Бақылау сұрақтары:
1. Банктік инвестициялауды қалай түсінуге болады?
2. Несиенің негізгі түрлері қандай құрылымын атаңыз?
3. Дилер мен брокердің арасында айырмашылық бар ма?
4. Функциональдық тұрғыдан қаржы нарығы нені білдіреді?
5. Коммерциялық банктердің брокерлік қызметін атаңыз?
6. Банктік несие дегеніміз не?
7. Инвестициялық банктер қызметінің түрлерін атаңыз?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Инвестициялық компаниялар қандай қызметтер көрсетеді?
A) брокерлік, маклерлік
B) брокерлік, лизингтік
C) брокерлік, дилерлік
D) дилерлік, маклерлік
E) лизингтік, дилерлік
2. Брокердің кеңес беру бағыттарына төмендегілердің қайсысы жатады?
A) табыс табудың әдістері бойынша дәріс оқу
B) маркетингтік жоспар құру жолдарын түсіндіру
C) акционер реестерін ұстаушының таңдауын дәлелдеу
D) лицензия алу жолдарын бағалы қағаз шығарушыларға түсіндіру
E)облигациялық бағдарлама жасау
3. Қаржылық нарықта елеулі орынды белгілі бір шаруашылық субъектілерін қаржыландыру мен оларға қызмет көрсету мақсатында құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлғаны білдіретін кімдер алады?
A) инвестициялық компаниялар
B) ипотекалық компаниялар
C) несиелік серіктестіктер
D) лизингтік компаниялар
E) көптиптік компаниялар
4. Қаржы нарығында қалыптасатын қатынастарды мемлекеттік билік пен өкілетті органдардың реттеуі?
A) сыртқы реттеу
B) ішкі реттеу
C) мемлекеттік реттеу
D) қоғамдық реттеу
E) әкімшілік реттеу
5. Қаржы нарығын реттеудің мақсаты?
A) бәсекелестікті қамтамасыз ету
B) барлық ақпататтарды ең жоғарғы шамада ашу
C) заңды және нормативті актілерді жасағанда өкілетті бөлу
D) жаңа нарықтарды ұйымдастыру, олардың құрылымын, бастауларын қолдау
E) аталғандардың барлығы
6. Брокер неше бағыт бойынша кеңес береді?
A) 1
B)2
C)3
D)4
E)5
7. Мәміле жасаған кезде клиент тапсырмасы бойынша соның есебінен белгілі төлем ала отырып қызмет ететін делдалдар?
А) инвестор
В) эмитент
С) диллер
D) брокер
Е) маклер
8. Несие беруші мен қарыз алушы арасындағы киындықтарды жою үшін кімдер пайда болды?
А) инвесторлар
В) ремитенттер
С) делдалдар
D) эмитенттер
E) брокерлер
9. Банк несиесі қызметінің ең маңызды және келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады?
A) қолма-қол ақша
B) төлем карточкалары
C) чек беру
D) вексельдік операция
E) дұрыс жауабы жоқ
10. Коммерциялық банктер, жинақ институттары, несиелік одақтар қандай топтың негізгі институттарына жатады?
А) инвестициялық қорлар
В) жинақ мекемелері
С) үкіметагенттіктері
D) депозит типіндегі қаржы мекемелері
E) дұрыс жауабы жоқ
Тақырып 8. Зейнетақы қорлары
Мақсаты: ҚР зейнетақы жүйесінің мағынасын ашып, зейнетақы қорлары мен мемлекеттік зейнетақы жинақ қорымен танысу.
Жоспар:
1. Мемлекеттік зейнетақы жинақ қоры
2. ҚР зейнетақы жүйесі. Зейнетақы қорларының активті және пассивті операциялары
3. Зейнетақы жинақтарының сақтығын кепілдеудің мемлекеттік жүйесі
8.1 Мемлекеттік зейнетақы жинақ қоры
Қазақстанның жүргізген зейнетақы жүйесінің қалыптасу белестері алдын-ала қорытынды шығару, болашағын және қазақстандық үлгіні бұдан әрі дамытудың мүмкіндікті жолдарын анықтау үшін құқық пен негіздеме береді. Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда даулы мәселелер мен талқылаулардың тақырыбына айналды. Осы құбылыстың себебінен демографиялық, экономикалық және әлеуметтік сипат факторлар кешені орын алды.
Осылардың бірқатары орта өмір сүру ұлғаюының фонында туылудың қысқару нәтижесіндегі халықтың қартаю үрдісінің жылдамдауымен байланысты болды. Факторлардың келесі тобы еңбек нарығындағы ілгері жылжушылықпен байланысты болды: жұмыссыздар санының өсуі, бейресми және толық емес жұмыспен қамтушылықтың таралуы, міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен халық бөлігінің шығуы. Бұл өз кезегінде көп елді тәжірибеде болғандай ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің қаржылық негізін құраған жарналары бар жұмыс істейтін халық санының кемуіне алып келді. Зейнеткерлер санының өсуі және қызметпен жасайтын сала жағдаятының өзгеруі ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің тұрақтылығына күмән келтірді, өйтені жұмыс істейтін халыққа зейнетақы жүктемесінің шамадан тыс күшеюі анықталды. Осы қиыншылықтардың бірқатарымен Қазақстанда кезігіп, ТМД елдері кеңістігінде өз жинақтаушы зейнетақы жүйесін құруды бірінші болып бастады. Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі 1997 жылы еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын мақұлдаған сәттен бастап өз жұмысын бастады.
Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алады, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланады. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылардың зейнетақы жасына жеткеніне қарай олар зейнет төлемдерін салымшыларға қайтарады. Бір айта кететін жайт, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі чилилік жүйенің көшірмесін айнытпай көшіріп алды деп санауға болмайды: қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті ол бірегей жинақтаушы зейнетақы қоры болып саналады. Ерекше мəртебеге ие болған жəне еліміздің зейнетақы реформасына бастама болған «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылы 24 қыркүйекте құрылған. Зейнетақы реформасы басында, салымшылар зейнетақы қорын таңдауда өз таңдауларын айқындамаған кезде, салымшылардың барлығына МЖЗҚ-те қызмет көрсетілді.
19 қаңтарда МЖЗҚ Қазақстанның зейнетақы жүйесінің тарихында тұңғыш рет зейнетақы жарнасын қабылдады жəне зейнетқы активтерін өз бетінше басқаруға бірінші болып лицензия алды. Қалыптасу кезеңінде жаңа жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуын ынталандыратын ерекше стратегиялық рөлі ҚР Үкіметі қаулысымен 1997 жылғы қыркүйекте арнайы құрылған – Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры еліміздегі зейнетақы реформасының өзіндік бастауыш алаңқайы болды: ол еліміздің алғашқы жинақтаушы қоры, алғашқы зейнетақы жарнасын қабылдады және зейнетақы қорлары арасында алғашқы болып зейнетақы активтерін дербес басқаруға құқық алды. Алғашқы он жылдық ішінде – 1998 жылдан бастап 2002 жылға дейін Қор ерекше «жанама қор» мәртебесін иеленді, ол салымшылардың ішіне барлық азаматтарды қосып алуға мүмкіндік берді және ол қандай да бір себептер бойынша зейнетақы қорын таңдау жөніндегі шешімді дербес қабылдай алмады. Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша қатыстыру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшылар қорын қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асырды. Бірақ басқа да мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы нарығының дұрыс және бәсекелес қатысушылары бола отырып, 2003 жылға дейін МЖЗҚ бұл мәртебені беріп қоймады. Теңгерімді зейнетақы жүйесін дамыту мақсатында Үкімет мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының дамуын жəне салымшылардың мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына ауысуын қолдады.
2003 жылдың желтоқсанында зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілген болатын жəне осыған сəйкес МЖЗҚ-ке қатысты барлық артықшылықтар, жеңілдіктер жəне шектеулер жойылған болатын. Сосын екі жыл өткесін 2005 жылы Қор өзінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ деген ресми атауын «МЖЗҚ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өзгертті, бас әріптері үшін бұрынғы мазмұнын сақтамайды. МЖЗҚ халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны құру жөнінде өзіне жүктелген тарихи миссияны орындап шықты.
2005 жылдың 1 ақпанынан бастап «Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ өзінің атауын «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жаңа атауына өзгертіп, түпкілікті бəсекелестік нарыққа кірді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне Еуропалық қайта құру жəне даму банкі Қордың акционерлері болып табылады.
ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жəне Еуропалық қайта құру жəне даму банкі арасында жасалған Келісім шеңберінде 2007 жылғы 31 мамырда ЕҚДБ акциялардың жалпы санынан 9,99% мөлшерінде МЖЗҚ акцияларын сатып алды .
Қазіргі уақытта МЖЗҚ мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының бəсекелестік ортасында жұмыс істейді жəне бірінші кезекте назарын өзі қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге аударады. Қордың Қазақстан бойынша ауқымды өңірлік желісі бар. «МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ барлық облыс орталықтарында 18 филиалы, 97 агенттік пункттері, 9 қосымша операциялық залы, 2 дербес қызмет көрсету орталықтары (Астана жəне Алматы қалаларында) бар.
2007 жылғы қазанда «Цеснабанк» АҚ жəне «ПростоКредит» ЖШС МКҰ біздің салымшылар алушыларға жеңілдікпен кредиттер беру бойынша шарттары жасалды. Қор салымшыларына сақтандыру қызметтеріне жеңілдіктер ұсыну жөнінде «Пана Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ өзара ынтымақтастық туралы Келісім жасалды. «Сбербанк» АҚ ЕБ Қордың салымшыларына жеңілдікпен кредиттер беру бойынша Шартқа қол қойылды.
2008 жылы Интернет – «Мегалайн» желісіне жоғары жылдамдықпен қол жеткізу қызметіне қосылуға Қордың салымшыларына 100% жеңілдік беру бөлігінде «Қазақтелеком» АҚ ынтымақтастық бойынша жоба іске қосылды.
Бүгінде МЖЗҚ – көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша көшбасшылық позициясы бар еліміздегі бірден-бір ірі зейнетақы қоры. Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражат есебінен қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес оның нақты жұмысына, ең бастысы – зейнетақы жинағының сақталатындығына кепілдік береді. Бұл заң 2007 жылы толықтырылған.
1999 жылдың басында ҚР Үкіметінің қаулысымен міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тәртібі өзгертілді. Алайда бұл арада аударудың тетігі өзгеріссіз қалды. Міндетті зейнетақы жарнасы бұрынғыша жұмыс берушінің есебінен емес, жұмысшының табысынан 10% мөлшерінде үсталады. Міне, осы тәртіпті зандастыру арқылы ғана зейнетақы жинағының меншікті құқығын бекітуге болатын еді. Оның үстіне, әрбір келісімшарт бойынша салымшының есеп кітапшасы ресімделеді. Тағы бір кепілдікке мынау жатады: жұмыс беруші қызметкердің келісімінсіз зейнетақы келісімшартын бұза алмайды. Жинақтаушы зейнетақы қор – бұл ҚР заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын занды тұлға. Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады.
8.2 ҚР зейнетақы жүйесі. Зейнетақы қорларының активті және пассивті операциялары
Жинақтаушы зейнетақы қордың бір банк – кастодианы болуы тиіс. Бұл банк зейнетақы активтерді жинақтау, оларды орналастыру, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жинақтаушы зейнетақы қорға оның шоттарының ахуалы мен инвестициялық басқару іс-әрекет жөнінде ай сайын ақпарат береді.
Банк – кастодиан жинақтаушы зейнетақы қордың зейнетақы активтерін мақсатты орналастыруының бақылауын іске асырады және заңнамаларға сәйкес келмейтін операцияларды атқармауға міндетті.
Банк-кастодиан мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің мақсатты орналастыруына бақылау жасайды және олар заңдарға сәйкес келмеген жағдайларда бұл жөнінде бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның тапсырмаларын жауып тастауға міндетті.
Банк-кастодиан зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру жөніндегі, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жинақтаушы зейнетақы қорын оның шоттарының жай-күйі және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның қызметі туралы ай сайын хабардар етіп отырады. Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы өз күшіне енді Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады: ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру ); Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеуметтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген.
Зейнеткерлік жасы: Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге 63 жастан және әйелдерге 58 жастан Зейнетақы тағайындау үшін қайда бару керек. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін азаматтар, зейнетақыны тағайындау туралы өтінішті тұрақты тұрғылықты жеріне байланысты зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтарының аудандық (қалалық) бөлімшелеріне белгіленген барлық құжаттарды әкеледі. Зейнетақыны тағайындауға қажетті құжаттар тәртібі Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау. Қазіргі таңда Қазақстанда 13 Жинақтаушы зейнетақы түрі бар. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе – жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерін және жинақталған қаражатты есепке алуды жүзеге асыруға қажетті және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және оны рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтамасыз етуі.
2) аффилиирленген тұлғалар – тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бірі) қабылдайтын шешімге ықпал етуге, соның ішінде жасалған мәмілеге орай, мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;
3) Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.
Зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының қызметін дамыту үшін ішкі нарықта оларға зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы инструменттерінің тізімін ұлғайтуға қажет.
Жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін зерттеу оның ерекшеліктері мен маңызды белгілерін айқындауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда жинақтау зейнетақы қорларының қаржы нарығының жеткіліксіз дамуы, инвестициялаудың жоғары деңгейдегі тәуеклділігі және заңдылық базасының жетілмегендігінен инвестициялық қызметінің мүмкіншілігі шектелген.
Жалпы жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі инфляция жағдайында салушылардың қаражатын сақтауға бағытталған. Осыған байланысты инвестициялау инструметтерін таңдау олардың сенімділігіне байланысты жүргізіледі. Қаражатты сақтау мақсатында төмен тәуекелді, өзі табысты инструменттерге салуға ұмтылады және де, зейнетақы қорларының инвестициялық мүмкіншілігінің дамуына әсер ететін тағы бір жағдай - қаржы нарығындағы мемлекеттің тұрақсыз саясатына бағынуы. Мұндай жағдайда инвестицияның қандай инструменттеріне немесе мерзіміне қарамастан тәуекелділігі жоғарылайды.
Қазіргі кезде мұндай жағдайдан шығу үшін портфель құрылымын тез өзгерту қажет. Бірақ, бұл қазір қиынға түседі – зейнетақы қорларының активтері өз бетімен таратылмайды, ол активтерді басқару компанияларына қаражат жіберу арқылы жүзеге асырылады және компания инвесторларды инвестициялау процесіне қатыстырмауына да болады. Портфельдік инвестициялауды дамыту қазір орынды және инвестициялық саясатты басқару компаниясымен бірлесіп істеу нысанын және оның қызметін бақылау мерзімімен қайта–қайта қарастырылуы қажет.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекет тарапынан зейнетақы қорларының қаражатын ел зкономикасы үшін өте маңызды инвестициялық бағдарламаларға орналастырған орынды болар еді. Зейнетақымен қаматамасыз ету жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінің дамуына ешқандай жағдай жасамағанын көрсетеді. Мұндай жүйенің артықшылығы ретінде инвестициялық қызметке салық салудан жеңілдік беру немесе инвестициялық тәуекелділіктен сақтандыруды қарастыруға болады.
Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының сенімділігін көрсететін негізгі және шындыққа негізделген тәсілдердің арасынан, қазіргі кезде әлеутеттік–экономикалық жағдайға байланысты мына факторларды бөліп көрсетуге болады:
-әртүрлі жағдайлардан салушылардың қаражаттарын сақтандыру;
-мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының жылжымайтын мүлік және зейнетақы төлемдерін сақтандыру;
- өзіндік резервтік қорларды құрып, оларды жарғылық қормен байланыстыру.
2010 жылы компания Қор салымшыларына ID TV қызметіне тегін қосылу мүмкіндігін берді. 2010 жылдың қаңтарында Қор салымшыларына ипотекалық заемдарды жеңілдікпен беру бойынша «HSBC Банк Казахстан» АҚ ЕБ өзара ынтымақтастық туралы Келісім жасалды. «HOMEBROKER» АҚ қордың салымшыларына инвестициялық қызметтерді ұсыну бойынша Шартқа қол қойылды. 2010 жылдың сəуірінде Қор салымшыларын сақтандыру бойынша «Мұнай Сақтандыру Компаниясы» АҚ өзара ынтымақтастық туралы Келісімі жасалды.
2010 жылдың тамызында Қор салымшыларына жеңілдікпен кредит беру бойынша «Альянс Банк» АҚ өзара ынтымақтастық туралы Шартқа қол қойылды.
8.3 Зейнетақы жинақтарының сақтығын кепілдеудің мемлекеттік жүйесі
Зейнетақымен қамсыздандыруды қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесі әлемдік деңгейде табысты танылғандардың бірі. Реформаның мәні жинақ ақша пайдасына ынтымақтастықты кестеден ақырындап бас тарта отырып жасалады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өту жоспарлы түрде жүзеге асырылады және 2038-2040 ж.ж. кезеңге дейін түбегейлі аяқталғанша жалғасады. Қазіргі уақытта мемлекетімізде зейнетақы жүйесінің бірнеше дейгейлері ұсынылды немесе олар мынадай өзгеше пилларлармен де аталады:
Бірінші пиллар – ынтымақтастықты жүйе;
Екінші пиллар – міндетті жинақтаушы жүйе;
Үшінші пиллар –ерікті жинақтаушы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.
Зейнетақымен қамсыздандырудың қызмет атқарып келе жатқан көп деңгейлі үлгісі Қазақстанның бүкіл халқына есептелген. Зейнетақы төлем көздері (мемлекеттік бюджет және зейнетақы жинақ ақшалары) анықтайтын санаттар бойынша халықтың бунақтары зейнетақы жүйесіне тартылған қазақстандықтардың жас ерекшеліктеріне негізделген. Сонымен, еңбек қызметтері жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгенге дейін басталған халықтың мүдделері республикалық бюджеттегі әлеуметтік салалар мен басқа да түсімдер есебінен жинақталуымен және зейнетақы төлемдерін болжаумен қатар қызмет ететін ынтымақтастық жүйеді есептеледі (бірінші пиллар).
Еңбек қызметтеріндегі міндетті зейнетақы жарналарын есептеу зейнетақы жүйесінің екінші пиллар талаптарымен жауап беріледі және зейнетке шыққаннан кейінгі өз кірісінің деңгейі үшін дербес жауапкершілік алуға жас ұрпақ міндеттенеді, өйткені зейнетақы төлемдерінің көздеріне олардың жеке зейнетақы шоттарында рәсімделген жинақ ақшалары болады.
Бұдан өзге, әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз жинақ ақшаларын ұлғайтатын және еңбек қызметтерін аяқтағаннан кейін өзін неғұрлым жоғарғы табыспен қамтамасыз ететін мүмкіндіктер беріледі (үшінші пиллар).
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің он жылдық даму нәтижесімен атаулы сандар көрсеткіштерінің жеткіліктігін шығаруға болады: зейнетақы қызмет нарығында 14 жинақтаушы зейнетақы қоры белсенді қызмет етеді; зейнетақы активтерін басқаратын 11 ұйым жұмыс істейді; қор қызметтеріне 9 кастодион-банк қызмет етеді; зейнетақы жинақ ақшаларының көлемі 1,1 триллион теңге шамасын құрады, яғни, жүйенің қызмет етуінің алғашқы жылдарымен салыстырғанда 40 есеге өсті. Жүйеге тартылған халық екі есеге өсіп, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары экономикалық белсенді халықтың 9 млн. қамтыды.
Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына таратылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың «таза» инвестициялық кіріс сомасы 300 млрд. теңгені құрады. Зейнетақы жинақ ақшаның сенімді сақталуын және зейнетақы жүйесінің тұтастай қызмет етуін қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама базасы ерекше назарға тұрарлық. Сонымен мемлекет инфляция деңгейін есепке ала отырып, барлық зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақ ақшаларының сақталуына кепілдік беру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдады.
Бұл кепілдік жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдарға арналып, заңды бекітілген талаптар мен шектеулерге негізделеді: олардың қызметтерін міндетті лицензиялау; олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін пруденциалды нормативтерді, нормалар мен лимиттерді белгілеу; аффилиировандық субъектілермен мәмілелер бойынша шек қою; меншікті және зейнетақы активтерінің дифференцировандық есебі; кастодион-банктегі зейнетақы активтерін міндетті сақтандыру .
Сарапшылардың пікірі бойынша қартайған кезде зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейіне арналған олардың зейнетақы жинақ ақшалары жеткіліксіз болуы; жинақтаушы зейнетақы қор қызметтерімен халықтың жеткіліксіз қамтылуы; халықтың қаржылық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетінің төмен деңгейлігі; ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі дамуының лайықсыз деңгейі; және осы уақытта сенімді және өтімді бағалы қағаздар және т.б. тапшылық жағдайында зейнетақы жинақ ақшаларын тиімді инвестициялау мәселелері.
Жоғарыда аталған бірнеше мәселелерді шешу әдістерінің бірі «мультипортфель» деп аталатын тәжірибеге енгізу, ол әрбір салымшыға тәуекел мен кірістіліктің ара қатынасындағы меншікті артықшылықтарға негіздей отырып, өз зейнетақы жинақ ақшаларын басқаруға және көбейтуге инвестициялық шешім қабылдау мүмкіндігін береді. Бастау үшін консервативті, біркелкі және агрессиялық инвестициялық стратегияларға негізделген үш қоржынды енгізу ғана ұйғарылады. Алайда болашақта анықталған шарттар болған кезде мүмкін және активтерді инвестициялау стратегиясының көбірек санын тіркеудің өзге үлгісі. Сайып келгенде болашағы пайда болып, ол салымшыда тек құқық қана емес, өзінің зейнетақы активтерін басқаруға арналған жауапкершілік те қалыптасады.
Сарапшылар қолайлы шара үш мәселелелі бағдар бойынша тиімді болады деп есептейді: халықтың қаржылық және инвестициялық сауаттылығының төменгі деңгейін жеңуге; зейнетақы жүйесінен тыс қалуды артық көретін барлық халықты оған қатыстыруға; және ерікті зейнетақымен қамсыздандыру дамытуда. Айтпақшы, зейнетақы жинақ ақшасы сақталуының берік кепілдігін қамтамасыз етуімен қатар инвестициялық қоржын көптігін енгізу еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін бұдан әрі дамыту аясындағы мемлекет басшысының қойған басымдықты тапсырмалары болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Жинақтаушы зейнетақы дегеніміз не?
2. Қазіргі уақытта мемлекетімізде зейнетақы жүйесінің қандай дейгейлері ұсынылды?
3. Банк кастодианды қалай түсінесіз?
4. Зейнетақы реформасының негізін қандай үлгі ретінде қабылдады?
5. ҚР зейнетақы жүйесі
6. Қазақстанның зейнетақы жүйесі қатысушыларының арасындағы қандай байланыс бар?
7. Қазіргі таңда Қазақстанда қанша жинақтаушы зейнетақы түрі бар?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы қашан қабылданды?
А) 1997 ж 10 наурыз
В) 1997 ж 20 маусым
С) 1997 ж ақпан
D) 1997 ж 20 сәуір
E) 1997 ж 10 маусым
2. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензияға мелекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен 15 мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары қашан ие болды?
А) 2004 жылдың 1 қаңтарына дейін
В) 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін
С) 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін
D) 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін
E) дұрыс жауабы жоқ
3. Қазақстанда Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық (ЗТМО)-дан зейнетақы алудың құқығына қандай азаматтар ие болады?
А) 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алғандар
В) әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының, ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық атқару комитетінің қаржылық полиция органдарының қызметкерлері
С) 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейін ең аз дегенде 10 жыл радиациялық қаупі жоғары және төтенше аймақта тұрған азаматтар
D) жалпы еңбек өтілі 25 жылды құрайтын ерлер 50 жасында, жалпы еңбек өтілі 20 жылды құрайтын әйелдер 45 жасында зейнетке шығып,ЗТМО-дан зейнетақы алады
E) барлық жауаптар дұрыс
4. Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы қалай ұзартылды?
А) ерлер 61 жас,әйелдер 55 жас
В) ерлер 62 жас,әйелдер 57 жас
С) ерлер 61 жас, әйелдер 56 жас
D) ерлер 63 жас, әйелдер 57 жас
E) ерлер 63 жас,әйелдер 58 жас
5. Қазақстанның зейнетақы нарығының жұмыс істегеніне қанша уақыт болды?
А) 5 жыл
В) 6 жыл
С) 7 жыл
D) 8 жыл
E) 9 жыл
6. 2004 жылдан бастап зейнетақыға жинақталған қаражаты жеткілікті адамдардың 55 жасында зейнетақыға шығуына құқық беретін қандай ұғым енгізілді?
А) зейнетақы қоры
В) зейнетақы аннуитеті
С) зейнетақы активтері
D) зейнетақы нарығы
E) зейнетақы қорланымы
7. Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дағдарысқа ұшыратқан негізгі себептер?
А) халықтың қартаюы
В) туудың азаюы
С)бюджеттен тыс қорларға аударылатын міндетті аударымдар мөлшерінің жоғары болуы
D)зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебінің болмауы қарттықты қамтамасыздандырудағы жеке жауапкершілік пен мүдделікті жойды
E) барлық жауаптар дұрыс
8. Зейнетақымен қамтамасыз етудің ынтымақтастық жүйесі кезінде экономика секторларының барлық субъектілері мемлекеттік зейнетақы қорына еңбекақы қорынан қанша пайызды төйлеп отырды?
А) 15%
В) 20%
С) 25%
D) 30%
E) 35%
9. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап қандай өзгерістер енді?
А) барлық артықшылықты зейнетақы жойылып, зейнетақыға шығудың талаптары бірдей болды
В) жұмыссыздықтың артуы нәтижесінде зейнетақы жасындағылар мен жұмыс істеушілердің арасындағы арақатынастың кемуі
С) ай сайын жиналған 30 % жарна республикалық шотқа бағытталып отырды
D) Қазақстан зейнеткерлер мен салымшылардың қайда өмір сүретініне қарамастан оларға бірдей қызмет көрсетілетін зейнетақы мен түсімдердің нақты ұлттық жүйіесіне көшті
E) дұрыс жауабы жоқ
10. Азаматтарға ӘЖК беру, міндетті зейнетақы жарнасының дербестендірілген есебі, міндетті зейнетақы жарнасын агенттерден ЖЗҚ-ға аудару нені көрсетеді?
А) ЗТМО-ның негізгі функцияларын
В) ЗТМО-ның негізгі түрлерін
С) ЗТМО-ның негізгі себептерін
D) ЗТМО-ның негізгі міндеттерін
E) дұрыс жауабы жоқ
Тақырып 9. Сақтандыру компаниялары
Мақсаты: Қазақстандағы сақтандыру жүйесінің қызметін айқындап, оның қалыптасу мен сақтандыру компанияларының түрлерін қарастыру.
Жоспар:
1. Сақтандырудың мәні, түрлері және оның негізгі мақсаттары
2. Сақтандыру ісінің дамуы
3. Сақтандыру компаниялары
9.1 Сақтандырудың мәні, түрлері және оның негізгі мақсаттары
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік–экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп – қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс үдерістерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл–ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай – ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үдерістерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше сипаты (кез келген ауқымда мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс-әрекеті ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалау кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу үдерістерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы – кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қорғауға және оларға материалдық залалды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы болып табылады.
Белгілі бір сақтандыру жағдайлары болған кездерде ақшалай қордың есебінен сақтандырудың орнын толтырып, соның жәрдемімен (сақтандырылған) жеке және заңды тұлғалардың мүліктік қатынасы бойынша сақтандыру мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл ақша қорлары сақтандыру төлемдерінен және заңда тыйым салынбаған өзге де көздерден түскен қаржы арқылы қалыптасады.
Сақтандырудың түрлері. Сақтандырудың бөлімдері:
міндетті дәрежелерібойынша: а) ерікті; ә) міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша; а) жеке; ә) мүліктік.
Міндетті сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру.
Ерікті түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру.
Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы жеке басын сақтандыруға жатады.
Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық – құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік сақтандыруға жатады.
Азаматтығы жоқ, шетел азаматтары, өз қызметтерін ҚР аумағында жүзеге асырып жатқан шетелдік заңды тұлғалар, ҚР заңды тұлғалары және азаматтарымен бірдей сақтандыру құқығын пайдаланады.
ҚР сақтандыру ұйымдарындағы шетелдік инвесторлардың жарғылық қордағы қатысу үлесі 50% - дан аспауы керек.
Сақтандырушы тиісті сақтандыру түрлерін іске асыруға құқылы лицензиясы бар, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған – коммерциялық ұғым.
Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары акционерлік ұйым немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылады.
Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде құрылады. Ұйымдастыру –құқылық және меншік түрлерінің тәуелсіздігіне қарамастан, сақтандыру ұйымдарының жарғылық қорларының көлемін Қаржылық нарықты қадағалау және реттеуі бойынша агентті ақшалай қаражатын қалыптастырып белгілейді. Мемлекеттік тіркеу мезгілінде сақтандыру ұйымының жарғылық қоры ең аз шамадағы мөлшердің 50% -нан кем емес ақша түрінде қалыптасуы тиіс, сондай–ақ, тиісті банкінің берген құжаты арқылы дәлелденуі керек. Қордың қалған бөлігі сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны алу мезгілінде, құрылтайшылық құжаттарының мөлшерін қарастырғанға дейін қалыптасып үлгерулері керек.
9.2 Сақтандыру ісінің дамуы
Қаржы нарығының ең маңызды салаларының бірі – сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз – екі жақ тәуекелгебара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісім береді. Сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғаудың бұрыннан келе жатқан әдісі.
Сақтандыру нарығы сақтанушы мен сақтандырушының арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын қамтиды.
Сақтандырудың келесідей негізгі функциялары бар:
реттеуші – нарық, басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады;
коммерциялық – сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді;
бағалық – компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;
сенімділік функциясы – сақтандыру операциялары қолайсыз, т.б жағдайлар туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.
Міндетті түрде – заңдық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Ерікті түрде – екі жақ бірдей ерік білдірген жағдайда жасалатын сақтандыру.
Жеке сақтандыру. Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы жеке сақтандырудың обьектілері болып табылады. Мүліктік сақтандыруды өздеріне тиесілі немесе жалға алған меншіктеріне тікелей немесе жанамалай зиян келтірмеу мақсатымен жекелеген адамдар мен шаруашылық субьектілері жүргізеді. Мүліктік сақтандырудың обьектілері болып жер бетіндегі, әуедегі және су көлігі, жүктер мен басқа да мүліктер, сондай-ақ қаржылық тәуелділік саналады.
Мемлекеттік сақтандыру жағдайында сақтандырушы мемлекеттік ұйым болып есептелінеді де, ол заңдар арқылы реттелініп отырады.
Акционерлік сақтандыру – жеке байлығы аз құрылтайшыларға ақшалай ресурстарды өздеріне тарту арқылы сақтандыру операцияларын жүргізуді тездетуге мүмкіндік беретін акциялар бойынша өзінің жарғылық капиталын құрайтын акционерлік қоғамдар сақтандыру қызметінің сақтандырушылары ретінде танылатын түрі.
Өзара сақтандыру– өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бастайтын қауіпсіздікті сақтаудың түрі.
ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңында сақтандырудың трансшегаралық деп аталатын түрі де қарастырылған. Трансшегаралық сақтандыруда сақтандыру сыйақысы республикада да, одан тыс жерлерде де жүргізіле береді. Сақтандырудың мұндай түрін жүргізудің шарттары мен тәртібі ҚР заңымен және республикамызда бекітілген халықаралық келісімдермен анықталады.
ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сәйкес сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтандырушы, сақтандырылған, табыс табушы, актуарий, өкілеттілігі бар аудиторлық ұйым, өзара сақтандырушыға байланысты басқа да жеке және заңды тұлғалар сақтандыру нарығына қатысушылар болып саналады.
ҚР-дың сақтандыру нарығында қарым-қатынасының мына төмендегідей қатысушылары бөлініп шығады:
сақтандыру нарығының қызметіне сұранысты жасаушы сақтандырушылар;
осы сұранысты қанағаттандырушы тікелей сақтандыру компаниялары;
келтірілген зиянды сақтандыру операцияларына таратып отыруды, сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын жалпы түрде қамтамасыз етуші қайта сақтандыру компаниялары;
сақтандыру қызметтерін сақтандырушы мен сақтандырушыларының арасында ретке келтіріп отыратын сақтандыру сарапшылары;
сақтандыру инфрақұрылымынң ұйымдары.
9.3 Сақтандыру компаниялары
Сақтандыру компанияларының пассивті және активті операциялары айрықша сипатта болады да, банкілердің осыған ұқсас операцияларынан өзгешелеу болып көрінеді.
Сақтандыру компанияларының пассивтері заңды және жеке тұлғалардың сақтандыру сыйақылары төлемдерінің есебі негізінде қалыптасады.
Өзге пассивті бап үлестік шамалы және пайда есебінен қалыптасқан акционерлік капиталды қосып алады.
Сақтандыру компанияларының активтік операциялары ірі компаниялар жергілікті органдардың орталық банктің және Қаржы министрлі мемлекеттік құнды қағаздарындағы инвестицияларынан сонымен қатар полистік қарыздарынан тұрады.
Активті және пассивті операцияларының нәтижесінде сақтандыру компаниясы пайда алады. Сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің орнын толтыру арасындағы айырмасының нәтижесі қосымша шығыстар операциясын жүргізу инвестициялық қызметке бағытталуы мүмкін сақтандыру қорын береді.
Сақтандыру мен қайта сақтандыру компаниялары өздерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық тұрақтылығының ең аз жағдайларын қамтамасыз етуге жататындар: сақтандыру резервтері мен қажетті мөлшерде меншік капиталының болуы, сақтандырушының жекелеген келісімшарты бойынша ең аз шамадағы нормативтерін міндеттемелерді сақтау және мемлекеттік уәкілеттік органдар белгіленген норма мен лимиттерді сақтауда басқа да міндеттерді орындау.
Сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы сақтандыру төлемдерін өтеу мен өзінің қызметін қаржыландыру үшін арналған.
Сақтандыру резервтері сақтандыру төлемдерінің есебінен құрылады және сақтандыру келісімшарты бойынша тек қана өздерінің міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз ету үшін арналады.
Компания меншікті капиталы, басқа да міндеттемелер мен сақтандыру резервтерінен оның барлық активтерінің сомасын шегерудегі құны ретінде анықталады.
Компания міндеттемесінің ең жоғары көлемі қайтадан сақтанырылуда немесе қайта сақтандырушының сақтандырудың жекелеген келісімшарты бойынша сақтандыру резервтерімен меншікті капитал сомасының 10%-нан аспайтындай болуы керек.
ҚР Қаржы ұйымдары және қаржы нарығын қадағалау мен реттеу бойынша агенттігі мемлекеттік уәкілеттік органы болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының қызметі ҚР «Сақтандыру туралы» заңымен реттеледі.
1.01.2005ж. Қазақстанда 36 сақтандыру компаниялары жұмыс істеді. Олардағы меншік капиталының тұтастай жиынтығы – 29,6 млрд.теңге, жарғылық капиталы–17,7 млрд.теңге, сақтандыру төлемдерінің шығыстары – 6,7 млрд.және сақтандыру сыйақысы–40,0 млрд.теңге шамасында, олардың ішінде міндетті сақтандыру – 4,4 млрд.ерікті жеке басын сақтандыру–4,5 млрд. ерікті мүлікті сақтандыру – 31,0 млрд. теңгені құрады. Сақтандыру сыйақысының халықтың жан басына шаққандағы қатынасы небәрі АҚШ – тың -20,0 долларын құайды. Бельгияда – 3283, Австралияда - 2039, Чехияда - 364, Сербияда – 41 доллардан келеді.
Инвестициялық портфельді басқару процесінде сақтандыру компаниясы кез-келген инвестициялық өніммен бірге жүретін тәуекелдерді қабылдайды. Бірақ, тек тәуекелдердің пайда болу табиғатын білетін, оларды басқара және минимизация алатын сақтандыру компаниясы ғана өзінің инвестициялық портфелін сақтай және ұлғайта алады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тәуекел ұғымы қор нарығы ұғымымен тікелей байланысты. Кез-келген қаржылық құралға өз қаржыларын сала отырып, сақтандыру компаниясы өзін шығындану мүмкіндігіне әкеледі. Бұл шығындары қаншалықты болжамды болғанын, сақтандыру компаниясының қаржылық жағдайына олардың әсері қаншалықты болатынын компанияның тәуекелді басқару ішкі саясатымен анықталады. Өкінішке орай, Қазақстанның көптеген сақтандыру компаниялары үшін өз тұжырымдамасын құру мен тәуекелді басқару саясаты көптеген себептерге байланысты мүмкін болмай отыр. Негізгі факторлар арқылы келесілерді бөліп көрсетуге болады:
- өз күшімен тәуекелдерді басқару тұжырымдамасын құру және енгізу, көптеген қаржылық шығын және уақыт талап етеді;
- тәуекелді басқарудағы консалтингтік нарықтың жоқтығы, соған байланысты көптеген инвесторлардың сыртқы консультанттармен жұмыс істеуіне кедергі бар.
Пайда табу және тәуекел – тығыз байланысты және бөлінбейтін ұғымдар. Қор нарығында жұмыс істегенде тәуекел әрқашан болған және болады. Сақтандыру компаниялары кез-келген қаржылық құралмен бірге жүретін тәуекелді автоматты түрде қабылдайды. Қор нарығындағы тәуекелге көптеген анықтама мен сыныптамалар бар. Сақтандару компаниялары сақтандыру резервтерін инвестициялағанда әртүрлі тәуекел түрлерінен кездеседі.
Банктегі бағалық тәуекел сақтандыру компаниясы инвестициялық портфельдегі бағалы қағаздарды сатуды ұйғарған кезде пайда болады. Егер сақтандыру компаниясының қолында инвестициялық портфелі болса, біраз уақыттан кейін оның инвестициялық портфелінің нарықтық бағасы төмендеуі мүмкін.
Оның себебі – инвестициялық портфельдегі активтердің болашақтағы бағалары нақты белгісіз. Осындай тәуекелге сақтандыру компаниялары әрқашан ұшырап отырады. Ол баға өзгеру тәуекелі немесе бағалық тәуекел деп аталады.
Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Сақтандыру компанияларының инвестициялық тәуекелдерінің сыныпталуы:
|
Тәуекел
|
Мысал
|
Баға өзгеруі тәуекелі
|
Активтер бағасы сақтандыру компаниялары оны сатуға мәжбүр болғанда төмендейді.
|
|
Төлем қабілеттілігі-
нің болмауы тәуеке-
лі (несиелік тәуекел)
|
Активтер бағасы сақтандыру компаниялары оны сатуға мәжбүр болғанда төмендейді
|
Инфляциялық тәуекел
|
Инфляцияның өсуі активтердің құнсыздануына әкеледі
|
Айырбас бағамы тәуекелі
|
Айырбас бағамының өзгерісі нәтижесінде шетел валютасымен ірілендірілген активтердің құнының төмендеуі пайда болады.
|
|
Қайта инвестиция-
лау тәуекелі.
|
Алынған инвестициялық табыс құны төмендеу активтерге салынады
|
Мерзімінен ерте шакыртып алу тәуекелі
|
Эмитент өзінің мерзімінен ерте міндеттерін орындау құқығын пайдаланады.
|
Өтімділік тәуекелі
|
Активтерді «әділетті» бағаға сата алмау.
|
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдерден нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға жөне пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Сақтандыру ұғымына анықтама беріңіз?
2. Сақтандыру қызметтерін атаңыз?
3. ҚР қаржы нарығында қандай сақтандыру компаниялары бар?
4. Сақтандырудың түрлерін атаңыз?
5. Сақтандыру компаниялары қандай операцияларға бөлінеді?
6. Сақтандыру ұйымдарының қызметі қандай заңмен реттеледі?
7. Сақтандыру компанияларының инвестициялық тәуекелдері қалай сыныпталады?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Сақтандырудың мән-мағынасына қарай атқаратын негізгі міндеттері қандай?
А) реттеуші
В) коммерциялық
С) бағалық
D) сенімділік
Е) барлығы
2. Сақтандыру жүзеге асырылуы бойынша қалай бөлінеді?
А) ұлттық, аймақтық
В) мемлекеттік, акционерлік
С) жеке, мүліктік
D) міндетті, ерікті
Е) халықаралық, мемлекеттік
3. Ерікті түрде сақтандыру дегеніміз не?
А) Екі жақ бірдей ерік білдірген жағдайда жасалатын сақтандыру
В) Заңдық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру
С) Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығын жеке сақтандыру
D) Өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бастайтын қауіпсіздікті сақтандыру
Е) дұрыс жауабы жоқ
4. 1991 жылдың 28 маусымында міндетті түрде медициналық сақтандырылу енгізілген мемлекет.
А) Қазақстан
В) Ресей Федерациясы
С) АҚШ
D) Канада
Е) Өзбекстан
5. Сақтандырушымен сақтандыру келісімін жасайтын тұлға көрсетіңіз.
А) сақтандыру агенті
В) сақтанушы
С) сақтандыру брокері
D) сақтандыру пулы
Е) актуарий
6. Қазақстандағы сақтандыру қызметі “сақтандыру қызметі туралы” заңға сәйкес топтастыру негізінде қандай салалар бойынша жүзеге асырылады:
A) өмірді сақтандыру және жалпы сақтандыру
B) аннуитеттік сақтандыру
C) жүкті сақтандыру
D) мүлікті сақтандыру
E) медициналық сақтандыру
7. «Сақтандыру» категориясына тән емес қызметті көрсетіңіз.
A) бақылау
B) қауіп-қатер
C) жинақтау
D) ескерту
E) бөлу
8. Кепіл беруші қайтыс болғаннан кейін сақтандыру сомасын алатын тұлғаны сақтандыруда қалай атайды?
A) сақтандырылған
B) сақтандырушы
C) табыс алушы
D) сюрвейр
E) аджастер
9. Жеке және заңды тұлғаның материалды қызығушылығының мөлшері сақтандыруда қалай аталады?
A) сақтандыру жауапкершілігі
B) сақтандыру қызығушылығы
C) сақтандыру сомасы
D) шектеулі жауапкершілік
E) сақтандыру тарифі
10. Сақтанушы белгілі жасқа жеткенде және басқа жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде мерзімді сақтандыру төлемдерін төлеуді қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
A) өмірді сақтандыру
B) аннуитеттік сақтандыру
C) мүліктік сақтандыру
D) кәсіпкерлік тәукелділікті сақтандыру
E) жалпы сақтандыру
Тақырып 10. Инвестициялық компаниялар мен қорлар
Мақсаты: Инвестициялық қорлар мен компаниялардың қалыптасу мен қызметтеріне тоқталып, олардың айырмашылықтарын айқындау. Инвестициялық компаниялар мен қорлардың инвестициялық процесстегі рөлін қарастыру.
Жоспар:
1. Инвестициялық қорлар мен компаниялардың қалыптасуы мен қызмет
2. Капиталды орналастыру және бағалы қағаздар қоржынын басқару
10.1 Инвестициялық қорлар мен компаниялардың қалыптасуы мен қызмет
Инвестициялық қорлар – жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге мүмкіндік беретін механизм. Мыңдаған инвесторлардың инвестициялық қорға салған салымдары бір портфель ретінде басқарылып, әр инвестордың инвестициялық қорларға қосқан инвестициясына пропорционалды үлестері болады. Бұл келесідей артықшылықтар береді:
Кәсіби басқару – акцияларды таңдау процедурасы мен қор нарығындағы жұмысқа ұсақ жеке инвесторлардың не білімі, не уақыты жетісе бермейді, бірақ олар акциялар мен облигацияларға салынған қаражаттан артықшылық алғылары келеді:
Диверсификация – портфельді басқаруда диверсификация қауіптілікті төмендетеді. Бірақ ұсақ инвесторлар операцияны өткізудің шығыны көп болуына байланысты және аз акция санымен бұған экономикалық жолмен қол жеткізе алмайды;
Шығындарды төмендету – көп санды ұсақ инвестицияны бір үлкен портфель ретінде басқарғанда операциялардың ауқымының азаю есебінен үнемге жетуге болады. Осыдан ұсақ инвесторлар басқару төлемінің аздығынан тиімділікке қол жеткізулеріне болады;
Сенімділік – барлық елдерде іс жүзінде инвестициялық қорлар ұсақ инвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңмен реттеудің объектісі болып табылғандықтан, инвестор өз қаражаттарының дұрыс деңгейде басқарылып, айтарлықтай дәрежеде қорғалатынына сенімді болуы керек.
Инвестициялық қорлар бағалы қағаздар нарығына оң әсерін тигізеді. Халықтың, институтталынған инвесторлардың, жарналық қорлардың уақытша бос ақша қаражаттары инвестициялық сұранысты көбейтіп, бағалы қағаздардың айналымын ынталандырып, ақырында инвестициялық ресурстардың өндіріске құйылуына мүмкіндік туғызады. Инвестициялық қорлардың қызметі «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңмен реттелініп, инвестициялық қорларды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгілеп, бағалы қағаздар уәкілетті органның нормативтік актілерімен реттеледі. Инвестициялық қорлар ашық акционерлік қоғам түрінде құрылады және қаражаттарын болашақта бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында өз акцияларын шығарып, оны ашық орналастырып ақшалай қаражаттарды тарту арқылы ерекше қызметті жүзеге асырады. Инвестициялық қорлар бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығара алмайды. Акционерлермен өзара қарым-қатынасына байланысты инвестициялық қорлар төмендегідей болады:
Өзара инвестициялық қорлар - бұл ашық инвестициялық қорлар, олар өздерінің эмитенттелінген акцияларын заңмен белгіленген бағамен кері сатып алуға міндетті. Олар дамыған елдерде кең тараған, ол соңғы жылдары неғұрлым динамикалық жолмен дамитын қаржылық институттар болып табылады.
Инвестициялық компаниялар – бұл жабық инвестициялық қорлар, акционерлер қорынан өзі эмиссияланған акцияларды кері сатып алуға міндетті емес.
Инвестициялық қорлар типі қорлардың жарғысында көрсетілуі керек. Инвестициялық қорлардың типтерінің өзгеруі заңға сәйкес уәкілетті органға тіркеледі. Инвестициялық қорлардың құрылуы мен қызметі ашық акционерлік қоғам құруға арналған заңдамамен және «ҚР-ғы инвестициялық қорлар туралы» Заң ережелерін есепке ала отырып реттеледі. Инвестициялық қорлардың портфелінде акциялары бар, акционерлік қоғамдар оны басқаруға қатысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды шектеу заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Инвестициялық қорлардың акционерлері кез-келген тұлға бола алады.
Жарғылық капиталдың мөлшері өзара инвестициялық қорлар (ӨИҚ) үшін 50000 есептік көрсеткіштен, инвестициялық компаниялар үшін 30000 есептік көрсеткіштен кем болмау керек. Инвестициялық қордың құрылтайшылар жиналысында міндетті түрде инвестициялаудың мақсатын, стратегиясын, бағытын, бағалы қағаздар портфелінің диверсификациялау нормаларын және басқа да шектеулерді анықтайтын инвестициялық декларация (ИД) бекітіледі. Өзара қорлардың инвестициялық декларациясында портфелінің бағалы қағаз өтімділігі жөнінде шектеулер жазылады. Өзара қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті мәміле жасалар кезде орын алып отырған бағасы, олардың нарықтық құнының он пайызынан аспайтын мерзімде сатуға болатын бағалы қағаздар ғана енгізілуі мүмкін. Инвестициялық қорлардың ол шектеулері:
инвестициялық қордың еншілес кәсіпорындарын құруға және осы қордың аффилирлендірілген тұлғаларымен мәміле жасауға;
алты айдан артық мерзімге қарыз қаражаттарын тартуға;
инвестициялық қорлардың акциясы бойынша табысты, сонымен қатар портфельдегі бағалы қағаздардың өтіділігін шектейтін, инвестициялық қорлардың жарғысына және ҚР заңдарына қайшы келетін міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
бағалы қағаздардың портфелінде өзара қорлар үшін 10% және инвестициялық компаниялар үшін 20%-дан аспайтын бір элементтің бар болуына;
инвестициялық қорлардың, аффилирлендірілген тұлғалардың, өздерінің кастодиандары мен тіркеушілерінен бағалы қағаздарды алуға;
меншік акцияларды сату және сатып алудың пирамидалық жүйесін құруға;
таза активтердің 10%-нан артық мөлшерде кепіл зат мәмілесін жасауға және кез-келген кепілдіктер мен басқа да шектеулер беруге.
Портфельді басқару – бұл инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясына сәйкес компания басшысының нысаналы қызметі. Компанияның басшысы бағалы қағаздардың ұлттық уәкілетті органдарының берген лицензиясы бар және инвестициялық қормен оны басқару туралы жасалған шарт негізінде жұмыс істейтін заңды тұлға болуы мүмкін.
10.2 Капиталды орналастыру және бағалы қағаздар қоржынын басқару
Қаржы нарығының ажырамас бөлігінің бірі бағалы қағаздар нарығы (БҚН) болып табылады. Инвестицияны (Бағалы қағаздарды) есепке алуды қарастырмас бұрын инвестиция, инвестор, эмитент т.с.с. түсініктерді анықтау керек.
Эмитенттер – бұл нақты өндірістік немесе әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында бағалы қағаздар шығаратын және бағалы қағаздардың иеленушілерінің алдында өз атына міндеттемелер алатын субъектілер.
Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, туынды бағалы қағаздар, сонымен қатар ҚР заңына сәйкес бағалы қағаздардың статусы бар ипотекалық куәліктер, коносаменттер және құжаттардың басқа да түрлері болып табылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкінің ішкі және сыртқы борыштық міндеттемелері. Үкімет Қаржы Министрлігінің атынан бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабу мақсатында мемлекеттік борыш шегінде бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады. Ұлттық банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында бағалы қағаздарды эмиссиялайды.
Қазіргі уақытта Қаржы Министрлігі мемлекеттік ішкі заемнің ұлттық жинақ облигацияларын, айналыс мерзімі 3, 6, 9, 12 айлық мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер, айналыс мерзімі 1 жыл және одан жоғары индекстелген қазынашылық міндеттемелерін, айналыс мерзімі 5 жылдық арнайы мемлекеттік валюталық облигацияларын, Ұлттық Банк – қысқа мерзімді валюталық ноталар, айналыс мерзімі 90 күндік қысқа мерзімді ноталар шығарады.
Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл жергілікті атқарушы органдардың қарыз міндеттемесі. Ол жергілікті бюджетпен және коммуналдық меншікпен кепілдік береді. Муниципалдық бағалы қағаз аймақтық әлеуметтік бағдарламаны орындау мақсатында шығарылады. Ол құрылыс, ауруханалар мен бала-бақшасын және үйлер мен мектептерді, жолдарды жөндеу, керекті мүліктер сатып алу үшін пайдаланады.
Кооперативтік бағалы қағаздар – субъектінің заңға сәйкес жарғылық капиталды қалыптастыру немесе шаруашылық қызметін іске асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында шығаратын бағалы қағаздары.
Инвесторлар – ұзақ мерзімді пайдаланылатын активтер құру, өз қаражаттарын инфляциядан сақтау мен акциядан дивиденд түрінде, облигациялардан сыйақы түрінде табыс алу мақсатында өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салатын субъектілер.
Егер эмитенттер – меншік және айналысатын қызметімен сала түрлеріне қарамастан әр уақытта тек заңды тұлғалар болса, инвесторлар өз алдына 2 топқа бөлінеді:
Жеке инвесторлар, яғни жеке және заңды тұлғалар;
Институттандырылған инвесторлар, яғни қаржы институттары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары т.б.
Инвестициялық мақсаттарын шешуге байланысты төте және портфелдік инвесторларға ажыратылады.
Венчурлік инвесторлар – қауіпті тәуекелге байланысты және тез қайтарымды күрделі салым инвесторлары. Бұл жаңа құрылып жатқан мұнай және газ компанияларына, жаңа компьютерлік жүйелер мен бағдарламалық өнімдерге, технологияларға т.б. салынатын салымдар.
Төте (тура) инвесторлар - белсенді басқару және табыс табу мақсатымен шаруашылық субъектісінің жарғылық капиталына қаражаттарын тура салатын инвесторлар.
Портфельдік инвестициялар – қауіпті тәуекелдік жағдайында өте жоғары табыс алуды қамтамасыз ету немесе төменгі тәуелділікпен белгіленген нормадағы табыс алу мақсатында активтерін тиімді үйлестіре отырып орналастыру, яғни әртүрлі санды инвестицияларға иемдене отырып оптималды табыс табу.
Инвестициялар – бұл ұйымның табыс алу (мысалы, сыйақы (мүдде), роялти, дивидендтер мен жал төлемі), инвестициялынған капиталды өсіру немесе басқа да пайда алу (мысалы, коммерциялық қатынастар нәтижесінде) мақсатында иеленетін активтері. Инвестицияларға сонымен қатар қолданылмай тұрған қозғалмайтын мүлік те жатады. Одан басқа тиімді инвестицияға инвестор өзі шығарып өндіретін өнімге қажет шикізат алатын жабдықтаушы кәсіпорындардың акциясын сатып алу жатады. Мұндай салым инвестордың өндіріс процесін бұзылудан, тоқтап қалудан сақтайды. Инвестициялар бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес иелену мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Инвестициялар үлестік және борыштық бағалы қағаздармен берілу мүмкін.
Операцияларды есепке алу және инвестицияның қолда бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты кеңірек түсіну үшін қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарының 14 «Инвестициялар» және 40 «Қаржылық инвестициялар» бөлімшелерінің шоттары арналған.
Бухгалтерлік есеп стандартының инвестицияларды иелену мерзімдері туралы ақпараттарды ұсыну туралы талабы берілген бөлімшелердің шоттарына сәйкес субшоттардың ашылуымен орындалады. Үлестік бағалы қағаздар әдетте жай және артықшылығы бар акциялармен көрсетіледі. Бірақ үлестік бағалы қағаз ретінде акциядан басқа иелену мен мүліктегі үлесін сату құқығын растайтын кез-келген қаржылық құрал болуы мүмкін.
Борыштық бағалы қағаздар әдетте облигациялармен, қазынашылық вексельдермен, депозиттік сертификаттармен көрсетіледі.
Облигация – эмитенттің инвесторлар арасында орналастырылған қарыздың түрін білдіретін қаржылық құрал. Облигациялар белгілі бір мерзімде өтелуі керек және сыйақыны кезеңдік түрде төленуін талап етеді.
Ұйымның иелігіндегі бағалы қағаздардың жиынтығы инвестициялық портфель деп аталады.
Қысқа мерзімді инвестициялар тез өткізілуі мүмкін және бір жылдан көп сақталынбайды деп болжанатын инвестициялар.
Субъект өзінің есеп саясатында инвестицияны бағалау әдісін және қайта бағалау кезеңдерін белгілеулері керек. Олар есеп саясатын есеп беру кезеңдерінде басшылыққа алулары керек.
Кез-келген қаржылық инвестицияны есепте сатып алу құнымен есепке алады. Сатып алу құнына тек жеке қаржылық инвестицияның құны ғана кірмейді. Оған комиссиондық және дилерге, брокерге, қор биржасына, тәуелсіз тіркеушілерге төленетін сыйақылардан тұрады.
Бақылау сұрақтары:
Инвестициялық қорға түсініктеме беріңіз?
Муниципалдық бағалы қағаздар қандай міндет атқарады?
Инвестордың инвестициялық қорларға қосқан инвестициясының нәтижесіндей қандай артықшылықтар пайда болады?
Акционерлермен өзара қарым-қатынасына байланысты инвестицияық қорлар қандай түрге бөлінеді?
Эмитенттер дегеніміз не?
Инвестициялық мақсаттарын шешуге байланысты инвесторлар қандай түрлерге ажыратылады?
Инвестициялық портфельге анықтама беріңіз?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Қажетті ақша қаражаттарын тарту мақсатында бағалы қағаздарды шығаратын тұлғалар?
А) Инвестор
В) Делдал
С) Брокер
D) Диллер
Е) Эмитент
2. Инвесторлар дегеніміз қандай тұлғалар?
А) бағалы қағаздарды шығаратын тұлғалар
В) бағалы қағаздарды сатып алушы тұлғалар
С) бағалы қағаздарды реттеуші тұлғалар
D) бағалы қағаздарды жинақтаушы тұлғалар
Е) бағалы қағаздарды сақтаушы тұлғалар
3. Эмитент пен инвесторлардың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін қызмет көрсетуші тұлғалар?
А) инвестор
В) эмитент
С) делдал
D) брокер
Е) диллер
4. Акционерлік қоғамның капиталына қатысуға мүмкіндік беретін бағалы қағаз түрі?
А) вексель
В) банкнот
С) чек
D) облигация
Е) акция
5. Тәжірибеде қаржылық делдалдардың қандай топтары бөліп көрсетіледі?
А) жинақ мекемелері,инвестициялық қорлар, депозит типіндегі қаржы мекемелері
В) коммерциялық банктер,экспорттаушылар, жинақ мекемелері
С) қаржы мекемелері, инвесторлар, үкімет агенттіктері
D) трансұлттық компаниялар, инвестициялық қорлар, депозит типіндегі қаржы мекемелері
E) кәсіпорындар,жеке тұлғалар, инвестициялық қорлар
6. Өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен және тартылған қаражаттың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға?
А) инвестициялық қор
В) инновациялық қор
С) ипотекалық қор
D) зейнетақы қоры
E) мамандандырылған қор
7. Қазақстан Республикасының заңдары инвестициялық қордың неше типін көрсетеді?
А) 2
В) 3
С) 4
D) 5
E) 6
8. Барлық тілек білдіруші инвесторлардың қаражатын тартатын және өздері айналысқа шығарған акцияны өз акционерлерінен сатып алуға міндеттеме қабылдаған ашық инвестициялық қор?
А) инвестициялық компания
В) өзара қор
С) үлестік инвестициялық қор
D) акционерлік инвестициялық қор
E) дұрыс жауабы жоқ
9. Бұл осы қордың құрылтайшылары мен акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды және жеке тұлғалардың қаражатын тартатын жабық инвестициялық қор?
А) инвестициялық компания
В) өзара қор
С) үлестік инвестициялық қор
D) акционерлік инвестициялық қор
E) корпорациялық инвестициялық қор
10. Үлестік инвестициялық қор қалай бөлінеді?
А) ашық және жабық
В) шартты және акционерлік
С) интервалды және корпорациялық
D) ашық,жабық,интервалды
E) дұрыс жауабы жоқ
Тақырып 11. Қаржылық нарықтағы брокерлі - дилерлік қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |