Бақылау сұрақтары:
1. Қаржы нарығына анықтама беріңіз?
2. Қаржы нарығының құрылымын атаңыз?
3. Капитал нарығын қалай түсінесіз?
4. Функциональдық тұрғыдан қаржы нарығы нені білдіреді?
5. Қаржы нарығының маңызды факторын атаңыз?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Қаржы нарығы дегеніміз не?
A) Бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі
B) Белгілі бір жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту
C) Жинақтау функциясын атқара отырып, халықтың шаруашылық жүргізуші субъектілердің және т.б. жинақтар секілді депозиттер түрі
D) Экономикалық санат ретінде түпкі есебінде оның мәнін қалыптастыратын құн қозғалысымен байланысты әлеуметтік экономикалық қатынас
Е) Сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесі
2. Қаржы нарығы бір-біріне байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын неше нарықтан тұрады?
А) 2
В) 3
С) 4
D) 5
E) 6
3. Қаржы нарығының бастапқы субстанциясы?
А) Несие нарығы
В) Валюта нарығы
С) Бағалы қағаздар нарығы
D) Депозит нарығы
E) Ақша нарығы
4. Қаржы нарығында тікелей қаржыландырудың жетіспеушілігін не толықтырады?
А) Делдалдар
В) Брокерлер
С) Диллерлер
D) Маклерлер
E) Барлық жауап дұрыс
5. Қаржы нарығында жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандай да бір табыс әкеледі?
А) Коммерциялық
В) Ақпараттық
С) Баға белгілеу
D) Бөлу
E) Реттеушілік
6. Қаржы нарығына қатысушылардың барлығы ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді?
А) Баға белгілеу
В) Бөлу
С) Ақпараттық
D) Коммерциялық
E) Реттеушілік
7. Қаржы нарығының негізгі функциялары нешеу?
А) 5
В) 4
С) 3
D) 2
E) 6
8. Операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушылардың арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық?
А) Ақша нарығы
В) Төлем функциясы
С) Есеп функциясы
D) Депозит нарығы
E) Несие нарығы
9. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттардың бір бөлігі одан әрі қалай бөлінеді?
А) Валюта нарығы
В) Бағалы қағаздар нарығы
С) Несие нарығы
D) Сақтандыру нарығы
E) Зейнетақы нарығы
10. Қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерінен қалыптасады?
А) Реттеушілік
В) Ақпараттық
С) Бөлу
D) Коммерциялық
E) Баға белгілеу
Тақырып 2. Капиталдар нарығы
Мақсаты: Капитал нарығына түсініктеме беріп, акцияның түрлерін ажырату мен облигация ерекшеліктерін ашу.
Жоспар:
1. Капитал нарығының түсінігі
2. Акциялар және олардың түрлері
3. Облигациялар және олардың ерекшеліктері
2.1 Капитал нарығының түсінігі
Латын тілінен аударғанда “капитал” сөзі “мүлік” деген мағынаны білдіреді және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғаш рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған. Капиталдың дамуы бірнеше кезеңдерден өтті:
Ф. Кейнс (физиократтар мектебі) – капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдарына жатады.
А. Смит (классикалық мектеп) – “капитал” ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қордан тұтыну қаражаттарынан шығады. Капиталдың басты мақсаты – өз иесіне табыс әкелу.
К. Маркс – капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. Капитал – тып-тыныш жатқан зат емес, ол қозғалыс. Капиталдың өсуі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып табылады.
Капитал – ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын “сатып алу қүшінің қоры”.
Капиталдың жеке акт ретінде емес, ұдайы қайталанып отыратын қозғалыс процессі капитал айналымы деп аталады. Капитал нарығы-инвестициялық қорлар сатып алынатын нарық.
Капиталды топтастыру:
Құның ауыстыру тәсілі бойынша
Қаржыландыру көздері бойынша
Пайдалану бағыттары бойынша
Капиталдың экономика тиімділігін жүзеге асыру үшін объективті тұрғыда негізгі 2 принципті ұстауы керек:
Кәсіпорын капиталы бір мезгілде 3 түрлі: ақша, өндіруші, тауар формасында болуға тиіс.
Егер капитал формасының ауысуы үздіксіз жүріп тұрса, кәсіпорын сондай жағдайда ғана табысты жұмыс істейді.
Егер капитал бірінші фазасында кідіріп қалса, онда ақша қазынаға айналады.
Капитал түрлері:
Негізгі капиталға – ғимарат, салынып жатқан құрылыс, жұмысшы машиналар мен жабдықтар, инвентарь, көлік құралы және т.б жатады. Негізгі құралдар шаруашылық құралдарының бір ғана емес, бірнеше айналыстарына қатысады.
Айналым капиталы – өндірістің айналым қорлары мен айналу қорларына салынған ақшалай қаржы.
Нарық бұл экономикалық қатынастарының жиынтығы, яғни еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай жасаушы, сатушы және сатып алушы арасындағы қатынас екендігін білдіреді. Экономикада нарық анықтамасы былай қарастырылады : бұл жеке тауар мен қызығушылардың, сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы байланысты реттеп отыратын механизм немесе институт. Нарық бұл өзімен, сатып алушылар мен сатушылардың жиынтығын көрсетеді. Нарық бұл сатып алушы мен сатушылардың бір-бірімен байланысқа түсіп бизнес жасайтын орталығы.
2.2 Акциялар және олардың түрлері
Акция дегеніміз - оны ұстаушының дивиденд жүргізгенде акционерлік қоғам пайдасынан белгілі алушы басқаруға қатысуға ол жойылғаннан кейін қалған мүліктің белгілі бір бөлігіне құқық беретін бағалы қағаз. Акцияның ұстаушыларын жеке, ұжымдық және корпаративті деп атайды.
Акционерлік қоғамға акцияны шығаруына төмендей жағдайлар себеп болады:
1. Акция қоғам инвесторға акция сатып алуға салынған капиталды қайтаруға міндетті емес.
2. Дивиденд төлеуге кепілдік бермейді.
3. Дивиденд мөлшері пайдаға тәуелсіз ақша бекітілуі мүмкін.
4.Шығарылған айнымалылардыларды сату есебінің ақша қаражатталарын ала отырып, эмитент оларды оларды өндірістік және иөндірістік емес негізгі және айналымдық қорларды қалыптастыруға жұмсау мүмкіндігіне ие болады.
Инвестициялардың акцияны сатып алуына себеп болатын жағдайдар:
1. Акцияларға салынатын капитал орнына дауыс беру құқығы.
2. Табыс алу құқығы яғни дивиденд формасында акционерлік қоғамының таза пайдасының белгілі бөлігін алады.
3. Нарықтағы акция бағасының өсуіне байланысты капиталдың өсуі.
4. Акционерлік қоғам бойынша өз акционеріне беруі мүмкін қосымша жеңілдетуі.
5. Акцияның жаңадан шыққан бөліктерін сатып алуының мүмкіндігінің жоғары болуы.
6. Акционерлік қоғам тарағаннан кейін қалған мүліктін белгілі бөлігін алу құқығы және барлық несие берушілермен есеп айырысу.
Акцияның негізгі ерекшеліктері:
1.Акция бұл - меншік нарығы, яғни акцияны ұстаушы акциондық қоғамдық меншік иесі бола алады.
2. Оның шектеулі мерзімі жоқ.
3. Оның реттік номері.
4. Шығарылған күні.
5. Акцияның түрі.
6. Номинал құны
7. Ұстаушының аты.
8. Акцияның шығарылған күндегі жарғылық қордың мөлшері.
9. Дивиденд төлеу мерзімі.
10. АҚ-ның басқармасының төрағасының қолы.
11. Мөрдің орны.
Акцияны бес түрге байланысты топтастырады:
1. Құқық көмегіне байланысты қарапайым акция және артықшылығы бар акция.
Қарапайым акция барлық құқықты толық иеленеді, ал артықшылығы бар акция акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығын бермейді. Акцияның артықшылығы жарғыда дивиденд мөлшері анықтайды немесе қоғам тараған кезде төленетін құн қатаң ақша соммасымен немесе артықшылығы бар акцияның номинал құнына сәйкес %-пен анықталады.
2. Акционерлік қоғам түрлеріне байланысты ашық акционерлік қоғам және жабық акционерлік қоғам деп екіге бөлінеді.
3. Кәсіпорынды дамытуға қаржы тартуға байланысты еңбек ұжымының акциясы және кәсіпорын акциясы болып бөлінеді.
4. АҚШ-тың жарғысындағы көрінісіне байланысты таратылған және жарияланған акцияларға бөлінеді.
Таратылған акциялар дегеніміз - акционерлер сатып алынған акциялар.
Жарияланған акциялар дегеніміз - таратылған акцияларға қосымша шығарған акциялар.
5. Билік жүргізу сипатына байланысты атаулы және ұсынылатын акцияларға бөлінеді
Дивиденд дегеніміз - акционерлік қоғамның ағымдағы жылының таза пайдасы есебінен акционер алынатын табыс. Дивидендті акционерлік қоғамның жағдайларына қарай ақшамен немесе басқа мүлікпен төлеуге болады. Егер дивиденд орнына акция берілсе, табысты капиталдандыру немесе реинвестициялау деп атайды.
Дивидендті төлеу мерзімін Акционерлік қоғам бекітеді. Ол жылдық және аралық болуы мүмкін. Жылдық дивиденд төлеу туралы шешімді директорлар кеңісінің ұсынысы бойынша жалпы жиналысында қабылданды, ал аралық дивиденд төлеу туралы шешімді директорлар кеңесі қабылданды.
Акцияға салынатын инвестиция қаржылық инвестицияның бірі болып табылады. Нарықтық орташа мөлшерден жоғары табыспен қамтамасыз ете алатынын акцияға салым салу түсімді болып табылады. Акцияны сатқаннан кейін ұстаушы курстың құның өсіміне ие болады. Акция бойынша табысты есептеу инвестициялық кезеңге тәуелді.
Акцияның түсімділігіне әсер ететін негізгі факторлар: дивидендтік төлем мөлшері, нарықтық бағаның ауытқуы, салықтың жағдайы, инвестицияның деңгейі. Акция мен облигацияның арасындағы айырмашылық төмендегідей. Акцияны сатып алған инвестор эмитент – компанияның меншік иелерінің бірі болады. Эмитент – компанияның меншік иелерінің бірі болады. Эмитент- компанияның облигациясын сатып алған инвестор несие беруші болады. Оның сыртында акциядан облигацияның айырмашылығы - айналым мерзімі шектеулі.
2.3 Облигациялар және олардың ерекшеліктері
Облигацияның акциядан мынадай артықшылығы бар:
1) Алдымен облигация бойынша пайыздар төленеді, дивиденд содан кейін ғана төленеді;
2) АҚ таратылған жағдайда мүлік бөлген кезде акционерлер эмитент барлық қарызды, соның ішінде облигациялық қарызды төлегенен кейін қалған мүлікті бөліседі. Егер акция иесіне эмитент – компания басқаруға құқық берсе, облигация қарыз инструменті болғандықтан, ондай құқық бермейді.
Облигация-номинал құны немесе басқа да мүліктік эквивалентті шығаратын тұлғадан осыларды өз иесінің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал құнынан немесе басқа да мүліктік құқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді.
Облигация – бұл элементтің қарыздық міндеттемесін растайтын құжат, ал оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару – капитал нарығының бір формасы.
Облигациялар акциялар секілді әртүрлі корпорацияға арналған инвестицияның маңызды көзі ретінде қызмет етеді. Алайда бұл бағалы қағаздардың бір-бірінен көп айырмашылығы бар. Олар :
1) Облигациялардың иесі несие беруші болып табылады, ал акционерлер- корпорация меншік иелерінің бірі.
2) Облигацияның иесі эмитенттің табысына қарамастан облигация бойынша пайыз алады. Акционерлер дивиденттерді алуы мүмкін, бірақ олар жай акцияның иелері үшін тіркелмейді, әрі табыс болмаған жағдайда төленбейді.
3) Облигация иелерінің дауыс құқығы болмайды, олар акционерлердің жиналысына, корпорацияны басқаруға қатыспайды. Акционер өзінің мүліктің мүдесіне қатысты барлық мәселелерді шешуде дауыс құқығына ие болады.
4) Облигация бойынша корпорацияның шығынына жатқызады және салық салынатын табысты кемітеді.
5) Облигациялар әдетте белгілі бір мерзімге шығарылады, ал акциялар мерзімсіз бағалы қағаз болып табылады.
Олар бірнеше түрлерге бөлінеді :
Эмитентіне байланысты:
1) Мемлекеттік
2) Муниципалдық
3) Корпоративтік
4) Шетелдік
Қарыздық мерзіміне қарай :
-қарызды өтеу күші бойынша :
1) Қысқа мерзімді 1 жыл
2) Орта мерзімді 1-3 жыл
3) Ұзақ мерзімді 3-5 жыл
4) Өтеу мерзімі тіркелмейтін облигациялық қарыз
Айналысына қарай :
1) Еркін айналыста болады
2) Айналыс шеңбері шектеулі
Өтеу әдісіне қарай :
1) Бір реттік.
Бақылау сұрақтары:
1. Капитал нарығы дегеніміз не?
2. Капиталдың қандай түрлері ажыратылады?
3. Акцияны қалай түсінесіз?
4. Акция мен облигацияның қандай ерекшеліктері бар?
5. Облигацияның түрлерін атаңыз?
Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
1. Капитал нарығы өз кезегінде кандай екі топқа бөлінеді?
А) Ссудалық капитал нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы
В) Бағалы қағаздар нарығы және үлестік бағалы қағаздар нарығы
С) Туынды және үлестік бағалы қағаздар нарығы
D) Ссудалық капитал нарығы және борышты бағалы қағаздар нарығы
E) Ссудалық капитал нарығы және үлестік бағалы қағаздар нарығы
2. Акция бір акционерден екіншісіне берілу тәсілі бойынша қалай бөлінеді?
А) атаулы,ұсынбалы
В) ақшалай,құжаттандырылған
С) расталған,расталмаған
D) аудармалы,жаңартпалы
Е) өтелген,өтелмеген
3. ҚР заңдарына сәйкес акционерлік қоғам құжаттандырылған формадағы қандай акцияларды шығара алады?
А) ұсынбалы
В) айырбасталатын
С) кумулятивті
D) ордерлі
Е) атаулы
4. Ұзақ мерзімді облигация қандай мерзімді қамтиды?
А) 1 жылға дейін
В) 1 жылдан 3 жылға дейін
С) 3 жылдан 25 жылға дейін
D) 3 жылдан 20 жылға дейін
Е) 3 жылдан 15 жылға дейін
5. Акция номиналы дегеніміз не?
А) акцияның құны
В) акцияның бағасы
С) бұл оның бет жағындағы көрсетілген жазуы
D) акцияның нарықтық бағасы
Е) дұрыс жауап жоқ
6. Облигация эмитентіне байланысты нешеге бөлінеді?
А) 2
В) 3
С) 5
D) 4
Е) 6
7. Эмитенттің акция шығаруға түрткі болатын жағдайлар?
А) дивидент төлеуге кепілдік бермейді
В) акция салынған капитал орнына дауыс беру құқығын алады
С) дивидент мөлшері пайдаға тәуелді
D) акционерлік қоғам өз акционерлеріне жеңілдіктер береді
Е) дұрыс жауап жоқ.
8. ҚР-да артықшылықты акцияның неше түрі бар?
A)5
B)4
C)2
D)3
E)6
9. Облигация эмитентіне байланысты қалай жіктеледі?
A) мемлекеттік, шетелдік
B) муниципалдық, атаулы
C) сериялды, корпоративтік
D) мемлекеттік, атаулы
E) бір реттік, сериялды
10. Акция мен облигация айырмашылықтарынан қате жауапты табыңыз?
A)облигация белгілі бір мерзімге шығарылады, ал акция мерзімсіз
B)акция иелерінің дауыс құқығы болмайды, облигация өзінің мүліктік мүддесіне қатысты барлық мәселелерді шешуде дауыс құқығына ие болады
C)облигациялардың иесі несие беруші, ал акционерлер корпорация меншік иелерінің бірі
D) облигация иелерінің дауыс құқығы болмайды, акция өзінің мүліктік мүддесіне қатысты барлық мәселелерді шешуде дауыс құқығына ие болады
E)дұрыс жауабы жоқ
Тақырып 3. Ақша нарығы
Мақсаты: Ақша нарығының түсінігін ашу, вексельдердің түрлеріне және депозиттік сертификаттардың ерекшеліктеріне тоқталу.
Жоспар:
1. Ақшалай нарығының түсінігі
2. Банктік акцептер мен олардың ерекшеліктері
3. Коммерциялық вексельдер. Қарапайым және аудармалы вексельдер
4.Депозиттік сертификаттардың түрлері
3.1 Ақшалай нарығының түсінігі
Ақша нарығы дегеніміз – ұлттық несие немесе депозит рыноктарының жиынтығы, мұнда Орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды. Олардың атқаратын қызметтері: зайымдарды орналастыру, қысқа мерзімге инвестициялауға құралдарды және ссудаларды ұсыну болып табылады. Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу арқылы нарық қызметін реттеуді қамтамасыз етіп отырады. Ақша нарығына қатысушылар, яғни мемлекет, фирма, жеке тұлғалар әдете қысқа мерзімді несие жүргізеді (олардың мерзімі 1 ден 120 күнге дейін).
Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады және олардың бүгінгі күні жағдайын толық аяқталған кезеңге жатқызуға болмайды. Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды: тауарлар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады, осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді. Тауар-эквивалентке қойылатын талап:
Бөлінушілік;
Ықшамдылық;
Біртектілік.
ҚР аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен мынадай операциялар айналымда қолданылады:
Қолма-қол ақшаны табыстау;
Чек беру;
Вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;
Төлем карточкаларын пайдалану;
Борыштық қолхаттардың айналымы.
Мемлекеттік облигациялар ақша нарығының маңызды қаржы құралы болып табылады. Сонымен қатар осы нарықта маңызды ролді коммерциялық қағаздар ойнайды.
Экономикалық субъектілердің ағымдағы өтімділігін қамтамасыз ету үшін, олардың қызметінің маңызды ролін ақша нарығы атқарады. Өз кезегінде айтып кететін бір жайт, ақша нарығы 3 бөліктерден кұралады. Олар:
1. Дисконттық нарық;
2. Банкаралық нарық;
3. Валюталық нарық;
Дисконттық нарық – бұл экономикадағы ақша-несие қызметін реттеудегі маңызды ролді атқарады. Ал оның маңызыдылығы, ақшаның экономикаға бірқалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Дисконттық нарықтың операторлары болып Орталық банк пен коммерциялық банк табылады.
3.2 Банктік акцептер мен олардың ерекшеліктері
Банкаралық несие – ақша нарығының маңызды сегменті болып табылады. Бұл нарықта коммерциялық банктер бірін-бірі несие арқылы пайда табады. Банкаралық несие “РЕПО” келісімі негізінде жүргізіледі. Операцияға екі жақ қатысады. Операцияға қатысатын бір жақ екінші жаққа өзінің бағалы қағаздарын сатады және осы қағаздарды белгіленген күнде немесе екінші жақтың талабы бойынша қайтып сатып алуға міндеттеме алады. Бұл міндеттеме екінші жақтың сатып алған бағалы қағазды қайтып сатамын деген міндеттемесімен бірдей.
Бағалы қағаздарды сатқандағы бағамен қайтып сатып алғандағы бағаның арасында айырмашылық болады. Бұл айырмашылық бағалы қағазды сатып алушы жақтың (яғни бірінші сатқан жақтың) табысы болып табылады. Іс – тәжірибеде табыс РЕПО операциясының ставкасымен анықталады. Аталған операция РЕПО операциясының бірінші бөліміне жатады.
Кері (обратное) РЕПО операциясы деп жоғарыда аталған операцияның бағалы қағазды сатып алушы екінші жақтын тұрғысынан қарағандағы операцияны айтады.
РЕПО операциялары екі жақтың арасында жасалатын келісім – шарт негізінде жүргізіледі.
РЕПО операциясының басқа да анықтамалары кездеседі : 1) бағалы қағаздармен қамтамасыз етілген кредит; 2) бағалы қағаздармен кепілденген кредит.
Ұзақтығы жағынан (мерзімі) РЕПО операциясы : бір күндік (түнділік); 2) ашық (мерзімі көрсетілмеген; 3) мерзімге жасалған операция болып бөлінеді. Операцияның мерзіміне оның ставкасы байланысты.
Коммерциялық банктер РЕПО операцияларын қор биржаларында бағамы бар (котировкасы) бағалы қағаздармен жүргізеді, атап айтқанда:
• мемлекеттік құнды қағаздармен;
• мемлекет атынан кепілденген құнды қағаздармен;
• жоғарғы сыныптағы коммерциялық вексельдермен;
• биржада айналымда болатын ірі өндіріс компанияларымен , банктердің акцияларымен және облигацияларымен;
• депозиттік сертификаттармен;
Егер құнды қағаздар биржада бағаланбаса (котировкасы болмаса), онда олардың бағасын банк өзінде бар ақпараттар негізінде (баланстар, қаржылық есептер, т.б.) өзі бағалайды. Бағалы қағаздарды сатып алу құны олардың сенімділігіне, өтімділігіне, РЕПО операциясының мерзіміне байланысты. Әдетте сатып алу құны бағалы қағаздардың нарықтағы бағасының 50-90% құрайды. Басқаша айтқанда бағалы қағаздардың нарықтағы бағасы дисконтталады.
3.3 Коммерциялық вексельдер. Қарапайым және аудармалы вексельдер
Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.
Вексель айналымының қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол
ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы деген атауды иеленеді.
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келеді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз — кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өту арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады. Сатып алушы-кәсіпорын, тауарларды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады.
Сонымен вексель — несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады. Вексель айналысында бірнеше тұлға катысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы ретінде беріледі.
Вексельдік несие — банктің сенімді клиенттеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналды құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.
Кор рыноктарында, векселдерді есепке алу мен қайта есепке алу мәмілелерінде делдал ретінде әрекет ететін вексель делдалдары. Вексель сомасынан белгілі бір пайыз түрінде комиссиялық сыйақы алады. Құнды қағаздарды сату арқылы банктерден несие ала отырып, олар мемлекеттік қарыздарды орналастыру бойынша агенттер болып шығады.
Коммерциялық несиені бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлақ формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъект коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады.Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге жағдай тудырады.
Вексель – бұл сатып алушы-қарызгердің жабдықтаушының алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.
Вексельдің қолдан оған өтуі барысында табыстау жазбасы–индоссамент жасалады.
Жай вексель (соло) – вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде кірсетiлген соманы бiлгiлi бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен негiзделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келiсiмiн бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесi бетiндегi индоссамент (басқа бiреуге аударуып жазу) көмегiмен айналыста жүре бередi. Аудару туралы қолдардың көбеюiне байланысты вексель айналысы ұлғая түседi және мұндағы әр индоссант вексель бойынша мiндеттемеге бiрлесiп жауап бередi.
Жай және аудармалы вексель - коммерциялық вексельдiң түрлерi ретiнде қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельдi мынадай түрлерге бөледi: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық (банктiк) вексель – белгiлi бiр ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық мiндеттеме.
Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның мiндеттемесi. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель кейiннен банкте оларды есепке алу мақсатында бiр бiрiне берiледi.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етiлмеген қарыздық мiндеттеменi бiлдiредi.
Вексельдiң келесiдей өзiне тән қасиеттерi бар:
дерексiздiк, яғни вексельде мәмiленiң нақты түрiнiң көрсетiлмеуi;
даусыздық, яғни протест туралы актiнi нотариуспен жасағаннан кейiн тиiстi шара қолданылға дейiнгi қарыздың мiндеттi түрде төленуге тиiстiгi;
айналымдылық, яғни басқа бiр тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретiнде вексельдiң берiлуi.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданға дейiн және онан кейiн де вексель айналысы дамып келедi.
3.4 Депозиттік сертификаттардың түрлері
Депозиттік сертификат — эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы, салымшы немесе оның құқық кабылдаушының мерзiмi аякталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша куәлiк.
Депозиттік сертификат — кiрiстi бағалы қағаздың бiр түрі, сол себептi ол сатылған тауар немесе көрсетiлген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бiр заңды тұлғадан екiншiсiне жолдауда шектеулер болады. Талап ету құқын ұсыну — цессия, ол Депозиттік сертификаттың сырткы бетінде екi жақта мәмілемен ресiмделедi: өз құқын ұсынушы тұлға — цедент пен құқық алушы цессионарий. Сертификатты қайтару мерзiмi жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетiн шот көрсетiлген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқын ұсыну туралы келiсiмнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкiлеттi тұлғалар аты-жөнiн, мөрінің және қолдарының сәйкестiгiн тексередi.
Депозиттік сертификаттардың екi түрі болады:
— жолданбайтын - салымшыда сақталады және төлем мерзiмi жеткенде банкке ұсынылады;
— жолданатын - екiншi нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуi мүмкін.
Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез келген мерзiмге тиiмді инвестициялауға көмектеседi, ал қажет болған жағдайда сертификаттарды тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады.
Сертификаттар келесі белгiлерi бойынша бөлінедi:
• Шығарылуы бойынша:
- бiр рет;
- сериямен шығарылатын.
• Ресiмдеу тәсілі бойынша:
- арнайы;
- ұсынушыға.
• Төлеу шарттары бойынша:
- анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейiн пайыздың мөлшерi үнемі
• Төленіп тұратын сертификаттар;
- сертификатты өтеу күнi пайызы төленетiн сертификаттар.
Депозиттік сертификаттарды жаңа шығарымдармен, салымның басқа түрлерiне немесе талап етiлмелi депозиттерiне қолма-қол емес аударымдармен және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.
Банкте шығарылатын сертификаттарды баспалық тәсілмен шығарылуы және осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Сертификаттарда мiндеттi түрде келесi деректемелер болуы тиiс:
аты;
сертификатты ұсыну себебi;
ұсыну күні;
салым сомасы;
депозитке енгiзiлген соманы қайтаруға банктің сөзсiз мiндеттемесi;
сертификат сомасын талап ету күнi;
пайыз мөлшерi және есептелетiн пайыз сомасы;
эмитент банктiң аты және мекен-жайы;
банк мөрiмен бекiтiлген осындай мiндеттемелерге қол қоюға өкiлеттi екi тұлғаның қолы.
Банк сертификаттар шығарады және меншiктi сертификаттарды шығару мен орналастыру шарттарын еркін дайындайды. Өз сертификаттардын тиiмдi орналастыру үшін банктер келесi мiндеттемелерді назарға алады:
инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;
пайыздық мөлшер қайта қараудың икемді механизмі;
шығарымды стандартты шарттарын ;
номинал құны және қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;
кең жарнаманы.
Жай депозиттiк сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салымдармен салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие:
сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейеді;
екiшi нарық аркылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сақтаған мерзімі
үшін кiрiс ала отырып, банк ресурстарының көлемiн өзгертпей-ақ жедел сатуы мүмкін.
Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелi шоттары мен мерзiмдiк салымдардағы кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды.
Мерзiмдiк салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетiспеушiлiгi оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы.
Депозиттік және жинақ сертификаты - бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
- Атаулы сертификаттар;
- Мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттар сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
Аударылатын;
Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу - сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты да жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.
Еліміздегі қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда даму үстінде өзімізге белгілі депозит банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Бұл ресурстардың көбеюі, қосымша несиелік ресурстардың көбеюін қалыптастырады.
Депозиттік операциялардың дамуына әсер ететін бірден – бір көрсеткіш, бұл халықтың сенімділік дәрежесін арттыру үшін банктер өз алдына осы бағытта арнайы стратегиялар қабылдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |