1-тоқсан (45 сағАТ) 2-сыныпта өткенді қайталау



жүктеу 1,3 Mb.
бет8/16
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19595
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

6. Сабақты қорытындылау.

Үйде орындауға № 7 (2-баған) тапсырма беріледі. Шығармашылық деңгей: бөлшектің «портретін» ойдан салу.


52-сабақ. Санның үлесін табуға және

санды үлесі бойынша табуға берілген есептер
Сабақтың мақсаты: санның үлесін, үлесі бойынша санды табуға берілген есептерді шығара білуге үйрету; есептің жаңа түрінің шығару тәсілін меңгерту; логикалық ойлауларын дамыту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Тез ойлауды қалыптастыру үшін сандық диктант жүргізуге болады:

  1. Үш аттың барлық аяқтарының санына бір таңбалы жұп санды қос;

  2. Ноталар санынан СИ нотасының реттік санын қос.

  3. Тәуліктегі сағат санын 12 сағаттың төрттен бір бөлігі болатын санға бөл.

  4. Үрпек Виннидің жақсы көріп жейтін нәрсе атауындағы сандар санын

Пятачоктың Иа есегінің туған күніне тарту еткен сыйлығының атауындағы әріп санына көбейт.

Есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей дидактикалық ойындар ұйымдастыруға болады. Ауызша есептеуге №7 тапсырма берілген.

Бұл сабақта мақсатты түрде математикалық диктант алынып, соңынан тексеріледі: 6 • 6, 20 : 5, 8 • 4, 12 : 4, 18 : 2, 7 • 6, 5 • 1, 100 • 0, 40 : 8, 54 : 6, 8 • 6, 2 • 4, 21 : 3.


  1. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты түсіндіру үшін «Шешуін тап» ойыны жүргізіледі. Мақсаты: санның үлесін, үлесі бойынша санды табуға берілген есептерді шығаруға дайындау.

Мұғалім дөңгелектің үлгісін бүктеу арқылы тең екі бөлікке бөледі және бір бөлігін көрсетеді. Оқушылар қандай бөлігін көріп тұрғанын айтады. Бүтін фигурада осындай бөліктің нешеу екенін сұрайды. Дөңгелектің үштен бір, төрттен бір, сегізден бір бөліктерін табу үшін осыған ұқсас жұмыс жүргізіледі.



Практикалық жұмыс. Мұғалім жинақ полотносына тең 2 бөлікке бөлінген қағаз жолағын қыстырады.

2 дм



екіден бір

екіден бір

?дм

Оқушылар бұл жолақтың жартысы 1 дм екенін анықтайды. Мынадай қорытынды жасаулары керек: жолақтың бөлігінің ұзындығын анықтау үшін барлық ұзындықты тең бөліктердің санына бөлу керек. Осы жолақтың бестен бір бөлігін анықтайды.

Сурет бойынша кері есеп құрастырылады, оқушылар оны шығарып, қорытынды жасайды.

Содан кейін оқулық бойынша №1, №2, №3 тапсырмалар орындалады.



  1. Бекіту.

Алғашқы бекіту жүмысы үшін №4, 5 тапсырмалар орындалады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен бұл есептердің қайсысы кері есептер екенін анықтайды. Содан кейін №6 (а) орындалады. Оқушылар есепті қысқаша жазып, талдайды және мұғалімнің көмегімен оны шығарады.

Әкелінгені - 48 кг

Жұмсалғаны - ? кг, алтыдан бір бөлігі

Қалғаны - ? кг

- Сұраққа бірден жауап бере аласыңдар ма? Неге? Есепті шығару үшін нені білу керек? Неше килограмм ұнның жұмсалғанын қандай амалмен табуға болады? Неге бөлумен? Неше әкелінгенін және неше жұмсалғанын білгеннен кейін нені білуге болады? Қандай амалмен?

5. Өздік жұмыс үшін №7 тапсырманың 2-3 теңдеуін шешу тапсырылады.

№8 тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Маржанда неше қараөрік бар? Жанарда неше қараөрік бар? Маржан нешеуін жеп қойды? Оның неше қараөрігі қалды? Жанар нешеуін жеді? Екеуі барлығы неше қараөрік жеді? Кім басқаша ойлады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау маңызды, логикалық есептің тиімді шешу тәсілдері талданады.

№9 тапсырма оқушыларға өздігінен орындауға ұсынылады.

6. Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысы ретінде №6 (ә) тапсырмасы беріледі. Шығармашылық деңгей: үлесі бойынша санды табу, санның үлесін табуға есеп ойластыру.


63-сабақ. Санның үлесі және санды

үлесі бойынша табуға берілген есептер
Сабақтың мақсаты: есептің жаңа түрін шешудің тәсілдері туралы білімдерін бекіту; математикалық амалдардың арасындағы өзара байланыс туралы білімдерінің негізінде теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Бөлшек және үлес туралы білімдерін бекіту үшін мұғалім мына түрдегі жұмысты ұйымдастыра алады: тең бөліктерге бөлінген, бір немесе бірнеше бөлігі боялған қағаз жолағын (дөңгелектер, тіктөртбұрыштар, т.б.) көрсетеді. Оқушылар боялған бөліктерге сәйкес бөлшекті немесе үлесті жазуы керек. Содан кейін бірін-бірі тексеру жұмысы жүргізіледі.

Көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін жетілдіру маұсатында №4 тапсырма ауызша орындалады. Ал №7 тапсырма 100 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу амалдарын бекітуге арналған.

Зейіндерін арттыру үшін сандық диктант алынады:

• Шаршының бұрыштарының санын ең кіші бір таңбалы санға көбейт.

• Бір бұрышын кесіп тастаған үстелдің бұрыштарының санын рояльдың аяқтарының санына көбейт.

• Үздік оқушының сүйікті бағасын апта күндерінің санына көбейт.

• Білім сөзіндегі дыбыстар санын 3 есе арттыр.


  1. Бекіту.

Есеп шығаруға дайындау үшін мынадай есептерді ауызша шығару ұсынылады:

• Қауынның салмағы 2 кг. Қауынның екіден бір бөлігі неше килограмм?

• Кесіндінің үштен бір бөлігі 6 см-ге тең. Кесіндінің ұзындығы неге тең?

• Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағат?

• Сағаттың екіден бір бөлігі неше минут?

• Ежелгі Римде жарыс жылдың төрттен бір бөлігіне созылады. Жарыс неше айға созылды?

Оқушылар санның үлесін табу, үлесі бойынша санды табуға құрастырған өз есептерін оқиды, ал қалған оқушылар ауызша шығарады.

№1 тапсырма ауызша жаттығу ретінде беріледі.

Содан кейін мұғалімнің басшылығымен №2, №6 тапсырмалар орындалады.

№8 тапсырма «Фигуралардың ауданы» тақырыбын зерттеуге дайындық болып табылады. Оны орындауда қыштақталар санын есептеудің 2 тәсілін: қатардағы қыштақталар санын қатарлар санына көбейту немесе бағандағы қыштақталар санын бағандар санына көбейтуді керсеткен дұрыс.



  1. Өздік жұмыс.

Оқушылар өздігінен тексере отырып, №3 тапсырманы орындап шығады.

  1. Сабақты қорытындылау.

Үйге № 5 тапсырма беріледі. Шығармашылық деңгей үшін: оқулықта берілгендей логикалың есеп құрастыру.
54-сабақ. Пысықтау

Сабақтың мақсаты: кестелік көбейту жөне бөлудің өтілген түрлері туралы білімдерін бекіту; екі-үш амалмен берілген өрнектерді құрастыру және шығара білу; санның үлесін табу, үлесі бойынша санды таба білу дағдыларын арттыру; оқушыларды бақылау жұмысына дайындау.

54-сабаққа берілген материалдарды пайдалана отырып, мұғалім сабаққа қажетті жаттығу жұмыстарын өзі таңдайды. Оқушылар толық меңгермеген материалдарды қайталауға ерекше көңіл бөлу керек. Бұл сабақта тапсырмаларды өз беттерінше орындайды да, мұғалім дайындығы төмен балалармен жұмыс істеуге көбірек көңіл бөледі.

№9 тапсырма «Фигураның ауданы» тақырыбын меңгеруге дайындық болып табылады. Сондықтан қыштақталар санын есептеу тәсілдерін жан-жақты талдау қажет.

Үйге тапсырма бергенде оқушылар үшін қиындық туғызған, қайталауға қажетті тапсырмалар беріледі.


55-сабақ. Фигураның ауданы туралы түсінік беру.

Әр түрлі өлшеу құралдарымен фигуралардың-ауданын

өлшеу және салыстыру

Сабақтың мақсаты: фигураның ауданы туралы түсінік беру; фигуралардың аудандарын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру; көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

№5 тапсырма ауызша есептеуге арналған. Математикалық диктант жүргізуге болады: «5 • 3, 36 : 6, 5 • 8, 7 • 4, 45 : 5, 42 : 6, 24 : 6, 6 • 5, 21 • 1, 6 • 0, 7 : 1». Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау үшін геометриялық материалдар қайталанады.

- Өздеріңе таныс геометриялық материалдарды атаңдар. 4 бұрышы бар көпбұрыш қалай аталады? Барлық бұрыштары тік, ал қабырғалары бірдей төртбұрышты атаңдар.



3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тақтаға геометриялың фигуралар - дөңгелектер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, шаршылар, тіктөртбұрыштар ілінеді. Мұғалім балаларға ең үлкен және ең кіші фигураларды алуды сұрайды: «Фигуралардың көлемі (үлкен, кіші) туралы айтқанда олардың несін салыстырамыз?». Мұғалім фигуралардың көлемі бойынша салыстырғанда, фигуралардың ауданы салыстырылады деген қорытынды жасайды. Содан соң мұғалім көк тік-төртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрыштың ауданынан кіші екенін дәлелдеулерін сұрайды. Оқушылар көрнекіліктің көмегімен аудандарын салыстырады және қорытынды жасайды: «Беттестіріп қойғанда көк тіктөртбұрыш қызыл тік-төртбұрыштың ауданының ішіне сыйып кетеді, яғни көк тіктөртбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрышқа қарағанда кіші, қызыл тіктөртбұрыштың ауданы көк тіктөртбұрышқа қарағанда үлкен». Неғұрлым бірнеше фигуралардың ауданын салыстырған дұрыс. Оқулықпен жұмыс істегенде мұғалім бейнеленген фигуралардың аудандарын салыстыруды ұсынады (№1 тапсырма). Мұнан кейін мұғалім ауданы бар заттарды атауды сұрайды, дәптердің, оқулықтың, партаның аудандарын са-лыстыруды ұсынады. Аталған заттардың қайсысының ауданы ең үлкен және ең кіші екені сұралады, пікірлерін дәлелдейді.



Содан кейін мұғалім тақтадағы фигуралардың ауданын салыстыруды ұсынады.

- Осы фигуралардың ауданын бір фигураны екінші фигурамен беттестіру

арқылы салыстыруға бола ма? Егер беттестіру арқылы салыстыруға болмайтын болса, онда фигуралардың ауданын қалай салыстыруға болады?
Мүмкіндігінше, бөліктердің бірін кішкентай бөліктерге бөліп, кіші фигураларды екінші фигуралардың формасына қойып, салыстырып көруге болады деген шешімге өздері келгені дұрыс. Бұл кезеңде мұғалім фигуралардың бірінің торкөзін ерекшелеп көрсетіп, екі фигураны да бірдей торкөздерге бөліп, әр фигурадағы шаршылардың санын салыстыру керек екеніне көздерін жеткізеді.

- Ал сендер қалай ойлайсыңдар, фигуралардың бірін үлкен шаршыларға, ал екіншісін кіші шаршыларға бөліп, фигураларды салыстыруға бола ма? Мұғалім ұсынылған нұсқаны көрсете алады. Оқушылар барлық фигураларға бірдей өлшем бірлігі болуы тиіс деген тұжырымға келуі тиіс.

- Енді ауданды өлшейтін өлшем бірлікті енгізейік. Қабырғасы 1 см шаршыны квадрат сантиметр дейді. Ауданның өлшем бірлігін сызып көріңдер - 1см².

Геометриялық фигураның ауданын табу - бұл осы фигураның ішіндегі қабырғасы 1см (дм, м) шаршылардың санын есептеу.



4. Бекіту.

Өткен материалды тиянақтау үшін №2 тапсырма орындалады. Содан кейін мұғалім палетканың көмегімеін фигураның ауданын анықтауды үйретеді. (№3)



5. Өткеп тақырыппен жұмыс.
Көбейту кестесін қайталауға арналған №5 тапсырманы оқушылар өздері орындайды (керекті жауап шығу үшін көбейткіш таңдау).

№6 тапсырманың орындалуы мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.

№7 (1-ші және 2-баған) тапсырма оқушыларға өз беттерінше орындауға беріледі және соңынан тексеріледі.

6. Сабқты қорытындылау. Үйге тапсырма: №8 және полиэтилен пленкадан палетка жасау.
56-57-сабақтар. Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданы.

Ауданның өлшем бірлігі — (см², дм², м²)
Сабақтың мақсаты: фигураның ауданы туралы білімдерін нақтылау; тіктөртбұрыштың ауданын есептеу тәсілі туралы білімдерін қалыптастыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Ті рек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Үлес туралы білімдерін бекіту үшін «Қай қатар жылдам?» ойынын ұйымдастыруға болады. Ол үшін әр қатарға қатарда отырған оқушының санына сәйкес кез келген геометриялық фигуралар салынған бір бет қағаздан дайында-лады. Фигуралардың қасына бөлшек жазылады. Оқушылар жазылған бөлшекке сәйкес бөлігін белгілейді. Егер оқушылар бірінші рет ойнап жатса, онда фигураны керекті бөліктер санына бөліп қою керек, ал қайта ойнаған кездерінде геометриялық фигураларды тиісті бөлікке өздері бөледі.

«Иә - жоқ» математикалық диктанты мақсатты түрде жүргізіледі. Мұғалім тұжырымдарды оқиды, оқушылар тұжырымдармен келісетінін немесе келіспейтінін білдіреді.

- Тіктөртбұрыштың периметрі - бұл екі қабырғасының қосындысы.



- Үшбұрыштың барлық бұрыштары тік.

- Төртбұрыштың төрт бұрышы бар.

- Шаршының барлық қабырғалары тең.

- Фигураның ауданы см²-мен өлшенеді.

- Периметр квадрат сантиметрмен өлшенеді.

- Геометриялық фигуралардың ауданы кв. см-мен өлшенеді.

3. Жаңа сабақты енгізу.

Жаңа сабақты қабылдауға дайындық жұмысы үшін бірнеше геометриялық фигуралардың ауданын палетканың көмегімен табу ұсынылады, содан кейін №2 тапсырма орындалады. Алдымен шаршылардың санын санау тапсырылады, содан кейін шаршылардың санын көбейту арқылы табу тапсырылады. Балаларды ауданды табу үшін қатардың санын олардың әрқайсысындағы шаршы санына көбейту керек деген қорытындыға әкелу керек.

Бір шаршы - бұл квадрат сантиметр екенін нақтылағаннан кейін, мұғалім ауданды табу үшін ұзындығы мен енін көбейту керек екенін түсіндіреді (№3 тапсырма).

4. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін оқушылар №1, 4 тапсырмаларды орындайды.

Содан кейін №5, 6 тапсырманың материалдарына сүйене отырып, оқушылар шаршымен танысады және шаршы ауданын табуды үйренеді.

№7 (а) тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды.



5. Өткен тақырыппен жұмыс.

Логикалық тапсырманы орындау үшін (№8 жаттығу) кестені толтыруға болады



Аты - жөні

Троллейбус

Автобус

Трамвай

Әлішер

-

-

+

Бақыт

-

+

-

Берік

+

-

-

Егер Әлішер досын автобус аялдамасына дейін шығарып салатын болса, онда Әлішер автобусқа отырмайды (ол не трамваймен, не троллейбуспен жүреді). Берік оларға троллейбустан айғайлады, яғни Әлішермен бірге Бақыт кетіп барады, Бақыт автобуспен жүреді, ал троллейбуста, демек, Берік қана болады. Олай болса, Әлішер трамваймен жүреді.

6.Сабақты қорытындылау.

Үйде орындауға №7 (ә) тапсырма беріледі. Оқушылар қалауы бойынша логикалық есептер құрастырады немесе өз бөлмесінің алаңын табады.



57-сабақ осыған ұқсас құрылады. Дм² және м²- мен таныстыру үшін мұғалім сынып тақтасының және парталардың ауданын анықтауды және үлкен заттарды кв.см-мен өлшеудің қолайлылығын сұрайды. Қандай өлшем бірлікті қолданған ыңғайлы? Қабырғасының ұзындығы 1 дм - бұл дм². 1 дм² - бұл 100 см². Сынып бөлмесінің ауданын қандай өлшеммен өлшеген қолайлы? Егер бізге сыныптың ұзындығы мен енін есептеу ыңғайлы болса, сыпып ауданын квадрат метрмен есептеген дұрыс, 1 м² үйрету.

а) а - 6 м ә) S – 12 м ²

b - 4 м a – 3 м

S-?м² b - ? м
58—59-сабақтар. № 4 бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: 2-6 сандарымен кестелік көбейту және бөлу дағдыларының қалыптасу деңгейін бақылау; өрнектерді шешу дағдыларын арттыру; құрама есептер мен теңдеулер шешу; тіктөртбұрыштардың периметрі мен ауданын есептеу.



1. Есепте:

980 - (450 - 230) 912-6•2

3 • 2 • 7 8:4•9

6 • (11 - 7) 42 : (45 - 39)



1. Есепте:

700 - (470 - 190) 45 : (54 - 45)

605 - 40 : 8 42 : 6 • 4

8•7 + 21 36:9•4


2. Есепті шығар.

Әкей 30 жаста. Ұлы одан 25 жас кіші. Әкесі ұлынан қанша

жас үлкен?


2. Есепті шығар.

Бірінші күні оқушы кітаптың 9 бетін оқып бітірді. Екінші күні одан 6 есе артық оқыды. Ол екінші күні бірінші күнге қарағанда қанша бет

артық оқыды?


3. Теңдеулерді шеш:

160 + х = 650 - 320

36 : х = 5 + 4

789 - х = 27 : 3



3. Теңдеулерді шеш:

х - 470 = 310

х : 7 = 16 - 8

а - 36 = 9 • 2



4. Ұзындығы 7 см, ені 5 см тіктөртбұрышты сал. Оның ауданы мен периметрін тап.

4. Ұзындығы 8 см, ені 4 см тіктөртбұрышты сал. Оның ауданы мен периметрін тап.

5.* Тиісті санды жаз:

62 - 5 • 6 +  = 51

 - (12 - 7) • 6 = 400


5.* Тиісті санды жаз:

57-8 • 4 +  = 40

 - (14 - 8) • 5 = 300



59-сабақ. Пысықтау
Сабақтың маңсаты: бақылау жұмысында жіберілген қателерді талдау; алдыңғы сабақтарда алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Мұғалім сабақты бақылау жұмысында жіберілген қателерді ескере отырып өз қалауынша ұйымдастырады. Үй жұмысы да бақылау жұмысындағы қателерді есепке ала отырып беріледі. Қатемен сараланған жұмыс жүргізу үшін кестені толтырған дұрыс.




Тап-сыр-


ма№

Өткен сабақ



Бұл тап - сырмада

қате жібер- ген оқу - шының аты - жөні



Жіберілген

қателерді түзетуге

арналған тапсырма


1.

2-6 сандарын кестелік көбейту және бөлу және өрнектердегі амалдар төртібі




№2, 58-сабақ

2.

Құрама есеп

1) Шешуін таңдаудағы қателер

2) Есептеудегі ңателер






№5, №7, 58-сабақ

3.

Теңдеулерді шешу




№7, 62-сабақ

4.

Фигураның периметрі және ауданы




№3, 58-сабақ

5.

Күрделендірілген тапсырмалар




№4 және балама тапсымалар, 58-сабақ


60-сабақ. Есептің жаңа түрімен

танысу (бағасы, саны, құны)
Сабақтың мақсаты: бағасы, саны, құнын табуға берілген есептер туралы білімдерін қалыптастыру; осындай есептерді шығару тәсілдерімен таныстыру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын дамыту үшін «Үндемес» ойынын ұйымдастыру пайдалы. Мұғалім мысалдарды айтады, оқушылар жауаптарын карточканың көмегімен көрсетеді:

• 7-ні 5-ке арттыр;

• 7-ні 5 есе арттыр;

7-ні 5-ке кеміт;

• 60 пен 0-дің көбейтіндісін көрсет;

45 пен 1-дің көбейтіндісін көрсет, т.б.

Не болмаса «Қаңпаға доп сал» ойынын ойнатуға болады. Мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту. Тақтаға футбол қақпалары бейнеленеді, қақпа торына, мысалы, 24, 27, 28 деп сандар жазылады. Әр қатарға белгілі бір уақыт ішінде (3-4 минут) берілген жауаппен барынша көп мысал құрастыру тапсырылады. Бірінші қатар өз қақпасына жауабы 24 болатын мысалдарды, ал екінші қатар - жауабы 27, үшінші қатар - жауабы 28 санымен мысалдар жазады. Тиісті жауапқа көбірек мысал келтірген қатар жеңеді.


  1. Жаңа сабақ.

Есептің жаңа түрімен таныстыру үшін оқушылармен практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Жинақ полотносында әртүрлі заттардың суреттері қойылған. Мысалы, әрқайсысында 5 теңгеден бағасы жазылған 3 самса, 6 теңгеден 6 кәмпит, 4 теңгеден өшіргіштер, 8 теңгеден қарындаштар, т.б. Мұғалім бірдей бірнеше затты «сатып алуды» ұсынады және мынадай сұрақтар қояды: Бір заттың бағасы қанша? Сен нешеу сатып алдың? Барлық сатып алынған затқа неше теңге төледің? Сен оны қандай амалмен білдің? Неге көбейтумен орындадың? Оқушылар неше зат сатып алынса, бағасы сонша рет қайталанатынын түсіндіре алуы тиіс.

Содан кейін №1-4 тапсырмалардың материалдары түсіндіріледі. Оқушылар алдымен заттың бағасын, санын, құнын қалай табу керектігін өздері тұжырымдап, содан кейін оқулықтан қарағаны дұрыс.



  1. Бекіту.

Алғашқы бекіту жұмысы үшін оқушылар мұғалімнің көмегіміен №5 тапсырманы орындайды. Содан соң жаңа сабақты қалай меңгергендерін тексеру мақсатында кесте толтыру жұмысын өздігінен орындауды тапсыруға болады.

1-нұсқа 2-нұсқа




Бағасы

Саны

Құны




7 теңге

? дана

28 теңге




5 теңге

4 дана

? теңге




? теңге

5 дана

45 теңге




3 теңге

9 дана

? теңге




6 теңге

? дана

54 теңге



























































Бағасы

Саны

Құны

6 теңге

? дана

24 теңге

5 теңге

7 дана

? теңге

? теңге

5 дана

40 теңге

3 теңге

7 дана

? теңге

6 теңге

? дана

36 теңге
Барлық жаттығу жұмыстарын орындап болғаннан кейін мұғалімнің жетекшілігімен №7 тапсырма орындалады, баға, сан, құн арасындағы байланыс анықталады.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

6. Өздік жұмыс ретінде №6 тапсырма ұсынылады (тек көбейтуге өрнек жазу). №8 логикалық тапсырманы оқушылар өздері орындай алады.

7. Сабақты қорытындылау.

- Бүгінгі сабақтағы ең маңыздысы не болды?

- Не қызықты болды?

- Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді қайда пайдаланасыңдар?

- Өзеріңнің жұмыстарыңа баға беріңдер.

Үйге бөлуге өрнектер жазуға арналған № 6 жаттығу беріледі. Шығармашылық деңгей: тауарлар мен бағалар көрсетілген суреттер салу, сурет бойынша есептер құрастыру.


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау