1-тоқсан (45 сағАТ) 2-сыныпта өткенді қайталау



жүктеу 1,3 Mb.
бет10/16
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19595
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

72—73-сабақтар. Есептер шығару
Сабақтың мақсаты: түрлі есептер шығаруды үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «Үндемес», «Математикалық волейбол», «Қай қатар жылдам?» жаттығу-ойындары ұйымдастырылады. Оған мына тапсырмалар енгізіледі: 40 •8, 240 : 6, 320 : 8, 500 : 100, 4 • 10, 40 + 480, 540 : 6, 40 • 7, 650 : 10, 400 : 8, 420 : 6, 720 : 90. Ауызша есептеуге №1 (72, 73-сабақтар), №7 (72-сабақ), №8 логикалық тапсырма (72-сабақ, 73-сабақ) беріледі.

Сабақтардың бірінде математикалық диктант жүргізген дұрыс:

• 6 мен 5-тің көбейтіндісін 22-ге кеміт.
36 мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр.

• Ағасы 12 жаста, қарындасы одан 2 жас кіші. Қарындасы нешеде?

• Әпкесі інісінен 5 жас үлкен. Інісі 3 жаста. Әпкесі неше жаста? »

• Әкесі 40 жаста, ал ұлы 5 жаста. Ұлы әкесінен неше жас

кіші?

•Ағасы 18 жаста, қарындасы 12 жаста. Ағасы неше жас үлкен?

• Әрқайсысында 3 кг-нан 4 қалбыр бояу сатып алынды. 4 кг бояу пайдаланылды. Неше килограмм бояу қалды?

• 30 саны шығу үшін 5-ті қаншаға көбейтеміз?



  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4, 72-сабақ (1-ші және 2-бағандар) оқушыларға өздік жұмыс ретінде беріліп, соңынан тексеріледі. Өрнектерді салыстыруды түсіндіре отырып немесе өз беттерінше орындайды.

№2 (72, 73-сабақтар) тапсырманы балалар мұғалімнің басшылығымен есеп шартын талдағаннан соң өз беттерінше орындайды. «Есеп не туралы? Не белгілі? Нені білу керек? Есептің сұрағына жауап беруге бола ма? Сұраққа жауап беру үшін нені білу керек? №3 (72-сабақ) тапсырманы орындамас бұрын оқушылар есепті алдымен мұғалімнің басшылығымен орындайды, содан кейін есептерді салыстырады. № 5 (73-сабақ) тапсырма тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін есептеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.



  1. Өздік жұмыс үшін №6, (72-сабақ) өрнектер құру және №5 (72-сабақ)

теңдеу шешу, өзара байланысты мысалдар төрттігін құру№3,(73 сабақ) және сандар квадратын ауыстыруға берілген өрнектерді (№4 тапсырмалар (73-сабақ) шығару беріледі.

  1. Сабақты цорытындылау.

  2. Үй жұмысы: №4 (3, 4-баған, 72-сабақ), №6 (73-сабақ) тапсырмалар.

Шығармашылық деңгей: көбейткіші белгісіз болатын 2 теңдеу құрастыру, №7 тапсырма (73-сабақ).
74-сабақ. Өткен сабақты пысықтау
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу, есеп шығару дағдыларын бекіту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Түрлі шамалардың өлшем бірліктері туралы білімдерін бекіту мақсатында сабаққа перфокарталармен жұмысты енгізген жөн.

  1. Бір жылда 365 немесе 366...

  2. 500 жыл = 5...

  3. 3 ... > 201 жыл.

4) Жаз 3 айға созылады немесе ... төрттен бір бөлігі.

5) 1... - аптаның жетіден бір бөлігі.

6) 50 жыл - ... жартысы.

7) 1... - ғасырдың жүзден бір бөлігі.

8) 1... - қаңтардың отыз бірден бір бөлігі.

9) 1...1 ғасырдан 100 есе кем.

Есептеу дағдыларын дамыту үшін №1, №2 (б) жаттығулар орындалады, ал содан кейін «Компьютер» ойыны өткізіледі. (мысалдар тізбегі).

6 • 9 – 24 : 10 • 8 + 67

64 : 8 • 6 + 30 – 26 - 42

7 • 7 - 43 • 5 : 5 + 68 - 25



  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырманы балалар мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. №2 (а) тапсырма өздік жұмысқа арналған. №2 (ә) тапсырманы балалар мұғаліммен бірге орындайды. №5 тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушыларға екі бағанды салыстырып, қандай айырмашылық барын сұрайды. м және см, дм және ж, см және м арақатынасын қайталаған жөн. Содан кежін балалар түсіндіре отырып, осы тапсырманы орындайды.

4. Өздік жұмыс ретінде №6 және №7 тапсырмалар ұсынылады.

Содан кейін оқушыларға ауызша орындау үшін бірқатар тапсырмалар беріледі:

• Ұзындығы 24 см болатын сымның бөлігінен қабырғасы 6 см шаршы жасауға бола ма?

• Шаршының ауданы 64 дм². Осы шаршының қабырғасы нешеге тең?

• Шаршының периметрі 36 см. Оның қабырғаларының ұзындығы нешеге тең?

• Тіктөртбұрыштың ұзындығы 3 м-ге тең, ал ені 5 см-ге тең. Тіктөртбұрыш - тың ауданы нешеге тең?

• Хоккей алаңының ұзындығы 20 м және ені 5 м. Алаң қоршалған. Оның ұзындығы қанша?

• Қабырғасы 4 см болатын шаршыны тең 2 үшбұрышқа бөл. Әр үшбұрыштың ауданы нешеге тең?

Логикалық ойлауды дамытуға арналған №8 тапсырма ауызша орындалады.

5. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №3.
75 - сабақ. Пысықтау. Білімді тексеру
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу тақырыбын меңгеру деңгейлерін тексеру; түрлі есептер, теңдеулер шығара алу дағдыларын арттыру; тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын анықтай білу.

Білім, білік, дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтау үшін оқушылар өздігінен жұмыс жүргізеді (бақылау және тексеру жұмыстары дәптерін қараңыз). Өздік жұмыс нәтижелерін таңдау мұғалімнің оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.


76 - сабақ. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлуді орындау дағдыларын бекіту; баға, сан, құнды табуға берілген құрама есептерді шығара алу; өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін қайталау.

Ауызша жаттығуларға масса мен уақыт бірлігін қайталауға арналған есептерді, кестелік және кестеден тыс көбейтуді қайталау және өтілген бірнеше қарапайым есептерді шығаруды енгізу керек. Жаттығулардың басым бөлігін оқушылар өздігінен орындайды. Кестеден тыс көбейту және бөлу жағдайлары туралы білімдерін пысықтауға, үш таңбалы сандарды қосу және азайтуға басты назар аударылады.


77 – сабақ. Бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту бөлуді орындау, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту, төртінші пропорционалды табуға берілген есептерді шығару дағдыларын бақылау және тексеру.

1-нүсңа 2-нүсңа

1. а) Өрнектерді баған түрінде есепте:

649 - 205 96 + 778

700 - 646 460 + 88

ә) Есепте:

450 : 9 6 • 80 50 • 6 810 : 9


1. а) Өрнектерді баған түрінде есепте:

560 - 206 786 + 94

504 - 46 47 + 888

ә) Есепте:

6 •40 90 • 6 400 : 80 270:9


2. Есепті шығар.

Дүкенде нан салынған 6 жәшік бол-


ды. Әр жәшікте 70 наннан бар. 40
сатып алушыға 3 наннан сатылды.
Қанша нан қалды?

2. Есепті шығар.

Дүкенге әрқайсысында 30 кг-нан 8

қорап кәмпит және әрқайсысында

20 кг-нан 9 қорап печенье әкелінді.

Қайсысы көп - кәмпит пе, әлде пе-

ченье ме? Қанша килограмға артық

әкелінді?


3. Салыстыр:

8 дм 7 см  8 м 7 дм

3 сағ 20 мин  320 мин

5 ц 80 кг  5 ц 8 кг

2 тәул.  3 сағ 46 мин.


3. Салыстыр:

7 дм 7 см  77 дм

480 мин  6 сағ

320 г  3 ц

4 мин 10 с  420 с


4. Қабырғалары 3 см және 4 см бола-тын тіктөртбұрыш сал. Оның ауданы мен периметрін тап.

4. Қабырғалары 4 см және 6 см бола-тын тіктөртбұрыш сал. Оның ауданы мен периметрін тап.

5.* 2 түрлі тіктөртбұрыш сал. Олар-дың ауданы бірдей және 12 см²-ге тең. Салынған тіктөртбұрыштардың периметрін есепте және салыстыр.

5.* 2 түрлі тіктөртбұрыш сал. Олар-дың ауданы бірдей және 16 см²-ге тең. Салынған тіктөртбұрыштардың периметрін есепте және салыстыр.


78, 79, 80-сабақтар. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту, төртінші пропорционалды табуға арналған есептерді шығару бойынша алған білімдерін пысықтау.

Сабақ бақылау жұмысында жіберілген қателерді ескере отырып құрылады.


3-ТОҚСАН (50 САҒАТ)

АУЫЗША (кестеден тыс)

КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ (жалғасы)

81-сабақ. Көлемді фигуралар (денелер) туралы түсінік,

Шар, конус, текше, тіктөртбұрышты параллелепипед,

призма, пирамида.
Сабақтың мақсаты: көлемді денелер туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемді денелерді ажыратып, атай білуге үйрету; күрделі теңдеулерді шығара білуге дағдыландыру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Жаңа материалды қабылдауға дайындық үшін геометриялық фигуралар туралы білімдерін еске түсіру керек.

Тақтаға роботтың апнликациясы ілінеді. Оқушылар геоме-триялық фигуралар жиынтығын алады (жинаңта артық фи-гуралар болуы мүмкін). Белгі берілгеннен кейін оқушылар ро-ботты қүрастыра бастайды. Тапсырманы бірінщі орыңдаған оқушы жеңеді.





  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалім үшбұрыш пен пирамиданы, шаршы мен текшені, тіктөртбұрыш пен тіктөртбұрышты параллелепипедті, шеңбер мен шарды салыстыруды ұсынады. Содан кейін мұғалім қандай фигуралардың жалпақ, қандай фигуралардың көлемді екенін сұрайды. Салыстырғаннан кейін оқушыларды көлемді денелердің атауларымен таныстырады (№2 тапсырма).

  1. Алғашқы бекіту үшін №2 (ә) тапсырма мұғалімнің басшылығымен

ауызша орындалады. Мүмкіндігінше роботты көлемді денелерден құрастырған жөн. Содан кейін мұғалім жазықтықтағы робот пен көлемді денелерден құрастырылған роботты салыстыруды ұсынады. Ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

Кестеден тыс көбейту мен бөлуді бекітуді мұғалім №1 мен №6 тапсырмалардың материалдары негізінде ұйымдастырады. Оқушылар №6 тапсырманы жан-жақты түсіндіре отырып шығарады.

№5 (а, ә) тапсырманы оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. №4 тапсырмаға берілген сурет бойынша балалар есеп құрастырады және ауызша шығарады.

№7 тапсырма «Вагондар» деп аталады. Олардың орындалуының бір үлгісі мұғалімнің басшылығымен орындалады.



_ 864 _ 963 _ 954

468 369 459

396 594 495

Мұғалімнің басшылығымен №5 (б), №8 тапсырмалар орындалады (жол 10 км-ге артады).

6. Өздік жцмыс щшін №3 (2, 3-бағандар) және №6 теңдеулер нұсқалар бойынша орындауға беріледі.

7. Сабақты қорытыпдылау. Үй тапсырмасы: №3 (1-баған). Шығармашылық деңгей: көлемді денелер атауларымен сөз-жұмбақ құрастыру (шар, пирамида, текше).

82-сабақ. Қосындыны санға көбейту
Сабақтың мақсаты: қосындыны санға көбейту тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; тіктөртбұрыштың периметрін есептеудің жаңа тәсілдерімен таныстыру; тиімді тәсілмен есептеуге үйрету.


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру үшін мұғалім «Математикалық волейбол», «Қай қатар мықты?», «Үндемес», «Математикалық эстафета» дидактикалық ойындарын ұйымдастырады:

32 +16 = 24 + 12 =

 : 4 =  : 3 =

 : 3 =  • 4 =

 - 16 =  - 18 =

 : 4 =  : 3 =

+ 15 =  + 10 =

Оқушылар ауызша есептен, жауабын карточкалардың көмегімен көрсетеді. Ауызша есептеуге №6 тапсырма берілген.

Жаңа материалды қарастыруға дайындық ретінде ауызша есептеуге мынадай тапсырмалар енгізуге болады: «25 пен 5-тің қосындысын 2 есе арттыр. 40 пен 8 сандарының қосындысын 4-ке азайт».



3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалім тақтаға жазылған мысалды оқып, шешуін табуды тапсырады: (5 + 2) • 2. (5 пен 2-нің қосындысын 2-ге көбейту). Балалар мысалды орындайды: (5 + 2) • 2 = 7 • 2 = 14. Содан кейін мұғалім сандардың қосындысын санға басқа амалмен де көбейтуге болатынын айтады. «Қосындыны санға көбейтудің түрлі амалдарын білу кейбір мысалдарды тиімді (жеңіл) тәсілмен шешуге көмектеседі».

Мұнан кейін көрнекі құралдың көмегімен (оқулықтағы суреттегідей) мысалдарды иллюстрациялау қажет. Мұғалім 5 қызыл және 2 көк дөңгелекті орналастырады. Бүкіл өрнектің мәнін білу үшін екінші жолға да осынша дөңгелек қойылады. Балалар барлық дөңгелектерді есептеудің екінші тәсілін өздігінен табатындай өтіп түсіндіру құрастырылады (алдымен қанша қызыл дөңгелек бар екенін білу үшін 5-ті 2-ге көбейту керек. Содан кейін неше көк дөңгелек бары анықталады, бұл үшін 2-ні 2-ге көбейту керек. Соңынан қосу арқылы барлық дөңгелек саны шығады). Мұнан соң тақтаға мынаны жазу ке-рек: 5 • 2 + 2 • 2 = 14.

Кейіннен балалар иллюстрацияны және оқулықтағы жазылғандарды қарастырып, тиісті қорытынды жасайды (№1 тапсырма).

Түсіндіре отырып пысықтау үшін №2 тапсырманың жоғарғы жолындағы мысалдар шешіледі.

№3 (а) тапсырма негізінде мұғалім тіктөртбұрыштың периметрін есептеудің жаңа тәсілімен таныстырады. Периметрді есептеудің жаңа тәсілінің тиімділігін көрсету керек: алдымен ұзындығы мен енінің қосындысын табамыз, содан кейін 2-ге көбейтеміз. Бұл тәсілде амалдар саны аз, демек периметрді тез есептеуге көмектеседі. Яғни, бұл - тиімді тәсіл. Пысықтау мақсатымен қалған тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен орындалады.



4. Бекіту.

№7 (а) тапсырманың шартын оқушылар өздері оқиды, со-дан соң мүралімнің басшылырымен осы есепті шешудің түрлі төсілдерін қарастырады. Соңынан амалдар бойынша есептің шешуі түсіндіріле отырып жазылады:



  1. 20 • 2 = 40 (д.) - жолды

  2. 20 • 3 = 60 (д.) – торкөз

  3. 40 + 60 = 100 (д.) - барлығы

Осыдан кейін мұғалім есепті басқаша тәсілмен шешуді ұсынады. Алдымен барлығы неше бума дәптер барын анықтаймыз: 2 + 3 = 5 (б). Екінші, барлығы неше дәптер барын анықтаймыз. 20 • 5 = 100 (д.) Шешуі тақтаға жазылады. Есептің екі тәсілі жан-жақты түсіндірілгеннен кейін оларды салыстырып, бұл жағдайда қай тәсілдің тиімді екені анықталады.

7 (ә) тапсырманы балалар екі тәсілмен мұғалімнің басшылығымен орындайды. Оқушылар қай тәсілдің тиімдірек екенін түсінгені маңызды.



  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 тапсырманы орындамас бұрын ауызша сауалнама (немесе перфокартамен жұмыс) жүргізіп алуға болады:

• 1 кг = 1000...;

• 1кг>500...;

• 4 кг-ның төрттен бір бөлігі 1000... тең;

• 2... < 1 кг;

• Қапқа 50 ... картоп сыяды;

• Дүкенге 100... сәбіз әкелінді;

• Жүк көлігінің салмағы - 10 ....

Содан кейін оқушылар №5 тапсырманы өздігінен орындайды.

Балалар мұғалімнің басшылығымен №8 тапсырмадағы үш-бұрыштардың бірінің ауданын анықтайды, қалған үшбұрыштардың ауданын өздігінен табады.



6.Сабақты қорытындылау.

7. Үй тапсырмасы: №4.
83-84-сабақтар. Тіктөртбұрыштың периметрін

әртүрлі тәсілмен табу. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: тіктөртбұрыштың периметрін есептеу дағдыларын жетілдіру; тиімді тәсілмен есептеуге үйрету.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Біз бүгінгі сабақта геометриялық саяхатқа аттанамыз. Осы саяхатшылар тобына мүше болу үшін бірнеше сыннан өтулерің тиіс. Бірінші сынақ - сөзжұмбақты шешу.

  1. «Геометрия» сөзі нені білдіреді? (Жер өлшеу.)

  2. Екі жағынан нүктелермен шектелген тік сызықтың бір бөлігі. (Кесінді.)

  3. Нүктелері ортаңғы нүктеден бірдей орналасатын бітеу сызық

қалай аталады? (Шеңбер.)

  1. Түзу сызық жүргізуге арналған құрал. (Сызғыш.)

  2. Қозғалып келе жатқан нүктенің ізі. (Сызық.)

  3. Жазу құралының қағазбен түйіскен ізі қалай аталады? (Нүкте).

  4. Екі сызықпен шектелген жазықтықтың бір бөлігі. (Бұрыш.)

  5. Белгілі нүктеден бастау алатын түзу сызықтың бөлігі. (Сәуле.)

  6. Жазықтықтағы бейнесі дөңгелек болатын көлемді фигура. (Шар.)

Екінші сынақ - перфокарталар бойынша жұмыс:



1. Берілгендердің қайсысы дұрыс?

1) Тіктөртбұрыштың ауданы - барлық қабырғаларының қосындысы.

2) Тіктөртбұрыштың периметрі - ауданның өзіне сыйдыратын бірліктер саны.

3) Шаршының периметрін табу үшін оның қабырғасын 4 есе арттыру керек.

2. Өлшем бірлігінің «артығын» көрсет.

1) 1 см²; 2) 1 км; 3) 1 м².

3. Пішіні тіктөртбұрыш болып келген бақшаның ауданы 24 м². Бақшаның ені 3 м. Ұзындығы неге тең?



1)8м; 2)6м; 3)19м.

4. Жер телімінің ені 8 м және ол ұзындығынан 4 есе кем. Жердің ауданы нешеге тең?

1) 16 м²; 2) 256 м²; 3) 32 м².

5. Ұзындығы 32 см сымнан қабырғасы 8 см болатын шаршы жасауға бола ма?

1)иә; 2)жоқ.

6. Шаршының ауданы 36 дм²-ге тең. Бұл шаршының қабырғасы нешеге тең?

1) 16 дм; 2) 8 дм; 3) 6 дм.

7. Шаршының периметрі 40 см. Оның қабырғасының ұзындығы нешеге тең?

1) 9 см; 2) 6 см; 3) 10 см.

3-ші сынақ: әрбір фигураның қырларының санын есепте №8 (83-сабақ).

4-ші сынақ: баған түрінде есептеу №1 (83-сабақ).



3. Өткен тақырыппен жұмыс.

Сонымен, сендер сынақтан өттіңдер, енді саяхатқа дайынсыңдар. Әрбір ғылыми саяхаттың мақсаты бар: ол - ғылыми құбылыстардың қандай да бір ерекшеліктерін зерттеу. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің саяхатымыздың мақсаты қандай болуы тиіс? (Аудан мен периметрді есептеу, сондай-ақ геометрияның қалай пайда болғанын зерттеу).

Мұғалім геометриянық даму тарихынан үзінді оқиды.

«Геометрия» сөзі гректің «ге» - «жер», «метео» — «өлшеу» сөзінен шыққан. Геометрия ежелгі Мысырда біздің заманымызға дейін 2000 жылы, яғни 4000 жыл бұрын болған. Египет фараоны жерді бөлді, әрбір мысырлыққа шағын жер берді, фараонға жер салығын төледі. Ніл өзені арнасынан асып, жер телімдерін су басып қалатын болғандықтан, фараон жер өлшеушілерді жіберіп, жердің қаншалықты кішірейгенін анықтатып, неше салық алу керектігін белгілеп отырған. Осылайша Мысырда геометрия пайда болып, ол жақтан басқа елдерге тараған.

Мысырлықтар ұзындықты өлшеудің басты бірлігі ретінде шынтақты пайдаланды. Шынтақ 7 алақанға, алақан 4 саусаққа бөлінді. Жіп алып, шынтақ бойын өлшеңдер. Өз достарыңның өлшегендерімен салыстырыңдар. Одан мынадай қорытынды шығады: адамдардың бойы және шынтақтары әртүрлі ұзындықта болады. Міне, мысырлықтар да дәл өлшеу үшін өлшеуіш үлгісі ретінде бүкіл Мысырға ортақ шынтақ, алақан, саусақты алды. Осы өлшем бірлігінің көмегімен мысырлық жер өлшеушілер ұзындықты өлшеп, шаршының, үшбұрыштың, дөңгелектің ауданын табуды үйренді.

- Қазіргі кезде ұзындық пен ауданды өлшеудің қандай өлшем бірліктері бар?

Ежелгі гректер мысырлықтардан геометриялық білімді үйренді. Ежелгі Грекияда геометрия логикалық топшылаулар мен дәлелдемелер жүйесі бар ғылым ретінде қалыптасты. Геометрия геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды.

- Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? №2 (83-сабақ) тапсырманы орындаңдар.


- Тіктөртбұрыштың ұзындығын а, енін b деп белгілеңдер.


Ауданын қалай есептейміз? Периметрін қалай есептейміз?

Р = а + b + а +b = а + а + b + b = а • 2 + b • 2 = {а + b)•2 Әріптердің көмегімен тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табу формуласын жазыңдар. Р = (а + b) • 2, S = а • b

  • Құрметті зерттеушілер, кестенің көмегімен тіктөртбұрыштың периметрі

мен ауданын, ұзындығы мен енін есептеңдер.


ҰЗЫНДЫҒЫ

ЕНІ

ПЕРИМЕТРІ

АУДАНЫ

20 см

5 см

50 см

100 см²

40 см

? см

? см

80см²

а см

? см

(а + ?) • 2

а • b см²

Х м

у м

?

? см²

Енді оқушылар №4 және №5 тапсырмаларды орындайды.

- Саяхатқа өзімізбен азық-түлік алуды шештік.

№7 (83-сабақ) тапсырманы балалар ауызша орындайды.

№6 (83-сабақ) есепті құрастырып, шешу ұсынылады. Есептің қысқаша жазылуын түрліше жүргізуге болады:



1) кестеде (оқулықты қара)

2) 6 қ - 540 теңге
?қ-420теңге
1 қ - ? теңге

Келесі тапсырма - геометриялық фигураларды сұрыптау. Кестені толтырыңдар.




Фигура нөмірі

Өріп

Сипаты

Фигураның атауы

1.

ә.

Қабырғалары тақ сан; 3 қабырға, тік бұрышы бар

Тік бұрышты үшбұрыш














Геометриялық фигуралар

қабырғалары тақ сан


қабырғалары жұп сан

3 қабырға

3 қабырғадан артық


4 тік бұрыш


тік бұрыш жоқ


Тік


бұрыш жоқ

Тік

бұрыш бар


5 қабыр ға



7

қабырға


барлық қабыр-

ғалар


тең

тең қабыр-ғалары жоқ

4 қа-

быр-ғаданартық



4

қабыр-


ға

а) ә) б) в) з)

г) д)

5

қабырға


7

қабырға


е) ж)
4.Сабақты қорытындылау.

- Саяхатқа аттанар алдында қандай мақсат қойылды? Жаңа нені білдіңдер? Енді геометрия туралы бәрін білем деп ойлайсыңдар ма? Геометрия туралы нені білгілерің келеді? Зерттеуші болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет? Қандай тапсырмалар қиындық келтірді? Қиындықтан шығу үшін не істеу керек? Сабақтағы өз жұмысыңа қандай баға бересің? Өз нәтижелеріңді жақсарту үшін не істеу керек?

5. Үй жұмысы: №3. Үйіңдегі кілемнің ауданын тап.

84-сабақты мұғалім өз қалауы бойынша құрады.


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау