1-тоқсан (45 сағАТ) 2-сыныпта өткенді қайталау



жүктеу 1,3 Mb.
бет7/16
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19595
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

45—46-сабақтар алдыңғы сабаққа ұқсас жүргізіледі. Тапсырмалардың бәрі балаларға бұрыннан таныс және алған білім, білік, дағдыларын жетілдіруге бағытталады. Оқушылар тапсырмаларды дайындық деңгейіне қарай көбінесе өз беттерінше орындайды.

46-сабақ 2-тоқсанның алғашқы сабағы болып табылады.



2-ТОҚСАН (35 САҒАТ) КЕСТЕЛІК КӨБЕЙТУ

ЖӘНЕ БӨЛУ (ЖАЛҒАСЫ)
47-сабақ. 6-ға көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың мақсаты: 6 санымен көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; көбейту кестесін құрастыруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдана білуге үйрету.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

1000 көлеміндегі есептеу дағдыларын бекіту мақсатындй ауызша есептеуге №6 және №7 тапсырмалар беріледі. Ұсақ ақша үлгілерімен тақтада әртүрлі жұмыстар ұйымдастыруға болады.

Кестелік көбейту мен бөлуден алған білімдерін қайталау үшін «Компьютер» ойынын ұйымдастыруға болады. Мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, ал балалар карточканың көмегімен жауап береді.
5•5-1:4 + 2•4-2: 5•0 т.с.с.

7•4-1 : 9•5 + 3 : 2•1 + 0 т.с.с.


3. Жаңа сабақты түсіндіру.

6 санын кебейту және бөлу кестесін енгізу үшін сергіту сәті ретінде төмендегідей жаттығуды жүргізуге болады: оқушылар тұрады және еңкейген сайын 6-дан қосып отырады: 6, 12, 18, 24 және т.б. Содан кейін балалар отырып - тұрып, 6-дан кемітіп отырады: 60, 54, 48, т.б.

6 санын көбейту мен бөлу кестесін құру №1 тапсырма негізінде алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі. Оқушылар кестенің неге 6 • 6-дан басталып тұрғанын өздері түсіндіреді.

4. Жаңа тақырыпты бекіту.

Алғашқы бекіту жұмысы үшін № 2 (а, ә) мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Содан соң оқушылар көбейту мен бөлу кестесіне сүйене отырып теңдеулерді салыстырады (№5 тапсырма).



5. Өткен материалмен жұмыс жургізу.

№3 тапсырма ауызша орындалады. Бұл жаттығу балаларға бір санның екінші саннан неше есе артық (кем) екенін анықтау тәсілдерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Осыдан кейін балаларға өздік жұмыс ретінде №4 тапсырма ұсынылады және соңынан тексеріледі.

Сыныпта шығару үшін мұғалім мынадай есептерді береді «Гүлзарда 5 қызғалдақ өсіп тұр, ал нәркес гүлі одан 6 есе артық, Гүлзарда барлығы неше қызғалдақ және нәркес өсіп тұр?»

Оқушылар есепті талдап, мұғалімнің көмегімен есепті шығару жоспарын құрады және шығарады. Екінші есенті балалар қысқаша жазылуы бойынша құрастырады және өз беттерінше орындайды.

Қарағаш – ? ағаш.

Терек -? 6 есе артық

6. Сабақты қорытындылау.

Мұғалім өткен сабақты жақсы игеру үшін үй тапсырмасы қандай болу керектігін балалармен талқылайды. 6 санын көбейту және бөлу кестесін еске сақтау керектігін оқушылар түсінуі тиіс. №2 (б, в) тапсырма үй жұмысы ретінде беріледі. Шығармашылық деңгей: математикалық шифр ойластыру.


48-сабақ. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: 6-ны көбейту және бөлу кестесі туралы алған білімдерін бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру; санды бірнеше есе арттыруға (кемітуге) берілген есептерді шығарып үйрену.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек, білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Кестелік көбейту мен бөлудің өтілген жағдайларын бекіту үшін алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей дидактикалық ойындарды ұйымдастыру және №1 тапсырманы орындату. «Көбейту немесе бөлу» ойыны пайдалы болады.

Ойынның мақсаты: 6 санымен көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту (ойында әртүрлі сандармен өткізуге болады).

Мұғалім қатырмақағаздан қиып алынған дөңгелектің бір жағын жасыл, екінші жағын сарыға бояйды. Екі жағында да 6 саны жазылған. Мұғалім ойын шартын түсіндіреді. Мұғалім дөңгелектің сары жағын көрсетіп, мысалы 4 санын атайды, балалар бұл санды 6-ға көбейтеді, ал егер мұғалім жасыл жағын көрсетсе, аталған санды 6-ға бөлу керек. Дөңгелектің екі жағы кезек жылдам көрсетіледі, кейде бір жағы қатарынан екі-үш рет көрсетіледі. Балалар жауаптарды дәптерге жазады. Соңынан тексеріліп, балалардың кестені меңгеру және мұқияттылық деңгейі анықталады.

Осыдан кейін білімдерін бақылау үшін мынадай жұмыс түрі жүргізіледі. Оқушылар тапсырманы мұғалімнің бұйрығы бойынша бастап, аяқтайды. Содан кейін өз-өздерін тексеріп, баға қояды.


1-нұсқа

2-нұсқа

2•3

15:5

7•6

4•5

9•0

36:6

16:4

5•9

5•6

7•0

12:4

45:5

30:6

24:4

6•6

12:3

6•1

9•1

5•8

5•7

4•3

8•6

3. Бекіту жұмысы.

Көбейту мен бөлудің өзара байланысы туралы білімдерін беіту мақсатымен оқушылар мұғалімнің басшылығымен №1тапсырманы орындайды.



4. Өткен сабақ материалдарымен жұмыс.

№4 тапсырманы өз беттерінше орындайды немесе сынып оқушылары мұндай тапсырманы орындауда қиналатын болса, ұжым болып шығаруға ұсынылады. Ол үшін мұғалім есептің берілуін оқуды тапсырады және сигналды карточкалардың көмегімен өздерінің есепті шығаруға дайындығын көрсетеді. Егер оқушы өзінің күшіне сенетін болса, ол жасыл карточканы көрсетеді, ал егер сенбесе, қызыл карточканы көрсетеді.

Содан кейін сурет бойынша (№6) оқушылар кері есептер құрастырады.

№8 тапсырманы оқушылар өз беттерінше орындап, соңынан тексеріледі.





5.Өздік жұмыс ретінде балаларға №2 және №5 (1-ші және 3 бағандар) тапсырмалар беріледі.

6. Сабақты қорытындылау.

Үйде орындауға №5 (2, 4-бағандар) тапсырма арналған. « Колумб жұмыртқасы» ойынына материалдар әзірлеу. Келесі сабақтың №8 тапсырмасында берілген суретті әзірлеп алып, қатырмақағазға жапсыру.


49-сабақ. Шеңбер, дөңгелек

Сабақтың мақсаты: шеңбер, дөңгелек туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; 1000 көлеміндегі есептеу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Ауызша есептеуге №5 тапсырма арналған.
Оқушылардың көру қабілетін арттыру үшін мынадай тапсырма беріледі: тақтаға бірнеше бұрыштардың суреті сызылады. Мұғалім оқушыларға қарауға 20 секундтай уақыт береді, содан соң тақтаның бетін жауып, мына сұрақтарға жауап беруін сұрайды:

1) Суретте бейнеленген геометриялық фигуралар қалай аталады?

2) Барлығы неше бұрыш көрдіңдер?

3) Сүйір бұрыштар қандай нөмірмен берілген?

4) Тік бұрыштар нешеу болды?

5) Тік бұрыштар басқа бұрыштардан көп деген пікір дұрыс па?

6) 2-нөмірлі бұрыш қалай аталады?

Жаңа материалды оқып-үйренуге көшу үшін мұғалім бұрыштары жоқ фигураларды атауды сұрайды.



3. Жаңа материалды енгізу.

Жаңа сабақты түсіндіру жұмысы практикалық жұмыс түрінде жүргізіледі. Мұғалім дөңгелек пен шеңберді салыстыруды сұрайды. Бұл фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. Қорытынды жасаңдар: шеңбер - бұл ..., дөңгелек - бұл ... . Мұғалім циркульмен таныстыра отырып, шеңберді қалай сызу керек екенін тақтада көсетеді. «Шеңберді немен салыстыруға болады? Дөңгелекті немен салыстыруға болады?»

а) Қисық сызықтың жалпы ұзындығы 10 см болып, ал екі буыны 3 см және 4 см болса, үшінші буынының ұзындығы қанша?

ә) Қисық сызықтың ұзындығы 100 мм болып, ал екі буыны 20 мм және 4 мм болса, үшінші буынының ұзындығы қанша?



4. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін оқушылар №2 тапсырманы орындайды:



а) Сызбаға қарап, қисық сызықтың ұзындығын тап. Ұзындығы осындай 3 буыны бар қисық сызық сал.

ә) Периметрі 45 см, қабырғалары ВС = 13 см, СД = 10 см, ДЕ = 7 см, ЕА = 5 см болатын фигураның АВ қабырғасының ұзыңдығын тап.



5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 (а) тапсырманың берілуін балалар қысқаша жазады. Есептің қысқаша жазылуы тексерілгеннен кейін өз беттерінше шығарады. Есептің берілуін талдау және шығару жоспарын құру есеп шығаруға қиналатын оқушылармен жүргізіледі. Өрнек бойынша есеп құрастыру мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі (№4 (ә) тапсырма).

№7 тапсырманы мұғалімнің басшылығымен орындаған жөн. Шешуді таңдап алу жолымен орындауға болады. Ал бұл тапсырманы логикалық пайымдау жолымен шығаруды түсіндіруге болады: ең қысқа кесіндінің ұзындығын х-пен белгілейміз. Яғни, екінші кесіндінің ұзындығы х + 2, өйткені ол 2 см-ге ұзын. Олай болса, х + х + 2 = 14. Яғни 2 • х + 2 = 14. Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайту керек. Демек, 2•х = 14-2, 2•х = 12. х = 6. Сонымен ең қысқа кесіндінің ұзындығы 6 см-ге тең, екінші кесіндінің ұзындығы 8 см. Тексерейік: 6 см мен 8 см-ді қоссақ, 14 см-ге тең. Есеп дұрыс шығарылды деп қорытынды жасаймыз.

Егер ең қысқа кесіндіні а әрпімен белгілейтін болсақ, онда екінші кесіндінің ұзындығы а • 2. Демек, а + 2 • а = 12. Көбейтудің нақты мағынасын еске түсіретін болсақ, онда біз өрнегімізді былай қайта құрастырамыз. 3 • а = 12. Содан кейін кәдімгі жай теңдеу сияқты шығарамыз, а = 4. Яғни, бірінші кесіндінің ұзындығы 4 см-ге тең, екінші кесінді 2 есе ұзын – 8 см. Екеуінің қосындысы 12 см-ге тең. Есеп дұрыс шығарылды деген қорытынды жасалады.

Құрастыру дағдысын дамытуға бағытталған №8 тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды.

6. Сабақты қорытындылау.

Үйге №6 тапсырманы беруге болады:



Қосымша материал

«Геометрия» сөзі гректің «гео» - «жер», «метео» - «өлшеу» сөзінен шыққан. Геометрия ежелгі Мысырда біздің заманымызға дейін 2000 жылы, яғни 4000 жыл бұрын болған. Египет фараоны жерді бөлді, әрбір мысырлыққа шағын жер берді, Фараонға жер салығын төледі. Ніл өзені арнасынан асып, жер телімдерін су басып қалатын болғандықтан, фараон жер өлшеушілерді жіберіп, жердің қаншалықты кішірейгенін анықтатап, неше салық алу керектігін белгілеп отырған. Осылайша Мысырда геометрия пайда болып, ол жақтан басқа елдерге тараған.


50-сабақ. Бөлшектер мен үлестер (алымы, бөлімі)
Сабақтың мақсаты: бөлшек, үлес туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; бөлшектің алымы, бөлімі туралы түсінік беру; өткен материалды бекіту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында №7 тапсырма ауызша орындауға ұсынылады.

Тіктөртбұрыштың ішіндегі қатар орналасқан екі санның орналасу заңдылығын тапқызу. Сандардың бір-бірімен қандай байланысы бар? Сұрақ белгілерінің орнына керекті сандарды жаз.



- Сандармен қандай жұмыс жүргіздік? Бүгінгі сабақта біз бөлікке бөлеміз, үлес пен бөлшекті жазып үйренеміз.



3. Жаңа сабақты енгізу.

Жаңа материалды түсіндіру практикалық жұмыс негізінде жүргізіледі. Мұғалім плитка шоколадты екі оқушыға теңдей белуді ұсынады. Шоколад неше бөлікке бөлінді? Менде неше бөлік болды? (2). Бұл бөліктер бірдей ме? Әр бала осы бөліктің біреуін өзіне алады. Математикада бұны былай жазады: екіден бір.Сызықтың астындағы сан неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Қалай ойлайсыңдар екіден бір бөлік үлкен бе, әлде 1 бүтін үлкен бе? Бүтін бөлшектен үлкен бе, кіші ме? Енді осы шоколадты 4 балаға бөліп берейік. Әр баланың алған бөлігін қалай жазуға болады? (төрттен бір) Ауызша есептеудегі тіктөртбұрыштарға оралайық. Әр тіктөртбұрыш неше бөлікке бөлінген? Бұл бөліктер бірдей ме? Бөліктердің біреуін алайық (кесіп алуға болады). Бұл - тіктөртбұрыштың үштен бір бөлігі. Мұны қалай жазуға болады? Тақтаға шақырылған оқушы жазып көрсетеді. Бөлшек сызығының астындағы цифр нені білдіреді? Сызықтың үстіндегі цифр нені корсетеді? Тіктөртбұрыштың неше бөлігі қалды? Жазып көрсетіңдер: (үштен екі). Мұндай жазу бөлшек деп аталады. Сызықтың астындағы сан неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді және бөлшектің бөлімі деп аталады, ал сызықтың үстіндегі сан неше бөлігі алынғанын көрсетеді және бөлшектің алымы деп аталады.

Содан кейін №2, 3 тапсырмалар орындалады.

4.Бекіту.

Алғашқы бекіту жұмысы үшін шаршымен практикалық жұмыс орындауға болады. Балалар бүктеу арқылы шаршыны тең екіге бөледі. екіден бір бөлігін бояйды. Боялған бөлігіне жазады. Содан соң екінші шаршыны тең төрт бөлікке бөліп, төрттен бір бөлігін бояйды. Боялған бөлікке бөлшекті жазады. Алымы бөліміндегі сандардың нені білдіретінін түсіндіреді. №4 тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.



5.Өткентацырыппенжцмыс.

6 тапсырманы балалардың өздеріне орындатуға болады бірақ соңынан тексеріледі. Содан соң балалар өрнек бойынша шығарылған есепке ұқсас есеп құрастырады және оны мұғалімнің басшылығымен шығарады.

Өздік жұмыс ретінде №8 тапсырма (1-баған, 2-баған) орындалады.

№9 логикалық тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды. Егер барлық жазулар дұрыс болмаса, онда 3-ші қорапта фломастер, біріншіде қалам, екіншісінде қарындаш жатыр. Балаларға пайымдау тізбегін неден бастау керек екенін көрсеткен дұрыс.



6. Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысына №5 және №8 (3-баған) тапсырмалар беріледі. Шығармашылық деңгейдегі тапсырма үшін адамдар бөлшек сандарды не үшін ойлап тапқаны туралы әңгіме құрастыруды тапсыруғаболады.


51-сабақ. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: алдыңғы сабақта үйренген бөлшек туралы ұғымдарын бекіту; бөлшектерді жазуды үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2 Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Сабақ шығармашылық тапсырманы тексеруден басталады. Одан соң мұғалім бөлшектердің қашан пайда болғаны туралы әңгіме айтады: «Ерте заманда ұзындықтарды, аудандарды уакыт аралығын өлшеу қажеттілігі туындаған кезде жаңа сандар - бөлшектер пайда болады, өйткені өлшеу нәтижесі үнемі бүтін сандармен өрнектелген жоқ. Адамдардың бірінші танысқан бөлшегі бүтіннің жартысы, яғни екіден бір бөлшегі болды деп жорамалдайды. Дәл өлшеуге деген қажеттіліктен белгілі бір өлшем бірлігін бірнеше бөлікке бөлу шықты. Алғашқы өлшемдердің әр бөліктерінің өзінің атауы болды. Мысалы, қазақтарда, жартысы, ширегі, т.б. деп аталды. Бөлшекті алымы, бөлімі түрінде жазу 8 ғасырда Үндістанда және 4 ғасырдан кейін Еуропаға келді. Ежелгі Римде бөлшек жүйесі массаның өлшем бірліктерін бөлу негізінде болды».

Осыдан соң мұғалім тең бөліктерге бөлінген, бір немесе бірнеше бөлігі боялған жолақты (дөңгелек, тіктөртбұрыш, т.б.) көрсетеді. Оқушылар боялған бөлікке сәйкес бөлшекті немесе үлесті атайды.

Содан кейін №1 тапсырма орындалады.



  1. Бекіту.

Бөлшектер туралы алған білімдерін бекіту үшін практикалық жұмыстар орындалады.

Ол үшін оқушыларға ұзындығы 15 см, ені 1 см болатын 3 жолақтан таратылады. Олар мынадай тапсырмаларды орындайды:

- Сызғыштың және қарындаштың көмегімен жолақты тең 3 бөлікке бөл, және үштен бір бөлігін боя.

- Сызғыштың және қарындаштың көмегімен жолақты тең 5 бөлікке бөл, жөне бестен екі бөлігін боя.

- Сызғыш пен қарындаштың көмегімен тең 15 бөлікке бөл және он бестен бір бөлігін боя.

№2 және №3 тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен орындалады. Бөлшектегі әр санның нені білдіретінін мұғалім түсіндіреді.



4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 тапсырма (а және ә) мұғалімнің жетекшілігімен орындалады, ал б) бөлігін оқушылар өздері шығарады да, соңынан тексеріледі.

Тіктөртбұрыштың периметрін анықтау дағдыларын бекіту және кеңістік жөніндегі түсініктерін дамыту үшін №5 тапсырма беріледі. Оқушылар тапсырманың сұрақтарына жауап береді, сурет бойынша жұппен өз сұрақтарын құрастырады.

5. Өздік жұмыс ретінде №6 (есептерді шығару) және №7 (1-баған) тапсырмалар ұсынылады. №8 логикалық тапсырманы оқушылар өздігінен орындайды, содан кейін өз шешімінің дұрыстығын дәлелдейді.


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау