Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсы



жүктеу 49,64 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.11.2017
өлшемі49,64 Kb.
#927
түріКонкурс


Жалпы ережелер

1.

Студенттердің   ғылыми-зерттеу   жұмыстарының   Республикалық   конкурсы



(бұдан   әрі   -   СҒЗЖ   конкурсы)   ҚР   БҒМ   шешімі   бойынша   жаратылыстану,   техникалық,

әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар арасында жыл сайын өткізіледі. 

2.

СҒЗЖ конкурсының негізгі мақсаты мен міндеті:



1)

студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын және оқу-танымдық қызығушылығын

ынталандыру; 

2)

талантты және дарынды студенттерді қолдау; 



3)

Қазақстан Республикасы зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына ықпал ету. 

3.

СҒЗЖ Республикалық конкурсы 3 кезеңде өтеді:



1) бірінші кезең – жоғары оқу орны ішінде;

2) екінші кезең – базалық ЖОО-да (ОӘК);

3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық.

4.   І-ші   кезеңді   өткізу   мерзімі   (жоғары   оқу   орнының   ішінде)   ЖОО   ректорының

бұйрығымен 2011 жылдың қазан айы мен 2012 жылдың 1 қаңтары аралығында, IІ-ші кезеңді

өткізу (базалық ЖОО-дағы ОӘК-де) 2012 жылдың қаңтар айы мен 1 сәуірі аралығында, ІІІ-

ші кезең (республикалық) сәуір мен шілде айлары аралығында өткізіледі. 

5. СҒЗЖ конкурсына жоғары оқу орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары

қатыса алады.

6.   СҒЗЖ   конкурсына   студенттердің   жаратылыстану,   техникалық,   әлеуметтік-

гуманитарлық   және  экономикалық   ғылымдардың  басым  бағыттары   мен  өзекті  мәселелері

бойынша жеке орындаған және аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары жіберіледі. 

7.   СҒЗЖ   конкурсына   төрағалықты   СҒЗЖ   конкурсын   ұйымдастыру   және   өткізу

жөніндегі республикалық комиссия жүргізеді. 



Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына қатысушылар

8.  СҒЗЖ   конкурсының   І   кезеңіне  жоғарғы   оқу   орындарының   жаратылыстану,

техникалық,   әлеуметтік-гуманитарлық   мамандықтар   бойынша   оқитын   жоғарғы   білім

студенттері ғылыми қоғамның немесе ғылыми жетекшінің ұсынысымен қатыса алады. 

9.   ЖОО-ның   ректоры   (проректоры)   конкурстың   бағыттарына   сәйкес   конкурстық

комиссияны   ұйымдастырады,   оның   құрамына   жетекші   ғылыми   ұйымдардың,

кәсіпорындардың, жергілікті басқару органдарының өкілдері енеді. 

10.   ЖОО-ның   конкурстық   комиссиясы   тиісті   бағыттар   бойынша   ғалымдардың

қатысуымен   секциялар   ұйымдастырып,   жеке   ЖОО-ларға,   кафедраларға,   ЖОО-ның

мамандарына және ғылыми ұйымдарға жұмыстарды қарастыруға және кейіннен рецензиялық

комиссияға ұсынуды тапсыруға құқығы бар. 

11.   ЖОО-ның   ғылыми   жұмыстары   конкурстың   бөлімдері   бойынша   міндетті   түрде

сыртқы ұйымдардың рецензиясынан өтуі керек. Аталған рецензиялар ЖОО-ның конкурстық

комиссиясының есебіне қосымша беріледі. 




12.   ЖОО   студенттері   арасында   үздік   ғылыми   жұмысқа   арналған   республикалық

конкурстың  І   кезеңінің   қорытындысы  бойынша   ректор   бұйрығымен   бекітілген   ЖОО

конкурстық комиссиясы конкурстық негізде ЖОО студенттерінің үздік ғылыми жұмыстарын

іріктейді және конкурстың ІІ кезеңіне қатысу үшін базалық ЖОО-ның ОӘК-не жібереді. 

Жұмыстарды ұсыну мерзімі пошта штемпелімен белгіленеді.

13. ЖОО конкурстың ІІ кезеңіне қатысуға студенттердің ғылыми жұмыстарын ұсыну

үшін БҒМ-ға мынадай құжаттарды жібереді: 

1) ғылыми жұмыс;

2) ғылыми жұмыс аңдаптасы (№ 1 қосымша);

3) жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесі туралы ғылыми жетекшінің пікірі

(ерікті түрде);

4) автор (авторлар) және ғылыми жетекші туралы мәлімет (№ 2 қосымша);

5) конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың)

қолы   қойылған   хат   немесе   хаттамамен   рәсімделетін   жұмысты   конкурсқа   ұсыну

туралы ЖОО Ғылыми Кеңесінің шешімі (№3 қосымша).

14.   СҒЗЖ   конкурсына   бір   жарым   интервалда   басылған   студенттердің   ғылыми

жұмыстарының бірінші данасы ұсынылады. Жұмыстың көлемі 20-40 парақтан аспауы керек.

Жұмыстың көлемін ұлғайту жағынан шектеулерді базалық ЖОО-лар конкурстық бөлімдер

бойынша   өзгертуі   мүмкін.   Макет   пен   натуралды   экспонаттарды   ұсынуға   жол   берілмейді.

Тіркелетін суреттер мен сызбалар қалыпты көлемді беттерде жинақталуы керек.  

Ғылыми   жұмысқа   ғылыми   зерттеу   жұмысының   нәтижелерін   енгізу   актісін   (акт

көшірмесі),   патенттер   көшірмесін,   ғылыми   мақалаларды   тіркеуге   болады.   Дипломдық,

курстық  жұмыстар мен жобалардың оқу үрдісіне немесе  өндіріске енгізілетіндей  ғылыми

жаңалықтары болса ғана конкурсқа ұсынуға болады.

15. Авторлар, ғылыми жұмыс жетекшілері туралы мәлімет, сонымен қатар конкурстың

бірінші   кезеңінің   қорытындылары   туралы   ректордың   (проректордың)   қолы   қойылған   хат

немесе  ЖОО Ғылыми  кеңесінің  жұмысты  СҒЗЖ конкурсына  ұсыну туралы  шешімі  жеке

мөрмен   бекітілген   жеке   пакетте   жіберіледі.   Егер   ғылыми   жұмыс   авторлар   ұжымында

орындалған болса, онда авторлардың тізімі дербес салымына сәйкес ұсынылады. 

16. Ғылыми жұмысты ұсынған кезде осы Ереже бұзылған болса, конкурстық комиссия

осы   жұмыстарды   конкурсқа   қабылдамауға   құқылы   (қабылданбау   себебі   міндетті   түрде

көрсетіледі).

17. Базалық ЖОО-ның конкурстық комиссиясы ОӘК-нің отырысы кезінде ашық дауыс

берумен көпшіліктің дауысы арқылы, отырыста кем дегенде комиссия құрамының 2/3 бөлігі

болған   кезде   ғана   шешім   қабылдайды.   Бірдей   дауыс   жиналған   жағдайда,   төраға   дауысы

шешуші болып табылады.

18. Негiзi  ЖОО-ның ОӘК студенттердің  үздік ғылыми жұмыстарын  конкурстың  ІІІ

кезеңіне  ұсынған   кезде  2   сәуірге   дейін  ОӘК   отырысының   барлық   мүшелері   қол   қойған

хаттамасымен   (4   қосымша)   рәсімделетін   ғылыми   жұмыстарды   конкурстың   тиісті   бөлімі

бойынша Министрліктің республикалық комиссиясына жолдайды.

19.  Базалық ЖОО-ның ОӘК конкурстық комиссиясы хаттама мен бірге Министрліктің

республикалық комиссиясына ұсынады: 

1) конкурс қорытындылары бойынша мәліметтер қоры толтырылған дискетаны; 

2)   базалық   ЖОО   студенттерінің   дипломмен   марапаттауға   ұсынылған   жұмыстарына

сыртқы ұйымдардың рецензиялары; 

3)   ғылыми   бөлімнің   конкурстық   жұмыстарының   тақырыбы   мен   мазмұны   бойынша

қысқаша аналитикалық материал. 

20. Базалық ЖОО-ның ОӘК конкурстық комиссиясы СҒЗЖ конкурсының әрбір бөлімі

бойынша келесі тәртіп бойынша жүлдегерлерін марапаттауды ұсынуға құқығы бар: 

1-ші орын үшін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі

дипломы (бір жұмыстан артық емес); 




2-ші   орын   үшін   –   Қазақстан   Республикасы   Білім   және   ғылым   министрлігінің   ІІ

дәрежелі дипломдары (екі жұмыстан артық емес);

3-ші   орын   үшін   –   Қазақстан   Республикасы   Білім   және   ғылым   министрлігінің   ІІІ

дәрежелі дипломдары (үш жұмыстан артық емес).

21. Республикалық комиссияның конкурстың ІІІ кезеңі жеңімпаздарын анықтау туралы

шешімі   республикалық   комиссияның   барлық   мүшелерінің   қолы   қойылған   арнайы

хаттамамен рәсімделеді. 

22. Республикалық комиссияның хаттамалық шешімі негізінде студенттердің ғылыми-

зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының қорытындылары Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітіледі. 

23. Конкурсқа ұсынылған студенттердің ғылыми жұмыстары қайтарылмайды. 

Республикалық СҒЗЖ конкурсының жеңімпаздарын марапаттау тәртібі 

24. Студенттердің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы республикалық конкурсында 1, 2, 3

орын алған жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы

негізінде Министрліктің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. 

25.   Жоғары   оқу   орынының   басшылығы   конкурстың   бірінші,   екінші   және   үшінші

кезеңдерінің лауреаттары болған студенттерді жоғары оқу орнының жеке қаржысы есебінен

марапаттауға шара қолдана алады. Қаржылай сыйақының көлемі қолдағы бар қаржы көлемі

есебінен сыйақы тағайындалған жылы белгіленеді. Оның көлемі стипендияның көлемінен

кем болмауы тиіс. Ұжымдық жұмыстың серіктес авторларына қаржылай сыйақы тең үлеспен

беріледі. 

26.  СҒЗЖ  конкурсының  әр   бөлімі  бойынша  республикалық  комиссия  жүлдегерлерді

марапаттауды келесі тәртіпте ұсынуға құқығы бар: 



1-ші   орын   үшін  –   Қазақстан   Республикасы     Білім     және     ғылым   министрлігінің   І

дәрежелі дипломдары (бір жұмыстан артық емес); 



2-ші   орын   үшін  –   Қазақстан   Республикасы   Білім   және   ғылым   министрлігінің   ІІ

дәрежелі дипломдары (екі жұмыстан артық емес);



3-ші   орын   үшін  –   Қазақстан   Республикасы   Білім   және   ғылым   министрлігінің   ІІІ

дәрежелі дипломы (үш жұмыстан артық емес).

27.   СҒЗЖ   конкурсының   дипломдарын   алған   студент-лауреаттардың   жетістіктері

магистратураға түсетін уақытта қабылдау комиссиясы есепке алады. 

28. Студенттердің кем дегенде үш ғылыми жұмысы марапаттауға ие болған жағдайда,

сол студенттерге жетекшілік жасаған ғылыми жетекші Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігінің дипломымен марапатталады. 

Студенттердің ғылыми жобаларының халықаралық сайыстары

29.  СҒЗЖ   республикалық   конкурстың   қорытындылары   бойынша   республикалық

комиссия   бірінші   орын   алған   жеңімпаз   студенттерді   халықаралық   ғылыми   жобалар

конкурстарына қатысу үшін үміткерлерді іріктеді.

30.   Қазақстан   Республикасы   Білім   және   ғылым   министрлiгi   республикалық

комиссияның ұсынысы бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен

бiрлесiп,   студенттердiң   ғылыми   жобалары   халықаралық   сайыстарына   студенттерді

дайындауға және қоса жүруге Қазақстанның құрама командасының ғылыми жетекшісі мен

жетекшiсін тағайындайды.

Команда   дайындығының   сапасы   мен   деңгейіне   ғылыми   жетекші   жауапты   болады.

Команда мүшелерiнiң денсаулығы мен өмiріне команданың жетекшiсi жауапты болады.

31. «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы республикалық бюджеттен

бөлінетін қаржы есебінен топ жетекшілері мен қатысушылары үшін жол жүру құжаттары

мен іссапар қаржысын рәсімдеуді  қамтамасыз етеді. 




№ 1 қосымша

Ғылыми жұмыстың аңдатпасы

1. Атауы: 

2. Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы 

3. ЖОО: 


4. Жұмыстың аяқталу жылы: ____ жыл

5. Жұмыс көлемі: ____ б.

6. Қосымшалар саны:______б.

7. Суреттер саны:       б.

8. Кестелер саны:         б.

9. Қолданылған әдебиеттер саны:        . 

Жұмыстың сипаттамасы:

1. Ғылыми жұмыстың мақсаты

2. Зерттеу әдістері 

3. Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері (ғылыми, тәжірибелік)

4. Ғылыми нәтижелерді пайдалану туралы құжаттардың болуы (иә/жоқ)

Жұмыс авторы                               (қолы)                                аты-жөні



№ 2 қосымша 


СҒЗЖ конкурсына ұсынылған 

жұмыстың авторы мен ғылыми жетекшісі туралы

МӘЛІМЕТТЕР

АВТОР


ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ

1. Тегі


2. Аты

3. Әкесінің аты

4. Курсы

5. Үйінің мекен-жайы

1. Тегі

2. Аты


3. Әкесінің аты

4. Ғылыми дәреже, лауазым 

5. Үйінің мекен-жайы

Стратегиялық даму және ғылыми 

жұмыс жөніндегі проректор                        (қолы) 

Б.А. Ердембеков

Ғылыми жетекші                                       (қолы)                 (аты-жөні)

Жұмыс авторы                                           (қолы)                 (аты-жөні)



№ 3 қосымша 


СҒЗЖ конкурсы комиссиясының 

ХАТТАМАСЫ

_____________________________ ЖОО-ның

___________________________________ бөлімі бойынша

_____________________________ бөлімі бойынша СҒЗЖ конкурстық 

комиссиясы

ЖОО ректорының «____» ___________жылғы №________ бұйрығымен 

бекітілген адам саны_____________.

Комиссия отырысына қатысқан адамдар саны __________.

СҒЗЖ конкурсына _____ жылы _________________________ бөлімі 

бойынша ________  жұмыс түсті (______ студенттер,  ______ ғылыми 

жетекшілер). 

Ғылыми жұмыстарды қарастыра отырып, ЖОО-ның конкурстық 

комиссиясы марапаттауға ұсынуды шешті: 

1. Министрліктің І дәрежелі дипломдарымен  __________ жұмыс

2. Министрліктің ІІ дәрежелі дипломдарымен  __________ жұмыс

3. Министрліктің ІІІ дәрежелі дипломдарымен  __________жұмыс

4. ЖОО қаржылай сыйақыларымен __________ жұмыс

Кейіннен автор (авторлар), жоғары оқу орны, ғылыми жетекші көрсетіліп,

жұмыстардың тізімі құрылады. 

Конкурстық комиссияның төрағасы_____________________

Конкурстық комиссияның хатшысы__________________

Комиссия мүшелері ____________________________



жүктеу 49,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау