Бақылау сұрақтары:
1. Әлемдік қаржы нарығының қалыптасу кезеңі қандай?
2. Әлемдік қарыз капиталы қай жылы өріс алды?
3. Трансұлттық корпорацияларды қалай түсінесіз?
4. Депозитарлық қолхат нені білдіреді?
5. Депозитарлық қолхат түрлерін атаңыз?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Әлемдік қаржы нарығы дегеніміз не?
A) бұл түбінде капитал экспортеры, оның рецепиенттері және осы рөлдерге сәйкес, транзит капиталы сияқты әр түрлі рөлдерге шыға отырып, барлық елдер қатысатын экономикалық қатынас
B) бұл нарықтың кәсіби қатысушылар бірлестіктері тарапынан қаржы нарығын реттеуі
C) бұл шаруашылықты есеп принципімен әрекет ететін заңды тұлға болып табылатын, шаруашылықты дербес жүргізетін субъект
D) бұл көптеген қаржылық операциялар мен қызмет көрсетулерді орындайтын халықаралық несие мекемесі
E) елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті
2. Қазақстандық депозитарлық қолхаттар (ҚДҚ) дегеніміз не?
А) Мемлекет заңдарына сәйкес ҚР резиденті болып табылатын эмитенттердің эмиссиялық бағалы қағаздарының меншік құқығын айғақтайтын туынды бағалы қағаз
В) Тараптардың бекіту барысында белгіленген бағасы бойынша келешекте сатылатын және сатып алынатын биржалық келісімшартты білдіретін туынды бағалы қағаз
С) Болашақта базистік активтің баға ауытқуынан пайда алуды көздейтін бағалы қағаз тобы
D) А және В жауаптары дұрыс
Е) Барлығы
3. Американдық депозитарлық қолхаттардың демеушілік көрсетілетін деңгейлер саны.
А) 3
В) 4
С) 5
D) 6
Е) 2
4. Әлемдік қаржылық жүйені қайта құру қай жылғы конференциядан басталды?
A) 1940 жылғы
B) 1941 жылғы
C) 1942 жылғы
D) 1943 жылғы
E) 1944 жылғы
5. Американдық депозитарлық қолхаттардың қандай деңгейлері капиталды тартуға мүмкіндік береді.
А) I және II
В) I және III
С) III және IV
D) II және III
Е) I және IV
6. Тараптардың бекіту барысында белгіленген бағасы бойынша келешекте сатылатын және сатып алынатын биржалық активтің стандартты биржалық келісімшартын білдіретін туынды бағалы қағазды атаңыз.
А) коносамент
В) варрант
С) фьючерс
D) опцион
Е) депозитарлық қолхат
7. Әлемдік қаржы нарығының құрылуы қай ғасырға жатады?
А) ХІХ ғасырдың 20жылдарына
В) ХІХ ғасырдың ортасы
С) ХІХ ғасырдың соңы
D) ХХ ғасырдың 30жылдарына
E) ХХ ғасырдың соңы
8. Американдық депозитарлық қолхаттар (АДҚ) қашан пайда болды?
А) 30 жылдары
В) 50 жылдары
С) 55 жылдары
D) 40 жылдары
Е) 33 жылдары
9. Әлемдік қаржы нарығында қандай елдерге көбірек мән беріледі?
A) постиндустриалды елдерге;
B) индустриалды елдерге;
C) дамыған елдерге;
D) дамымаған елдерге;
E) дұрыс жауабы жоқ.
10. Қаржы нарығының коммерциялық функциясының мағынасы неде?
A) қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайды қалыптастырады
B) бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлігуіне әсер етеді
C) қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандай да бір табыс әкеледі
D) жаңа қаржы құралдарының пайда болып қалыптасуына жағдай жасайды
E) ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние- мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады
Тақырып 7. Қаржылық нарықтардағы коммерциялық банктердің қызметі
Мақсаты: Қаржылық нарықтардағы коммерциялық банктердің қызметін анықтап, олардың функцияларының маңызын қарастыру.
Жоспар:
1. Инвестициялық банктер қызметінің түрлері мен сипаты
2. Несиелендіру қағидалары.
3. Коммерциялық банктердің брокерлік-дилерлік қызметі
7.1 Инвестициялық банктер қызметінің түрлері мен сипаты
Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ережелері бар. Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табуында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.
Ал тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.
Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жасау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфельдің құрылымын оңтайландырудан тұрады. Банктердің инвестициялық саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелігін немесе пайдалығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамассыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы .
Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:
инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін (үлесін) анықтау;
инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығын;
инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;
инвестициялар портфелінің диверсифиакциялануына қойылатын негізгі талаптар;
потрфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;
сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;
пайдалар мен зияндардың есебі;
компьютерлік қамсызданлыру бағдарламалары.
Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг ), сондай-ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін , қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.
Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг – бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаржаттың келіп түспейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздар жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: қор (акция, обликация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек қоймалық, кепілдік куәліктер).
Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:
1) мемлекеттің бағалы қағаздары:
2) мемлекеттік емес ( корпоративтік ) бағалы қағаздар.
Бүгінгі таңда ҚР – дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекттің бағалы қағаздарына жұссалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма–қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады. Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезіңде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. өйткені, нарық кезінде несиелік қарым – қатынас ең жоғарғы рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
7.2 Несиелендіру қағидалары
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым–қатынасты жаңартудың және түрлендірідің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономисттер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп (әңгіме төленетін процент жөнінде), өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама – қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетіп, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді. Осындай қарама–қайшы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап беру қажет
Ақшадан кейін несиені ойлап шығару–адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады. Мен осы пікірмен толығымен келісемін. Себебі, қол жеткізе алмай жүрген ісіңе немесе қандай да болмасын тауарларды сатып алуға немесе ісіңді алға басуда, қазіргі таңда банктер тарапынан үлкен жәрдем көрсетіліп жатыр.
Әзірше, қазақстандықтардың бәрі бірдей несие алып оны өтеуге қол жеткізе алмайды. Бірақ, жұмыс жасап жүрген әр адам несие көмегімен қажеттіліктерін қанағаттандыратын уақыт та көп кешікпей келетін болады деген сенімдемін.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүдіктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық (ростовщиченский) несие деп аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер–көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасыннан іздеу керек.
Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған да негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие–бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар:
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие – қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез – келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез – келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.
Банктік несиенің коммерциялық несие аясына қарағанда қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктің белгілі – бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден – бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банкаралық нарықтан қағазға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай – чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныстар да әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының коньюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.
Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік органдар және орталық банктер ұдайы қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшілік те шектері бар.
Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы ара–қатынасты табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инжиниринг жүйесі - әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық кешенін ұсынады.
Кредитор ретінде банктердің рөлі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада, қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
Несие түрлері – бұл белгілі-бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгіл-бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – түр диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
Мерзімдері бойынша:
а) қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
ә) орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
б) ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);
Несиелеу объектілері бойынша:
а) негізгі қорларға берілетін несие;
ә) айналым қорларына берілетін несие;
3. Несиелеу әдістері бойынша:
а) қалдық бойынша несиелеу;
ә) айналым бойынша несиелеу;
Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.
Мысалы, тұтыну несиесінің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық, кез–келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау);
несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;
мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Шетелдік әдебиеттрде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі:
Несиелердің категориялары:
а) қарызалушының типі бойынша:
тұтыну
бөлшек (көтерме)
ауыл шаруашылығы
коммерциялық (өнеркәсіптік)
қозғалмайтын мүлік
энергия
үкімет - федералдық
ә) мақсаты бойынша:
тұтыну (мысалы, тұтыну тауарлары, көлік т.с.с.)
айналым капиталы
құрылғылар
ғимараттар
жобалар
лизингтік қаржыландыру
б) әрекет ету мерзімі бойынша:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
орта мерзімді (1 жылдан 4 жылға дейін)
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
в) өтелу кестесі бойынша:
бірдей төлемдермен (тұтыну несиесі үшін ай сайын)
кезеңді төлемдермен (тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жеңілдікті кезеңді немесе жеңілдіксіз кезеңді, модификацияланған несие – «шар», яғни өтелуі кезінде бұрын жүргізілген төлемдерге қарағанда анағұрлым көп төлемді талап ететін несие)
бір рет төлемді (қысқа, орта және ұзақ мерзімді несие – «шар»)
г) қамтамасыз етілуі бойынша:
қамтамасыз етілмеген
кепілмен қамтамасыз етілген (қолма – қол бағалы қағаздар, дебиторлық қарыздар, қорлар, құрылғылар, жерлер мен ғимараттар)
кепілдендірілген
басқа да қамтамасыз етілулер (міндеттеме, келісім, міндеттемесі бар хат)
Қазақстанда несиелердің келесі түрлері дамыған:
Ұлттық банктің несиелері:
- аукциондық - Ұлттық банктің ақша – несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие
- ломбардтық - Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен қысқа мерзімге беретін несиесі
- бюджеттік - Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық ( нарықтық ) шартымен беретін несиесі
Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998 жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылады.
Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
өз айналым қаражаттарының жеткіліксіздігін уақытша толықтыруға
күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға
импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетін импорт
ипотекалық
- несиелік желі негізінде – қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі – бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңдық рәсімделген міндеттемесі
- консорциялық – несиелік, кепілдік немесе басқа да банктік операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін қандай да бір ірі банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретін несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да бір себептерге байланысты бұл функцияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін.
- тұтыну мақсаттарына;
- банкаралық.
Банкаралық несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған банкаралық нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредиторлар ретінде ірі банктер (Халықтық банк, Казкоммерцбанк) болады.
Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметінен келетін шығындарды жабу үшін резервтер (провизиялар) құру тәртібі туралы Ережеге сәйкес Ұлттық банк қарыздардың сапалары бойынша олардың келесі бөлінулерін белгіледі: стандартты, стандартты емес, қанағаттанарлықсыз, күдікті, шығынды.
7.3 Коммерциялық банктердің брокерлік-дилерлік қызметі
Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарқы" заңында бұл саладағы кәсіби қызмет түрлері атап көрсетілген. Республикамыздың қаржыгерлері мен менджерлері сол қызмет түрлері мен олардың міндеттерін жете білуге тиіс.
Ол қызметтер – брокерлер, дилерлік, депозитарлық, кастодиандық және :
құнды қағаздар портфелін басқару;
құнды қағаздармен операциялар бойынша өзара талаптар мен міндеттемелерді айқындау;
құнды қағаздар ұстаушыларының тізімін жүргізу;
өкілетті органның белгілеуі бойынша кәсіби қызметін басқа да түрлері;
Аталмыш Заңда құнды қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу негіздері талап көрсетілген.
Олар – ең алдымен құнды қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өткізілетіндігі:
құнды қағаздар субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік актілер шығару;
эмиссиялық құнды қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылар қызметін лицензиялау;
биржадан тыс нарық айналысындағы құнды қағаздардың бағасын белгілеуді және оның саудасын технологиялық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қор биржалары мен ұйымдардың қызметін лицензиялау;
құнды қағаздар нарқында инвесторлардың құқықытарын эмитенттер мен құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылардың сақтауына бақылау жасау;
құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылар қызметіне бақылау жасау және құнды қағаздар нарқын реттейтін заңдарды бұзғаны үшін тиісті санкцияларды қолдау;
құнды қағаздар нарқында заңдарды бұзатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қодау;
құнды қағаздар нарқына қатысушылардың кәсіптік және білім деңгейін арттыру жөніндегі жүйелерді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады деп, басты-басты міндеттер көрсетілген;
Құнды қағаздар нарқы саласында басты қызметпен шұғылданушы мамандар қатарында :
Брокер – комиссияның немесе тапсырыс негізінде клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен құнды қағаздарды сату-сатып алу ісімен шұғылданатын қаржылық делдал. Олар атқаратын қызметіне қарай тіркелген, тәуелсіз, сауда залында атқарушы, несиемен айналысатын брокерлер деп аталады.
Дилер – құнды қағаздар нарығына қатысушы, өз есебінен және тапсырма бойынша құнды қағаздарды сатушылар.
Сонымен, құнды қағаздар түрлері өзінің түрліше әрекетімен қаржы қорын молайту, оны әр салада ұтымды пайдалануға елеулі үлес қосатын құралдар.
Қазіргі кезеңде техникалық өркениеттің дамыған жағдайында қағаздар нарығына тиімділігін арттыру, ол істі мейлінше жүйелі жүргізу мақсатымен нақ заманы компьютерлер мен телекоммуникация желілерін қолдану өте-мөте жақсы. Мұның өзі осы құнды қағаздар рыногына байланысты ақпаратты қолма-қол алып, нарық жағдайындағы өзгермелі әрекетін анықтап, іске тезірек өріс беретін ілкемді шаралар белгілеуге көмектеседі. Компьютерлердің көмегімен биржалық, биржадан тыс құнды қағаздар нарығы ауданындағы істі білуге, сауда қызметінің деңгейі мен ерекшілігін анықтауға, құнды қағаздар түрлері, бағалар, басқа да шешуші бағдарламаларды біліп, нарықты тиімді ұйымдастыруға негіз қолайлы.
Брокер – мәліме жасау барысындағы тапсырма бойынша белгілі бір төлем ала отырып, жұмыс істеді. Қазіргі жағдайда делдалдық операцияларды банктермен тығыз байланысы бар делдалдық фирмалар жүргізеді.
Дилер – құнды қағазды сатып алу және сатумен өз атынан және өз есебінен айналысатын делдал, бұлар жеке фирмалар, банк, жеке адамдар, қор биржасы мүшелері.
Бұған дейін көрсетілгендей, өндірушілер өінің өнімдерін клиенттер типіне және өнімнің түріне байланысты өздері жеткізеді немесе өткізуді ішінара не тұтастай делдал – дистербьюторларға сеніп тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |