Кейс: «Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру»



жүктеу 19,74 Kb.
Дата25.03.2023
өлшемі19,74 Kb.
#41850
Кейс Ұйым қызметкерлерін жетілдіру


Кейс: «Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру»
Мотивация-әрбір жұмыстың табысты болуының қасиеттерінің бірі.Бұл сіздің қызметкерлеріңізге жақсы көмектеседі,өнімділікті арттырады,рухты көтереді және сіздің білікті қызметкерлеріңіздің қасыңызда болуына мүмкіндік береді.Бірақ оны сақтау оңай емес болып табылады және әрқашан күш жұмсауды қажет етеді.
Ұйымда жалпы орта есеппен 5-6 адамдай жұмыс жасайды,бұдан да көп болуы мүмкін.Осындай үлкен ұйымда міндетті түрде жағымды атмосфера болуы қажет,жәнеде жұмыскерлер бір-бірін сыйлауы қажет сол кезде ғана ұйымда мотивация пайда болады.
Мансапты дамыту деп қызметкерлер өз жоспарын орындаудағы жасаған іс - әрекеттерді айтады. Мансаптың әр алуан түрінің болуы, оның төрт негізгі «трамплин», «баспалдақ», «жылан», «шатырман» сияқты модельдерінің бір – бірімен үйлесуі арқылы негізделеді.
Кәсіпорындағы еңбек мотивациясын арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет.
Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы

Эмоциялық интелектіні дамыту бағдарламасын құру


Эмоционалды интеллект-адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.Интеллект- жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді.
Эмоциялық интеллект (ЭИ) дегеніміз өз сезімдері мен өзге адамдардың сезімдерін түсінуге, өзіне мотивация туғызып, өз эмоцияларын да, басқа адамдарға қатысты эмоцияларды да басқара білуге қабілеттілікті білдіреді.Эмоционалды интеллект идеясы Э.Торндайк, Дж.Гилфорд, Г.Аизенк сияқты авторлар қарастырған әлеуметтік интеллект ұғымынан шықты. ЭИ-тің ашылуын болжаған ең алғашқы жұмыс 1920 ж. Р.Торндайк жүргізген зерттеу болды. Бұл автордың моделі бойынша интеллектуалдық әрекеттердің жалпы негізі «кӛптеген жекелеген факторлардың ӛзара әрекеттестігінде ашылды».

Эмоциялық интеллектіні дамыту бағдарламасы мен осылай құрадым:
1. Өзін-өзі бақылау/Анализ жасау
Әрбір қиналған сәтте не ішкі хаос кезінде өзін-өзі бақылау маңызды болып келеді.Ол үшін адам бүгін мен қандай күйде болдым,не себепті мен ондай эмоцияларды сезіндім оған не түрткі болды.Жәнеде осы ситуацияны қалай ары қарай жеңілдете аламын деген секілді сұрақтар қойып талқылағыны абзал
2. Сана-сезім
Адамдар жоғары эмоциялық санасымен өзінің ішкі сезімдеріне және өз сезімдерінің өзінің психологиялық жағдайы және жұмыс көрсеткіштеріне құлақ асады.Эмоционалдық сана-сезімді дамыған адамдар жиі әділ және шынайы,өз сезімдері туралы ашық айтуға қабілетті және өз идеалына сенетін болады.
3.Нетворкинг/адамдармен танысу-араласу
Эмоциялық интеллекті дамыту барысында басқа адамдармен қарым-қатынас жасау аса маңызды деп санаймын.Себебі қоғамнан қорқып тығылып отырған адамдардың эмоционалды интеллектін дамытуда кедергілер пайда болуы мүмкін.Күнделікті өмірде өтіп бара жатқан адамдарға комплимент айтып,күлімдеп мақтаған сіздің көңіл күйінізбен басқа адамның көңілін көтереді.Осындай эмоцияларды сезініп интеллектіде дамытуға үлесі көп.
жүктеу 19,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау