Бақылау сұрақтары:
1. Ақша нарығына анықтама беріңіз?
2. Вексельдің түрлерін атаңыз?
3. Коммерциялық вексель нені білдіреді?
4. Депозиттік сертификатты толық түсіндіріңіз?
5. Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың неше түрі бар?
6. Вексельдік несие ұғымына анықтама беріңіз?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Акцепт дегеніміз не?
А) вексельдік кепіл беруші
В) вексель төлеміне жазбаша келісім
С) вексельдер домициляциясы
D) вексельдер есебі
Е) вексельдік операциялар
2. Жай вексельдің ерекше белгісі?
А) бұл вексельдік қатынасты үш жақты реттейді
В) қысқа мерзімді ақша қаражаттарын қайта бөледі
С) ақшалай міндеттеменің шартсыз сипаты
D) қарыз алушы тұлғаға вексельді жазып беретін вексель беруші болып табылады
Е)қолма-қол ақшаны банкте ұстаушысының төлемдері үшін қолданылады
3. Вексельдер эмитент бойынша қалай жіктеледі?
А) қаржылық және коммерциялық
В) жай және аудармалы
С) қазынашылық және жеке
D) атаулы және ұсынбалы
Е) қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген
4. Қазақстанның банктік тәжірибесінде депозиттің қанша түрі бар?
А) 2
В) 3
С) 4
D) 5
Е) 6
5. Кез келген сәтте айыппұлсыз және шектеусіз номинал бойынша ақшаға айналдыруға болатын депозит?
А) табысталатын
В) табысталмайтын
С) мерзімді
D) аударылмалы
Е) аударылмайтын
6. Депозиттік сертификаттар ... бір жолғы тәртіпті және сериялы болып жіктеледі.
А) төлем шарты бойынша
В) ресімдеу тәсілі бойынша
С) шығарылу тәсілі бойынша
D) талап етілуі бойынша
Е) ерекшеліктері бойынша
7. Қаржылық вексель дегеніміз не?
A) Нақтылы тауарлық келісім-шартты білдіреді
B) Қарыз қаржы алғаны туралы өзіндік сенімхат
C) сатып алушының өзінің тауарларды сатушыға оның төлемін кейінге қалдыруға еркі барын сендіретін құқығы бар
D) Акцияны корпорация, кәсіпорын тіркемейді. Өйткені ондай акциялардың иесі кім екені белгісіз болады. Оларды иелену заңдық негізде ғана жүзеге асырылады
E) Ол вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену құқығының басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді
8. Қайталамалы нарықта қайта сатылып, басқа иеге өтуі мүмкін депозит түрін көрсетіңіз.
А) табысталатын
В) табысталмайтын
С) алынатын
D) алынбайтын
Е) аудармалы
9. Ресімдеу тәсілі бойынша депозиттік сертификаттар қалай бөлінеді?
А) бір жолғы, сериялы
В) атаулы, ұсынбалы
С) табысталатын, табысталмайтын
D) жай, айналмалы
Е) алынатын, алынбайтын
10. Айналым тәсілі бойынша вексельдің жіктелуі?
A) қазынашылық және жай
B) қазынашылық және жеке
C) жай және жеке
D) атаулы және ұсынбалы
E) жай және аудармалы
Тақырып 4. Валюталық нарықтар
Мақсаты: Валюталық нарықтардың дамуын қарастыру, биржалық нарық пен биржадан тыс нарық түсінігін ашу.
Жоспар:
Валюталық нарықтардың дамуы
Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Валюталық операцияларды банктік бақылау
4.1 Валюталық нарықтардың дамуы
Валюта нарығы дегеніміз – шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында.
Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі – ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады.
Валюталық қатынастар дегеніміз - дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың қызметі.
Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз - мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру нысаны (формасы).
Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының арақатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының «бағасы».
Валюта жүйесі – валюталардың, оларды пайдалану, ауыстыру, төлем құралы ретінде қолдану ережелері мен нормаларының жиынтығы.
Қазіргі валюталық механизм осы кездегі валюталық қатынасты реттейді. Валюталық қатынастың негізгі мәні мынада:
валюталық өлшем алтынмен тікелей байланысын үзіп, оның алтынға қатаң бағамы жойылды;
алтын ел ішіндегі айналымда ғана емес, дүниежүзілік нарықта да жалпы төлем құралы қызметін тоқтатады;
алтын ерекше өтімді тауар ретінде ақшаға да сатылады, ал ол ақшалар халықаралық есептеулерде қолданылады;
елдер арасындағы валюталық қатынастар ендігі жерде ұлттық валютаның өзгермелі курсымен негізделеді.
Валюта бағамы – басқа валютаның ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық валюта бірлігі құны.
Дүниежүзілік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы.
Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор еніп, оған мынандай міндеттер қойылады:
валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау;
валюта қайтарымдылығына ықпал жасау;
валюталық шектеуді жою.
Халықаралық валюта жүйесі ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасып, екі жиынтық құрамынан тұрады: валюталық қатынастар мен валюталық механизмдер. Олар Халықаралық валюталық қорының көмегімен валюталық қатынастарды және халықаралық валюталық келісімін реттейді. Оған осы мақсатқа аймақтық валюта-несие мекемелерін кірістіреді. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.
Халықаралық валюталық қордың экспорттарының есептері көрсеткендей, ТМД мемлекеттерінің бірге алған квотасы Халықаралық валюталық қоры капитал ауқымының төрт, 76 % құрайды. Бұл сенсация ретінде қабылданып Сауд Аривиясымен, Үлкен жетілік елдерінен соң, Ресей тоғызыншы орында қалған.
Бірінші орында, әрине, АҚШ Халықаралық валюталық қорының 18,48% капиталы иемденген. Квота көп болса, Халықаралық валюталық қорына елдің қосатын төлемі көп болады.
Қазақстан Республикасы қандай несие көлеміне есеп жасауына болады. Халықаралық валюталық қорының несие ресурсына қатысушы елдерге шектеулі жағдай қойылған.
Халықаралық валюталық қорына шетел валютасын алуға Қазақстан үшін шекті мөлшері квотаның 125 пайыздық қызметін құрайды.
Қазақстан Республикасы экономиканы реформалау бағдарламасын жасауда Халықаралық валюталық қорымен ынтымақтасады. Оның несие қоры арқылы қаржыландырып реформаны тереңдетуге көмектесіп, нарықтық қатынасқа негізделген экономикан қалыптастырады.
Халықаралық валюта жүйесі ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасып, екі жиынтық құрамнан тұрады: валюталық қатынастар мен валюталық механизмдер. Олар Халықаралық валюталық қорының көмегімен валюталық қатынастарды және халықаралық валюталық келісімін реттейді. Оған осы мақсатқа аймақтық валюта-несие мекемелерін кірістіреді.
Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі. Бірінші стихиялы ХІХ ғасырдың аяғанда алтын стандартының негізінде пайда болды. Алтын монеттік және алтын құймалары ретінде стандартқа сай 1922 жылға дейін өмір сүрді. Алтын монеттік стандарт қағаз ақша белгісінің алтын монетаға еркін ауысуын қамтамасыз етті: ұлттық мемлекеттің алтын монеталары дүниежүзілік ақша міндетін атқарады. Алтын монета стандартты алтын құймалар стандарты ауыстырғаннан соң, қағаз ақша белгілері тек құймалар салмағы 12,7 гр. болатын алтынға айырбасталды. Дүниежүзілік ақша міндетін тек алтын құймалар ған атқарады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Генуэз конференциясында алтын ұрандық стандартқа көшу туралы халықаралық келісімге қол қойылды. Бұл алтыны аз елдерге халықаралық сауда жасауға кепілдік туғызды.
Алтын ұрандық стандарттың талабы бойынша ұлттық валютаны алтын құймаларға айырбастау делдал – валюта арқылы жүргізілді. Делдал-валюталар болса, алтын құймаларға еркін айырбасталды.
Ал 50-ші жылдары алтын валюта стандартының негізінде валюта жүйесі қалыптасты. Дүниежүзілік ақша міндетін алтынмен қоса АҚШ доллары атқара бастады. Бұл шешім 1944 жылы халықаралық Бреттон-Вуд конференциясындаа қабылданады. АҚШ доллары үш функциясы 31,1 гр. болатын 35 долларға сай келетін алтынға айырбасталды.
Алайда, 1971 жылдан бастап АҚШ доллары алтынға айырбастаудан бас тартып алтынға деген доллар бағасын арнайы түрде жойды.
Жаңа дүниежүзілік валюта жүйесі 1979 жылдан бастап күшіне еніп, мұны Ямайкада Халықаралық валюталық қорына қатысушы елдер бекітті. Дүниежүзілік валюта жүйесі тарихында тұңғыш рет дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен интернационалды есеп ақша атқара бастады. Мұны – интернационалды есепті ақшаны - Халықаралық валюталық қоры шығарды.
Қазіргі валюталық жүйенің басты элементтері болып халықаралық есептеулер жатады. Әр түрлі экономикалық және қаржылық тапшылығы әріптес елдердің шеңберінде ғана тіркеліп есептеулер механизмі болады. Бұл механизм Женева конвенциясының чектермен вексельдер халықаралық сауда қалыптасуының қаулылар принципіне негізделген.
Халықаралық қаржы корпорациясы жеке сектор жасаған жобаларды қосымша қаржыландыруға көмек жасайды.
Жан-жақты инвестиция кепілдігі агентствосы – экспроприация жағдайындағы саяси тәуекелділікті күрделі қаржыландыруды, соғыс, азаматтық қабылдануларды және келісімінің бұзылуын сақтандырады.
Қазіргі валюталық жүйе – жан-жақты валюталық нарықтық стандарт.
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде қатысуын талап етеді. Бұл қатынастардың толыққанды мүшесі болу үшін Қазақстанға бірталай проблемаларды шешуге тура келді. Негізгі валюталық саясаттың бірі-теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру. Мұның өзі бір жағынан, теңдестірілген (баланстылған), екінші жағынан, шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық рыноктың болуын талап етеді. Теңгенің еркін ауысатын валюталармен салыстырғандағы курсының орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік рынокқа шығудың тиімді жолы.
Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылыстары қарыз капиталының дүниежүзілік рыногына шығуына, портфельдік және тікелей инвестициялар операцияларына қатысуына мол мүмкіндіктер береді. Керісінше, егер валюталық шектеулерге, шетелдік капитал үшін қолайсыз инвестициялық ахуалға, ұлттық валютаға тұрақты сенімсіздік жағдайларына жол берілсе аталған мүмкіндіктерден айырылу анық. Бұл факторлардың бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің күмәні болмаса керек. Осы тізбекті үзіп алмай, экономикалық реформалар бағытымен тынбай қозғалу, шаруашылық жүргізу механизмін, соның ішінде валюта рыногын дамыта беру Қазақстанның дүниежүзілік рынокта өз орнын табуының кепілі.
4.2 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары
Құнды қағаздардың бастапқы нарығы және қайталама нарығы болады. Жаңадан шығарылған қағаздар бастапқы нарықта сатылады. Акциялар мен облигациялар бастапқы нарықта сатылғанда эмитент (қағаздарды шығарушы) өзіне қажетті қаржы ресурстарын алады, ал құнды қағаздар бастапқы сатып алушылардың қолына түседі. Бастапқы инвесторлар қолындағы қағаздарын қайта сатып ақшасын өсіммен қайтарып алады. Құнды қағаздарды қайта сату олардың қайталама нарығын қалыптастырады. Құнды қағаздардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда бастапқы нарық та тиімді қызмет атқарады. Қайталама нарық механизмі, немесе құнды қағаздары кез келегн уақытта сатып өткізу мүмкіншілігі инвесторлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал бұл қоғам ресурстарын өндірістің дамуына толығырақ дамуына толығырақ жұмылдыруда өз себебін тигізеді. Қайта сату нарығында құнды қағаздардың биржалық айналымы және биржадан тыс айналымы бөлініп қалыптасады. «Биржалық айналым» ұғымы құнды қағаздарды биржаның сату-сатып алуын білдіреді. Құнды қағаздардың биржадан тыс тікелей келісім түрінде сату-сатып алу саудасы «құнды қағаздардың биржадан тыс айналымы» деп анықталады.
Биржаға кез келген компания еркін түрде жіберіле бермейді. Ол үшін биржада тіркелу қажет болады. Биржада тіркелу үшін фирма оның заңмен анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.
Биржа өзінің беделін сақтау және нығайту мақсатында акцияларын өтімді етуге, ал өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге, әріптес болуға ұмтылады. Егер фирма биржада тіркелген болса, онда бұл фирманың акциясы биржалық бағамдама (котировка) алғаннның немесе акциясы тұрақты сұранымға ие болғанын білдіреді. Фирманың биржада тіркелуі осы фирманың қалыптасқан нарықта өз орнын алуын білдіреді.
Биржадан тыс нарық телефон, телекс, компьютер негізінде мыңдаған инвестициялық фирмаларды біртұтас жүйеге біріктіреді. Биржалық нарық тек ірі компанияларға қолайлы болса, биржадан тыс нарықққа кез келген компания кіре алады. Ол үшін тек делдалдық (брокерлік) фирма табылса болғаны.
Биржадан сырт айналым жүйесінде компания акциясын бағамдау (котировка) алу үшін оның қағаздары кем дегенде екі дилерлік фирма арқылы тұрақты сатылуы жеткілікті болады және фирманың 25 мың долларға тең капиталы болуы қажет. Диллерлік фирма бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алу және сатумен айналысатын қаржы мекемесі. Ол өзінің атынан және өз есебіне іскерлік жасайды.
Биржа – қор биржасы нарығының негізгі буыны болып саналады. Қор биржасы – бұл құнды қағаздарды сатып алу және сату істерінінің ерекше ұйымдастырылған нарығы. Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде қор биржалары объективті түрде пайда болған. Биржада негізінен тұтынушылардың жаппай тұтынатын және өз тобында бірін бірі толық алмастыратын, бағалары тұрақсыз ауытқымалы тауар түрлері сатылады. Сатушы, сатып алушылар өз ісіне мүмкін болғанша жоғары пайда алуға ұмтылады. Сондықтан да баға сұраным мен ұсыным ара қатынасын мүмкін болғанша толық қамтығаны дұрыс болады. Нарық қысқа мерзімде тауарға қалыптасқан сұраным мен ұсыным туралы мәліметтерді мүмкін болғанша толық жинап қорытуы қажет. Бұл қызметті тек қана өте жоғары Деңгейге орталықтанған нарық атқара алады. Биржаның негізгі белгілері мынадай:
тұрақты және ұйымдастырылған тұрде қызмет атқарады;
сауда келісімдері тауарсыз жүргізіледі;
іскерлік келісімдер бірін-бірі алмастыратын, тұрақты да жаппай сұранымға ие тауарлар бойынша жасалады.
Биржа негізінен келесі қызмет түрлерін атқарады:
құнды қағаздарды алушылар мен сатушыларды бір-бірімен кездестіреді, құнды қағаздарды сату және стып алу орны болады.
Құнды қағаздар бағамын (курсын) тіркейді, ұсынылған акциялар мен облигациялар түрлеріне қалыптасқан сұранымды жинақтайды және оның орташа мәнін анқтайды.
Капиталды бір өндіріс түрінен (орнынан) екіншісіне ауыстыратын механизм қызметін атқарады.
Жалпы елдегі және жеке өндіріс салаларындағы іскерлік белсенділікті көрсететін құрал (барометр) болады.
Биржа акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік негізінде ұйымдастырылуы мүмкін, немесе мемлекетттік құрылым ретінде қызмет атқарады. Биржаның қызметі оның жарғысына сәйкес жүргізіледі. Биржа жарғысы (уставы) биржа құрылымдарының қалыптасу және қызмет атқару тәртібін, оның мүшелерін, оларды мүшелікке қабылдау жағдайларын және басқаларын анықтайды. Биржаны биржа комитеті басқарды.
Алғаш қор биржасы 1792 жылы Нью-Йорк қаласында құрылды. Сол кезде құнды қағаздардың кесімді бағасының құндық өлшеміне күміс жүрді.
Қор биржасының басты міндеті – артық ақша қаражатын құнды қағаздар сату арқылы жинақтау. Ол лицензия бойынша жұмыс істейді, құнды қағаздар айналысын ұйымдастырады.
Биржаның басқару органдары: биржаның жоғарғы басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы; байқаушы орган – биржа кеңесі; орындаушы орган – басқарма; бақылаушы орган – түгендеу комиссиясы.
4.3 Валюталық операцияларды банктік бақылау
Валюталық операциялар – бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелу, әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.
Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;
экспорт-импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және кредиттер алу;
депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивидедттер, пайыздар, т.б. кірістер алу;
сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және қзге операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:
инвестициялар;
жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша аударымдары;
180 күннен астам мерзімге экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.
Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын-валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іссапар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекет трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.
Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс, сондықтан, сыртқы экономикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.
Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.
Мемлекеттің валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:
экономиканың мемлекеттік секторының – кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.б. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім-ақшадан;
тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;
келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;
валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;
шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналыстырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдалғанннан алынған табыстардан;
шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қаржы қарыздарынан;
валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.
Валюталық ресурстар көбінесе мемлекеттің қарамағына шоғырландырылады. Басым мәселелерді немесе жалпымемлекеттік ресурстардың бір бөлігі биліктің жергілікті органдарына берілуі мүмкін. Бұдан басқа, биліктің жергілікті органдары валютаны валюта нарығында сатып ала алады. Мемлекеттің уәкілетті органдары мен оның қаржы агенттері де банкаралық биржада валютаны сатып алушылар бола алады.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдалынылады:
Ұлттық банк: «валюталық басқыншылықтарды» - елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айрысы үшін;
Қаржы министрлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мұшелік үшін жарналар төлеу; елшілектердің, консулдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;
Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді – тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;
Басқарудың жергілікті органдары – коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, өңірлердің жергілікті инфрақұрылым дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегенннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногында сатуға міндетті болатын. Қолданыстағы тәртіп бойынша заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңды тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.
Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын көзі келісімшарттарды, арбитраж органдары белгіленген контракттар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.
Қайта бөлу ретіндегі валюта қаражаттары басқарудың жоғарғы буыны тарапынан төменгі шаруашылық бөліністерге бөлінуі мүмкін (басқарудың бұл деңгейінде валюта қорларын жасау кезінде).
Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әртүрлі мақсаттарына пайдаланылады. Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:
1) дүниежүзілік рыноктарда жұмыс істейтін компаниялардың, фирмалардың экспорттық әлеуетін ұлғайту;
2) импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық, саймандар, материалдар, технологиялар, лицензиялар, ноухау сатып алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі операциялар жүрізіледі, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады;
3) валюталық кредиттерді және оларды пайдалғаны үшін пайыздарды өтеу;
4) мамандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктарда операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар төлеу;
5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қаржы және мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;
6) сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар өтемақылар төлеу;
7) ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны сатып алу;
8) ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және мәдени-тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрі-дәрмектерді, медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу (белгіленген нормативтерге сәйкес).
Иегерлердің немесе құрылтайшыларының қарап шешуші бойынша қаржы ресурстарының басқаша пайдалануды да мүмкін.
Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік зерттеулерді қаржыландырудың және т.б. жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |