Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет40/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95

148
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Қабдеш ЖҰМӘДІЛОВ
БІР ҚЫЗЫҚ САПАР
Бір ұрты май, бір ұрты қан Совет өкіметінің басқасын былай 
қоя тұр ғанда, ақын-жазушыларға қамқорлығы көп еді ғой. Жазу-
шыларды ақшадан тарықтырмай, шыққан кітабына мол қаламақы 
төлеудің сыртында, қаламгерлерді қалада қамап отырмай, уақ-уақ 
ауыл аралатып, елге шығарып отыратын-ды. Сол үшін жазушылар 
одағында «Әдебиетті насихаттау бюросы» дейтін арнаулы кеңсе 
құрылды. Өзінің дербес директоры, қызметкер 
лері, бухгалтері, 
мөр-таңбасы бар. Бюроның қызметкері күні бұрын аудандарды 
аралап, шаруашылық басшыларымен келісімшарт жасап қай тады 
да, әр ауданға жазушыларды ке зе гімен жіберіп отырады. Бір ауданда 
кемінде отыз кездесу болады. Кездесу ақылы. Ұмытпасам, әр кездесу 
үшін жазушыға он бес сомнан төледі-ау дей мін. Бұл жазушыларға 
барынша пайдалы еді. Табыс табудың сыртында, ел кө ресің, жер 
көресің. Кейде жаңа шығармаға тақырып тауып қайтасың. Алайда, 
насихаттау бюросының да өз қағидалары бар еді. Ондай іссапарға 
кім көрінгенді жібермейді. Іссапарға үш адам шықса, топ бастығы, 
міндетті түрде, танымал жазушы, кемінде одақтың басқарма мүшесі 
болуы керек. Ол адам ертіп шығатын бригадасын өзі таңдауға ерікті. 
Не болмаса тілек біл дірушілерден бюроның өзі жасақтайды. Мен 
қаланың у-шуынан, қапырық ауасынан зеріккенде, жылына бір-
екі рет осы бюро арқылы қырға шығып тұра тынмын. Ұмытпасам, 
өткен ғасырдың жетпі сінші жылдарының орта шені болар, сол кезде 
республикалық баспалар ко митетінде істейтін жас әдебиетші, қа-
зіргі танымал жазушы, ақын Қажытай Ілиясов маған келіп, мынадай 
қолқа  сал ды.
– Қабеке, біздің кеңседе іссапар де ген атымен жоқ екен. Іш 
пысып, жа рылу ға айналды. Мені бір жаққа ертіп апарсайшы!
– Қайда барғың келеді? 
– Жазушылар одағында Әдебиетті насихаттайтын бюро бар дейді. 
Солар кәдімгідей ақша төлеп, жұртпен кездесуге шығарып тұрады 
екен. Басқалар бізді «үйіріне» қоспайды. Сен де бір топ құрып, бізді 
өзіңмен бірге алып шық сайшы…
– «Бізің» кім сонда?
– Мен және керемет ақын Жұматай Жақыпбаев…
– Ол «кереметің» қайда тұрушы еді?
– Талдықорғанда… Іссапарды Тал 
дықорғанның бір ауда 
нына 
алсаң, тіпті жақсы. Жұматайды жол-жөнекей қосып аламыз.
Қажытай екеуіміз «қызыл сызық тан» қол ұстасып бірге өткен адам-
быз ғой. Маған артық-ауыс базына-тілекті сол ғана айта алады.Оның 


149
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
еркелігін мен ғана көтеремін… Қажытай да, Жұматай да ол кезде бір-
бір жинағы шыққан жас ақындар. Одаққа мүше емес. Екеуін бірдей 
қосып алғанымыз қалай болар екен? Қажытай дікі – «тышқан інге 
кіре алмай жүріп, құй рығына қалжуыр бай лап ты» дегеннің кері. Ал 
Жұматай дегені орнынан табыла қоя ма, жоқ па, ол да белгісіз.
– Жарайды, мен бюромен сөйлесіп көрейін, – дедім Қажытай-
дың көңілін қимай.
Ол кезде Әдебиетті насихаттау бю 
росының директоры – 
Қалмұқан Исабаев ағамыз. Обалы кәнеки, ол кісі менің бетім-
нен қақпай, қалаған жері ме жіберіп тұратын. Ертеңіне сол кісіге  
бар дым  да:
– Қалеке, ми сергітіп қайтпасақ бо латын емес. Мені Талдықор-
ған об лы сының бір ауданына жіберіңізші! – дедім.
– Көрелік. Талдықорғанда біздің дайын договорымыз бар ма 
екен? – деп Қалекең алдына картасын жая бастады. – Бар екен, – 
деді әлден уақытта. – Тек Бөрлітөбе ауданы ғана қалыпты.
– Бөрлітөбеңіз қай жақта еді?
– Балқаштың жағасы, теміржолдың бойы. Өзің пойызбен Се-
мейге қарай жүргенде, Ақтоғай, Матай, Лепсі деген стансалар дың 
үстінен талай өткен шы ғарсың…
– Ылғи тарсылдаған теміржол ма – баратын жеріміз?
– Жоға, жолдың екі жағында мал совхоздары сыңсып отыр. 
– Жарап тұр, барамыз! – дедім мен басқа таңдау болмаған соң. 
– Бал қаш  тың жағасы болса, қалың құмның іші не бұрын көп ешкім 
барма ған шығар, тіпті жақсы…
Қалекең сол арада тартпасын ашып, Бөрлітөбемен жасал 
ған 
келі сім  шарт тарын  шығара  бастады. 
– Айтпақшы, қасыңда кімдер болады? Мен қосайын ба, әлде өзің 
таң дап аласың ба? –деді қағаздан бас көтермеген күйі.
– Мен оларды таңдап алып та қой дым, Қалеке!
– Кімдер олар? Мен аттарын атап, бұйрыққа қол қоюым ке рек 
қой…
– Жас сықақшы Қажытай Ілиясов пен жас ақын Жұматай 
Жақып баев… Бұрын мұндай сапарға шықпаған жі гіттер.
– Екеуі де құнан емес, «тай» екен (ұй қасқан аттарының соңғы 
буынын айтып отыр). Байқа, өзіңе ауырлық келтіріп жүрмей ме? – 
деді Қалекең сақтық айтып.
– Ештеңе етпейді. Екеуі де талантты жас перілер…
– Мен сол «перілерден» қорқам – деді Қалекең. – Екеуі де одақ-
қа мүше емес, елге барған соң бүлдіріп жүр ме сін.
– Құдай сақтар. Тентектік істесе, тез ге салып алармыз.
– Ендеше, жауапкершілік өзіңде. Біз сені ғана білеміз, – деді 
директор ескертіп.


150
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Сонымен, бюродан он күнге же терлік жол қаражатын алып, 
Қажытай екеуіміз аттанып кеттік. Талдықорған әуежайында 
бізді обкомның жауапты қызметкері қарсы алды. Қала шетіндегі 
обкомның резиденциясына әкеліп орналастырды. Демек, бүгіннен 
бастап обкомның қонағымыз. Біз үшін тамақ та, жататын орын 
да, бәрі тегін. Бізге бекітілген үгіт бөлімінің қызметкері жанұшыра 
қызмет етіп жүр. Біздің сапа рымыз сол күндері облыстағы маңызды 
оқиға болып саналады. Өйткені «Әдебиет – партиялық істің бір 
бөлегі» (Ленин). Аузы дуалы ақын-жазушылардың көмегімен 
партия өз ойларын жүзеге асырып отырады. Ендігі міндет – тағы бір 
серігіміз Жұматайды іздеп табу. Кеше ғана елеусіз көшеде жүрген 
Жұматай – бүгін қадірлі адамның бірі. Себебі, Жазушылар одағы 
жіберіп отырған арнаулы топтың мүшесі. Қажытайдың айтуынша, ол 
облыстық газетте ме, радиода ма, бір жерде қызмет істеуге тиіс. Бізге 
бекітілген обком қызметкері енді Жұ матайды іздеп сабылуда. Бірақ 
ол еш жерден таптырар емес. Оның облыс тық газетпен де, радио-
мен де байланысы бары рас екен. Бірақ «штаттан тыс» қызметкер 
көрінеді. Қалаған уақытта келіп, жазғандарын өткізеді де, ары қарай 
өз билігі өзінде, жүре береді. Жұматайдың әкесінің қоражайы, туған 
ағасы сол қалада екен. Сұра с тырғанда, олар да ештеңе білмейтін 
болып шықты… Ақыры, оны білетін сыралғы таныстарының бірі: 
– Қазір қалада облыс шопанда ры ның слеті өтіп жатыр. Жұматай, 
дәу де болса, сол шопандар жатқан қонақүйде сайрандап жүрген 
шығар, – деп жөн сілтеді.
Біз, ақыры, шопандар орналасқан қонақ үйге бардық. Уақыт 
болса өтіп барады. Мен теріме сыймай ыза бола бастағам. Ауданға 
Жұматайсыз-ақ кете бергім келіп еді, оған Қажытай шы рылдап 
көнбейді. Екеуінікі не достық екенін білмеймін, Жұматай десе жанын 
қиюға әзір… Ақыры, қонақ үйге кіріп кеткен Қажытай не за манда, бір 
бөлмеде ұйықтап жатқан жерінен Жұматайды тауып, алып шық ты. 
Бірақ ол мына қалпында жолға шығуға дайын емес-ті. Өзі де, 
үстіндегі киімі де… Оны ауданға апару үшін әлі біраз дайын  дық 
керек. Баннаға салып жуындыру, мұртын басып, сақалын алу, сонан 
соң іссапарымызға сай киін діру деген сияқты… Сөйтсек, Жұма-
тайдың тұрақты мекен-жайы жоқ екен. Бір қызы мен әйелі бұдан 
бөлек тұратын көрінеді. Жұматайда не көп – жолдас көп. Солардың 
ортасында көрінген үйге қона салып, «жаяу сері» боп жүр ген жайы 
бар екен. Оны тастап кетейін деп бір оқталдым да, мынадай қорған-
сыз халін көріп , тағы аядым. Облыстық газетте Жұматайдың та ғы 
бір досы, ақын Әбен Дәуренбеков істейді. Енді оның жолға шы-
ғуына сол Әбен көмектесті. Ол Жұматайды үйіне ертіп барып, жуын-
дырып-шайынды рып, жол жүруге кәдімгідей дайындады. Екеуінің 
размері (бойтұрқы) мұн дай дәлме-дәл келер ме, Жұматайға та за 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау