96-шы бекіту сабағын мұғалім оқулықта берілген тапсырмалар негізінде өз қалауына қарай құрады.
97-сабақ. 58 : 2, 580 : 2, 580 : 20 түріндегі бөлу.
Пысықтау
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу дағдыларын қалыптастыру; есептің өтілген түрлерін шығару.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «Математикалық домино» ойыны ұйымдастырылады. Оқушыларға сол жағында жауап, оң жағында мысал жазылған карточкалар таратылады. Оқушы бір өрнекті оқиды, жауабы кімнің карточкасында болса, жауабын айтып, келесі өрнекті оқиды, т.с.с. Балалар үшін мынадай карточкалар дайындалады:
16:2
|
36 9-5
|
64 5-6
|
30 5 • 5
|
54 8-7
|
8 25:5
|
25 18:3
|
9 6 • 6
|
56 7-6
|
63 8-8
|
5 18:2
|
6 9 • 6
|
42 3-3
|
9 24:6
|
45 7-7
|
49 9 • 9
|
81 9-7
|
4 18:9
|
2 7-4
|
28 7 • 3
|
21 4-4
|
16 5-7
|
85 32:4
|
8 8 • 5
|
40 21:3
|
7 7-9
|
63 13-10
|
130 9 • 0
|
Карточкасында 16 : 2 мысалы жазылған оқушы ойынды бастайды.
Сонымен қатар ауызша есептеуге №6 тапсырма енгізілген. №8 логикалық тапсырма ауызша орындалады.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің жаңа жағдайын қарастыруды оқулық (№1 тапсырма) бойынша оқушылар өз беттерінше орындауларына болады. Оқушылар жаңа тәсілді қарастырғаннан кейін, 2-3 мысалды оқушылар тақтада жан-жақты түсіндіріп (№2 тапсырма), қалғандарын өздігінен орындайды.
Өткен тақырыппен жұмыс.
№3 пен №4 тапсырманы балалар мұғаліммен бірігіп, есептің шешуін талқылағаннан соң өздігінен орындайды.
Өздік жұмыс ретінде №5 (1-нұсқа - 1-баған, 2-нұсқа -2-баған №6
тапсырманы ұсынуға болады.
6. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №5 (сыныпта орындалмаған бағанды шығару).
98-сабақ. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс көбейту және бөлу дағдыларын бекіту; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Пысықтау сабағын мұғалім өз қалауынша ұйымдастырады. Ауызша есептеуге бұрынғыларға ұқсас тапсырмалар енгізіледі.
360 : 9
+ 10
40 • 8
• 5
:4
: 6
• 8
+ 60
• 7
: 6
Сабақта кестелік көбейту және бөлу дағдылары бекітіледі (оқушылардың кестені білуін математикалық диктант түрінде жеке тексеруге болады). Сонымен қатар екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлудің өтілген түрлері қайталануы тиіс (М1, №4 98-сабақ). Қалған жаттығуларды өзіндік жұмыс ретінде тапсыруға болады, соңынан тексеріледі.
99-сабақ. Екі таңбалы санды екі таңбалы
санға бөлу тәсілі. 36 : 12 (таңдау тәсілі)
Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санды екі таңбалы санға таңдап алу арқылы бөлу тәсілімен таныстыру; есепті өрнек түрінде шығару дағдыларын қалыптастыру; теңдеудің күрделірек түрін шығару тәсілдерін бекіту.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Жаңа материалды қарастыруға дайындық ретінде кестелік бөлуге ауызша тапсырмалар кіргізуге болады. «Математикалық домино», «Математикалық волейбол», «Баспалдақ» ойындары жүргізіледі. №5 және №6 тапсырмалар ауызша жаттығуға арналған.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылармен бұрынғы сабақтарда танысқан кестелік бөлуге берілген мысалдардың жауабын көбейту кестесінің көмегімен іздеу тәсілін еске түсіру. Алайда екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу кезінде бөліндінің мәнін таңдауда бөлгішті бөліндінің мәні деп санаған санға көбейткенде бөлінгіш шығуы керек.
Мысалдардың көрсетілген түрін шешу үшін талдау жұмысы бұрынғы жүргізілген кестелік бөлуге берілген мысалдардың жауабын көбейту кестесінің көмегімен іздеген жұмысқа ұқсас жүргізіледі. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілі №1 (а) тапсырманың негізінде жүргізіледі. №1 (ә) тапсырманы оқушылар толық түсіндіре отырып шығарады.
Өткен тақырыппен жұмыс.
№3 (1-баған) тапсырманы орындау кезінде мұндай теңдеулерді алдымен жеңілдетіп, жай теңдеуге айналдырғаннан кейін шығару керек. №2 тапсырманы балалар өздері шығарып, соңынан шығарылу жолын толық түсіндіреді.
Оқушылар №8 тапсырманы орындау барысында ақиқат айтылымдар құруды үйренеді.
Өздік жұмыс үшін № 4 (а), №7 тапсырмалар ұсынылады.
6. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №3 (2-баған), №4 (ә).
100—101-сабақтар. Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты: екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу тәсілін; сурет бойынша есеп құрастыру; құрылымы күрделірек теңдеудің түрлерін шеше білу дағдыларын бекіту.
Ауызша есептеуге мынадай тапсырманы қамтуға болады:
Оқулықта берілген материалдар кестеден тыс көбейту мен бөлудің өтілген түрлерін, (№1, №2 тапсырмалар, 100-сабақ, №1, 101-сабақ), құрылымы күрделірек теңдеудің түрлерін шешу тәсілін (№ 4, 100-сабақ); үш таңбалы сандарды жазбаша есептеуді орындау дағдыларын қайталауға (№6, 100-сабақ, №7, 101-сабақ); түрлі құрама есептер шешу дағдыларын бекітуге (№3, 100-сабақ, №2, №3, 101-сабақ), өрнектер құруға және шығаруға (№4, 101-сабақ), тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табуға (№5, 101-сабақ) мүмкіндік береді. №5, №7 және №8 (100-сабақ, 101-сабақ) тапсырмаларды оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды.
102-сабақ. Тіктөртбұрышты параллелепипед
және текше. Санның кубы
Сабақтың мақсаты: оқушыларда тіктөртбұрышты параллелепипед және текше туралы түсініктерін қалыптастыру; санның кубын есептеуді үйрету.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Білімді жетілдіру.
Жаңа материалды меңгеруге дайындық үшін көбейту кестесін қайталау қажет, бұл үшін математикалық диктант жүргізіледі. 100 көлеміндегі сандарды есептеу дағдыларын жетілдіру үшін «Үндемес», «Баспалдақ», «Компьютер», «Қай қатар жылдам?» ойындары ұйымдастырылады. Жай есептердің түрлерінен тұратын математикалық диктант ұсынуға болады. Мұгалім есептің шартын оқиды, балалар өрнектерді жазып, мәнін табады.
• Даниярда 6 қарындаш бар, ал Дианада одан 2 есе артық. Дианада неше қарындаш бар?
• Салтанатта 12 фломастер бар, ал Қарлығашта одан 4 қарындашқа кем. Қарлығашта неше фломастер бар?
• Айдарда 250 теңге болды, ол 200 теңгеге кітап сатып алды. Айдарда қанша ақша қалды?
• Қүлпынайдан 24 кг тосап, қараөріктен 8 кг тосап қайнатылды. Қараөріктен құлпынайға қарағанда неше есе кем қайнатты?
• Бір түйеде 2 өркеш бар. 6 түйеде барлығы неше өркеш бар?
• 10 алманы балаларға 2 алмадан таратты. Неше бала алма алды?
• 12 қалам сатып алынды, ал қарындаш одан 3 есе кем. Неше қарындаш сатып алынды?
Содан кейін көлемді фигуралардың атауларын қайталап, оларды жазық фигуралармен салыстыру керек. №1 және тақтадағы тапсырмалар орындалады.
- Берілген фигураларды қандай 2 топқа бөлуге болады?
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа көлемді денелермен таныстыру үшін мұғалім параллелепипед пен текшенің қатырмақағаздан жасалған үлгісін көрсетеді. Еңбек сабақтарында параллелепипед пен текшенің үлгісін алдын ала жасауға болады. Оқушылар үлгіні қарастыра отырып, барлық қырлары тіктөртбұрыш пішінінде болатынын анықтауы тиіс. Содан кейін параллелепипедті текшемен салыстырады да, текшенің жақтары шаршы деген қорытындыға келеді. Көлемді денелер туралы түсініктерін бастапқы бекіту оқулық бойынша жүргізіледі (№2 тапсырма).
Санның кубымен таныстыру үшін санның квадраты туралы білімдерін қайталау керек (№3 (а) тапсырма), содан кейін санның кубы түсінігі енгізіледі (№3 (ә).
3. Өткенді бекіту.
Алғашқы бекіту үшін балалар түсіндіре отырып №3 (б) тапсырмасының 1-3-бағандарын және 4-бағанды орындайды.
Өткен тақырыппен жұмыс.
№4 (а және ә) тапсырманы орындау барысында мұғалім оларды түрлі тәсілдермен шешуді ұсынады және есептеудің тиімді тәсілдерін балалардың естеріне салады. №5 тапсырманың материалдары бойынша қосуға 3 өрнек, азайтуға 3 өрнек құрастырылады, мұнда құрастырылған өрнектерді дұрыс оқу дағдыларын пысықтау керек. №7 (1-баған) тапсырма түсіндіре отырып орындалады, 2-бағанды өздігінен жасайды.
№6 тапсырманы оқушылар белгіленген уақыт аралығында өздігінен орындайды. Соңынан қорытынды жасайды.
№8 тапсырманың орындалуы тексеріледі (таразының бір табағына 8 кг және 3 кг кір тасы, ал екіншісіне 5 кг кір тасы және табақтар теңескенше жарма құйылады.
Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №5, №7 (2-баған).
103-сабақ. Көбейтудің терімділік қасиеті
Сабақтың мақсаты: оқушыларды көбейтудің терімділік қасиетімен таныстыру, бұл қасиетті есептеуде қолдана білуге үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тірек білімдерін белсендіру.
Бұл кезең алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі.
Мынадай тапсырма беруге болады: шаршылар «сиқырлы кейіпке» ену үшін бос торларды толтырыңдар:
|
|
|
4
|
|
|
12
|
3
|
|
|
|
12
|
6
|
|
|
6
|
7
|
9
|
|
|
|
17
|
|
|
|
9
|
11
|
|
|
10
|
11
|
|
|
16
|
5
|
10
|
7
|
|
13
|
2
|
18
|
|
13
|
|
2
|
16
|
|
2
|
15
|
|
|
|
|
17
|
|
10
|
№1 тапсырма мен № 8 логикалық тапсырма ауызша орындалады (жауабы: банкіге 6 стақан су сыяды).
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқулықта берілген материалдар негізінде ұйымдастырылады (№2 тапсырма). Оқушыларды өз беттерінше тұжырым жасауға ынталандыру, содан кейін оқулықта берілген қорытындымен таныстыру тиімді. Алғашқы бекіту жұмысы үшін оқушылар мұғалімнің басшылығымен №3 есепті шығарады.
Өткен тақырыппен жұмыс.
Санның кубын есептеу дағдыларын бекіту үшін №4 тапсырма тақтада орындалады.
№ 5 тапсырманы орындамас бұрын масса бірліктері арасындағы қатынасты қайталау керек.
• 1 тоннада неше килограмм бар?
• 1 тоннада неше центнер бар?
• Центнерде неше килограмм бар?
• Тонна центнерден неше есе артық?
• Центнер килограмнан неше есе кем?
• 5 ц 6 кг-да неше килограмм бар?
Осыдан кейін балалар №5 тапсырманы өзара тексере отырып орындайды. Төртінші пропорционалды табуға арналған №6 (а) тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады, ал №6 (ә) тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен алдын ала талдаудан кейін өздігінен орындайды.
4. Өздік жұмыс ретінде №7 (а) тапсырма ұсынылады.
5. Сабақты қорытындылау алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі. Үй жұмысы: №7 (ә).
104-сабақ. Дене көлемі
Сабақтың мақсаты: денелер көлемі және көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; есептеу дағдыларын жетілдіру; интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білуге баулу.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабағымыздың тақырыбын оқыңдар. Өрнектерді шешіп, жауаптарды кему тәртібімен жазыңдар.
Сабақтың тақырыбын құрыңдар.
М
|
Е
|
Л
|
К
|
Ө
|
480 - 400
|
638 - 608
|
416 - 400
|
35:5•0
|
500 - 495
|
|
|
|
|
|
0
|
5
|
16
|
30
|
80
|
К
|
Ө
|
Л
|
Е
|
М
|
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру
1. Таза жазу минуты.
- 576 санын жазыңдар. Сандағы толық ондықтарды (57), жүздіктерді (5) атаңдар.
№5 тапсырманы орындамас бұрын уақыт бірліктерінің қатынасын қайталау қажет. №9 логикалық тапсырма ауызша орындалады.
3.Оқу материалымен бастапқы танысу.
1. Мұғалім артық фигураны табуды тапсырады. Тақтаға суреті ілінеді.
Неге параллелепипед артық? (Барлық фигуралар жазық, ал параллелепипед көлемді).
Қай фигуралар туралы айтылған:
• Ңалай айналдырсаң да барлық жағы бірдей.
• Төменгі жағы дөңгелек, төбесі үшкір.
• Екі жағы да дөңгелек.
• Төрт үшбұрыш, бәрі бір шаршыға қарайды.
• Алты жағы бар, бірақ текше болып шықпайды.
2. Практикалық жұмыс.
Мұғалім балаларға көлемі әртүрлі қораптар көрсетеді.
- Қораптарды салыстырыңдар. Олардың қайсысы үлкен? «Көлем» сөзін қалай түсінесіңдер?
«Көлем» деген не екенін оқулықтан қараңдар (№1 тапсырма). Демек, қораптардың қайсысы көлемі жағынан үлкен? (Кеңістікте көбірек орын алатыны). Көлемді қалай өлшеуге болады? Қандай өлшем бірлігін пайдалануға болады? (Шағын қорапшаны өлшеп, үлкен қорапқа мұндай неше қорап сыяты-нын анықтауға болады). Егер біз көлемі басқа қорапты өлшесек, көлемнің дәл осындай шамасы шығады ма? Өлшенетін қораптың көлемі өзгереді ме? (Жоқ). Яғни, көлемді өлшеу бірлігін табу керек.
3. Оқулық бойынша келемді өлшеу бірлігімен танысу (№1 тапсырма).
Қораптың көлемін анықтауға практикалық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар 5 адамнан топтарға бөлінеді. Әр топта бір қораптан. Балалар биіктігін, ұзындығын, енін өлшей отырып, қораптың көлемін есептеп шығарады. Содан кейін өз шешімдерін дәлелдейді.
4. Алғашқы бекіту.
№2 тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды. Содан кейін ұжым болып №8 тапсырманы орындайды.
5. Өткен тақырыппен жұмыс.
Оқушылар төртінші пропорционалды табуға арналған есептерді ұжым болып құрастырады (№3 тапсырма), содан кейін есепті өздігінен шығарады. №4 тапсырманы орындау барысында оқушылардың назарын көбейтудің терімділік қасиетін пайдалануға болатынына аудару қажет.
№6 қатар бойынша өздік жұмыс жүргізуге арналған. 1-нұсқа - 1-баған, 2-нұсқа - 2-баған, 3-нұсқа - 3-баған және №7 тапсырманы тақтада түсіндіре отырып орындайды.
6. Үй тапсырмасы: №6 (3-баған). Шығармашылық деңгей: тіктөртбұрышты параллелепипедтің макетін дайындап, көлемін есептеңдер.
7. Сабақты қорытындылау.
- Сабақтың тақырыбы қандай? Сен не үйрендің? Жаңа тақырыпты меңгеруге қандай тапсырмалар бағытталған? Сабақ тақырыбын жақсы меңгеру үшін қандай тапсырмаларды қосуға болады? Сабақта өз жұмысыңды бағала. Үлкен жетістікпен жұмыс істеу үшін өзіңде нені өзгерту қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |