1-тоқсан (45 сағАТ) 2-сыныпта өткенді қайталау


-сабақ. Есептерді әртүрлі



жүктеу 1,3 Mb.
бет11/16
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19595
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

85-сабақ. Есептерді әртүрлі

тәсілмен шығару
Сабақтың мақсаты: есепті әртурлі тәсілдермен шығару дағдыларын қалыптастыру; үш таңбалы сандармен жазбаша есептеуге қатысты білімдерін бекіту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Ауызша есептеуге №1 тапсырма берілген, есептеу дағдыларын арттыру үшін «Математикалық волейбол», «Қай қатар мықты?», «Үндемес» ойыңдары ұйымдастырылады. «Есіктің кілтін тап» ойынын өткізуге де болады. Ойынның мақсаты: есептеу дағдыларын бекіту. Тақтада 7 есіктің суреті салынған. Олардың әрқайсысында мынадай өрнектер жазылған: 400 • 2, 300 : 3, 600 : 2, 100 • 5, 400 : 2, 900 : 9, 600 : 100. Оның қасында жауаптары бар кілттердің суреті бар: 6, 100, 200, 500, 300, 100, 800. Балалар қажетті кілтті табады. Сонымен қатар №4 пен №6 тапсырмаларды ауызша орындатуға болады.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

№3 (а) тапсырманы балалар мұғалімнің жетекшілігімен түрлі тәсілдермен жоспар бойынша шығарады:



1) Барлығы неше шырша отырғызылды?
Барлығы неше қайың ағашы отырғызылды?
Барлығы неше ағаш отырғызылды?

2) Бір мектепте барлығы неше шырша және қайың отырғызылды?

Мектептерде барлығы неше ағаш отырғызылды?

Есепті шығарғанға дейін балалардан ұсынылған жоспарлардың қайсысы есепті тез шығаруға көмектесетіні және неге екені сұралады. Содан кейін балалар есепті екі тәсілмен де шығарып, амалдар мен өрнектер бойынша шешуін жазады.

№3 (ә, б) тапсырманы оқушылар кез келген тәсілмен өз беттерінше орындайды, содан кейін тақтаға екі тәсілді жазады және ұсынылған тәсілдердің қайсысы жеңіл (тиімді) болғаны анықталады.



4. Өткен тақырыппеп жұмыс.

№2 тапсырманы орындау барысында балалар өрнектерді орындайды және олардың әрқайсысын қандай тәсілмен шешкен тиімді екенін талқылайды.

№8 логикалық тапсырма мұғалімнің басшылығымен ауызша орындалады.

5. Өздік жұмыс үшін №5 тапсырма (1-нұсқа - 1, 3-бағандар, 2-нұсқа - 3, 4-бағандар) беріледі.

6. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №7 тапсырма.

86—87-сабақтар. Есептерді әртүрлі

тәсілмен шығару.

Пысықтау
Сабақтың мақсаты: есептерді әртүрлі тәсілмен шығару дағдыларын қалыптастыру; үш таңбалы сандармен жазбаша есептеу дағдыларын пысықтау.

Бұл сабақтар алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі, алайда оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне басым көңіл бөлінеді. Мұғалім оқулықтағы тапсырмалармен жұмысты өз қалауына қарай және оқушылардың дайындық деңгейін есепке ала отырып ұйымдастырады.


88-сабақ. 36 • 2, 360 • 2, 36 • 20 түріндегі көбейту
Сабақтың мақсаты: көбейтудің көрсетілген түрін орындау тәсілдерін қалыптастыру; теңдеуді шешу дағдыларын пысықтау.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

36 • 2, 360 • 2, 36 • 20 түріндегі көбейту тәсілі қосындыны санға көбейту ережесін қолдануға негізделген. Жаңа материалды саналы түрде қабылдау үшін ауызша есептеуге жүздіктер, ондықтар, бірліктердің қосындысы түрінде жаза алу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беріледі. Ол үшін каллиграфиялық жазба минуты ұйымдастырылады: «4, 7, 8 цифрларынан құрастыруға болатын барлық сандарды жазыңдар. 7 ондық болатын санды ата, 7 бірлік болатын санды ата, 7 жүздік болатын санды ата, т.б.».

Есептеу дағдыларын дамыту үшін «Қай қатар жылдам?» дидактикалық ойыны ұйымдастырылады. Оған мынадай мысалдар қамтылады: 30 • 5, 720 : 9, 240 : 8, 3 • 100, 50 • 5, 420 : 7, 3 • 80, 6 • 50, 540 : 6.



  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру жұмысы бірден оқулықтағы мысалдардың шығарылуы көрсетілген мысалдармен жұмыс істеуден басталады (№1 тапсырма). Алдымен 36 саны 30 бен 6-ның қосындысы түрінде көрсетіледі. 30 саны 2-ге көбейтіледі, одан кейін 6-ны 2-ге көбейтіп, алынған нәтижелер қосылады. 36-ны 2-ге көбейту тәсілі қарастырылғаннан кейін 360 • 2, 2 • 360, 36 • 20 түріндегі көбейтулерді балалар өздері түсіндіреді.

  1. Бекіту.

№1 (ә) тапсырманың екі мысалын тақтаға және дәптерлеріне түсіндіре отырып, толық жазып көрсетеді:

23 • 3 = (20 + 3) • 3 = 20 • 3 + 3 • 3 = 60 + 9 = 69

49 • 2 = (40 + 9) • 2 = 40 • 2 + 9 • 2 = 80 + 8 = 98 және екі мысалды ауызша түсіндіреді. Қалған мысалдарды оқушылар ауызша түсіндіріп, тек қана жауаптарын жазады.

  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№2 (а) тапсырма қысқаша кесте түрінде жазылады.


1 қораптың массасы

Қораптың саны

Жалпы массасы

15 кг

Бірдей 10 қорап




?

? ? кг


20 кг

Кесте бойынша есептің берілуін талқылағаннан кейін оқушылар шығару жолын өздері орындайды. Одан соң есепті басқа тәсілмен шығарады және екі шешуін салыстыра отырып, тиімді тәсілді анықтайды. №2 (ә) тапсырма да осыған ұқсас орындалады.

№3 тапсырманы оңушылар кестеге ңысқаша түрде жазады, одан кейін мүғалім есептің шығару жоспарын таңтаға жаза-ды, ал балалар есепті өздері шығарады. Жоснары: 1) фабрикаға неше килограмм қант өкелінгенін білу; 2) неше килограмм ка-као үнтағы әкелінгенін білу; 3) фабрикаға барлығы неше кило-грамм ңант пен какао үнтағы әкелінгенін білу. Осы есепті басңа ңандай тәсілмен шығаруға болатыны оңушылармен бірлесін талқыланады.

Содан кейін балалар түсіндіре отырып №4 теңдеуді шешеді. Оқушылар арифметикалық амалдардың компоненттері ара-сындағы өзара байланысты жаңсы меңгеруі тиіс.

№5 тапсырманы балалар мүғалімнің көмегімен ауызша орындайды. Логикалың тапсырма (№8 тапсырма) мүғалімнің басшылығымен ауызша орындалады.



6. Өздік жцмыс ретінде №7 тансырма берілін, соңынан тексеріледі.

7. Сабацты цорытындылау. Үй жүмысы: №6. .
89—90-сабақтар. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: қосындыны санға көбейтуді орындау дағдыларын бекіту; үш таңбалы сандарды жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Өткен сабақты бекіту мақсатында№1 (89-сабақ) және №1, №8 (90-сабақ)

ауызша орындау тапсырылады. «Математикалық воллейбол», «Үндемес», «Компьютер» ойындарын ұйымдастыруға болады: 15 • 2, 26 • 3, 45 • 2, 30 • 5, 410 • 2, 62 • 2, 36 : 6, 100 : 10, 80 : 2 және т.б. Ауызша есептеуге мына тапсырма енгізіледі:



Фигуралардың ішінен «артық» фигураны тап. №2 фигурадағы шаршы мен шеңбердің аудандарын салыстыр.

  1. Бекіту.

№2, №3 (№89, 90-сабақтар) және №«5 (90-сабақ) оқушылар түсіндіре отырып орындайды (1-баған), қалған мысалдарды оқушыларға өздері орындауға тапсыруға болады.

  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№»5 (89-сабақ) тақырыпты оқушылар мұғалімнің басшылығымен орындайды. №4 (89-сабақ), №«3 (90-сабақ) тапсырманы мұғалімнің көмегімен талқылау керек. Қайталау барысында және есеп мәтініне талдау жасау кезінде мұғалім есептің берілуін оқушылардың айтуымен кестеге жазады. Осыдан кейін оқушылар есептерді өрнек түрінде өздері жазып шығарады.

№»8 (89-сабақ) логикалық есепті балалар өздері орындап, орындалу жолын түсіндіреді: «Егер алманы себеттен алып, бір-біріне салуға болмайтын болса, онда әр себеттегі алмалардың қосындысын әртүрлі сан шығатындай таңдап алу керек. 18 бен 19 сандарының қосындысы 20 мен 21 сандарының қосындысынан кіші, сондықтан болмайды, 18 бен 20-ның қосындысы 19 бен 21-дің қосындысынан кіші, бұл да болмайды, 18 бен 21-дің қосындысы 19 бен 20-ның қосындысына тең. Демек, біреуіне бірінші және төртінші себет, ал екіншісіне екінші және үшінші себеттегі алмалар беріледі».



  1. Өздік жұмыс үшін №6, (89-сабақ 1, 2-бағандар), №4, 7 (90-сабақ)

тапсырмалар беріледі және соңынан тексеріледі.

  1. Сабақты қорытындылау. Үй жұмысы: №7 (89-сабақ), №6 (90-сабақ).


91-сабақ. Қосындыны санға бөлу
Сабақтың мақсаты: қосындыны санға бөлу тәсілін меңгерту; өтілген есеп түрлерін шығару дағдыларын пысықтау.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Ауызша жаттығуларға 1000 көлеміндегі сандарды қосу және азайту, кестелік қосу және азайтуға арналған тапсырмалар алынады. Бір амалмен орындалатын мысалдармен бірге екі амалмен орындалатын мысалдар түрін қосқан дұрыс: 3•4:6, 25 : 5 + 20, (36 - 16) : 2 және т.б.

Математикалық диктантқа мынадай тапсырмалар енгізіледі:

• 3 пен 8-дің көбейтіндісін 6 есе кеміт.

• 16 мен 8 сандарының бөліндісін 6 есе арттыр.

• Әпкесі інісінен 4 жас үлкен. Інісі 4 жаста. Әпкесі неше жаста?

• Анасы 32 жаста, ал баласы 8 жаста. Баласы анасынан неше жас кіші?

• Әрқайсысында 3 кг-нан 4 қалбыр бояу сатып алынды. 4 кг бояу жұмсалды. Неше килограмм бояу қалды?

• 36 мен 9-дың бөліндісін 2 есе арттыр.

• Ағасы 12 жаста, ал қарындасының жасы 2 есе кіші. Қарындасы неше жаста?

• 6 мен 5-тің көбейтіндісінен 22-ні кеміт.


3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қосындыны санға бөлудің бірнеше тәсілімен таныстыру жұмысын өздеріне таныс жаттығу түрлерін орындатудан бастаған жөн: «8 бен 12-нің қосындысын 4-ке бөл». Тақтаға шақырылған оқушы мысалды тақтаға жазып, алдымен қосындыны есептеп, содан соң 4-ке бөлу керектігін түсіндіре отырып шығарады. Тақтада мынадай жазу болады: (8 + 12) : 4 = 20:4 = 5.

Содан кейін мұғалім №1 (ә) тапсырмаға берілген сурет бойынша қосындыны санға бөлудің екі тәсілін де түсіндіреді.

4. Бекіту.

Алғашқы бекіту жұмысы үшін №1 (а) тапсырмаға берілген сурет бойынша қосындыны санға бөлудің екі тәсілін де түсіндіреді.

(4 + 8):2 = 12:2 = 6 (4 + 8):2 = 4:2 + 8:2 = 2 + 4 = 6

Содан кейін оқушылар №2 тапсырманы орындайды. Өрнектердің қайсысын түрлі тәсілдермен шығаруға болмайтынын нақтылаған маңызды.

№3 тапсырманы шешу барысында балалар өз беттерінше әр тәсілді жеке жазып шығарады. Тексеру кезінде оқушылардың әртүрлі тәсілмен шығарғаны анықталады. Шешудің екі тәсілі де тақтаға жазылып, қысқаша түсіндіріледі. Екі тәсіл салыстырылып, қай тәсілдің тиімді екені анықталады. Егер оқушылар есепті әртүрлі тәсілмен шығаруда қиналатын болса, иллюстрациялап көрсету тиімді: 12 қыз бала және 14 ер бала тақта алдына шығады. Оларға тең екі топқа бөліну тапсырылады.

№4 тапсырманың қысқаша жазылуын кестеге жазу тиімді:




Бір топтағы бала саны

Топ саны

Барлық бала саны

6 ер бала

?

? ер бала

80

спортшы




4 қыз бала

?

? қыз бала

Содан соң балалар есепті шығару жоспарын анықтайды: 1) топта барлығы неше бала екенін білу; 2) неше топ екенін білу; 3) барлығы неше ер бала екенін білу; 4) неше қыз бала екенін білу. Ол үшін барлық балалар санынан ер балалардың санын азайту керек немесе 1 топтағы қыз балалар санын топтың са-пына көбейту керек.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 (1-ші және 2-бағандар) және №6 тапсырманы өздік жұмыс ретінде ұсынып, соңынан тексеруге болады.

№8 логикалық тапсырманы балалар мұғалімнің басшылығымен орындайды.

6. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма: №5 (3,4-бағандар) және №7. Шығармашылық деңгей: математикалық ребус құрастыру.
92-сабақ. Есепті әртүрлі

тәсілмен шығару
Сабақтың мақсаты: есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды үйрету; теңдеу шешу дағдыларын дамыту.


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларды белсендіру. Зейіндерін дамыту үшін

мынадай есеп түрін ұсынуға болады: «Цифрларының қосындысы қатарында қарамен жазылған санға еселік болатын сандарды ғана атау керек».

18 17 21 6 8 19 2

32 11 15 18 13 24 3

45 50 15 14 37 41 5

Ауызша есептеуге алдыңғы сабақтарда көрсетілгендей дидактикалық ойындар енгізіледі. №8 логикалық тапсырма мұғалімнің басшылығымен ауызша орындалады (ағалы-інілі балалардың жасы 2-де, 5-те және 8-де).



3. Бекіту.

Алдыңғы сабақтарда қарастырылған қосындыны санға бөлудің әртүрлі тәсілдері туралы алған білімдерін бекіту мақсатында ең болмағанда бір мысалдың екі тәсілмен орындалуын жан-жақты қараған дұрыс (№1 тапсырма). Содан кейін түсіндіре отырып есеп шығарылады (№2 тапсырма).



4. Жаңа сабақты түсіндіру.

№3, №4, №5 тапсырмалардың есептерін шығару және талдау кезінде балаларға өздеріне шығаруға ұсынуға болады, әр амалды жеке жазып орындайды. Тексеру, кезінде әртүрлі тәсілдер салыстырылады: «Есептің шешулерінің ұқсастығы қандай? Қандай айырмашылығы бар? 1-тәсілде бірінші амалмен нені білдік? Әр шешуінде екінші амалмен нені білдік? Қай тәсіл тиімді?»



5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№7 тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.



6. Өздік жұмыс ретінде №6 (1-баған) ұсынылады.

7. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №6 (2, 3-бағандар).
93-сабақ. 48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс бөлуді тиімді тәсілмен орындау дағдыларын қалыптастыру; есептің өтілген түрлерін шығара білу.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Ауызша тапсырмаларға «Үндемес», «Компьютер», дидактикалық ойындары арқылы көбейту және бөлу кестесін қайталау ұсынылады.

«Баспалдақ» дидактикалық ойыны кестелік көбейту және бөлу дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылады. Тақтада баспалдақтың суреті салынған, екі жағынан көбейту және бөлу кестесінен мысалдар қатары жазылған. Тақтаға шыққан бала тек жауаптарды жазады. Төбесіне бірінші жет-кен бала жеңеді.

«Компьютерде жұмыс істейік» ойын-жаттығуын енгізген тиімді.

3 - 19 + 10 : 9

36
+86

: 2 + 41 :9

Мұғалім оқушыларға барлық математикалық амалдардан кейін таблода 36 саны пайда болғанын түсіндіреді. Машинаға қандай сан енгізілгенін білу керек.



  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ауызша түсіндіруде (№1 жаттығу) мынадай мәселелер ескерілуі керек: 1) бөлінгішті ондық пен бірліктің қосындысына ауыстырамыз; 2) қосындыны санға бөлудің ережесін қолдана отырып, алдымен ондықтарды, содан кейін бірліктерді бөліп, алынған нәтижелерді қосамыз.

Балалардың назарын берілген санға ондықтар да, бірліктер де бөлінетін болса ғана, бұл екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу тәсілін қолдануға болатынына аудару керек.



4. Алғашқы бекіту үшін №2 тапсырма түсіндіріле отырып орындалады.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№3 тапсырманың берілуін оқушылар кестеге жазады:



Бағасы

Саны

Құны

?

6 доп

720 теңге

?

8 доп

240 теңге

Осыдан кейін оқушылар есепті өздері шығарады.

№4 тапсырманы орындау кезінде оқушылар қосылғыштардың әртүрлі нұсқаларын ұсынады: 24 = 20 + 4

24 = 18 + 6 24 = 16 + 8 24 = 12 + 12 т.с.с.

№5 пен №6 тапсырмалар ауызша орындалады. Оқушылар тек оқулықтағы сұрақтарға ғана жауап беріп қоймай, сурет бойынша өздерінің сұрақтарын ойластырады.

№8 логикалық тапсырма мұғалімнің басшылығымен орындалады.

(5 + 5) • (5 + 5) =100 5 • 5 • 5 •5 = 120 (5 • 5 + 5) • 5 = 150



6. Өздік жұмыс үшін №7 (1-ші және 2-бағандар) тапсырма ұсынылады.

7. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №7 (3 баған). Шығармашылық деңгей: 2-ден әріптік теңдік және теңсіздік құрастырып келу.
94-сабақ. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: қосындыны санға бөлуді орындау дағдыларын бекіту; шаршының ауданы мен периметрін табу тәсілдерін қайталау.

Сабақ мұғалімнің қалауы бойынша құрылады. Ауызша тапсырмаларға көбейту мен бөлудің кестелік жағдайларымен бірге екі таңбалы сандарға 4 арифметикалық амалдың қатысуымен берілген мысалдар енгізіледі. Оқулықта берілген барлық жаттығуларды оқушылардың өзіндік жұмысын ұйым-дастыруға қолдануға болады.


95-96-сабақтар. 70 : 2, 700 : 2, 700 : 20

түріндегі бөлу тәсілдері. Пысықтау
Сабақтың мақсаты: кестеден тыс бөлудің көрсетілген түрін орындау дағдыларын қалыптастыру; шамаларды салыстыра білуге үйрету.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру үшін «Компьютер», «Үндемес», «Баспалдақ» ойындарын ұйымдастыруға болады.

Кестелік көбейту мен бөлуді ңайталау үшін «иә-жоң» мате-матикалың диктантын жүргізуге болады. Оқушылар «+» не-месе «—» таңбаларымен белгілеу арңылы өз тұжырымдарын білдіреді:

• 63 пен 7-нің бөліндісі 9-ға тең.

• 56-ның жетіден бір бөлігі 9-ға тең.

• 9 санын 7 есе арттырғанда 63 шықты.

• 49 санын 7 есе кеміткенде 63 шықты.

• 56 мен 7-нің қосындысын 9 есе кеміткенде 5 шықты.

• 63 санын 27 мен 3-тің бөліндісіне бөлгенде 7 шықты.

• Бір жәшікте 8 кг алма бар. Осындай 7 жәшікте 56 кг алма бар.

• Бір қорапта 7 қарындаш бар. 6 қорапта 42 қарындаш бар.


  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің жаңа жағдайын қарастыру сынып оқушыларының дайындық деңгейіне байланысты жүргізіледі. Егер оқушылар қосындыны санға бөлудің әртүрлі тәсілдерін жақсы меңгерген болса, онда мысалдарды шығаруды түсіндіруді өздеріне таныс: 36 : 2, 48 : 4, 63 : 3 сияқты түрлерінен бастауға болады. Оқушылардың назарын мысалдарды шығару кезінде бір тәсіл: ондықтарды, одан кейін бірліктерді бөліп, нәтижелерін қосу тәсілі қолданылғанына аудару керек. Одан соң шығарылған мысалдардың қатарына жаңа мысалдар жазылады: 90 : 2, 70 : 2, 500 : 4. Мұғалім бұл мысалдарды шығарылған мысалдармен салыстыра отырып, бірінші бағанды орындауда қолданған тәсілдерді неге қолдана алмайтынымызды сұрайды (бұл мысалдарда бөлінгіштің құрамындағы ондықтар бөлгішке бөлінбейді). Одан кейін оқушылардан: «Мұндай жағдайда не істеуге болады?» деп сұрауға болады. Егер сұраққа жауап беру қиын болатын болса, бір оқушыны тақтаға шығарып, мысалдарды иллюстрациялау арқылы көрсету керек. Иллюстрацияға буылған ондық санағыштар мен жеке санағыштар пайдаланылады. Алдымен балалар бұрынғы тәсілмен ондықтарды бөліп көреді. Бөлінбейтін болған соң ары қарай оқушыларды жетектеу арқылы 8 ондықты 2-ге бөліп, содан соң 10 бірлікті 2-ге бөлуге болатындығына көздерін жеткізу керек. Қорытындылау кезінде мынадай сұрақ қоюға болады: «Бұл жағдайда қандай қосылғыштарға жіктеу ыңғайлы болады? Неге?»

Содан кейін мұғалімнің басшылығымен №1 тапсырма ауызша орындалады.



  1. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін №2 тапсырма ауызша түсіндіріле отырып орындалады.

  1. Өткен тақырыппен жұмыс.

№3 тапсырманы балалар өздігінен орындайды, соңынан мұғалімнің басшылығымен талдау жүргізіледі. Содан соң балалар осындай есептер құрастырады.

№4 тапсырманы шығармас бұрын уақыт бірліктерінің арасындағы қатынас қайталануы керек. №6 тапсырма ауызша орындалғаннан кейін оқушылар №4 тапсырманы өз беттерінше шығарып, жауабын сағат және минутпен өрнектейді. №7 мен №8 тапсырманы оқушылар мұғалімнің басшылығымен ұжым болып орындайды.



7. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: №5. Шығармашылық деңгей: математикалық диктант мәтінін құрастырып келу.

жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау