес. Бұл асылында сәулелі Жүректің өзі, Мәж-
нүн деп жүргеніміз – жүрек. Себебі зікір тек жүрекпен айтылады. 
Суфизм – жүрек культі.Ләйлінің табаны тиген жерді иісінен сезу 
бұл жер мен көктен Құдайдың құдіретін танып, ризашылық пен 
жал барыну. Шыр көбелек дөңгелене билеген дәруіштер бір Аллаға 
тәуе 
кел етіп, зікір салатын. Шейх Руми дұғасы мәжнүндікпен 
 
қабыл һәм ақиқат.
Ауған жері Балхыда туған Румиды Пакистанда таяу Шығыста 
болған күллі көне ағымдардың нақты мұрагері ретінде санайды. 
Суфизм барша діндердің қоспа, қорытпасы, эклекти калық қабы-
суы, бұл ретте ол алхимиялық процесстен аумайды. Бірақ онда 
ашкөздік пен алтын химера ырымға жоқ. Суфизм Құдайды 
сүюді ақыл-естен, жадтан бөліп қарайтыны, күпірлік пен скеп-
систің ылаңынан сескенген соң. Ақыл-парасат шынында өлшеулі 
рациональды пайдакүнемдіктің уысынан шықпайды. Ақыл – ой 
билесе шынайы сүйіспеншілікке тиесілі дәнеңе қалмасын, нақ осы 
күрделі жайттың ұшығын Абай адаспай айтты: «Махаббатсыз – 
дүние дос,/ Хайуанға оны қосыңыз.» Немесе «Дүниеге дос ақиретке 
бірдей болмас,/ Екеуі тап бірдей боп орныға алмас./ Дүниеге ынтық, 
мәғшарға амалсыздың/ Иманын түгел деуге аузым бармас». («Өлсе 
өлер табиғат, адам өлмес»).
ІV. Сыбызғы ғұмыр
«Месневидің» сөз басы, бисмилләсі – «Сыбызғы жыры» деп 
аталады. Бұл бүкіл поэманың күретамыры. Руми сыбызғыны 
суфийдің жанына балайды. «Сыбызғының құсалы жырын естисіз бе? 
Ол да біз сияқты айрылудан зарлайды. Нені аңсап, нені жырлайды 
ол? Мен өз діңімнен ажырап қалдым. Енді түп-тамырынан қиы-
лып, бөлек қалғандардың бәрінің қайғысын арқалаймын деп 
егіледі. Тән жаннан алыстап, бөлінген, араларын перде бүр ке ме-
леп, қараңғылық басқан. Мен қамыс сыбызғы, маған жыр ар қы-
лы Құ дай мен сендердің арасындағы кедергіні жою бұйырған. Мен 
Ләйлі ні Мәжнүн сүйгенін түйсініп ұғуларың үшін жылаймын. Ақыл 
ес мұны сезінуге дәрменсіздік танытқанмен, адам жүрегі ғана жыр-
ды бағалайды. Махаббат құлы жүректі таза ұстайды. Оның ғадал 
болмағы жанды емдеп жазуға жаралған. Сүйіспеншілікке толы, 
махаббат оты лаулаған жүрек қана ақиқатты тани алады. Ғашық 


140
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
топырақтан жаралғанмен ол сүйген зат нұр шашады деп еңірейді. 
Тәні топырақ жанның хаққа ғашықтығынан жүрек көзі ашылады, 
ал ақиқат сәулесі түсетін айна тек жүрек. Егер бұл айнада бейне жоқ 
болса, онда жаныңның айнасын тазалауға асық. Тәніңнің бұғауын 
рухың қабыл алмауы үшін сыбызғы сыр шертіп сызылтады».
Сыбызғы – суфий рухының символы, рух тәнмен бірге болса 
да, бірақ ол көзге көрінбейді. Адам баласы тек сыртқы нәрсені 
қабылдайды. Француз философы Мишель де Монтень (1533-1592) 
адам туралы «Мен ойлай алатын қамыспын» деп ой толғауының 
астарында тап осы шейх Руми жырлаған рух – қамыс сыбызғы сыры 
тұнған. Руми – алхимик, сыбызғы – алхимия, суфийлік дүние-
танымда алхимияның шынайы ғаділ мағынасын дүниеқорлықтың 
бық 
сыған былығымен шатастыруға болмайды. Аллашыл рухты 
сүюден айнып суфийлер бөтен ойды иектетпейді. Сыбызғыны грек 
мифологиясында Гермес жасайды, ал герметикалық шығар ма лар 
деп құпия, жабулы, таңдаулыларға бұйыратын білімді атайды. 
Бала ақынның өзін алғаш қаз басып танығанына гимн болып 
табылатын «Муза» атты өлеңінде (1821) Пушкин:
Сама из рук моих свирель она брала.
Тростник был оживлен божественным дыханьем.
И сердце наполнял святым очарованьем.
Пушкиндегі «И песни мирные фригийских пастухов» – фри-
гиялық бақташы, ол – Дафнис. Мифтегі аңыздық кейіпкер, буколи-
калық поэзияның жасаушысы, әнші, қайғыдан қаңғып жүріп әуен 
тартады, ақыры зар меңдеп, теңізге құлап өледі.
Грек мифологиясында Сиринга («свирель, сыбызғы»)- нимфа, 
дриада, Аркадияны мекендейді. Ол Артемиданы пір тұтып, қатаң 
түрде пәктігін сақтайды. Әдемі Сиринганың қыр соңынан мифтік 
құдайлар мен сатирлер қалмайды. Бірде оны Пан құдай көріп 
қалып, қуа жөнелді. Үрейден бас сауғалайтын жер таппай жан ұшыр-
ған Сиринганы наядалар қамысқа айналдырып жіберді, жел соқса 
қамыстан аянышты үн сыңсиды. Пан қамысты кесіп алып сыбызғы 
жасайды, бұл аспапты жанымен сүйді. Овидий «Метаморфозы» 
поэмасында бұл мифті жырлаған.
Ал тағы бірде бақташылар сыбызғы ойнаудан жарысқанда Пан 
мен өнер құдайы Аполлон бәсекеге түсті. Жарысқа төрелік қыл-
ған Мидас Аполлонның асқан шеберлігін бағаламады, ра 
сында 
Пан жеңілді, соның үшін жаза алған Мидасқа есектің құлағы өсіп 
шықты. Оның ұстаған заты алтынға айналатын алхимик бол ғанын 
ұмытпау керек. 
Антикалық философияда, Плутарх аңызында ұлы Панның 
өлімі дәуірі біткен антик әлемінің символы ретінде көрсетілген деп 
жазады А.Лосев.


141
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Пан – Гермес пен емен бейнелі нимфа Дриопаның ұлы. Панның 
жүндес аяғы текенің сирағы, шекесіне мүйіз өскен. Сиринга 
шошынғандай кейіпті бұл Пан шарапты, көңіл көтеруді сүйеді, сұлу 
нимфаларға да көп құмартады. 
Нарт эпостарында Ацамаз алтын сыбызғыда ойнап, қас сұлуға 
үйленеді. Ешқашан толық ұйықтап қалмайтын жүз көзді Аргос-
тың қырағылығын Гермес сыбызғы тартып, Панның Сирингаға 
махаббатын әуенге салып, ұйықтатып өлтіреді. Герместің есімі 
кейіннен оккульттік ғылымдарға байланыстырылды. «Қос мүйізді 
Ескендір» күйінің аңызында ішіне сыймаған құпия сырды шаштараз 
тірі жан жоқ айдалада айқайлап айтады ғой. Адам баласына тіс жарса 
Ескендір патша басын алады. Керуен тоқтағанда сыбызғы шы сол 
құдықтың қасынан қамыс кесіп алады. Сыбызғы жасап, ой найын 
десе, сыбызғы «Ескендірдің басында қос мүйіз бар» деп адам ша 
сөйлеп қоя береді. Құпиясы жария болған сәтте Ескендір өледі. Бұл 
күй аңызы жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбектің «Күй өнері» атты 
зерттеуінде баяндалған.
Эллиндік мифпен ортақ сарындары көп. Ескендір патша 
сыбызғыдан ажал табуы көне қорқытшыл жадтың бір мистерия-
лық хикметін айғақтайды. Қазақта Орал өңірінде Сарымалай есімді 
(шын аты Садық) тамаша сыбызғышы болғанын классикалық күй 
өнерінің алғашқы зерттеушісі, композитор Ахмет Жұбанов 
 
тың 
«Қазақ композиторларының өмірі мен шығармашылығы» атты 
зерттеу еңбегінен (1942) білеміз. білеміз. Сондай-ақ сыбызғы туралы 
этнографиялық деректерді Жағда Бабалықұлы жазды.
Поэзияның тегінде сыбызғы барын орыстың А.С.Пушкин-
нен өзге де дара ақындары жырлады. «Твоя свирель над тихим 
ми ром пела, / И голос смерти тайно вторил ей». (Анна Ахматова.  
Ф.К. Сологубке). 
Грек мифологиясындағы сыбызғы мен Руми рух салған 
сыбызғы бейнесіне О.Мандельштамның поэзия сырына арнау 
жыры неғұрлым жанай туған: «Из омута злого и вязкого/ Я вырос 
тростинкой шурша, / И страстно, и томно, и ласково / Запретною 
жизнью дыша».
Орыс ақындары сыбызғышыл. Блок кеш пен бораннан, Клюев 
желден, Северянин көктемнен, Кузьмин таңнан сыбызғы үнін естіп 
елтиді. 
Велимир Хлебников (1885-1922) жүз жыл бұрын жазған өле ңін де 
футуристік әсемпаз күй берілген.
И я свирел в свою свирель,
И мир хотел в свою хотель.
Мне послушные свивались звезды 
в плавный кружеток.
Я свирел в свою свирель, выполняя мира рок.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау