Лекция 5. ИСО –ның негіз қалаушы стандарттары
ИСО 9000 сериялы сапа стандарты ұжымдар мен мекемелерде шығарылатын өнімдер сапасын басқарудағы халықаралық тәжірибелер жинақталған нормативті құжат.
Дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде бұл стандарттар ұлттық деңгейде қабылданып, фирмалар мен өндірушілер арасында келісім-
шарттар жасаудың бұйым сапасын қамтамасыз етудегі негізгі моделі ретінде қабылданған.
Халықаралық деңгейде мұндай жүйенің ИСО стандартына сай келуі
бұйым өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы сапаға жасалған
контракт кепілі болуы шарт.
ИСО 9000 стандарт сериялары бес стандарттан тұрады, оның
ішінде: ИСО 9000:2000 стандарт сөздігіне бес өзекті термин кірген, олардың әрқайсысына төмендегідей анықтамалар және түсініктемелер берілген.
Сапа саласындағы саясат – бұл негізгі бағыт мекеменің сапа бағытындағы мақсаты, мәселелері; бұлар ресми түрде жоғары басшы-
лармен бекітіледі де, жалпы саясаттың құраушы элементі болады.
Сапаны жалпылама басқару – сапа бағытындағы басқарудың жал-
пы функциясының аспекті; мұнда сапа бағытындағы саясатты анықтау
және іске асыру болады.
Әрине, бұйым сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін
мекеменің барлық қызметкерлерін іске тарту қажет, бірақ түбінде жал-
пы жауапкершілік жоғары басшы үлесінде қалуы тиіс.
Сапаны жалпы басқаруға кіретін шаралар – оперативті жоспарлау,
ресурстарды бөлу және тағы да басқалай сапа бағытындағы жүйелік
жұмыстар – сапаны жоспарлау, жұмыс жүргізу және бағалау.
Ұйымдық құрылымдар жиынтығы, жауапкершілік, процедуралар,
үдерістер мен ресурстар жалпы сапа басқару жүйелеріне жатады.
Мұндағы сапа жүйелерінің масштабы, сапаны қамтамасыз ету
мәселесіне себеп болуы тиіс.
Сапаны басқаруға оперативті тәсілдер мен іс-қимылдар қолданып,
сапа талаптарын шешуге жол ашуы керек.
Сапаны қамтамасыз ету үшін жоспарланатын және жүйелі түрде
ылғи жүріп тұратын іс-шаралар, бұйым сапасын күдіксіз қамтамасыз
етуге әкеледі.
Әлбетте, сапа жүйелілігіндегі істеліп жатқан шаралар тұтынушы-
ның талабына сай болмаса, онда сапа мәселесі толық шешілмеген болады.
Сапаны қамтамасыз етудің тиімділігі, өндіріс үдерісінде туатын
факторларды ылғи тексеру, техникалық шарттардың жобаға сәйкестігін
анықтау, техникалық бақылау жүргізу сияқты қағидалардан тұрады.
Өндіріске сенім арту, сапа мәселесінің дәлелелі болады. Өндіріс
мекемесінің аумағында сапаны қамту басшылықтың жалпы аспабы
болады. Белгілі бір контрактылық шарт жасауда өндіріске сенім арту
өндірушінің беделін арттырады.
9000 сериялы ИСО стандарты сапа жүйесінің модельдерін меке-
меде іштей қолдануға нұсқаулар ретінде, ал сапаны жалпы басқару
мәселелерінің (ИСО 9004), сапа қамтамасыз етудің сырт мекемелермен
қатысуында (ИСО 9001, ИСО 9002, ИСО 9003) пайдаланылады.
Айта кететін бір жайт, ИСО 9000 стандарттары мекемелерде
қолданылатын сапа жүйелері стандарттауға арналмаған, сондықтан
әрбір өндіруші өздерінің бейімді сапалы бұйымдарын шығара беруге
құқылы.
9000 сериялы сапа жүйесінің ИСО стандарттарын екі жағдайда
қолданады: контракт жасарда және оның сыртында (5.1-суретте).
5.1-сурет. Сапа жүйесіне ИСО 9000 стандарт сериялары
9001 сериялы ИСО стандарты сапа моделі жүйесін қамтамасыз етуде жобалауда, құруда, өндіруде, монтаждауда және қызмет көрсетуде, яғни өнімнің толықтай өмірлік кезеңдерінде қолданылады.
9002 сериялы ИСО стандарты сапаның модельдік жүйесін өндіруде және монтаждауда қолданылады.
ИСО 9004 стандартында сапаны басқарудың жалпы нұсқауы және
сапа жүйесінің элементтері келтірілген.
Сонымен, көрсетілген ИСО стандартының сериялары төменгі жағдайларға икемделген екі түрінен тұрады:
ИСО 9001, ИСО 9002 контракттық жағдайда сырттық сапаны
қамту мақсатында;
– ИСО 9004 – сапаны жалпы басқаруда барлық мекемелер үшін
ыңғайлы стандарт.
ИСО 9004-басқарушы құжат ретінде, бұйым сапасының барлық сатыларында, әсіресе техникалық, әкімшілік және адами факторлардың сапа жүйесіне тигізетін үлестерінде, өндіруден бастап тұтынуға дейінгі мезеттері қолданылады.
Бұл стандартта, тұтынушының талабы орындалуы, функционалды жауапкершіліктің орнау және пайда мен шығынның бағалануы өте мұқият қадағаланған. Осы келтірілген барлық аспектілерді сапа жүйесін құруда тиімді пайдаланған жөн.
Осы екі жағдайда да өндіруші ұйым сапа жүйесін сауатты ендіріп, оның деңгейін бірқалыпты ұстап тұруы қажет.
Стандарттаудың әлемдік ауқымда дамуын айқындайтын негізгі факторлар болып табылатындар:
- нарықтың жаһандануы;
- өнеркәсіптік техникалық интеграцияның күшеюі;
- техникалық прогрестің жылдамдауы;
- әлемдік сауда көлемдерінің өсуі;
- бәсекелестіктің өсуі;
- өнімнің жаңалану циклының қысқаруы;
- қызмет саласында жалпы ұлттық өнімнің өсуі;
- қоршаған ортаны қорғаумен байланысты аспектілердің көбеюі;
- өнімді қолданудан зиян шегу тәуекелінің төмендеуі.
Сонымен қатар, стандарттауды дамытудың басты стартегиялық бағыттарына келесілер жатқызылды:
- экономиканың әр түрлі салаларында стандарттардың қажеттілігіне талдау жасау;
- басым бағыттарды анықтау;
- тұтынушыларды тиімдірек қанағаттандыру;
- жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланыстарды кеңейту;
- қызмет саласындағы стандарттаудың дамуы;
- ақпараттық технологияларды қолданудың кеңеюі.
Достарыңызбен бөлісу: |