Қаржылық нарықтар және делдалдар оқу



жүктеу 1,95 Mb.
бет1/8
Дата09.02.2018
өлшемі1,95 Mb.
#9130
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті

Қаржы және Банк ісі кафедрасы

Абжанова А.К.



Қаржылық нарықтар және делдалдар

оқу-әдістемелік құрал

Қостанай, 2012

УДК 336 (075.8)


ББК 65.262я73

А14
Автор:

Абжанова А.К. – Қаржы және банк ісі кафедрасының аға оқытушысы
Пікір берушілер:

Абаева Гульдер Ивановна, экономика ғылымының кандидаты, қаржы және банк ісі кафедрасының аға оқытушысы

Байкадамов Нуркен Турарович, экономика ғылымының кандидаты, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, экономика және басқару кафедрасының доценті

Сейтова Гулнар Тохтаровна, экономика ғылымының кандидаты, қаржы және банк ісі кафедрасының доценті

Абжанова А.К.

А14 Қаржылық нарықтар және делдалдар, оқу -әдістемелік құрал. - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ,2012 .- 116 б.

ISBN 978-601-7322-91-5

«Қаржылық нарықтар және делдалдар» пәні жұмыс оқу бағдарламасы және типтік бағдарлама тақырыптарына сәйкес құрастырылған, бакалавр дайындау бойынша жоғары оқу орнының талабына сәйкес келеді. Экономикалық факультеттің 5В050600,5В051000 – Экономика,Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының студенттері үшін «Қаржылық нарықтар және делдалдар» пәні бойынша әдістемелік көмек көрсету және дәріс өткізу үшін арналған.
УДК 336 (075.8)

ББК65.262я73


А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.


Хаттама № «____ » _________201__ ж

©А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ,2012



Мазмұны





Кіріспе

5

1.

Қаржылық нарықтың инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері.....

6

1.1

Қаржылық нарықтың түсінігі, делдалдар және қатысушылар......................

6

1.2

Қаржылық нарықтар және оның құрылымдары............................................

7

1.3

Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері...................................

9




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

11

2.

Капиталдар нарығы...........................................................................................

13

2.1

Капитал нарығының түсінігі...........................................................................

13

2.2

Акциялар және олардың түрлері......................................................................

14

2.3

Облигациялар және олардың ерекшеліктері..................................................

16




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар............

17

3.

Ақша нарығы.....................................................................................................

18

3.1

Ақшалай нарығының түсінігі..........................................................................

19

3.2

Банктік акцептер мен олардың ерекшеліктері...............................................

20

3.3

Коммерциялық вексельдер. Қарапайым және аудармалы вексельдар.......

21

3.4

Депозиттік сертификаттардың түрлері...........................................................

22




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар............

25

4.

Валюталық нарықтар........................................................................................

27

4.1

Валюталық нарықтардың дамуы.....................................................................

27

4.2

Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары........................................

30

4.3

Валюталық операцияларды банктік бақылау.................................................

32




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар............

35

5.

Туынды бағалы қағаздар нарығы....................................................................

37

5.1

Туынды бағалы қағаздар түсінігі....................................................................

37

5.2

Варранттар мен опциондар..............................................................................

38

5.3

Құқықтар мен фьючерлік келісім шарттар.....................................................

40




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар............

42

6.

Әлемдік қаржылық нарық................................................................................

44

6.1

Қазіргі әлемдік қаржылық нарық қалыптасуының тарихи алғышарттары..

44

6.2

Трансұлттық корпорациялар мен банктер......................................................

48

6.3

Жаһандық және Американдық депозитарлық қолхаттар.............................

49




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар............

50

7.

Қаржылық нарықтардағы коммерциялық банктердің қызметі................. ....

52

7.1

Инвестициялық банктер қызметінің түрлері мен сипаты..............................

52

7.2

Несиелендіру қағидалары..................................................................................

54

7.3

Коммерциялық банктердің брокерлік-дилерлік қызметі..............................

58




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар............

60

8.

Зейнетақы қорлары...........................................................................................

62

8.1

Мемлекеттік зейнетақы жинақ қоры..............................................................

62

8.2

ҚР зейнетақы жүйесі. Зейнетақы қорларының активті және пассивті операциялары.....................................................................................................

65

8.3

Зейнетақы жинақтарының сақтығын кепілдеудің мемлекеттік жүйесі.......

67




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар............

69

9.

Сақтандыру компаниялары ..............................................................................

71

9.1

Сақтандырудың мәні, түрлері және оның негізгі мақсаттары......................

72

9.2

Сақтандыру ісінің дамуы.................................................................................

73

9.3

Сақтандыру компаниялары..............................................................................

75




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар...........

78

10.

Инвестициялық компаниялар мен қорлар......................................................

80

10.1

Инвестициялық қорлар мен компаниялардың қалыптасуы мен қызметі.....

80

10.2

Капиталды орналастыру және бағалы қағаздар қоржынын басқару............

82




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар............

84

11.

Қаржылық нарықтағы брокерлі-дилерлік қызметі.........................................

86

11.1

Брокер мен дилер ұғымы.................................................................................

86

11.2

Брокерлі-дилерлік қызметтер..........................................................................

87

11.3

Қор нарығындағы кәсіби қызметтері..............................................................

90




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

92

12.

ҚР Ұлттық банкі, қаржылық нарықты реттеуші орган ретінде....................

94

12.1

ҚР Ұлттық банкі, оның функциялары, міндеттері мен құзыреті. ҚР қаржылық нарығындағы лицензиялық қызметі..............................................

94


12.2

Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаментінің функциялары................

96




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

99

13.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдар..............................................................................

101

13.1

Өзін - өзі реттейтін ұйымдардың (ӨРҰ) қаржылық нарықтағы рөлі...........

101

13.2

Коммерциялық банктердің, мемлекеттік емес зейнетақы қорларының, брокерлік-дилерлік ассоциациялары...............................................................

103




Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

105

14.

Қазақстанның қаржы нарығы дамуының стратегиясы..................................

107

14.1

ҚР қаржылық нарығының дамуының негізгі бағыттары...............................

107

14.2

ҚР қаржы нарығы дамуының стратегиясы.....................................................

108

14.3

Банктер қызметтерін бекіту және оларды қаржылық нарығында белсендендіру....................................................................................................

109





Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар.............

110




Глоссарий............................................................................................................

113




Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

116


Кіріспе
Қаржы нарығы – дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асырып, кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының, мемлекетің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер алтын және т.б. нарықтармен) етене тығыз байланысты.

Қаржы нарығында сатып алу - сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысы мен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызда орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы дейді.

«Қаржылық нарықтар және делдалдар» пәні базалық пән болып табылады.

«Қаржылық нарықтар және делдалдар» пәнін Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша студенттері оқып үйренеді.

Оқу материалының мазмұнын студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалары кезінде ой-өрісінің дамуын қаржылық нарықтар үрдісінде студенттердің қажетті білімдерін қалыптастыру қарастырылады.

Тақырып 1. Қаржылық нарықтың инфрақұрылымы және оның негізгі элементтері
Мақсаты: Қаржы нарығының дамуы мен оның басты элементтерін айқындау.

Жоспар:

1. Қаржылық нарықтың түсінігі, делдалдар және қатысушылар

2. Қаржылық нарықтар және оның құрылымдары

3. Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері


1.1 Қаржылық нарықтың түсінігі, делдалдар және қатысушылар

Қаржы нарығы - қаржы қызметтерін көрсету және тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуы мен айналысына байланысты қарым-қатынастар жиынтығы.

ХХ ғасырдың 90 жылдарда қаржы нарығының әрбір сегментінің дамуы басқаларынан бөлек жүрді және өзіндік бағдарламалық құжаттарымен реттелді. Құнды қаржы нарығы, сақтандыру нарығы және банктік сектордың дамуының жекелеген бағдарламалары болды.

Экономикалық қалыптасу кезеңінде мұндай әрекет тиімді және сенімді болды, өйткені қаржы нарығы сегменттерінің даму деңгейі едәуір ерекшеленеді және олардың әртүрлі реттеу органдары болды.

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күні Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.



Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға кѳшуі елімізде оған қызмет кѳрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті.

Қаржы нарығы - бұл ең алдымен, дербес экономикалық ка­тегория ретінде бағалы кағаздарды сату мен қайта сату жѳніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бѳлуді және қайта бѳлуді камтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бѳлігі болып табылады, тауар және басқа нарықтармен: табиғи ресурстар, жұмыс күші, тұрғын үй және басқа жылжымайтын, жер, алтын, сақтық нарықтарымен етене байланысты.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ кредит нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бѳлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.

 Содан да бұлар, экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымынша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретін­де қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.



Ақша нарығы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем каражаттарының нарығы.

Кредит нарығы несиелер бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты: бұған коммерциялық кредит те жатады.

Акша мен кредит нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал нарығында коғамдық өндіріс катысушыларының орта және ұзақ мерзімді корланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
1.2 Қаржылық нарықтар және оның құрылымдары

Сурет 1. Қаржы нарығының құрылымы
Қаржы нарығында сатып алу – сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысы мен одақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздармен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. “Қор нарығы” термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.

Функциональдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандылығымен қол жетеді.

Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеуін істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:


  1. Реттелген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі.

  2. Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады.

  3. Несие нарығының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндеті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операция жүргізуде белгілеу арқылы реттелінеді.

Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оның қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс ітеуінің объективті алғы шарты болып табылады.

Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғы шарттарына мыналар жатады:

1. Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындардың, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі.

2. Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет ролінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомоствалық қайта бөлудің азаюы.

3. Шаруашылық жүргізуші субъектілермен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі.

4.Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату. Республикалық сондай – ақ жергілік бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығары арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етуімен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл - әміршіл экономикаға тән “сатылас” әдістің орнына “деңгейлес” қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

Экономикалық процесінде қаржы нарығының қалыптасып, жұмыс істеуін экономикаың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама–қайшылықтар мен қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды – олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды . Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвесторлар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, тауарларға, неғұрлым тартымда болып табылады.

Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салу екіталай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – несие операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

Қаржы нарығының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабельдігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.

Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды – экономикалық нақты секторы кәсіпорындардың акцияларымен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы нарығының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлеуметті тежейді.

Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелер түріндегі құрамды элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы ролі кезіндегі сенімді заңнамалық ету жағдайында жүргізуі тиіс.
1.3 Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері

Қазақстандық  қаржы нарығы банк жүйесін, ақша нарығын, валюта нарығын, депозиттер нарығын, несие нарығын және сақтандыру нарығын, зейнетақы нарығын, бағалы қағаздар нарығын қамтиды. Банк секторына қаржы нарығының  ақша, валюта, депозит және несие  нарықтарын жатқызылады. Себебі, бұл  нарықтарда жүзеге асырылатын операциялар  тікелей банктермен байланысты.

Ақша нарығы.

Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының  маңызы мен мәні алдыңғы қатарға  шығады. Қолданысқа енген уақытынан  бері әр түрлі формадағы ақшалар  операциялар нарығында жүзеге асқан  барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы  нарығының бастапқы субстанциясы болып  табылады.

Валюта  нарығы.

Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның атқаратын ролі жоғары.

      Валюта  нарығы қаржы нарығының түрлі  құрастырушыларының өзара әрекетін қамтамасыз етуде оның аса маңызды  бөлігі болып табылады. Бұл механизмнің  көмегімен валютаны тұтынушылар  мен сатушылардың арасындағы құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас  орнап, мынадай негіздегі мәмілелерді  орындауға мүмкіндік туады:


  • бөлшек сауда мәмілелері, онда банк клинтпен сату – сатып алу барысында өзара әрекет етеді;

  • банкаралық көтерме сауда мәмілелері, онда екі банк валюталық брокердің көмегімен бір-бірімен өзара әрекет етеді, нәтижесінде банкаралық нарық құрылады.

Депозит нарығы.

Халықтың табысы екі негізгі  бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалар депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді. Қазіргі кезде коммерциялық банктер  әр түрлі депозиттің түрін ұсынады.                                              

Қазақстанның банктік тәжірибесінде   олардың мынадай түрлері бар:


  1. Талап етілгенге дейінгі депозиттер немесе чек депозиттері – салымшыға міндетті өтеуге жататын чекті жазып беруіне құқық береді.

      Талап етілгенге дейінгі депозитке  мыналар жатады:

  • Банк шотындағы заңды тұлғаның қаражаты, оның ішінде республикалық және жергілікті мәні бар мемлекеттік бюджеттің қаражаты;

  • Есеп айырысудағы қаражат;

  • Басқа банктердің корреспонденттік шотындағы банк қаражаты.

  1. Жинақ салымы. Олар халықпен болатын операцияларда таралған және өтеулі аса көп емес салымға арналған. Оның талап етілгенге дейінгі салымнан айырмашылығы – тек төлемдерінде, ақшаны алу тәсілдерінде, пайыздарды кезеңдік есептеуде.

 Несие нарығы.

Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру арқылы заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі мақсаттарға арналған несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.


жүктеу 1,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау