Спланхнология бөлімі бойынша студенттердің білімдерін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
Спланхнология ілімі нені зерттейді?
А. Әртүрлі органдарды
В. Ішкі мүшелер жүйесін зерттейтін ілім+
С. Асқорыту аппаратын зерттейтін ілім
Д. Қан айналым жүйесін зерттейтін ілім
Е. Ішкі және секреция бездерін зерттейтін ілім
Висцеральды жапырақшалар нені жауып түрады?
А. Қуыс қабырғасын
В. Жамбас қуысын
С. Ішкі мүшелерді+
Д. Көкірек қуысын
Е. Қуыстан тыс жерлерді
Ауыз қуысына қандай мүшелер жатады?
А. Негізгі ауыз қуысы, еріндер, иектер, күрек тістер, қатты таңдай, тіл
В. Негізгі ауыз қуысы, ауыз қуысының кіреберісі, ұрт, тістер, таңдайлар
С. Ауыз қуысының кіреберісі, ұрт, тістер, таңдайлар
Д. Ауыз қуысының кіреберісі, еріндер, ұрт, тістер, қатты және жұмсақ тайдай
Е. Еріндер, ұрт, қызыл иек, тістер, қатты және жұмсақ таңдай, тіл+
Pharynx, оның топографиясы
А. Жұтқыншақ – ауыз қуысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастыратын мүше+
В. Өңеш – жұтқыншақты қарынмен жалғастырады
С. Қуысты мүше, қапшық сияқты кеңейген бөлік
Д. Көмекей – бас қаңқасы мен мойын арасында жұтқыншақтың астында, төменгі жақ сүйегінің бұрышының аумағында
Е.
Иттің тұрақты тіс формуласын көрсетіңіз
А. 3.1.4.2
3.1.4.2 (42) +
В. 3.1.3.3
3.1.3.3 (40)
С. 0.0.3.3
4.0.3.3 (32)
Д. 3.1.4.3
3.1.4.3 (44)
Oesaphagus неше бөліктен тұрады
А. Мойын, көкірек, құрсақ+
В. Бас, кеуде, құрсақ, жамбас
С. Бас, ортаңғы, алдыңғы, артқы
Д. Ішкі және сыртқы
Е. Омыртқа, құрсақ және жамбас
Алдыңғы ішек (бөлім) неден тұрады?
А. Ауыз қуысынан, жұтқыншақтан С. Жіңішке және соңғы бөлім
В. Өңеш және қарын + Д. Ортаңғы және жіңішке бөлім
Е. Ащы және жуан ішектер
Rumen қарынның топографиясы
А. Құрсақ қусының оң және сол жағында орналасады
В. Құрсақ қуысының оң жағында орналаасады
С. Құрсақ және көкірек қуысының сол жағын алып жатады+
Д. Құрсақ қуысының сол жағын алып жатады
Е. Көкірек қуысында орналасады
Қандай дене қуыстарын білесіз?
А. Жамбас, қынап, көкет керегесі
В. Жамбас, көкірек, құрсақ+
С. Жамбас, париетальды, шырышты, іш қуысы
Д. Жамбас, висцеральды, шырышты, іш қуысы
Е. Бас, ауыз, мұрын
Түтікше, қуыс мүшелердің қабықтарын көрсетіңіз
А. Шырышты, париетальды, висцеральды
В. Бұлшықетті, плевра, адвентиция
С. Кілегейлі, бұлшықетті, сірлі (адвентиция) +
Д. Париетальды, висцеральды, плевральды
Е. Плевральды, перикардиальды, перинатальды
Құрсақ қуысы қалай аталады?
А. Cavum abdominis+
В. Cavum pelvis
С. Cavum thoracis
Д. Cavum nasi
Е. Cavum oris
Жұтқыншақтың кіреберіс тесіктері
А. Екеуі орталық құлаққа, үшіншісі көмекейге, төртіншісі - өңешке
В. Екеуі мұрын қуысынан – хоаналар, біреуі ауыз қуысынан+
С. Екеуі орталық құлаққа, біреуі ауыз қуысынан
Д. Екеуі мұрын қуысынан, біреуі құлақтан
Е. Екеуі ауыз қуысынан, біреуі мұрын қуысынан – хоана
palatum durum et palatum molle қай бөлімге жатады және маңызы неде?
А. Ауыз қуысының аумағын құрап, оны кеңістікке бөліп тұрады
В. Ауыз қусының түбін құрап, оны жұмсақ таңдайдан бөліп тұрады
С. Ауыз қусының төбесін құрайды, оны мұрын қуысынан бөліп тұрады+
Д. Ауыз қуысының қабырғасын құрап, оны ұрттан бөліп тұрады
14. Cavum нені білдіреді?
А. Кілегейлі қабық
В. Етті қабық
С. Қуыс+
Д. Түтік
Е. Сірлі қабық
15. Ас қорыту бөлімдерін көрсет:
А. Бас, алдыңғы, ортаңғы, артқы+
В. Басты, алдыңғы, аралық, қосымша, соңғы
С. Алдыңғы, аралық, ортаңғы, артқы
Д. Орталық, шеткі, артқы
16. Қызметіне қарай тістер қалай бөлінеді:
А. Қысқасауытты және ұзынсауытты
В. күрек, сойдақ, алдыңғы азу және нағыз азу+
С. Тіс сауыты, тіс мойыны, түбірі
Д. Сүт тіс және тұрақты тістер
Е. Тіс кіреукесі, дентин, тіс жұмсағы
17. Жұтқыншақтың шығаберіс тесіктері:
А. Екеуі ауыз қуысынан, біреуі мұрын қуысынан – хоана
В. Екеуі мұрын қуысынан – хоаналар, біреуі ауыз қуысынан
С. Екеуі орталық құлаққа, біреуі ауыз қуысынан
Д. Екеуі мұрын қуысынан, біреуі құлақтан
Е. Екеуі орталық құлаққа, үшіншісі көмекейге, төртіншісі - өңешке+
18. Күйіс қайтаратын жануарларда қарынның қай бөлігі безді болып келеді?
А. Мес қарын
В. Жұмыршақ
С. Қатпаршақ
Д. Ұлтабар+
Е. барлық бөлігі
Париетальды қабық қай жерде орналасқан?
А. Қуыс қабырғасын +
В. Жамбас қуысын мен мүшелерді
С. Ішкі мүшелерді
Д. Көкірек қуысын мен мүшелерді
Е. Құрсақ қуысы мен мүшелерді
Перитонеум деген ұғым нені білдіреді:
А. Көкірек қуысының кілегейлі қабығы
В. Жүрек маңайындағы қуыстың қабығы
С. Ішкі мүшелерді ішкі жағынан көмкеретін қабық
Д. Құрсақ қуысы қабырғасын ішкі жағынан жауып тұратын қабық+
Е. Өкпенің тұсындағы қуыстың қабығы
Жамбас қуысы қалай аталады?
А. Cavum abdominis
В. Cavum pelvis +
С. Cavum thoracis
Д. Cavum nasi
Е. Cavum oralis
Ас қорыту аппаратының құрылысын көрсетіңіз:
А. Apparatus digestorius – бас, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдер+
В. Apparatus digestorius – алдыңғы, жіңішке ішек және жуан ішек бөлімдері
С. Apparatus digestorius – бас, ортаңғы және соңғы бөлімдер
Д. Apparatus digestorius – бас, ортаңғы және перифериялық бөлімдер
Е. Apparatus digestorius – білікті және шеткі бөлімдер
linqua s. glossa қандай мүше және неден тұрады?
А. Таңдай, ауыз қуысында орналасады, көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған
В. Ұрт, терілі-етті мүше, оның түбірі, денесі, арқасы, ұшы, арнайы бұлшықеттері болады
С. Тіл, бұлшық етті мүше, оның түбірі, денесі, арқасы, ұшы, арнайы бұлшық еттері болады+
Д. Ерін, терілі-етті мүше, оның түбірі, денесі, арқасы, ұшы, арнайы бұлшық еттері болады
Е. Ауыз қуысы, үш қабаттан тұрады
Жылқының тұрақты тіс формуласын көрсетіңіз:
А. 3.1.4.2
3.1.4.3 (42)
В. 3.1.3.3
3.1.3.3 (40) +
С. 0.0.3.3
4.0.3.3 (32)
Д. 3.1.4.3
3.1.4.3 (44)
25. Ауыз бездерінің қандай түрлерін білесіз?
А. glandulae oris – сілекей, ішек, ішкі секреция бездері
В. glandulae oris - өңеш, сілекей, қарын
С. glandulae oris – кардиальды, фундальды, пилорустық
Д. glandulae oris – сілекей, құлақ түбі, төменгі жақ, тіл асты+
Е. glandulae oris – эндокринді және экзокринді бездер
Өңештің латынша атауын жазыңыз және топографиясын көрсетіңіз:
А. Cavum oris – ауыз қуысы
В. Ventriculus, gaster - қуысты орган, қапшық тәрізді кеңейген бөлік
С. Pharynx – ауыз қуысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастыратын мүше
Д. Larinx – бас қаңқасы мен мойын арасында жүтқыншақтың астында, төменгі жақ сүйегінің бұрышының аумағында
Е. Oesophagus – жұтқыншақты қарынмен жалғастырады, 3 бөлігі болады: мойын, көкірек, құрсақ+
Плевраны көрсетіңіз:
А. Көкірек қуысын ішкі жағынан көмкеретін қабық
В. Жүрек маңайындағы қуыстың кілегейлі қабығы
С. Ішкі мүшелерді ішкі жағынан көмкеретін қабық
Д. Құрсақ қуысын ішкі жағынан көмкеретін қабық+
Е. Жамбас қуысының қабығы
Көкірек қуысы қалай аталады?
А. Cavum abdominis
В. Cavum pelvis
С. Cavum thoracis +
Д. Cavum nasi
Е. Cavum oris
Ішкі мүшелер қабықтарын көрсетіңіз
А. Шырышты, париетальды, висцеральды
В. Бұлшықетті, плевра, адвентиция
С. Кілегейлі, бұлшықетті, сірлі (адвентиция)
Д. Париетальды, висцеральды, плевральды+
Е. Адвентиция, висцеральды, перитонеальды
Қарынның латынша атауын жазып, камералар санына байланысты жіктелуін көрсет:
А. Ventriculus, s. gaster – бір және екі бөлімді қарын
В. Ventriculus, s. gaster – бір және төрт бөлімді қарындар+
С. Ventriculus, s. gaster – бір және безді қарындар
Д. Ventriculus, s. gaster – безді және безсіз қарындар
Е. Ventriculus, s. gaster – безді және аралас қарындар
Ішкі мүшелер жүйесінің түрлері:
А. Паренхиматозды мүшелер: дәнекер, бұлшықетті мүшелер
В. Қуысты түтікшелер, кілегейлі, шырышты, бұлшықетті қабықтармен көмкерілген
С. Алғашқы түтіктің туындысы, түтік тәрізді және қмақты мүше
Д. Түтік тәрізді және етті мүше
Е. Түтікше іші қуыс және паренхиматозды мүшелер+
Перитонеум деген ұғым нені білдіреді:
А. Көкірек қуысының шырышты қабығы
В. Жүрек маңайындағы қуыстың қабығы
С. Ішкі мүшелерді ішкі жағынан көмкеретін қабық
Д. Құрсақ қуысын ішкі жағынан жабатын қабық +
Е. Жамбас қуысыны ішкі жағынан жабатын қабық
33. Сиырдың тұрақты тіс формуласын көрсетіңіз:
А. 3.1.4.2
3.1.4.3 (42)
В. 3.1.3.3
3.1.3.3 (40)
С. 0.0.3.3
4.0.3.3 (32) +
Д. 3.1.4.3
(44)
34. Иттің тілінің басқа малдарға қарағанда ерекшелігі
А. Ұшы үшкірлеу болады
В. Конусша емізікшелері болады
С. Тіл жастығы болады
Д. Тілдің ортасында тіл сайы болады+
Е. Тілдің ортасында тіл қатпары болады
Ішкі мүшелердің барлығына тән қабықтарды көрсетіңіз:
А. Шырышты, париетальды, висцеральды
В. Бұлшықетті, плевральды, адвентиция
С. Кілегейлі, бұлшықетті, сірлі (адвентиция)
Д. париетальды, висцеральды, перитонеальды
Е. Кілегейлі, етті, шырышты+
Иттің қарынының қандай ерекшелігі бар?
А. Безді қарын
В. Безсіз қарын +
С. Безді-безсіз қарын
Д. Аралас қарын
Е. Ішекті қарын
Құрсақ қуысы қалай аталады?
А. Cavum abdominis+
В. Cavum pelvis
С. Cavum thoracis
Д. Cavum nasi
Е. Cavum oris
38. Ортаңғы ішек қалай аталады?
А. Ауыз қуысы
В. Өңеш және қарын
С. Ішектің жіңішке бөлімі+
Д. Жуан ішек
Е. Тоқ ішек
Қарынның латынша атауын жазып, камералар санына байланысты жіктелуін көрсет:
А. Ventriculus, s. gaster – бір және екі бөлімді қарын
В. Ventriculus, s. gaster – бір және төрт бөлімді қарындар+
С. Ventriculus, s. gaster – бір және безді қарындар
Д. Ventriculus, s. gaster – безді және безсіз қарындар
Е. Ventriculus, s. gaster – безді және аралас қарындар
Ұйқы безі, оның морфологиясы және топографиясы
А. Қомақты, бірнеше бөліктерден тұрады, ұзын шажырқайға ілініп тұрады
В. Паренхиматозды мүше, пішіні әртүрлі, он екі елі ішектің S тәрізді иілімінде немесе оның аумағында орналасады+
С. Паренхиматозды, қуысты мүше, қысқа шажырқайға ілініп тұрады
Д. Түтікше мүше, пішіні домалақ, екі шажырқайға да ілініп тұрады
Достарыңызбен бөлісу: |