Энциклопедия indd



жүктеу 2,93 Mb.
Pdf просмотр
бет1/116
Дата24.01.2020
өлшемі2,93 Mb.
#27241
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116


ПАВЛОДАР  ОБЛЫСЫНЫҢ  МӘДЕНИЕТ  БАСҚАРМАСЫ
С. ТОРАЙҒЫРОВ  АТЫНДАҒЫ  ОБЛЫСТЫҚ  БІРЛЕСКЕН
ӘМБЕБАП  ҒЫЛЫМИ  КІТАПХАНА
С. ТОРАЙҒЫРОВ  АТЫНДАҒЫ  
ОБЛЫСТЫҚ  КІТАПХАНА
КІТАПХАНА  ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ
ПАВЛОДАР, 2011


УДК 02 (031)
ББК 78,3я2
С 11
Шығаруға жауапты: 
Шахметова Ш.Б.
Редакция алқасы
Жиенбаева М.Ә., Шахметова Ш.Б., Құдайбергенова Г.Э.,  
Жанкаринова С.А., Байжанова Б.Б., Ермакова Т.Б., Иванова Г.Е.,  
Исакаева М.Ж., Гончарова М.Л., Сүлеева Ғ.З., Омарова Б.М.,  
Казанцева А.А., Жүнісова К.Э., Жылқыбекова А.А., Батталова Қ.Б.,  
Шайкенова Н.Г., Қажыбаева Ж.К.
С.  Торайғыров  атындағы  облыстық  кітапхана:  кітапхана 
энциклопедиясы  =  Областная  библиотека  им.  С.  Торайгырова:  би-
блиотечная энциклопедия. – Павлодар: ЭКО, 2011. – 258 б. – қазақша, 
орысша.
ISBN 9965-08-602-8
ҚР  Тәуелсіздігінің  20  жылдығына  және  С.  Торайғыров  атындағы  облыстық 
кітапхананың 115 жылдығына орай басылған «С. Торайғыров атындағы кітапхана» 
атты  кітапхана  энциклопедиясында  екі  тілде  кітапхананың  тарихы  фактілерде, 
оқиғаларда  және  адмадарында  көрсетілген.  Кітапханашыларға,  мәдениет  меке-
мелерінің қызметкерлеріне, өлкетанушыларға, оқушылар мен студенттерге, оқыр-
мандардың кең тобына арналған.
УДК 02 (031)
ББК 78,3я2
ISBN 9965-08-602-8
© С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, 2011
С 11


3
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
Құрастырушыдан
Кітапхана  энциклопедиясының  шығарылымы  ҚР  Тәуелсіздігінің 
20  жылдығына  және  С.  Торайғыров  атындағы  облыстық  кітапхананың 
115 жылдығына арналған. Павлодар Ертіс Өңірі – бұл  мәдениеті жоғары 
әлеуетті  аймақ,  онда  275  көпшілік  кітапхана,  екі  кәсіби  театрлар,  әр 
бағдардағы  ондаған  мұражайлар,  көптеген  тарихи  ескерткіштер  мен 
сәулеттер бар. Осы қатарда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана 
ерекше орын алады. Кітапхана тарихында біздің елдің жеңіл емес тарихы 
байқалады: уездік қала өмірі, бірінші әлемдік соғыс, революция, азаматтық 
соғыс, коллективтендіру, Ұлы Отан соғысы, тың игеру, тоқырау жылдары, 
қайта құру, Тәуелсіз Қазақстанды құру. Өзінің ұзақ тарихында, облыстық 
кітапхана кітап қазынасына айналды. Кітапхана авторлар құрамы, тақырып 
мазмұны, басылып шығу жылдары бойынша бірегей кітап жинағын құрды. 
Жергілікті  және  өлкетану  басылымдары  ерекше  тиянақтылықпен  жина-
лады.  Кітапхананың  әмбебап  қоры  700  мың  данадан  астам.  Онда  қазақ 
классиктерінің  шығармалары,  қоғамдық-саяси  әдебиет,  философия,  та-
рих, тілтану, әдебиеттану, өнер бойынша және өлкетану тақырыбындағы 
әдебиеттер толық  көрсетілген.
Әр  кітапхананың  өз  келбеті  мен  стилі  бар.  Біздің  кітапхананың 
ерекшелігі  жаңа  технологияларда  ғана  емес,  оның  ғасырлық  тарихы  мен 
бай дәстүрінде. Шығармашыл, пікірлес ұжым қалыптасқан. Кітапхана әр 
уақытта тұрақты ізденісте.
Бұл басылымда екі тілде кітапхананың тарихы фактілерде, оқи ға ларда 
және адамдарында көрсетілген. Материалдар алфавит бойынша топталған. 
Қосымша  аппаратына  оқиғалар  хронологиялық  көрсеткіші,  есімдер 
көрсеткіші  және  қысқарту  сөздігі  енді.  Кітапханашыларға,  мәдениет 
мекемелерінің  қызметкерлеріне,  өлкетанушыларға,  оқушылар  мен  сту-
денттерге, оқырмандардың кең тобына арналған.
 


4
С. Торайғыров атындағы облыстық.   Кітапхана энциклопедиясы
ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ТАРИХЫНАН
Павлодар облыстық кітапхананың тарихы XIX ғасырдың соңынан ба-
сталады, ол кезде Павлодар уездік орталығы болып Семей губерниясының 
құрамында болған. Павлодардың дамуына А.И. Деров, А.С. Сорокин, Нияз 
Айтыкин көпестер өз үлестерін қосты. Ең алғашқы қаладағы мәдени мекеме 
1892 жылы ашылған қоғамдық кітапхана еді. Кітапхана 1-ші гильдиялық 
көпес  Артем  Иванович  Деров  пен  басқа  да  жергілікті  меценаттардың 
қаржысына салынды. Қорды толықтыру мен жабдықтау қаржысы қайыр-
ымдылық кештерінен жиналды.
Кітапхананы  №  3  Мещанскі  тұйық  көшесіндегі  (қазіргі  М.  Есенәлиев 
көшесі) «Дворяндық жиналыс» ғимаратына орналастырды. Ашылу кезін-
де  кітапхана  қызметінің  ережелері  жазылған  устав  қабылданды.  Онда 
«халыққа кітапхананың ішінде оқуға рұқсат етілмейтіндігі, тек кітаптарды 
үйге алып пайдалануға болатындығы» жазылған. Әдебиеттер дүйсенбіден 
бейсенбіге  дейін  сағат  14.00-ден  18.00-ге  дейін  берілді.  Жазылу  кезінде 
«кітапханаға таныс, сенімді тұлғамен» алмастыруға болатын 3 сом кепілдік 
салынған. Оған қоса кітап пайдаланғаны үшін 60 тиын көлемінде төлем ақы 
алған.  Тегін  пайдалануға  қала  басқармасы  куәлігі  бойынша  үш  кластық 
училищенің кедей түлектері ғана құқылы болған.
1896 жылдан бастап кітапхана уездік аталды және осы күн облыстық 
кітапхананың жасын анықтауға, әрі мерейтойларын мерекелеуге негіз болды.
Уездік кітапхана қоры 5475 дана кітап пен журналдан құралды. Қала-
лық  бюджет  тапшылығынан  кітапхананың  жаңа  кітаптарға  деген  сұра-
нысын  қамтамасыз  ете  алмады.  Бірақ  «оқу-тәрбие  жұмысы»  бойынша 
мақала шығындарына, жыл сайын мерзімді басылымдарға 100 сом бөлінді.
1925  жылдың  басында  Павлодар  уездінде  92  мәдени  ошақ  жұмыс 
істеді, оның ішінде: уездік орталық кітапхана; Екібастұз, Баянауыл, Песчан 
болысы Федоровка поселкесінде, Володар болысы Вознесенка поселкесінде, 
Алексеевка және Ертіс ауданында 6 аудандық кітапхана; 64 оқу үйі, 1 кино-
театр, 3 клуб, 16 ха лық тық үй, 1 театр бар.
Сол жылдың соңында ликбез пункттері, қызыл бұрыштар, жылжымалы 
кітапханалар және басқаларды қосқанда мәдени – саяси – ағарту мекемелері 
300-ге  тарта  болды.  Оқу  үйлерін  ұйымдастыру  кең  тарап,  олардың  саны 
114-ке дейін өсті. Оқу үйі стационарлы, көшпелі және жартылай көшпелі бо-
лып бөлінді. Болыстық оқу үйі уездік кітапханадан алынатын 30-40 данадан 
жылжымалы  жинақтарды  кең  қолданды.  Уездік  кітапхананың  ұсынысы 
бойынша  келесі  жылжымалы  кітапхананы  толықтыруға  әр  басылымға 
пікір жинады.


жүктеу 2,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау