Жастар ресурстық орталығы жастардың жарқын бастамала



жүктеу 2,84 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата20.11.2018
өлшемі2,84 Mb.
#22013
  1   2   3   4


Жастар  ресурстық  орталығы  жастардың  жарқын  бастамала-

рын  ақпараттық-әдістемелік  түрде  қолдауды  ұйымдастырып,  жа-

стар  арасындағы  ахуалға  мониторинг  жүргізетін  бірден-бір  жа-

стар  ұйымы.  Орталықтың    ашылғанына  аз  уақыт  болсада  маңызды 

істердің ұйытқысы болып, белсенді жастарды топтастыра білді.  Оның 

дәлелі  2016  жылдың  бірінші  жартыжылдығында  NEET  санатындағы 

жастардың үлесі 13,2 пайыздан 11,6 пайызға азайды. Сондай-ақ, об-

лыс бойынша шығармашыл жастардың үлесі 19,5 пайыздан 23,4 өсті. 

Жыл бойы ерікті түрде жұмыс жасайтын белсенді жастар ұйымының 

үлесі  67,7  пайыздан  70,4  артты.  Ал,  жастар  арасындағы  қылмыс 

деңгейі 45,1 пайыздан 42,3 кеміді. Бұл  – аз уақыт ішінде атқарылған 

жүйелі жұмыстың нәтижесі.  

Қаржылай  қолдауды  қажет  ететін  жастардың  тың  жобалары  мен 

идеяларын  таныстырған  Жасұлан  Нұрланбекұлы  келешекте  ашылуы 

тиіс Coworking, продюсерлік орталықтар мен жастарға әртүрлі көмек 

көрсететін психологиялық және видео ойындар бөлмесінің қажеттігін 

сұрады. 

–  Өте  орынды  озық  идеялар.  Ел  ертеңі  жастар  болғандықтан, 

олардың бос уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылық, спорттық, 

интеллектуалдық  және  т.б.  қырларын  аша  түскен  абзал.  Бірақ,  бұл 

орталықтардың жұмысы олардың бос уақытымен тұспа-тұс келуі тиіс, 

– деген Қырымбек Көшербаев келесі стендтке келіп тоқтады. 

Хош!  Жастар  саясаты  жөніндегі  Қызылорда  облыстық  кеңестің 

көшпелі отырысының Жаңақорған жерінде өтуі бекерден  емес. Негізгі 

себеп  –  жаңақорғандық  жастардың  тың  бастамалары  аз  емес  және 

олардың экономикалық  белсенділігі өзге аудандармен салыстырғанда 

жоғары.  Мәселен,  аудан  бойынша  жастардың  үлесі  –  28,1  пайызды 

құраса,  экономикалық  белсенді  жас  –  11750.  Ең  бастысы,  611  жаңа 

жұмыс  орнына  57,9  пайыз  жастар  қамтылған.  Бұл  ақпарды  Жастар 

ресурстық  орталығының  Жаңақорған  аудандық  бөлімінің  басшысы 

Нұрбол Бакиров айтты.

Қашанда  жаңашылдық  пен  іскерлікті бағалайтын  аймақ  басшысы 

негізгі жұмыс жаңақорғандық маргинал  жастармен болуы тиіс екенін 

тапсырып, шағын бизнестен олжа тауып, өз ісін өрге дөңгелетіп жүрген 

жергілікті жас кәсіпкер  Оразай Қалымбетовтың жанына жақындады.

–  Шынымен  өздерің  жасап  жатырсыңдар  ма?  «Made  in 

Janakorgan» деп жазып қойыпсың...

–  Иә,  таза  былғарыдан  қолдан  иіліп  жасалуда.  Әлеуметтік  желі, 

теледидар және басылымдар арқылы сүйінші ақпарат тарағандықтан 

күннен-күнге  сұраныс  артып келеді. 



– Дұрыс айтасың. XXI  ғасырда жақсы жарнама жасағандар 

ұтады. Сондықтан, менеджменттік жарнама сапасын меңгеру 

керек.    Мен  мынадай  таза  теріден  жасалған  аяқ  киімді  Ита-

лиядан  алдырып,  делдал  болып  жүр  деп  ойладым.  Мінекей, 

енді көріп, көзім жетіп тұр. Қарамағыңда қанша адам жұмыс 

істейді?

– Бүгінгі таңда төрт адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. 

Халықтың сұранысы артып, цехқа қажетті технологияларды алдырып 

жатсам, жұмысшылардың санын арттырам.



–  Бәрекелді,  жарайсың!  Дүниежүзіндегі  ең  бай  адамның 

бірі  қытайлық  Мао.  Кәсіпкер  алғашында  небәрі  төрт  адам-

мен жұмысын бастап, бүкіл әлем танитындай дәрежеге жетті. 

Сенен  мықты  бизнесмен  шығатынына  сенемін.  Ең  бастысы 

тұтынушылардың  талабы  екенін  ұмытпау  керек.  Сол  үшін 

өнім  жасанды  желіммен  жабыстырылып,  ертең  түкке  жара-

майтын болмасын. Сапасына баса мән бер.

–  Әрине,  айтқаныңызбен  келісемін.  Бірақ,  жасыратыны  жоқ, 

бастапқы  өнімдер  болғандықтан,  шикізат  қоры  мен  өнімнен  аздап 

қателіктер  кетіп  жатыр.  Бірақ,  сатып  алушыларға  кем-кетік  болса 

жөндеп беретінімізді ескертудемін. Алдағы уақытта аяқ киімдерден еш 

мін табылмайтындай болады.

Бұл облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы мен Оразай Сәрсенұлының ара-

сында  өрбіген  әңгіме.  Отандық  өнімді  жоғары  бағалаған  аймақ  бас-

шысы  қасындағы  басшыларға    «бәрің  бір-біреуден  сатып  алыңдар, 

біржағынан отандық өнімді қолдау болады», – деп қарата үн қатты.

Келесі  кезекте  Қ.Көшербаев  шағын  кәсіптің  шырайын  келтіріп, 

еңбегімен адал нан тауып жүрген  Өркен Құрбановтың өнімдерімен та-

нысты. Өңір басшысы «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2,0 

млн. теңгеге ие болып, тұрғын үй салуға қажетті іргетас қаптамалары, 

үй  безендіру  шынысы  мен  гипс  бұйымдарын  жасайтын  кәсіпкерге 

қарата:


(Жалғасы 2-бетте)

ҰЛТ 


ДЕНСАУЛЫҒЫН 

НЫҒАЙТУ 


ЖОЛЫНДА АДАМ 

ӨМІРІНІҢ АРАША-

СЫНА АЙНАЛҒАН 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ 

ЕҢБЕГІ ӨЛШЕУСІЗ. 

ҚАШАНДА ЕМ 

ІЗДЕГЕН ЖАНҒА 

ШИПА БОЛА БІЛГЕН 

ОЛАРДЫҢ СІҢІРГЕН 

АДАЛ ҚЫЗМЕТТЕРІ 

МЕМЛЕКЕТ НАЗА-

РЫНДА, ХАЛЫҚ 

ЖАДЫНДА. 



–  Құрылыс  жұмысы  уақытында 

аяқталды ма, сапасы қандай? 

–  Аудан  басшысы  Руслан  Рүстемовтің 

жіті  қада-ғалауымен  және  бас  мердігер 

«Аман 


Құрылыс» 

ЖШС-нің 


зор 

жауапкершілігінің арқасында ғимарат дер 

кезінде бітті. Құрылыстың сапасы жақсы. 

– Амбулатория неше төсектік?

–  Үш  үлкен,  екі  кішкентай  балаға 

арналған  төсек  бар.  Жалпы  амбулатория 

ауыл  тұрғындарының  күндізгі  ем  алуына 

арналған.

– Негізі халық әуелі Аллаға, содан 

кейін  ақ  халаттыларға  сенеді.  Осы 

сенім  қаншалықты  деңгейде?  Айта 

аласыз ба?

– Яғни, кез-келген елдің медицинасын-

да кемшілік бар. Халықпен етене жұмыс жа-

сайтын салада кемшілік шықпай тұрмайды.  

Дегенмен  Қазақстанда  денсаулық  сақтау 

саласын  дамыту,  тұрғындарға  заман  та-

лабына  сай,  қолжетімді  және  сапалы 

медициналық  қызмет  көрсету  жолында 

бар  мүмкіндік  жасалуда.  Десе  де,  ауру-

ын жасырып, тек асқынып жанына батқан 

кезде біздің көмекке жүгінетіндер азаймай 

отыр. Дәрігер Құдай емес, оның да 

мүмкіндігі  шектеулі. 

Осыны  халық  дұрыс 

түсінсе дейміз. 

– 

Ана 

мен 

бала,  мүмкіндігі 

шектеулі  жандарға  көмек  қандай 

деңгейде?

– Елбасы Н.Назарбаев бірінші кезекке 

ана мен бала денсаулығын басты назарға 

қояды. Себебі кез келген елдің медицина 

саласын ана мен бала өліміне қарап баға 

береді.  Бұл  тұрғыда    бізде  айталықтай 

жетістіктер  бар.  Ашығын  айтқанда  соңғы 

жылдары  ана  мен  бала  өлімі  азайды. 

Ал,  мүмкіндігі  шектеулі  жандар  кезексіз 

қабылданып,  оларға  тегін  ем-дом  жаса-

лады. 

– Денсаулық сақтау сала-сындағы 

көрсеткіштерді айтып өтсеңіз...

Денсаулық 

сақтау 

саласын-


да  серпіліс  бар.  Мәселен,  2014  жылы 

жаңақорғандықтардың  күтілетін  өмір 

ұзақтығы 9,7 жас болса, 2015 жылы 69,9 

жасқа  жетті.  Бүгінде  профилактикалық 

медицинаға  баса  мән  берілуде.  Осы 

бағытта  халықтың  нысаналы  топтарын 

скринингтік тексеру барысында 219 жүрек 

қан  тамыр  аурулары,  72  қант  диабеті, 

16  глаукома,  25  сүт  безінің  қатерлі  ісігі 

мен  ісік  алды  аурулары,  15  жатыр  мой-

ны  қатерлі  ісігі  мен  ісік  алды  аурулары 

анықталды.  Скринингтік  тексеру  кезінде 

анықталған  аурулар  диспансерлік  есеп-

ке  алынып,  емдеу  сауықтыру  жұмыстары 

жүргізілді. 

Сәулебек 

Есқожаұлының 

дәйекті 


әңгімесімен  діттеген  межеге  жетіп 

қалғанымды 

байқамаппын. 

Сәулеті 


жарасқан  нысан  ауылға  ерекше  көрік 

қосыпты.  Медициналық ғимараттың сал-

танатты  ашылуына  дайындық  қызу  екен. 

Олай  болмағанда  ше?  Түгіскендіктердің 

қуанышын облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы 

бөліспек. 

Құрылыс нысаны заман талабына сай 

салыныпты.  Ғимарат  ішіне  кіргенде  ал-

дымен  дәрігерге  дейінгі  бөлме,    бала-

лар  бөлімі,  емшара  жасау,  күндізгі  ем-

деу,  әйелдерді  көру,  ауызбен  суландыру 

бөлмесі,  сондай-ақ  зертхана,  химизатор 

және анализ, дәрі сақтайтын кабинеттері 

толық жабдықталған.

Белгіленген 

уақытта 


нысанның 

тұсауын кесу үшін облыс әкімі Қырымбек 

Көшербаев  та  келіп  жетті.  Көпшіл  де 

қарапайым  басшы  ауыл  тұрғындарымен 

жылы  амандасып,  ақсақалдардың  хал-

жағдайын  сұрады.  Кейін  шараның  негізгі 

бөліміне ұласты. 

(Жалғасы 2-бетте)

22 МАУСЫМ

СӘРСЕНБІ

2016 ЖЫЛ

№48 (7968)

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

ЖАУАПТЫ АДАМ ҚАШАНДА 

ІС БАСЫНДА. МЫҢ 

ЕСТІГЕННЕН БІР КӨРГЕНГЕ 

ЖЕТПЕЙДІ. СОЛ СЕБЕПТІ 

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘРБІР 

АУДАНННЫҢ ТЫНЫС-

ТІРШІЛІГІН, ӘЛЕУМЕТТІК 

АХУАЛЫН НАЗАРДАН ТЫС 

ҚАЛДЫРҒАН ЕМЕС. БҰЛ 

ЖОЛЫ ДА ҚАРБАЛАС 

ЖҰМЫС КЕСТЕСІНЕН УАҚЫТ 

ТАБЫЛДЫ. ОБЛЫС ӘКІМІ 

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ 

ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ 

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАРМЕН ТА-

НЫСУДЫ ШАЛҚИЯ ӨНДІРІС 

АУМАҒЫНАН БАСТАДЫ. 

 цементке мұқтаждықты жояды

«ТҮГІСКЕНДЕ ДӘРІГЕРЛІК 

АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛА-

ДЫ» ДЕГЕН СҮЙІНШІ ХАБАР-

ДЫ ЕСТІП,  АУДАННЫҢ БАС 

ДӘРІГЕРІ СӘУЛЕБЕК ЫСҚАҚОВҚА 

ХАБАРЛАСТЫҚ. УӘДЕЛЕСКЕНДЕЙ 

ТАҢҒЫ САҒАТ 9.00-ДЕ АУДАНДЫҚ 

ЕМХАНА АЛДЫНДА ЖОЛЫҒЫП, 

ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІККЕ ЖАЙҒАСЫП

АҚҚОРҒАНДАҒЫ ЖАҢА 

НЫСАННЫҢ АШЫЛУ САЛТАНА-

ТЫНА ЖОЛ ТАРТТЫҚ. ЖОЛАЙ 

ҚЫЗЫҚТЫРҒАН СҰРАҚТАРДЫ 

ҚОЯ БАСТАДЫМ. БАС ДӘРІГЕР 

САУАЛДАРҒА БАЙЫППЕН ЖАУАП 

ҚАТЫП, БӘРІН ТҮСІНДІРУГЕ 

ТЫРЫСТЫ.

Жаңа зауыт – 

Маусым айының соңғы күндері ақ халатты-

лар үшін ерекше күн. Дәстүрге айналған ме-

дицина қызметкерлері күніне орай аудандық 

емханада  мазмұнды  шара  ұйымдастырылды. 

Мерекелік  кешті  аудан  әкімінің  орынбаса-

ры  Бақытжан  Айтбембет  ашып,  дәрігерлерді 

төл  мерекесімен  құттықтады.  Ыстық  лебізін 

білдіріп,  аудан  әкімінің  «Алғыс  хатымен» 

сала  мамандарын  марапаттады.  Мұндай 

құрметке  дәрігер-невропатолог  Жанна  Ис-

кендирова,  дәрігер  лор  Қайрат  Дүйсенов, 

кадр  және  құқық  бөлімінің  басшысы  Гүлназ 

Бектұрғанова, заңгер Жасұлан Ашимов және 

ем-дом мейірбекесі Назира Алдабергенова ие 

болды.


Мұнан  кейін,  ауданның  бас  дәрігері 

Сәулебек Ысқақов мерейлі мерекемен барлық 

медицина  қызметкерлерін  құттықтап,  от-

басыларына  амандық,  дендеріне  саулық, 

еңбектеріне табыс тіледі. Әрі аудандағы соңғы 

жылдары  дамудың  даңғыл  жолына  түскен 

денсаулық  сақтау  саланың  бүгінгі  бет  алы-

сын да айта кетті. Бас дәрігер ҚР Денсаулық 

сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау са-

ласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен бас 

дәрігердің орынбасары Зәуреш Тлепбаеваны 

марапаттаса,  «Құрмет  грамотасын»    дәрігер 

травматолог  Ғалым  Есетовке  табыстады. 

Ал,  Қызылорда  облыстық  денсаулық  сақтау 

басқармасы мен облыстық денсаулық сақтау 

қызметкерлері кәсіподақ ұйымының «Құрмет 

грамотасына»  дәрігер  педиатр  Ханзада  Бай-

ниязова, Бірлік дәрігерлік амбулаториясының 

аға дәрігері Нұргүл Жошиева мен балалар не-

врапатологы Кенжеқыз Қалыбаева лайық деп 

тынылды.

Сондай-ақ,  аудандық  орталық  аурухана 

бас дәрігері мен аудандық денсаулық сақтау 

қызметкерлерінің  кәсіподақ  ұйымының  ар-

найы  грамотасымен  еңбегі  ерен  дәрігерлер 

марапатталды.  Шара  соңы  концерттік 

бағдарламамен ұласты. 

–  Елбасы  айтқандай,  «Ұлт  саулығын 

нығайту – табысты болашағымыздың негізі!». 

Сондықтан,  елдің  ертеңі  ке-л е ш е к 

ұрпақ  үшін  қабылданып  жатқан ж а ң а 

мемлекеттік 

бағдарламалардың 

берері 


мол.  Мәселен,  «Денсаулық»  жобасындағы 

бес  бағыттың  алғашқысы  ана  мен  бала 

денсаулығын  қорғау.  Осы  бағытта  аянбай 

тер  төгіп  келеміз.  Мінеки  еңбек  бағаланып, 

құрметке  ие  болғаныма  өте  қуаныштымын, 

– деді балалар неврапатологы К. Қалыбаева.

Жалпы,    аудандағы  емдеу  және  алдын 

алу ұйымдарында 149 жоғары білімді дәрігер, 

689 орта буынды ақ халаттылар қызмет етеді. 

Білікті  мамандардың  іскерлігінің  арқасында 

аудан  медицинасы  оң  нәтижеге  келеді. 

Әсіресе, ана мен бала өлімі азайған. Бала туу 

көрсеткіші артты. 

Ел  Үкіметі  алдыңғы  қатарлы  озық 

медициналық  технологияларды  қолдана 

отырып, 


науқастарға 

жоғары 


сапалы 

медициналық  қызмет  көрсетуді  міндеттеп 

отыр. Иә, денсаулық сақтаудың негізгі міндеті 

халыққа  көрсетілетін  медициналық  көмектің 

сапасы  мен  қолжетімділігін  арттыру  бо-

лып  табылады.  Осыған  сай,  аудан  орталығы 

мен  ауылдық  жерлерде  жаңа  нысандар  бой 

түзеп келеді. Мәселен, 2014 жылы құрылысы 

басталған типтік жобадағы 250 орындық емха-

насы жыл аяғына дейін қолданысқа берілмек. 

Жуырда тұсауы кесілген Түгіскен ауылындағы 

амбулаториялық  орталықты  да  айта  кеткен 

жөн. Жақында аудандық ауруханаға «25 пай-

далы іс» Республикалық акциясы қарсаңында 

неврологиялық  науқасы  бар  балаларға 

«ортопедиялық  тренажер»  сауықтыру  аппа-

раты қолданысқа берілді. 

Сондай-ақ,  аудан  тұрғындарын  диаг-

ностикалық емдеудің инновациялық мобилдік 

технологиясы,  яғни,  жылжымалы  меди-

циналық  кешен,  санитарлық  авиация,  теле-

медицина  арқылы  мамандандырылған  көмек 

көрсетілуде.  2016  жылдың  бес  айында  те-

лемедицина  арқылы  140  телеконсультация 

мен  телеконференция  өткізілсе,  санавиация 

арқылы 81 науқас облыстық емдеу мекемесіне 

жолданды.  Ал,  107  науқас  облыстық  маман-

дардан телефон арқылы кеңес алған. 

Иә,  айта  берсе  атқарылған  істің  ауқымы 

кең.  Сондықтан,  сөзі  дуалы,  алақаны  шипа-

лы ақ халатты абзал жандардың халық үшін 

етер еңбегі бұдан да зор боларына сенім мол.



Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

АЙМАҚ ЖАСТАРЫ

Бесарықта бас қосты

«Болар істің біткені жақсы» демекші,  бұл жолғы сапардың 

маңызы  жоғары.  Өйткені,  бүгінгідей  әлемдік  экономикалық 

дағдарыс қос бүйірден қысқан тұста шетелден қаржы тартудың 

өзіндік  қиындығы  бар.  Десе  де,  Сыр  елінде  сын  сағатынан 

сүрінбей өтудің өзіндік үлгісі қалыптасқан. Ол – «Байқоңыр» 

инвестициялық форумы. Ауқымды форумның діттегені – аймақ 

тұрғындарының  әлеуметтік-экономикалық  ахуалын  арттыру. 

Мұндай жауапты істе инвестицияның жәрдемі мол және яғни, 

отандық және шетел инвесторларының аймақтағы компания-

лармен индустриалды және аграрлы салада өзара әріптестік 

орнықтыру.  Жылына  екі  мәрте  өтетін  алқалы  басқосудың 

нәтижесі де жаман емес. Оның айқын дәлелі – сенбі күні ау-

дан  аумағында  іргетасы  қаланған  цемент  зауытының  жо-

басы.  Бұл  жарқын  жобаның  жүзеге  асуына  инвестициялық 

форумның тікелей қатысы бар. Өйткені, қызылордалық «Ме-

лиоратор»  ЖШС  мен  ресейлік  «Глобальная  безопасность» 

ЖАҚ  арасындағы  өзара  әріптестік  туралы  келісімге  аталмыш 

форумда қол жеткізілді. Осы әріптестіктен кейін қос инвестор 

«БК Қызылорда Цемент» ЖШС-нің негізін қалайды. 

Хош!  Зауыттың  алғашқы  іргетасын  қалау  рәсіміне  кел-

ген  облыс  басшысы  Қырымбек  Елеуұлы  өз  сөзін  өңірдің  ішкі 

мүмкіндіктерінен бастады.

–  Жер  асты  қойнауы  қазба  байлықтарға  толы  Сыр 

елінің  келешегі  кемелденіп,  индустриялық-инновациялық 

бағдарлама  аясында  жоспарлы  жұмыс  қарқын  алуда.  Бұл  өз 

кезегінде  шикізаттан  қосылған  құны  жоғары  өнім  өндіріп, 

өндіріс  өрісін  кеңейтуге  мол  мүмкіндік.  Әрине,  бұл  тұрғыда 

Жаңақорғанның жер асты байлығы пайдалы қазбаға мол екені 

айқын. Бүгін іргетасы қаланғалы жатқан зауыттың болашағы 

баянды.  Өйткені,  Қызылорда  төрінде  көп  қабатты  тұрғын  үй 

салу  құрылысы  жыл  санап  артып  келеді.  Оған  қоса,  облыс 

орталығында  Сырдарияның  сол  жағалауында  жаңа  қала  бой 

көтереді.  Сол  сәтте  жергілікті  цементке  деген  сұраныстың 

артары сөзсіз. Бұл  ең  алдымен жаңа  жұмыс  орындары ашы-

лып,  салық  базасын  нығайтуға  септігін  тигізеді.  Сондай-ақ 

бұл  құрылыс  саласына  пайдаланылатын  цемент  өндіретін 

аймақтағы алғашқы зауыт болады, – деді өңір басшысы.

Одан  әрі  жоба  бастамашылары  зауыттың  мүмкіндіктері 

жайлы таныстырды. 

(Жалғасы 2-бетте)

МЕЖЕЛІ УАҚЫТ МӘРЕСІНЕ ЖЕТКЕНДЕ ӨҢІР БАСШЫСЫ МІНГЕН КӨЛІК 

БЕСАРЫҚ  АУЫЛЫНДА    БОЙ  КӨТЕРГЕН  КЛУБ  ҮЙІНЕ  КЕЛІП  ЖЕТТІ. 

ҚҰРМЕТТІ МЕЙМАНДАРДЫ  ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 

БАСШЫСЫ  АЙДЫН  ҚАЙРУЛЛАЕВ  КҮТІП  АЛЫП,  ЖОЛ  БАСТАДЫ. 

МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫНЫҢ АЛДЫНДА ОРНАЛАСҚАН ЖАСТАР ЖОБАСЫНЫҢ  

ЖАҢА  МОДЕЛІ  СЫЗЫЛҒАН  АРНАЙЫ  СТЕНДПЕН    ОБЛЫСТЫҚ  ЖАСТАР 

РЕСУРСТЫҚ  ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ  ЖАСҰЛАН  АЛДАБЕРГЕНОВ 

ТАНЫСТЫРЫП, ЖЫЛ БОЙҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ 

МЕН АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАР ЖАЙЛЫ ТІЛГЕ ТИЕК ЕТТІ. 



дәрігер сыйлы адам

дәрігер сыйлы адам

АМБУЛАТОРИЯ-

ауыл адамына 

таптырмас тарту

Денсаулық сыйлаған

Денсаулық сыйлаған


жүктеу 2,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау