14.1 ҚР қаржылық нарық дамуының негізгі бағыттары
Қаржы нарығының келесі дамуының негізгі бағыттары болып табылатындар:
нарыққа жаңа қаржы құралдарын енгізу, бұл қаржы нарығының қатысушыларының қаражаттарын тиімді тартуға мүмкіндік береді және ең алдымен елдің индустриалдық саясаты шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін шығарылатын құнды қағаздарды, сондай-ақ тәуекелдерді хеджирлеу үшін туынды қаржылық құралдарды қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді;
сәйкесінше қабылданған заңдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялау бойынша шаралардың жүзеге асырылуын жеделдету;
елдің индустриалдық саясатымен сәйкестігін қамтамасыз етудің және аймақтық даму есебімен Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму концепцияларының қабылдануын жеделдету;
қаржы нарығында бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және оған клиенттердің түрлі категориялары мен тұрғындардың барлық қатарларын тарту, соның ішінде банктік емес қаржылық институттардың , пошта-жинақтаушы жүйенің және қағаздар нарығындағы трансфер-агенттердің желілерінің дамуы арқылы қамтамасыз ету.
Экономиканың нақты секторын дамыту және бекітуде банктердің рөлін жоғарылату және олардың қызметінің интенсификациясының негізгі көрсеткіштері болып шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыруда Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерінің белсенді қатысуы табылады.
14.2 ҚР қаржы нарығы дамуының стратегиясы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша 5 стратегиялық бағыт бар. Олардың әрқайсысы қаржы нарығының әр секторын қамтиды.
1-стратегиялық бағыт. Институционалдық нағаю мен даму арқылы халықаралық стандарттарға сəйкес қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың тиімділігін арттыру
2-стратегиялық бағыт. Банк секторының қаржылық тұрақтылығын жəне бəсекелестік қабілеттілігін нығайту, реттеу мен қадағалау жүйесін жалпы əлемдік қадағалау стандарттарына жақындату
3-стратегиялық бағыт. Сақтандыру нарығының дамуы жəне ең озық халықаралық тəжірибенің негізінде сақтандыру қадағалауды жетілдіру
4-стратегиялық бағыт. Бағалы қағаздар нарығын дамыту
5-стратегиялық бағыт. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту
2011-2015 жылдарға арналған жоспарларда Агенттікті институционалды күшейту аясында Агенттіктің құрылымын жəне еңбектің соңғы нəтижесіне бағытталған қызметкерлерді уəждеу жүйесін əрі қарай жетілдіру көзделеді. Бұл ретте, Агенттіктің кадр саясатының негізгі бағыты қызметкерлерді қайта дайындау жəне біліктілігін арттыру жəне уəждеу арқылы қадағалау органының кадр құрамының кəсіби деңгейін көтеру болып қалады.
Бизнес үдерістерді оңтайландыру жəне Агенттіктің қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану деңгейін көтеру (бизнес-үдерістерді оңтайландыру) жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында 2015 жылға дейін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Агенттік əкімшілік тосқауылдарды төмендету бойынша жүргізілетін жұмыс аясында жеке жəне заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілген қызмет көрсетулер тізбесін жасады. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды түрде көрсету стандарттарды, регламенттерді əзірлеу жəне қызметін бағалау жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Стратегиялық жоспарлар көмегімен қаржы нарығының осал тұстары мен оларды жетілдіру жолдары ғана көрсетілмей қаржы секторының болашақтағы даму деңгейі де көрсетілген. Соған мысал ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларындағы қаржы нарығының функционалдық мүмкіндіктерін көрсетуге болады.
Агенттіктің қызметін жетілдіру тиімді қамтамасыз ету мақсатында мынадай ұйымдық құрылым бекітілді:
Еліміздің қаржы нарығының жетер белестері мен мүмкіндіктеріне келетін болсақ, Қазақстан сияқты елі де, жері бай, экономикасы тұрақты даму үстіндегі елге, әсіресе, қаржы нарығының болашағы жоқ деп айту қиын. Егер осындай мүмкіндік дұрыс пайдалана біліп, яғни қаржылық жоспарлауды дұрыс жүзеге асыра білсек экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарынан көрінуге зор мүмкіндік бар.
14.3 Банктер қызметтерін бекіту және оларды қаржылық нарығында белсендендіру
Дамыған қаржы нарығы - кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның да ұлттық экономикалық жүйесінің элементі. Сонымен бірге ол нарықтық механизмнің аса маңызды құрылымдық элементі болып табылады.
Экономикасы дамыған елдерде қаржы нарығы субьектілерінің алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған несие - қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды.
Маманданған қаржы-несие институттары (немесе оларды парабанктік мекеме деп атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет түрін көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп, Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және сондай операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар әртүрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы несие жинақтау мекемелері инвестициялық қорлар немесе компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және тағы басқа.
Кез келген мемлекеттің қаржы нарығының даму деңгейі, сол елдің нарықтық экономикада қаншалықты тұрақтап тұра алатыны көрсетеді. Елдің қаржы нарығы қаншалықты дамыған деңгейде болса, со ел соншалықты сенімділікпен нарықтық экономиканың соқпақтарына төтеп бере отырып, сол нарықта өмір сүре алады.
Қаржы нарығының жекелей секторларына келетін болсақ, депозит және несие нарықтарында банк клиенттеріне де, банктерге де тиімді шарттар жасауға және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында шағын несиелендіру жүйесін дамытудың, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздардың айналысын арттырып, сол арқылы ел экономикасын көтерудің, сақтандыру нарығында шетел тәжірибесін пайдаланып, елдің сақтандыру және зейнетақы жүйесін қанағаттанарлықтай деңгейге жеткізіп, қаржыландырудың бір көзі ретінде қалыптастырудың мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар, ҚҚА-нің статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, елемізідің қаржы нарығының келер 5 жылға болжам жасалынған.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін институционалды дамыту арқылы реттеу мен қадағалау жүйесін күшейту мақсаты бойынша, тұрақты кадрлар санын алдағы 5 жыл ішінде жыл сайын 20%-ға арттырып отыру, ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейін жыл сайын 6,5-9%-ға арттырып отыру, басқару қызметінде гендерлік теңдік деңгейін 5 жыл көлемінде 35%-ға дейін көтеру, дағдарыстық жағдайларды болдырмауға ықпалын тигізетін тəуекелдерді бағалау негізіндегі банктердің қаржылық тұрақтылығына толыққанды мониторингке негізделген қадағалау үдерісін жетілдіру мақсаты бойынша депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 35%-дан кем емес болуына, пайыздық ставка спрэді 11%-дан кем емес болуын, ЖІӨ-де сақтандыру сыйақыларының үлесінің жыл сайын арттыру (0,69-0,83), Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жинақталған сақтандыру сыйлықақылардың үлесі жыл сайын 8,6%-дан 10,6% аралығында арттырудың және тағы басқа да көптеген мүмкіндіктер жетерлік.
Егер ел экономикасы осындай нақты қадамдармен дами берер болса, қаржы нарығындағы жағдай жоспарланғандағыдай, тіпті одан да асып түсуі мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1. Қаржы нарығының негізгі даму бағыттарын атаңыз?
2. Қаржы нарығының даму стратегияларын атаңыз?
3. Дамыған қаржы нарығына анықтама беріңіз?
4. Мемлекеттің қаржы нарығының даму деңгейі нені көрсетеді?
5. Стратегиялық жоспар ұғымына анықтама беріңіз?
6. Стратегиялық жоспар бойынша неше стратегиялық бағыт бар?
7. Қазіргі еліміздегі қаржылық нарықтың жағдайы қандай?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Қаржылық нарықтың жағдайы мен дамуы, инфляция деңгейі мен валюталардың тұрақтылығы, халықтың төлем қабілеті жатады?
А) саяси факторға
В) тарихи жағдай факторына
С) экономикалық факторға
D) құқықтық факторға
Е) дұрыс жауабы жоқ
2. Қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді?
А) Реттеушілік
В) Ақпараттық
С) Коммерциялық
D) Бөлу
E) Баға белгілеу
3. Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банк салымшыларының мүддесін қорғауды көздейтін ҚР Ұлттық банк бағдарламасының қаулысына сәйкес Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру қоры (ЖТСКК) қашан жұмыс істей бастады?
А) 2000 жылдың 1 қаңтарынан
В) 2000 жылдың 1 наурызынан
С) 2000 жылдың 1 мамырынан
D) 2001 жылдың 1 қаңтарынан
Е) 2001 жылдың 1 наурызынан
4. Басқа банк тарапынан қосымша кепілдікке ие бола алатын аккредитив?
А) өтелген
В) өтелмеген
С) жаңартпалы
D) расталған
Е) расталмаған
5. Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін қазақстандық қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері.
А) ҚР мемлекеттік банкі
В) ҚР Ұлттық банкі
С) екінші деңгейлі банк
D) коммерциялық банк
Е) дұрыс жауабы жоқ
6. Қаржы компанияларының капиталының негізгі бөлігі-
A) лизингтік несиелер
B) ұсақ депозиттер
C) міндеттемелерді эмиссиялау
D) қарыз қаражаттары
E) факторингтік несиелер
7. Қаржылық ресурстарға мұқтаж үкіметтік органдар мен фирмалардың нарыққа қарыздық міндеттемелерінің және акцияларының жаңа шығарылымдарын шығарумен айналысатын фирмалар?
A) ипотекалық компаниялар
B) инвестициялық компаниялар
C) факторингтік компаниялар
D) лизингтік компаниялар
E) сақтандыру компаниялар
8. Қаржы нарығын реттеу әдістері?
A) тікелелей және әкімшілік
B) сыртқы және ішкі
C) жанама және мемлекеттік
D) сыртқы және мемлекеттік
E) Тікелей және қоғамдық
9. Қаржы нарығын реттеудің қағидасы?
A) бәсекелестікті қамтамасыз ету
B) қатысушыларды әділетсіз ұйымдардан қорғау
C) жаңа нарықтарды ұйымдастыру
D)қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққы әсер ету
E)ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету
10. ҚР Ұлттық банкі реттеу саласында мынаны жүзеге асырады?
A) ұйымдастырудың бюджеттік және бюджеттік емес қаражаттарды мақсатсыз пайдалануы жағдайында айыппұлдың салынуы
B) ҚР республикалық бюджетінің қаражаттарын пайдаланатын ұйымдардың шоттары бойынша операцияларды тоқтату
C) мемлекеттік пайларды, акционерлік қоғамдардың акция пакеттерін басқару
D) тұрақты ақша,несие және бпнк несиесімен қамтамасыз етуге үлес қосу
E) жоғарыда аталғандардың барлығы.
Глоссарий
Агенттiк облигация - қаржы агенттiгi шығаратын облигация;
Акцепт - вексель төлемiне берiлетiн жазбаша келiсiм.
Акциздер – акцизделетін тауарларға және қызметтің акцизделетін түріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтің жанама салықтардың түрі.
Акционер- акцияның меншік иесі болып табылатын адам;
Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз;
Ақша – сатып алу сатуда құн өлшемі болып табылатын және тауарларды айырбастау кезінде жалпыға ортақ балама рөлін атқаратын металл немесе қағаз белгілер, ерекше тауар.
Ақша нарығы – қысқа мерзімді өтімді қаржы құралдары рыногы.
Атаулы бағалы қағаз – ол куаландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын қағаз.
Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
Бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаздар бойынша сұранымның және (немесе) ұсынымның жарияланған бағасы;
Бағалы қағаздардың екінші реттік нарығы — қор нарығы, онда инвесторлардың эмитент андеррайтерінен (яғни бірінші реттік нарықта) сатып алынған бағалы қағаздары бағалы қағаздар нарығының өзге субъектілеріне қайта сатылады.
Бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
Брокер - бағалы қағаздар рыногының клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;
Валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бiрлiгі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегі қаражат.
Валюта нарықтары -шетел валютасы сатылатын және сатып алынатын нарықтар. Бұл нарықтар дереу жеткізілетін «споттық» болып және валюта алдын ала келісілген баға бойынша болашақтағы белгілі бір уақыт сәтінде жеткізілетін фьючерстік болып бөлінеді. Валюта нарықтары белгілі бір орында орналаспайды.
Вексель (bill)-бір жылға дейінгі мерзімі бар қысқа мерзімді бағалы қағаз. Қазынашылық вексельдерді үкімет шығарады; сауда-саттық вексельдерін фирмалар банктік несиеге қарағанда арзанырақ қысқа мерзімді қаржыландыру қаражатын алу үшін пайдаланады; аударымдық вексельдерді (bills of exchange) жекеменшік фирмалар сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру үшін жазып береді.
Вексель қағазы - белгiлi бiр қорғалу дәрежесi бар және оған вексель жасауға арналған елтаңбалы қағаздың бiр түрi.
Депозитарийлiк қызмет - басқа нақтылы ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды нақтылы ұстау қызметiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
Депозитарлық қолхат-депозитарлық қолхат - бағалы қағаздардың банкте сақтаулы жатқандығын дәлелдейтін банк тарапынан туынды бағалы қағаз иесіне берілетін құжат. Депозитарлық қолхатты сату кезінде сатушы тұлға сатып алушыға аталған қолхатты берген банкте сақтаулы жатқан бағалы қағаздарға деген меншік құқығын тапсырады.
Дивиденд – акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;
Дилер (dealer)-бағалы қағаздармен жасалатын сауда-саттық мәмілелеріндегі тұлға немесе фирма, олар бағалы қағаздарды агенттер емес, принципалдар ретінде, яғни өз атынан және өзінің есебінен сатып алады немесе сатады.
Жай вексель (соло) - вексель берушiнiң вексель ұстаушыға талап ету бойынша немесе алдағы белгiлi бiр уақытта төлейтiн вексельде көрсетiлген ақша сомасының ешнәрсеге негiзделмеген мiндеттемесi жазылған вексель.
Зейнетақы – Орталықтан, жинаушы зейнетқы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
Инвестициялар - лизинг шартын жасасқан кезден бастап лизинг заттарын қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүлiктiң (жеке тұтынуға арналған тауарларды қоспағанда) барлық түрi, сондай-ақ оларға құқықтар немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi көбейту;
Инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Коммерциялық вексель - сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттарының негiзiнде берiлген вексель.
Кредитор – Қазақстан республикасының бюджеттік және азаматтық заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беретін кредит шартының тарабы. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі кредитор болып табылады.
Қаржы – ақша қаражатын, қаржы ресурстарын олардың жасалуы мен қозғалысы, бөлінісі мен қайта бөлінісі тұрғысынан алып қарайтын, сондай-ақ шаруашылық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысуларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды білдіретін қортындылаушы экономикалық термин.
Қаржы векселi - ақша тарту мақсатында, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсету туралы мәмiлелер негiзiнде берiлген вексель.
Қаржы жүйесі – белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шенберінде өмір сүретін қаржы қатынастары мен қаржы мекемелерінің жүйесі.
Қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Мемлекеттік бағалы қағаздар – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар шығарған бағалы қағаздар немесе елдің мемлекеттік банкісінің бағалы қағаздары.
Нарық – экономикалық қатынастардың жиынтығы, яғни еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасаушы, сатушы және сатып алушы арасындағы қатынас еркіндігін білдіреді.
Облигация – шығару негізінде айналыс мерзімі алдын-ала белгіленген, оның шығару шартына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүліктік балама түріндегі нақты құның алу құқығын куәландыратын бағалы қығаз.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық жағдайы немесе өзге оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру қоры-бұл сақтандырушы қаражаттарын ақшаланған қоры.
Сақтандыру мерзімі –бұл сақтандыру объектісі сақтандырылған аралығындағы уақыт кезеңі.
Сақтандыру мүддесі- бұл мүдделі тұлғалардың сақтандыруда қатысу экономикалық қажеттілігі.
Сақтандыру объектісі – бұл сақтандыруға жататын материалдық құндылықтар, өмір, денсаулық, жауапкершілік.
Туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;
Туынды қаржы құралдары - құны базалық активтiң құнынан бөлек бағалануы мүмкін және мәмiлелердiң дербес объектісi бола алатын қаржы құралдары;
Ұйым - акцияларында инвестициялар жүзеге асырылатын акционерлік қоғам, сондай-ақ жарғылық капиталдарына Қор қатысатын, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған шетелдік заңды тұлғалар;
Фьючерс - белгiленген нысандағы стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз;
Шетелдiк банктер - Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар банктер мен өзге де қаржы институттары;
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлер мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналысқа түсетiн бағалы қағаздар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Анаурбеков, Шарипбаев А. А. Справочник по ценным бумагам в Республике Казахстан. – Алматы, 2005.-с.25
2. Бейсембетов И. К. Фондовый рынок Республики Казахстан. – Алматы, 2007.
3. Баймухамедова С., Танкибаева Д. «Фондовый рынок и реальный сектор экономики»// Рынок ценных бумаг Казахстана. 2010, №8.-с.5
4. Карагусов Ф. С. и др. Операции с ценными бумагами в Республике Казахстан. – Алматы, 2005. – 220 с.
5. Мусашов В. Т. Фондовый рынок. Инструменты и механизмы. – М., 2005.
6. У. М. Искаков., Д. Т. Бохаев., Э. А. Рузиева. Финансовые рынки и посредники: учебник.-Алматы: Экономика, 2005. – 298 с.
7. Абжанова А.К. Қаржылық нарықтар және делдалдар пәні бойынша терминологиялық сөздік, 2011.
8. Мамыров Н. К., Ихданов Ж. государственное регулирование экономики в условиях Казахстана (теория, опыт, проблемы): Уч. пос. – Алматы: Экономика, 2008.
9. Сейткасимов Г. С. Ценные бумаги и фондовый рынок. – Алматы, 2007.
10. Сейткасимов Г. С. Ильясов А. А. Формирование фондового рынка: Уч. пос. – Алматы, 2006.
11. Хе О. Страховой рынок проявляет интерес к нефтяным операциям и негосударственным пенсионным фондам // Панорама, 2003, №45.
12. «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ. 2007.
13. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж. 14. 14. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Оқулық – Алматы, 2003 ж.
15. Қабдиев Д.К. “Экономикалық саясат”, экономика, Алматы, 2002 ж.
16. Куликов Л.М. “Основа экономических знаний” М 2011.
17. А.Ж.Тұрлыбекова Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі // Вестник КазНУ Серия экономическая, 2008-№3-с.7
Достарыңызбен бөлісу: |