Мақсаты: Қаржылық нарықтағы брокер мен дилер ұғымдарынын мәнін ашып, брокерлі - дилерлік қызметтің атқаратын ролін айқындау.
Жоспар:
1. Брокер мен дилер ұғымы
2. Брокерлі- дилерлік қызметтер
3. Қор нарығындағы кәсіби қызметтері
11.1 Брокер мен дилер ұғымы
Брокер (ағылш. broker) — қор және тауар биржаларында, валюта рыноктарында тауар, валюта, құнды қағаздар, т.б. құндылықтарды сатушылар мен алушылар арасында мәміле жасасу кезінде арада жүретін ресми делдал (жеке адам немесе фирма). Қандай жұмыспен айналысатынына, кімнің өкілі екеніне қарамастан, брокер әрдайым тек заңға сай, нақты іс-қимыл жасайды. Брокердің мақсаты — мол табыс табу болғанымен, ол өзінің делдалдық етуімен қабылданған келісім бойынша нақты тапсырмалар ғана алады. Брокер өкіл емес, белгілі бір жақтың шарттық келісімдеріне араласпайды, жеке келісім-шарт жасасуға арнайы берілген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет етеді.
Брокер қор және тауар биржаларында, валюта, сақтандыру және жүк таситын кеме жалдау рыноктарында тауар сатушылар мен сатып алушылардың (сақтандырушы мен сақтандырылушының, кеме иесі мен кеме жалдаушының) арасындағы сауда делдалдары. Өзінің қызметі үшін делдал келісімге сәйкес ақы (брокеридж) алады,оның мөлшері тауар операциялары кезінде келісім-шартта көрсетілген соманың 0,25%-нан 2-3%-на дейін жетеді. Делдалдың агенттен айырмашылығы - ол тауар сатып алушымен және сатушылармен ұзақ сауда қарым-қатынасында болмайды, жеке тапсырыстар бойынша қызмет көрсетеді. қазіргі кезде делдалдық операциялардың негізгі бөлігін филиалдарының желісі кең және банкілермен тығыз байланыс орнатқан ірі делдал фирмалар жүзеге асырады.
Брокер - бағалы қағаздар нарығының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерінен көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін.Ол келісім жасалатын әрбір нақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
Консалтинг (кеңес беру);
Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;
Инвестициялық қорларды құру мен оны басқару.
Дилер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өзге де қаржы құралдары мен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің атқаратын қызметі:
1. Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
2. Клиенттердің тапсырмасын орындау;
3. Бағалы қағаз нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қағаздарды сату–сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді;
4. Сатып алушы мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қоюға себепші болады. Олар нарықтың катализаторы ретінде жұмыс істейді.
11.2 Брокерлі- дилерлік қызметтер
Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі, т.б. Сонымен қатар брокерлік фирма ақша нарығындағы банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру сияқты қызметтерді атқарады. Брокерлер өз қызметтерінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:
1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде.
2. Брокерлер клиенттің белгіленген сомасы ақша шамасында әрекет жасайды. Бірақ бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.
3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны клиенттің есепшотына аударады.
4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет.
5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.
Сонымен қатар брокерлік фирма клиентке несие беріп, барлық операцияларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табысына делдалдық үшін ақы кіреді. Алайда, бұл жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс-әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.
Брокерлік қызмет көрсету қазақстандық брокерлік компаниялар қызметіндегі басым бағыттың бірі болып табылады. Ол қазақстандық қор нарығында қаржы инструменттерін, сондай-ақ ірі халықаралық қор биржаларындағы құралдарды сатып алуды қамтамасыз етеді.
Компания трейдерлері үлескерлік және борышкерлік инструменттердің барлық спектрі бойынша операция жүргізеді: корпоративті облигациялармен, мемлекеттік құнды қағаздармен, құрылымдық тауарлармен, ақша нарығы инструменттерімен және вексельмен.
Компания мамандары өз клиенттеріне қаржы нарығының ағымдағы жағдайы турасында кеңестер беріп отырады, елдегі экономикалық жағдайдың жалпы дамуын болжайды, келешегі бар құнды қағаздар қоржынын құрастыруда клиенттерге ұсыныс береді. Келісім бойынша эмитенттер мен контрагенттер ара-қатынасында клиентке заңдық тұрғыдан қолдау көрсетеді, қажеттілік туса акционерлердің жалпы жиынында немесе басқа атаулы шараларда клиенттің мүддесін жақтайды.
Брокерлік қызмет көрсету аясында компания клиенттеріне құнды қағаздарды мына қасиеттерге ие номиналды ұстау жөніндегі қызметке қол жеткізуіне мүмкіндік бар:
- клиенттердің есеп-шоттарын ашуға және жүргізуге;
- құнды қағаздарды ауыстыру, сату мен сатып алу жөніндегі биржадан тыс келісім жасауға, құнды қағаздарды ауыстыру операциясын жүргізуге;
- құнды қағаздар бойынша клиенттің құқын растау;
- номиналды ұстауға берілген құнды қағаздарға қатысты ақпараттармен клиентті құлағдар етіп отыру
Сонымен қатар, брокерлік компаниялар қор биржасына келген құнды қағаздар негізінде эмитенттерге маркет-мейкер қызметін көрсетеді. Маркет-мейкер институтының маңыздығылы сол, құнды қағаздарды сату мен сатып алуда сұранысты қолдауға көмектеседі.
Бұған қоса брокерлер өз клиенттеріне Интернет-трейдинг қызметін көрсетеді. Бұл Қазақстан қор биржасында арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы (сауда терминалы) өз бетімен сауда-саттық жүргізу тәсілі, оны брокерлер жеткізіп береді. Интернет-трейдинг клиенттердің сауда жүйесіне өз бетімен өтініш жіберуіне мүмкіндік береді.
Делдалдар еншілес кәсіпорынның қызметкерлері ме, әлде олар әбден тәуелсіз бе, басқару бұған байланыссыз. Тауар қозғалту каналы дұрыс таңдалды деп жорамалдай отырып, оларды басқарудың мақсаты:
сауда делдалдарында (дистрибьютор) өз фирмасына деген шеттестік сезімін тәрбиелеу;
олардың лайықты мараппатталуын іске асыру;
дистрибьюторларды және оларды персоналдарын таңдау және дайындау;
қызметтеудің стандарттарын анықтау;
қызметтеудің қабылданған стандарттарға сәйкестігін анықтау;
делдалдардың әрқайсысымен байланыстың тиімді жүйесен қолдау.
Делдал жағынан оның фирмамен байланысы уақытша деген сезім тууына жол беруге болмайды. Бұл тұста маркетші қоғамдастықпен байланыстар жасау үшін жұмыстар жүргізу принциптерін бетке ұстауы керек. Мәселен, фирманың бөлімдеріне делдалдар мен олардың отбасы адамдары келіп кетуді оларда аталмыш фирманың мүшесіміз деген сезімді күшейте түседі. Басқа да өздерін жақсы жағынан танытқан және пайдалы әдістер:
көзге түскендерге бәйгелер, ескерткіш металдар, құрметті белгілер және ақшалай сыйлықтар беру мақсаты–басқаруларды ынталандыру;
жоғары әкімшілік өкілдерінің және отау компанияның басқарма мүшелерінің дистрибьюторлерімен өз елдерінде кездесулер ұйымдастыруды, ал келушілер болса әрбір аймақтардың мәдени ерекшеліктері туралы жақсы хабардар етуі керек.
Биржалық сауда ережелеріне сәйкес Трейдер – биржалық сауда қатысушысының тауар биржасының сауда жүйесінде биржалық сауда қатысушысының атынан мәміле жасаумен байланысты әрекеттер жасауға құзырлы және бекітілген тәртіпте тауар биржасында тіркелген қызметкері.
Трейдерлерді биржалық сауда қатысушылары аккредитациялау кезінде тіркейді (трейдерлерді тіркеу құжаттарын ұсыну аккредитацияның міндетті шарты болып табылады). Бұл жағдайда алдағы уақытта трейдерлердің жаңадан тіркелуі болмайды.
Биржада трейдер ретінде биржада аккредитацияланған 18 жасқа толған және брокерлер мен дилерлермен іскерлік қарым-қатынастағы жеке тұлғалар тіркеле алады.
Биржалық сауда қатысушысының трейдерін тіркеу құжаттары:
1. Трейдерді тіркеу жөнінде өтініш
2. Трейдерге сенімхат
3. Төлқұжат немесе жеке куәлік көшірмесі
Өтініш беруші биржаға төлқұжат немесе жеке куәліктің түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
Егер трейдер сенімхат негізінде әрекет етсе оның өкілеттілік мерзімі трейдерге берілген сенімхатта көрсетілген мерзімге сәйкес анықталады. Сенімхаттың қолдану мерзімі 1 жылдан аспауы тиіс.
Трейдерді тіркеу туралы шешім немесе оны тіркеуден бас тартуды биржа барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан бастап 3 жұмыс күнінің ішінде қабылдайды.
Трейдер өкліеттілігін мерзімінен бұрын тоқтақан кезде биржалық сауда қатысушысы өкілеттілігі тоқтатылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей биржаға жазбаша түрде хабарлауы тиіс.
Биржалық тауарды сату - сатып алуға өтінім берген трейдерді ауыстыру, немесе трейдердің жоқ болуына байланысты өтінімді қайтарып алу сауданың басталуына 30 минут бұрын жүзеге асырылуы қажет.
Ол үшін биржалық саудада трейдерді ауыстыру туралы немесе трейдердің биржалық саудада жоқ болуы туралы биржалық сауда қатысушысының өкілетті тұлғасының қолы қойылған өтініш биржаға жолданады.
Трейдерлер – бекітілген тәртіпте тауар биржасы тіркеген және биржалық саудаға қатысушы атынан мәмілелерді бекітумен байланысты сауда жүйесіндегі әрекеттерді жүзеге асыруға өкілетті биржалық саудаға қатысушының (делдал мен дилердің) қызметкері.
Тек қана трейдерлер биржалық мәмілелерді бекітіп және биржалық тауарларды сату және сатып алуға өтінім бере алады.
Биржада трейдер ретінде биржалық сауда қатысушыларымен еңбек немесе азаматтық-құқықтық қатынасын жасасқан және 18 жас мөлшеріне жеткен жеке тұлғалар тіркеле алады. Бір жеке тұлға тек бір ғана биржалық саудаға қатысушының трейдері ретінде тіркеле алады.
Биржа мүшесі ретінде аккредитация алу үшін талапкер келесідей құжаттарды ұсынады және келесі мәліметтерді көрсете отырып, Биржа мүшелігіне қабылдау туралы өтініш:
- толық атауы;
- орналасқан жері, телефон және факс нөмірі, электронды поштаның мекенжайы;
- салық төлеушінің тіркелу нөмірі (бизнес сәйкестендірілген нөмірі);
- заң органдарында мемлекеттік тіркелген нөмірі мен күні;
-мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын банктік есепшоттар реквизиттері, осы есепшоттың меншікті есепшот болып табылатынын көрсету.
11.3 Қор нарығындағы кәсіби қызметтер
Қор нарығындағы кәсіби делдалдар брокерлік және дилерлік қызмет көрсету лицензиясы мен биржа мүшесі болып табылатын білікті мамандардан тұратын арнайы штаты бар кәсіби қатысушылар, яғни брокерлер мен дилерлер.
Брокерлік қызмет – бағалы қағаздарды сатып алу операцияларын жүзеге асыру, клиенттік тапсырыс негізінде клиент мүддесі мен өз атынан бағалы қағаздарға кепілдік ретінде қаражат қорын тартып, орналастыру, бағалы қағаздарды жасау мен орналастыру жолымен қаржыландыруды ұйымдастыру, сонымен қатар бизнестің бірігу мен сіңу мәселесі бойынша кеңес беру. Жалпы брокерлер мен оның клиентінің арасындағы өзарақатынас брокерлік келісім шарт арқылы жүргізіледі. Брокерлік келісім шарт негізінен жалпы және бір реттік болуы мүмкін. Брокерлік келісім шартта жекелеген операциялар клиент тапсырысы негізінде жүзеге асырылады. Яғни, брокер клиент талабын барынша орындауға күш салады. Брокер өз клиентіне барлық сұрақтар бойынша кеңестер мен ұсыныстар бере отырып, өзге клиенттердің жасасқан мәмілелерін құпияда сақтайды. Жоғарыда брокерлік жұмыстың принциптері баяндалды. Ендігі жерде оның қызмет түріне тоқталсақ:
Қазақстандық және халықаралық нарықтағы брокерлік қызмет: бағалы қағаздарды сату және сатып алу жөніндегі операциялар. РЕПО операциялары. Өндірістік бағалы қағаздар операциялары. Кеңестік қызмет түрлері мен ұсыныстар. Номиналдық ұстаным және клиенттік операциялар бойынша есеп айырысу қызметі.
Сенімді басқару: Табысты қаржы құралдарына клиенттердің артық қаражатын уақытша салу. Клиенттерге сауда кеңестерін беру және инвестициялық стратегия жасау. Клиент портфелін тиімді диверсификациялау және оның кірісін арттыру.
Пайлық инвестиция қоры (ПИҚ): ПИҚ-дан пайларды сатып алу арқылы клиенттердің артық ақшаларын уақытша табысты қаржы құралдарына салу.
Бағалы қағаздар эмиссиясын шығару барысындағы қаржы жөнінде кеңес беру қызметі: Копанияға қаржы жөнінде кеңес беру. Капиталдың оңтайлы құрылымын анықтау. Инвестициялық меморандумдар мен бағалы қағаздарды шығару проспектілерін әзірлеу. Бағалы қағаздарды сауда биржасы тізіміне енгізу. Клиенттің вексельдік бағдарламасы.
Бағалы қағаздар эмиссиясын орналастыру кезіндегі андеррайтер қызметі: Маркентингтік компания. Әлеуеттік инвесторлармен кездесу мен келіссөздер жүргізу. Алғашқы орналастыру барысында аукциондар ұйымдастыру. «Қатаң міндеттер» мен «барынша күш-жігер» әдісі арқылы ең аз уақыт аралығында тиімді орналастыру.
Сіңу мен бірігуді өткізу және даярлау: due diligence қажетті процедурасын өткізу және кеңес беру. Қаржыландырудың тиімді құрылымын анықтау және реструктуризациялау. Инвестициялық меморандум мен қажетті құжаттарды әзірлеу. Қаржыландыруды ұйымдастыру.
Облигациялар немесе табыс пайызы бекітілген бағалы қағаздар борыштық міндеттемелер санатына жатқызылады. Сіз облигация сатып ала отырып, өз ақшаңызды кәсіпорын немесе мемлекетке қарызға бересіз. Бұл үшін олар сізге қарыз сомасынан пайыздық кіріс төлеп тұруға, сонымен қатар нақты мерзім өткеннен кейін қарыздың негізгі сомасын қайтарып беруге келісімін береді. Мәселен, компания жылдық 11 пайызды 1 жыл мерзіміне арнап бағасы 100 000 теңге болатын 100 облигация шығарды делік. Бұл дегеніміз, компания жыл соңына дейін өз қағаздарын 11 пайызға артық құнмен сатып алады дегенді білдіреді.
Облигациялардың салыстырмалы түрде алғандағы сенімділік деңгейі олардың негізгі артықшылығы болып табылады. Егер де сіз тұрақты мемлекеттік немесе муниципалды басқару органының облигацияларын сатып алатын болсаңыз, ақшаларыңыздың қайтуы 100%-ға тең екеніне сенімді болуыңызға болады (мұндай облигациялар «тәуекелсіз» деп аталады). Екінші жағынан, бұл бағалы қағаздар бойынша ұсынылатын қауіпсіздік пен тұрақтылық табыс көрсеткішіне тікелей байланысты болып келеді. Олардың тәуекелдік деңгейі төмен болғандықтан, табыс көрсеткіші де жоғарылықпен ерекшеленбейді. Бүтіндей алғанда, облигациялар бойынша табыс деңгейі басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда әдетте төмен болып келеді.
Бүгінгі таңда қор нарығында облигациялардың көптеген түрлері бар. Эмитентке байланысты олар – мемлекеттік, ұжымдық және шетелдік облигацилар деп бөлінеді. Нарықта барлығы 208-ге жуық облигация бар.
Қор нарығында бірінші, екінші және үшінші дәрежелі қарапайым және артықшылықты акциялар айналымда жүреді. Бүгінде нарықта 124 компания-эмитент өз қағаздарын ұсынуда.
Пайлық инвестициялық қорлар (ПИҚ) акциялар мен облигациялардың жиынтығы болып табылады. Пай (сатып алушының пайлық инвестициялық қордағы үлесін растайтын, атаулы бағалы қағаз) сатып ала отырып, өз қаражаттарымызды өзге инвесторлардың ақшаларымен біріктіру қажет. Осы біріктірілген қаражат есебінен басқарушы компания (БК), осы ПИҚ-ты басқарумен айналысатын кәсіби менеджерге гонорар төлейді, ол өз кезегінде инвестициялау мақсатында бағалы қағаздарды іріктеумен айналысады. ПИҚ әртүрлі инвестициялық стратегияларды жүзеге асыру мақсатынды құрылады, оның қаражаттары ірі және шағын кәсіпорындардың акцияларына, мемлекеттік облигацияларға, кәсіпорындардың облигацияларына, нақты сала немесе жеке мемлекеттер кәсіпорындарының акцияларына инвестициялануы мүмкін.
Пайлық инвестициялық қорлардың ең басты артықшылығы, бағалы қағаздарды таңдауға уақыт жұмсамастан, өз қаражаттарымызды инвестициялау мүмкіндігіне ие боламыз. Теориялық жағынан алғанда, кәсіби басқарушыларды тарту ПИҚ-тарға инвестициялардың басқа түрлерімен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтар береді.
Нарықта ашық және интервалдық пайлардың саны - 36,5000 теңгеден бастап сатып алуға болады.
Пайларды сатып алу үшін осы қызметті жүзеге асыратын компаниямен келісім-шарт жасасу керек. Ол үшін жеке куәлік пен СТН көшірмесін ұсыну керек. Содан кейін пайды сатып алу туралы өтінім мен шотты ашу жөніндегі бұйрықты толтырып, кез келген банк арқылы қажетті соманы аудару қажет. Қаражат түскеннен кейін 1-3 күннен соң, сіз пайшылар реестрінен үзінді алып, ақшаңыздың қозғалысын бақылай аласыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Брокер ұғымына түсініктеме беріңіз?
2. Дилер ұғымына түсініктеме беріңіз?
3. Брокерлі- дилерлік қызметтерді атаңыз?
4. Қор нарығындағы кәсіби делдалдар қандай қызмет атқарады?
5. Пайлық инвестициялық қор дегеніміз не?
6. Брокерлік фирманың қызмет аясына қандай міндеттер кіреді?
7. Трейдерлер ұғымына түсініктеме беріңіз?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Бағалы қағазды реттеуді кім жүргізеді?
A) қор биржасы
B) дилер немесе брокер
C) қаржы департаменті
D) реттеу қызметін атқару жүктелген орган немесе ұйым
E) брокер
2. Өз мүддесі үшін және өз есебінен бағалы қағаздармен мәміле жасайтын бағалы қағаз нарығының кәсіби мүшесі
A) брокер
B) дилер
C) андеррайтер
D) өтініш білдіруші
E) депонент
3. Брокердің кеңес беру бағыттарына төмендегілердің қайсысы жатады?
A) табыс табудың әдістері бойынша дәріс оқу
B) маркетингтік жоспар құру жолдарын түсіндіру
C) акционер реестерін ұстаушының таңдауын дәлелдеу
D) лицензия алу жолдарын бағалы қағаз шығарушыларға түсіндіру
E)облигациялық бағдарлама жасау
4. Делдалдар қандай қызмет атқарады?
А) Қажетті ақша қаражаттарын тарту мақсатында бағалы қағаздарды шығарады
В) Операцияны өз атынан және өз есебінен жүзеге асырады
С) Мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болу үшін бағалы қағаздарды сатып алады
D) Эмитенттер мен инвесторлардың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін қызмет етеді
E) Дұрыс жауабы жоқ
5. Инвестициялық қор өз қызметінде нақты қағидаларды басшылыққа алады?
А) инвестициялық салымдарды басшылыққа алу
В) қарапайымдылық,сенімділік,айқындық
С) операциялық тиімділік
D) қорды жеке басқарады және салымшылар қорды өз қалауынша таңдаудың мүмкіндігіне ие болады
E) дұрыс жауабы жоқ
6. Бағалы қағаздар нарығының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерінен көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы кім?
А) Брокер
В) Акционер
С) Инвестор
D) Дилер
E) Маклер
7. Пайды 2 аптада ең аз дегенде 1 мәрте сатып алатын инвестициялық қор?
А) жабық
В) ашық
С) интервалды
D) үлестік
E) акционерлік
8. Жарнашының пайда сатып алу құқығы болмайтын инвестициялық қор түрі?
А) ашық
В) интервалды
С) жабық
D) үлестік
E) шартты
9. Акционерлердің жалпы жиналысы басқарма инвестициялық қордың басқарушысы қай қордың ұйымдық құрылымын көрсетеді?
А) инновациялық қор
В) инвестициялық қор
С) ипотекалық қор
D) зейнетақы қоры
E) мамандандырылған қор
10. Дилердің атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
А) Бағалы қағаздарды шығару,олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату
В) Клиенттердің тапсырмасын орындау
С) Бағалы қағаз нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру
D) Сатып алушы мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қоюға себепші болады.
Е) барлық жауаптары дұрыс
Тақырып 12. ҚР Ұлттық банкі қаржылық нарықты реттеуші орган ретінде
Мақсаты:. ҚР Ұлттық банкі функцияларының экономикадағы атқаратын ролін айқындау. Бағалы қағаздар нарығының реттеуі мен құзіретін қарастыру.
Жоспар:
1. ҚР Ұлттық банкі, оның функциялары, міндеттері мен құзыреті. ҚР қаржылық нарығындағы лицензиялық қызметі
2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментінің функциялары
12.1 ҚР Ұлттық банкі, оның функциялары, міндеттері мен құзыреті. ҚР қаржылық нарығындағы лицензиялық қызметі
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.
Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі.
Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.
Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіңе, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы нарығы – қаржы активтері мен осы активтердің сатып алушысы және сатушысы арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынас аясы.
Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.
Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары:
а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау;
б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту.
в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын шығару, олардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде банкноттар мен монеталарды ауыстыру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ тозған және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртiбiн белгiлеу;
12.2 Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментінің функциялары
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символды» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар "қордың инструменті немесе құралы болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бip субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығы — нарықтық экономикада көтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан кері алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседi. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытында бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар міндетімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция не облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге екі жеті, эмиссиялық проспекткісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті оларды сатып алу-сатуға және есеп айырысуға 2-3 жеті, уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,2 ай ішінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы - экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
Елде дамыған бағалы қағаздap нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
1. сұраныс пен ұсыныс;
2. делдалдар мен басқа қатысушылар;
3. нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және т.с.с.;
4. нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Hapықтың осы құрамдас бөліктері уақытта несінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған. Дегенмен, экономиканың дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес.
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайлықтың әл- ауқатына байланысты. Ceбeбi бағалы кағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өcyi - Қазақстанда бағалы кағаздар нарығы дамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай деген сұрақ туындағанда онда, елімізде қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздадың көлемдісі және ең өтімдіci мемлекеттік қарыз міндеттемелері
Бағалы қағаздар нарығының одан әрi дамуы акционерлік қоғамдардың пайда болуымен және мемлекеттің эмиссиялық қызметімен байланысты. Бағалы қағаздарға кең көлемде капитал жұмсау 20ғ. ортасында өpicтeй бастады. Осы кезде нарыққа қатысушылар да белгілі бола бастады. Алғашғыда бағалы қағаздармен жеке адамдар (трейдер-аторней) және банк қызметкерлері айналысты. Кейіннен бұл іске құқықтық тұлғалар да кірісті. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды топқа бөлуге болады (олар әpi эмитенттер, әpi трейдерлер):
Бірінші топ, бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік (органдары), ұлттық және халықарлық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жерплікті әкімшіліктің қағаздары, сатып алушыға жоғары табыс түсірмейді. Дегенмен, халыктың кейбір топтары (мысалы, зейнеткерлер, жалғыз басты адамдар, асыраушысынан айырылған отбасылар және с.с. табысы аздар) беретін табысы аз болсада, ceнімді қағаздарға өз қаржыларын жұмсауға мүдделі. АҚШ-та оларды "көк түбірлі" ("голубые корешки") деп атайды.
Екінші топ, инвестициялық институттар немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар: коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру коғамдары, зейнетақы қорлары және т.с.с. ұйымдар.
Үшінші топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары. Статистика деректері дәлелденгендей олардың ¾ бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек ¼ бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Әлемде кейбір шағын кәсіпорындар табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді, мысалы, электронды-есептегіш техникалар, ракеталар, жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын өндірістер. Сондай-ақ кейбір шағын кәсіпорындары экспорт операцияларымен де табысты шұғылдануы (мысалы, жүннен тоқылған және теріден тігілген киімдер, галантерея заттарын шығарушылар). Сондықтан халықты бірсыпыра тобы тәуекелге бел буып, жоғары дивиденд үміттеніп, осы кәсіпорындардың акциясын сатып алуда.
Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары бағалы қағаздарды жүргізуге жеңілдік береді. Дилерлер қолында капиталы болғасын көптеген операциялар жүргізеді. Дағды бойынша, брокерлер мен дилерлер сатып алған қағаздарды өзінде көп ұстамайды. Олар нарық конъюнктурасы қолайлы болғанын сезсе, бағалы қағаздарды сатып жібереді. Себебі олардың ic-әрекеті – алыпсатушылық.
Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы қағаздар жөніндегі тіркеуден мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет.
Бағалы қағазлар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты-бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар бойынша Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия, Қаржы министрлігі, ұлттық банк Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекетік комитеті саналады. Осы бағалы қағаздар нарығының реттейтін мемлекетік органдардың ең негізгісі - Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы 21-дегі Республика Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.
Еліміздегі нарықтық бағалы қағаздардың рөлі күннен күнге артып, ең бастысы мемлекеттік қарыздағы бағалы қағазға айналып келеді. Олардың жүзеге асыруының жүйелілігі жөнінде бірнеше себептер түсіндірілуде:
Біріншіден, құнды қағаздармен қамтамасыз ету елдің, үкіметтің мүліктерін, сондай-ақ болашақтағы бюджеттік түсімдерді неғұрлым қаражатпен қамтамасыз етеді.
Екіншіден, сауданың уақытты механизміне байланысты екінші реттегі олардың жоғары айналымдылығын арттырады.
Үшіншіден, нарықтың өтпелі кезеңінде дейін үкімет ішкі займдар шығару тәжірибесін меңгерссе де, қазіргі құнды қағаздардың орны бөлек.
Төртіншіден, Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы байланыс құнды қағаздарды ұйым шығару мен оларды енгізу жөніндегі жекеленген даярлықты талап етпейді.
Бесіншіден, бұл сектордың құнды қағаз нарығындағы кәсіпқой қадрлардың даярлығы деңгейінің жоғарлылығында.
Бақылау сұрақтары:
1. ҚР Ұлттық банкінің функцияларын атаңыз?
2. ҚР қаржылық нарыңының қандай лицензиялық қызметтері бар?
3. Бағалы қағаздар нарығына анықтама беріңіз?
4. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымын сипаттаңыз?
5. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментінің функциялары қандай?
6. Бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды неше топқа бөледі?
7. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағын қандай?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзінің ақша-депозиттерін таратылу деңгейі бойынша қалай жіктейді?
А) аударылмалы, аударылмайтын
В) аударылмайтын, мерзімді
С) табысталатын, табысталмайтын
D) атаулы, ұсынбалы
Е) бір жолғы, сериялы
2. Әлемдік экономистердің көпшілігі қаржы нарығының құрылымына қандай нарықтарды жатқызады?
А) сақтандыру, зейнетақы, ипотека
В) сақтандыру, зейнетақы, несие
С) несие, зейнетақы, ипотека
D) сақтандыру, зейнетақы, депозит
Е) депозит, несие, сақтандыру
3. Қайсысы қаржы нарығына жатпайды?
А) еңбек нарығы
В) қор нарығы
С) ақша нарығы
Д) қапитал нарығы
Е) валюта нарығы
4. Елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті?
А) мемлекет иелігінен алу
В) меншікті мемлекет иелігінен алу
С) жекешелендіру
D) экономиканы мемлекет иелігінен алу
Е) жекешелендіру қоры
5. Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Оларды ата?
А) халықаралық және ұлттық
В) жалпы нарықтық және өзіндік
С) ұлттық және аймақтық
D) мемлекеттік және корпоративтік
Е) алғашқы және туынды
6. Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына жатпайды?
А) эмитент
В) инвестор
С) делдал
D) маклер
Е) трассант
7. Банктердің қаржы нарығының субъектісі ретінде қанша негізгі белгісі бар?
А) 3
В) 4
С )5
D) 2
E) 6
8. ҚР Ұлттық банкінің сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы мен капиталын көбейтуге бағытталған саясаты ... алып келді.
А) сақтандыру компанияларының көбеюіне
В) сақтандыру компанияларының азаюына
С) ұйымдардың біріктірілуіне
D) қажетті сападағы білікті мамандардың көп болуына
Е) шетелдік сақтандыру ұйымдармен байланысқа
9. Бағалы қағаздарды ресми тізімге қосу туралы өтінішке толық ақпараттардың болмауы кезінде не жүргізіледі?
A) делизинг
B)лизинг
C) делистинг
D) листинг
E) дефакторинг
10. Қаржы нарығы өзінің мақсаттары мен тәсілдері бойынша қалай бөлінеді?
A) мемлекеттік, қоғамдық
B) сыртқы, ішкі
C) тікелей, жанама
D) жанама, экономикалық
E) тікелей, әкімшілдік
Тақырып 13. Өзін-өзі реттейтін ұйымдар
Мақсаты: Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың түрлері мен олардың принциптерін қарастыру. Коммерциялық банктердің, мемлекеттік емес зейнетақы қорларының, брокерлік-дилерлік ассоциациялары маңыздылығын айқындау.
Жоспар:
1. Өзін - өзі реттейтін ұйымдардың (ӨРҰ) қаржылық нарықтағы рөлі
2. Коммерциялық банктердің, мемлекеттік емес зейнетақы қорларының, брокерлік-дилерлік ассоциациялары
13.1 Өзін - өзі реттейтін ұйымдардың (ӨРҰ) қаржылық нарықтағы рөлі
Өзін-өзі реттейтін ұйым - бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары олардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметінде бірыңғай ережелер мен стандарттар белгілеу мақсатында ассоциация түрінде құрылған заңды тұлға.
Әлемде каржы нарығында өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бірнеше түрі бар. Олар:
• Халықаралық ұйымдар мысалы, халықаралық қор биржаларының ұйымы.
• Ұлттық ұйымдар. Әдетте әрбір мемлекетте қаржы нарығының кәсіби мамандарының мүддесін қорғайтын өзін-өзі реттеуші ұйымдар қалыптасады. (Мысалы, Ресейде 2000 жылы пайда болған осындай екі ұйым бар: Қор нарығына қатысушылардың Ұлттық ассоциациясы және Трансферагенттер мен депозитарийлерді кәсіби тіркеуші Ассоциация).
• Аймақтық ұйымдар. Олар аймақтық тұйықталған нарық болғанда ғана ұйымдасуы мүмкін.
Сондай-ақ өзін-өзі реттеуші ұйымдар өздерінің мүддесін қорғау мақсатында өз эмитенттерінің, институционалдық және жеке инвесторлардың ұйымдарын құрады. Бұндай ұйымдар бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету үшін өзінің ережелері мен стандарттарын дайындайды.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде өзін-өзі реттеуші ұйымдардың қызметін кадағалаумен және олардың құрылуын бақылаумен Қаржы нарығы мен қаржылык ұйымдарды реттеу жэне кадағалау Агенттігі шұғылданады.
Қазақстанда ен алғашқы заңжүзінде қүрылған өзін-өзі реттеуші ұйым — Қазақстан қор биржасы. Ол бағалы кағаздар нарығын бақылаумен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалайды. Келесі өзін-өзі реттеуші ұйым - 1999 жылы 13 қарашада Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссияның директорлар кеңесінің қаулысымен құрылған — Активтерді басқарушылар Ассоциациясы. Оның атқаратын міндеттері:
• зейнетақы активтерін басқару компаниясының тиімді қызмет етуі үшін жағдай жасау;
• жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету нарығында еркін бэсекелестікті дамыту;
• кәсіпкерлік әдептілікті сақтау және қызмет көрсету стандарттарын дайындау;
• ассоциация мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау іс-шараларын қамтамасыз ету.
Ассоциацияның ұйымдық-басқару құрылымы мыналар:
• мүшелерінің жылдық жиналысы;
• директорлар кеңесі;
• басқарма;
• тексеру комиссиясы;
• тұрақты қызмет көрсететін (заңнамалар бойынша, қызмет істеушілер бойынша, есептеу және есеп беру бойынша) комитеттер.
Ассоциация өз мүшелерінің тізімін жүргізеді. Тізімде әрбір ассоциация мүшесінің фирмалық атауы жөнінде ақпарат және мекен-жайы, оның ассоциациядағы өкілі туралы және қызмет істеушілердің мамандығы туралы мағлұматтар, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың лицензиясының мэліметтері көрсетіледі.
Ассоциация мүшелері әрбір тоқсан сайын атқарған қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, содан соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей өзін-өзі реттеуші ұйымға мына мәліметтерді беруі тиіс:
• өз активтері мен зейнетақы активтерінің жағдайы туралы;
• таза зейнетақы активтері мен ондағы өзгерістер туралы;
• бухгалтерлік баланс және қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есеп.
Ассоциация мүшелері қаржылық жыл өткен соң өзін-өзі реттеуші ұйымға жылдық қаржылық есеппен қоса, өткен жылдық қаржылық есепті тексергені туралы аудиторлық қорытындыны беруі тиіс.
Өзін-өзі реттеуші ұйым ретінде 1998 жылдың екінші тоқсанында тіркеушілер Қазақстан реестрұстаушыларының Ассоциациясын құрды.
Бұл ассоциацияның міндеттері:
• реестрұстаушылардың мүддесін білдіру және қызметін біріктіру;
• ассоциация мүшелерінің жалпы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету;
• Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытуда мемлекеттік органдарға көмектесу;
• реестр ұстаушылар қызметінің стандарттарын дайындау. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде Қазақстан бағалы қағаздар нарығын бақылаумен және реттеумен шұғылданатын өзін-өзі реттеуші ұйым түрінде құрылған — Қазақстан қор биржасы, Активтерді басқарушылар Ассоциациясы және Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы нарыққа катысушыларға қызмет көрсетуде. Алайда, олардың заңнамалық негізі толық қарастырылғанымен, отандық нарықтың тарихи қалыптасқан дәстүрі жоқ жағдайында және бағалы қағаздар нарығының алғашқы пайда болу және қалыптасу кезінде нарықтық инфрақұрылым жан-жақты.кең ауқымды жұмыс атқаруда деуге ертерек.
13.2 Коммерциялық банктердің, мемлекеттік емес зейнетақы қорларының, брокерлік-дилерлік ассоциациялары
Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Активтерді басқару қауымдастығымен бекітілген негізгі басқару органдарынан басқа, ең маңызды деген міндеттерді шешу мақстатында заң бойынша, қызметкерлері бойынша, есеп және есеп беру бойынша үш тұрақты қызмет ететін комитет құрылды. Қауымдастық өзінің мүшелерінің тізімін жүргізеді. Онда әр мүшенің мекен жайы және фирманың аты, қауымдастықтың өкілеттілігі туралы мәліметтер, қызметкерлердің біліктілігі, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары лицензияның реквизиттері туралы ақпараттар болады.
Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған үй-жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Биржада орны бар және қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде он мүшесі болуы тиіс.
Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар рыногіндегі қызметінде мемлекеттік органдарға тәуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуі айырықша болып келеді және кез келген қызмет түрлерін жүзеге асырумен сыйыспайды, оның тауар биржаларының функцияларын орындауға құқығы жоқ. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тәртіппен лицензияны уәкілетті орган береді.
Қор биржасысының кірістері негізінен биржалық саудаға қатысушылар төлейтін жарналар мен алымдардан, биржаның акцияларын сатудан түскен қаражаттан, оның ақпараттық, консультациялық және өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің функцияларын жүзеге асыруымен, оның қызметінің кеңеюімен және жетілдіруімен байланысты шығыстарын жабуға бағытталады.
Бағалы қағаздарға баға кесу және биржадан тыс рынокте бағалы қағаздармен сауда жасауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті құрылтайшысы өзін-өзі реттейтін ұйым болып табылатын бағалы қағаздар рыногінің кәсіби қатысушыларының қауымдастығы емес ұйым жүзеге асырады.
“Бағалы қағаздар рыногінің инфрақұрылымы” ұғымы қолданылады, ол осы рынокті құқықтық қамтамасыз етеді (заңнама, мемлекеттік органдардың нормативтік актілері және т.т.), ақпаратты, депозитарлық және есептік-крилингтік желіні, тіркеуші органдарды қамтиды.
Жоғары ұйымдастырылған қаржы рыногінің дамыуына бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылырының-ассоциациялар мен бірлестіктердің ұйымдары мүмкіндік туғызады. Қаржы рыногінің жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногінің субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылар және олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы орган Ұлттық банктің құрамындағы бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып табылады. Ол элименттер қызметіне талаптар мен стандарттарды белгілейді, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешімдерін тіркейді, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен міндеттемелерді эмитенттердің сақтауына бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін лицензиялайды, бұл рыноктегі әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістік құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногіне тигізетін жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде.
Республиканың бағалы қағаздар рыногінде жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру және жаңаларын құру үшін қажетті алғышарттар жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар ғана Үкіметтің қаржы рыногінің өтімділігінің төмендегі проблемасын толық шешуіне мүмкіндік береді.
Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар бағалы рыногінің өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногінің субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.
Қауымдастық мүшелеріне бағалы қағаздарға байланысты мәміленің құнына айла-шарғы жасауға, сондай-ақ қауымдастық мүше-клиенттерінің көзқарасын бұрмалау мақсатында өзара сөз байласу және т.б. мүмкін шараларды жүргізуге және бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс жағдайы жөнінде бағалы қағаздар нарығының басқа қатысушыларына айла-шарғы жасауға тыйым салынады. Сонымен қатар қауымдастық мүшелері тоқсан сайын барлық ақпарат құралдарына жариялану мерзімі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ӨӨРҰ-ға мыналарды беруі қажет:
жеке және зейнетақы активтерінің жағдайы туралы мәліметтер;
бухгалтерлік баланс, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтитжелері туралы есеп берулер;
ақша қаражатының қозғалысы туралы;
таза зейнетақы активтері және ондағы өзгерістер туралы.
Қаржылық жыл аяқталғанда қауымдастық мүшелері қаржылық есеп беруді тексергендігі туралы аудиторлық қорытынды мен жылдық қаржылық есеп беруді тапсырады.
ҚТҰҚ атқарушы органының қызметтері жалпы жиналыспен 1 жыл мерзімге сайланатын қауымдастық президентіне жүктелген.
ҚТҰҚ-ның ӨӨРҰ мәртебесін алуы, көбіне 1998-1999 ж.ж. жүргізілген осы қауымдастықтың әлеуетті ӨӨРҰ ретінде қолдау бойынша саясаттың нәтижесінде жүзеге асты, оған олардың нақты қосылуына кедергі болған тіркеушілер арасындағы қарама-қайшылықтарды жою негіз болды. Мысалы, бағалы қағаз ұстаушылар тізілімін жүргізу технологиясының барлық тіркеушілері Ұлттық комиссияның 1999 жылдың 1 сәвуірінен бастап бағалы қағаз ұстаушылардың барлық тізіліміндегі бағалы қағазды жалғыз ұстаушыға ғана бірыңғай жеке шот ашуға көшті. Бұрында тіркеушілер әр түрлі екі әдістемені қолданған, біріншісі бір ұстаушы үшін бірыңғай жеке шот ашуды, ал екіншісі тізілімнің әрбіреуінде бағалы қағаз ұстаушылары үшін бөлек жеке шот ашуды қарастырған. Екі түрлі тіркеушілер топтарының әрқайсысы бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізудің бірыңғай технологиясы өздерінің әдістемесіне негізделуін талап етті. Сол кезде қызмет еткен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссяисы арбитр ретінде осы қарама-қайшылықтарды жойды.
Жоғарыда айтылғандай, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңғы сәйкес үшінші ӨӨРҮ - KASE қор биржасы болып табылады. Өзінің экономикалық және құқықтық мәртебесі бойынша өзін-өзі өтеу қағидасына негізделген, акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен құрылатын коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым.
Бақылау сұрақтары:
1. Өзін-өзі реттейтін ұйым ұғымына түсінік беріңіз?
2. Әлемде каржы нарығында өзін-өзі реттейтін ұйымдарды атаңыз?
3. Қазақстанда қандай өзін-өзі реттеуші ұйым ең алғашқы болып заңжүзінде құрылған?
4. Биржа ұғымына түсінік беріңіз?
5. Қор биржасы ұғымына түсінік беріңіз?
6. Қор биржасының атқаратын қызметін атаңыз?
7. Қор биржасында кемінде неше мүше болуы тиіс?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Өзін – өзі реттеу дегеніміз не?
A) нарықтың барлық институттарының қызмет етуін қамтамасыз ететін заңды және нормативті актілердің орындалуына негізделеді;
B) қаржы нарығында қалыптасатын қатынастарды мемлекеттік билік пен өкілетті органдардың реттеуі;
C) қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне міндетті талаптарды бекітетін заңды және нормативті актілердің шығарылуы;
D) мемлекеттің қарамағындағы экономикалық тұтқалар арқылы жүргізіледі;
E) нарықтың кәсіби қатысушылар бірлестіктері тарапынан қаржы нарығын реттеуі.
2. Өкілеттіліктің ең жоғарғы шамадағы көлемі өзін -өзі реттейтін ұйымдарға беріледі, ал мемлекет негізгі қаржы нарығын бақылап отыруды сақтап қалған елдер?
A) Франция және Ұлыбритания;
B) Ұлыбритания және Қытай;
C) Ұлыбритания және Жапония;
D) Франция және Жапония;
E) Жоғарыда берілгендердің барлығы
3. Бүгінгі таңда Қазақстанда толыққанды өзін-өзі реттейтін қанша ұйым бар?
A) 2;
B) 5;
C) 8;
D) 3;
E) 1.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйым қандай комиссияны құрай алады?
A) ревизиялық;
B) қауымдастық кеңесі;
C) жалпы жиналыс;
D) арбитраждық;
E) ұйымдастырылған.
5. Қазақстанда өзін- өзі реттейтін ұйымның ережелерін кімдер бекітеді?
A) Қаржы нарығы;
B) ҚР Қаржы министрлігі;
C) ҚР Ұлттық банкі;
D) ҚР Президенті;
E) Жоғарыда аталғандардың барлығы.
6. Нарықтағы мүшелер арасында пайда болатын жанжалдарды қарастыратын бірінші орган-
A) ҚР Қаржы министрлігі;
B) ҚР Ұлттық банкі;
C) ҚР Парламенті;
D) Өзін- өзі реттейтін ұйым;
E) ҚР Кеден комитеті.
7. Қай жерде әлемдегі бірінші мамандандырылған қор биржасы пайда болды?
А) Парижде;
В) Берлинде;
С) Лондонда;
D) Жапонияда;
Е)Москвада.
8. Қор биржасы-
A) коммерциялық ұйым;
B) коммерциялық емес ұйым;
C) ҚР мемлекеттік органдарына тәуелді;
D) филиалдар мен өкілдіктерді аша алмайды;
E) лицензия негізінде әрекет етпейді
9. Экономиклық тұрғыда қор биржасы қандай функцияларды орындайды?
A) баға белгілеу, тәуекелді сақтандыру;
B) баға болжау, тәуекелді сақтандыру;
C) баға бөлу, тәуекелді сақтандыру;
D) бағаны реттеушілік, тәуекелді сақтандыру;
E) бағаны және тәуекелді сақтандыру.
10. Қазақстандағы жалғыз қор биржасы
A) KASE;
B) FEAS;
C) FJBV;
D) Қазақстан банкаралық қор биржасы;
E) Қазақстан қор биржасы.
Тақырып 14. Қазақстанның қаржы нарығы дамуының стратегиясы
Мақсаты: ҚР қаржы нарығының даму болашағының стратегиясын қарастыру.
Жоспар:
1. ҚР қаржылық нарық дамуының негізгі бағыттары
2. ҚР қаржы нарығы дамуының стратегиясы
Достарыңызбен бөлісу: |