2.Жаз:
Ең кіші үш таңбалы сан - _ _ _ _ _ _ _
Ең үлкен екі таңбалы сан – _ _ _ _ _ _
Ең үлкен үш таңбалы санның алдында тұрған сан - _ _ _ _ _ _
600 санынан кейінгі сан – _ _ _ _ _ _ _
498 бен 501 сандарының арасында тұрған сандар -_ _ _ _ _ _ _
3. Сандарды салыстыр және таңбаларды қой.
809*908 499*501 709*710
123*132 99*100 815*851
1000 * 999 724 * 742 301 * 310
Қосымша материал
Сандардың аталуы
Адамзат баласы заттарды санап үйренгенге дейін сан мыңдаған жылдар өтті. Оларға сандарды қалай атау керектігін ойластыруға тура келді. «Білімсіз күнің жоқ» ден бекер айтылмаған.
Сандар атауының қалай пайда болғаны жайлы ғалымдар түрлі тайпалар мен халықтардың тілдерін зерделеу барысында білді. Мәселен, Сахалин мен Амур бөктерлерінде тұратын нивх халқында сандар қандай заттарды санайтынына байланысты болады екен. Оларша «екі жұмыртқа», «екі тас», «екі жамылғы», «екі көз» және т.б. тіркестерде сандар атауы әртүрлі. Кейбір негр тайпалары мен Тынық мұхит жағалауында тұратын тайпалар бір санға бірнеше сөз қолданады.
Белгілі бір санды кез келген затқа қолданғанға дейін сан ғасырлар өтті. Осылайша сандарға ортақ атау пайда болған.
Ғалымдардың пайымдауынша, алдымен 1 мен 2 сандары атауға ие болған. Радио мен теледидардан «...Үлкен театр солисі орындайды» деген секілді сездер айтылып жататын. «Солист» сөзі «жалғыз өзі өнер керсететін әнші, музыкант немесе биші» деген ұғымды білдіреді. Ол латынның «солюс» - «бір» деген сөзінен шыққан. Орыстың «солнце» сөзі де «солист» сөзіне ұқсас. Оның мәні мынада: римдіктер 1 санын қалай атауды ойластырғанда, Күн аспанда үнемі жалғыз болатындығына қарап осылай шешкен. Ал 2 санының атауы көп тілдерде қанат, құлақ, көз секілді жұптасып келетін заттармен байланысты. Бірақ 1 және 2 сандарына басқа атау берілген кездер де болған. Кейде оларды «мен» және «сен» сездерімен байланыстырған, кей тілдерде «бір» деген «ер адам», «екі» деген «әйел адам» болып айтылған.
Кейбір тайпаларда біраз уақытқа дейін «бір» және «екі» сандарынан өзгесі болмаған. Олар екіден кейінгінің бәрін «көп» деп атаған. Бірақ кейін басқа сандарды атау қажеттігі туындаған. Кейіннен басқа тайпалар «үш» санын «көп» сөзінің орнына қолдана бастаған. «Ер кезегі үшке дейін», «уәде бергенді үш жыл күтеді» деген сияқты сөздер жиі айтылады. Ертегілердің көбінде «үш» саны кездеседі.
Ал «төрт» саны ертегіде сирек кездеседі.
3 - Сабақ. Қайталау. Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандар құру, оларды қосу және азайту тәсілдері туралы білімдерін қорытындылау және алған білімдерін таныс жағдайда қолдана білу.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бүгін сабақта сендер қосу мен азайту амалдарын орындау туралы білімдеріңді қайталайсыңдар. Жетістікке қол жеткізем десең сабақта берілетін барлық тапсырмаларды орындауға тырыс. Сабақ соңында әрқайсыларың өз білім деңгейлеріңді тексеріңдер.
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
1. Төменде берілген сандар қатарын қалай тәртіпке келтіруге болады? «Артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?
10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 - дөңгелек сан емес)
1, 7, 14, 21, 27. (1 саны 7-ге бөлінбейді)
12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 - үш таңбалы)
24,11,13,15,17,19,12. (24 - екі ондық)
2. «Компьютер» дидактикалық ойыны түрінде ауызша есептеу,
Ойының мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.
Мұғалім ойынның екі нұсқасын ұсынады: а) тақтада мысалдар
тізбегі берілген, балалар соңғы нәтижені табады және карточкалардың көмегімен жауаптарды көрсетеді; ә) мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, балалар ауызша есептеп, жауабын көрсетеді немесе бірнеше бала ауызша жауап береді, сонан кейін тексеру жүргізіледі.
а)450-50 + 2 + 18-40 + 500
ә) 799 +1-300-5-90+10
6)900-800 + 1 + 99-40 + 5
Таза жазу минутын ұйымдастыру үшін 3,4,5 цифрларынан сандардың барлық мүмкін нүсқаларын құрастыруды тапсыру (345, 354,435, 453, 534, 543).
- Ең кіші санды ата.
- Ең үлкен санды ата.
- 3 жүздік және т.б. болатын сандарды ата.
№1, №7 тапсырмаларды топпен немесе жүннен орындауға болады.
3. Өткен материалдармен жұмыс.
№2 тапсырманы орындамас бұрын сұрақ-жауап жұмысын жүргізу керек:
- Қосу (азайту) кезінде сандар қалай аталады?
- Қосу (азайту) нәтижесі қалай аталады? Дайындығы төмен балаларға тірек сызба ұсыну керек: Қосылғыш + қосылғыш = қосындының мәні. Азайғыш - азайтқыш = айырманың мәні.
№2 тапсырманы балалар оқулықта берілген үлгі бойынша
орындайды, оны тақтада түсіндіре отырып жасауға болады.
№3 және №4 тапсырмалар қосу және азайтуды тексеру амалдары туралы білімдерін қайталауға бағытталған. №3 тапсырма ауызша орындалады. №4 жаттығуды уақыт бойынша шығаруға болады.
№5 (а) тапсырманы оқушылар өз беттерінше орындайды, соңынан тексеріледі. №5 (ә) тапсырманы есеп шарттарын жан-жақты талдаудан бастаған жөн.
- Тапсырма не туралы? Қандай оқулықтар туралы? Қазақ тілі, математика оқулықтары туралы не білеміз? Дүниетану оқулығы нешеу болды? Шартын жазуды сызба немесе қысқаша жазба түрінде орындауға болады.
Ана тілі- 89 о.
Математика- 112 о.
Дүниетану- ? о.
Тапсырмаларды түрлі тәсілдермен орындаған жөн.
№7 тапсырмада кесте бойынша түрлі өрнектер құруға болады.
Мысалы:
(700+ 30)+ 60 (700 + 30) + (600 - 20)
(700 + 30) + (360 - 80) (700 + 30) + 150
Сыныпта осы кестелерді пайдалана отырып, бірнеше тапсырма
орындауға болады, ал қалған өрнектерді балалар үйде құрастырып, шешуі керек.
№8 логикалық тапсырма ауызша орындалады.
4. Үй тапсырмасы. №7 кесте бойынша түрлі өрнектер
құрып, балалар №8 тапсырмаға ұқсас тапсырма құруы тиіс.
5. Сабақты қорытындылау.
- Сабақтың мақсаты қандай болды? Сабақтың мақсатына жеттіңдер ме? Сабақта не қиындық келтірді? Не жеңіл болды? Өткен тақырыпты дұрыс қайталау үшін өз достарыңа қандай тансырманы ұсынасыңдар? Жұмыстарыңды өз беттеріңше бағалаңдар.
4-сабақ. Теңдеуді шешу. Теңдіктер,
теңсіздіктер құрастыру
Сабақтың мақсаты: оқушылардың теңдіктер мен теңсіздіктер туралы білімдерін нақтылау; қосу және азайту қосу және азайту компоненттерінің өзара байланысы туралы білімі негізінде теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Сандарды тура табатын,
Қиын, әрі қызықты
Математика болатын!
2.Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
№1 тапсырма ауызша есептеуді ұйымдастыруға арналған. «Тапқыштар» ойынын өткізуге болады. Ойынның мақсаты: 100 көлемінде ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың тақырыбын табамыз:
е
|
48 + 9
|
с
|
80-47
|
Ң
|
164-8
|
3
|
162 - 95
|
Д
|
100-5
|
т
|
160 + 40
|
к
|
58+10
|
і
|
53 + 35
|
У
|
70 + 67
|
|
|
200
|
57
|
156
|
33
|
88
|
67
|
95
|
88
|
68
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Баланың бақылау, салыстыру, талдау, жинақтау жүргізу, қорытындылау, бастыны табу, тұжырым жасай алу дағдыларын қалынптастыруға бағытталған жаттығу жүргізуге болады.
G, Q, S - «ғажайып» цифрлар.
Егер G > Q, онда Q ... G.
Егер Q = S, онда S ... Q. Егер G < Q, онда Q ... G Егер S > G, G > Q, ондаS…Q
Егер Q = S, S > G, онда Q…G
Ауызша жаттығуға №1 тапсырманы беруге болады.
3.Бекіту.
Тақтада жазылған өрнектерді қандай топтарға бөлуге болады?
320 + 40 = 470 - 110 35 - 15 < 15 + 6
22 > 87 - 67
415 = 400 + 15
17 > 872 - 864 47 < 15 + 37
274 + X = 594
200 + 3 = 3 + 200
524 - X = 244
X - 251 = 522
Теңдеудің теңдік пен теңсіздіктен қандай айырмашылығы бар?
№2 тапсырма бойынша оқушылар теңдеу құрастырып, оны шешеді. 1-ші және 3-бағандарды тақтада орындатқан дұрыс.
Теңдік, теңсіздік туралы білімдерін қайталау үшін №4 тапсырма орындалады. Бұл тапсырманы уақыт бойынша жүргізуге болады.
№3 және №5 тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен орындалады.
4. Өздік жұмыс.
№ 6 (а) тапсырма өздік жұмыс ретінде беріледі. Мұғалім есептің шешуін өрнек түрінде жазуды тапсырады. №6 (ә) тапсырманы балалар өз беттерінше орындап, соңынан тексеріледі.
№7 тапсырма көбейту және бөлу тақырыбымен танысуға даярлық ретінде жүргізіледі. Тапсырманың шартын бейнелейтін сурет орындаған жөн.
№8 логикалық тапсырма «бәрі» және «кейбірі» сөздерінің қолданылуымен таныстырады.
5. Сабақты қорытындылау.
Мұғалім сабаққа дұрыс қатыспаған оқушыға бүгінгі сабаққа мына жоспар бойынша талдау жасатады:
а) Сабақтың тақырыбы
ә) Тақырыпты қайталауға қандай тапсырмалар көмектесті?
б) Балалардан кім белсенді болды және дұрыс жауап берді?
в) Қай бала сабақ жүргізуге кедергі келтірді?
г) Кім жауап беруде қиналды?
6. Үй тапсырмасы.
Мұғалім өз қалауы бойынша №2 (2-ші және 4-бағандар) немесе №6 (ә) тапсырманы үйге береді. Шешуін сабақта талқылауға болады.
Қосымша материал
Математикада ең алғаш пайда болғаны «кем», «артық», «сонша» түсініктері болды. Егер бір тайпа ұстаған балықтарын басқа тайпаның адамдары тастан жасаған пышақтарға айырбастаса, оларды санап жатпайтын. Бар болғаны әр балықтың тұсына бір пышақтан қоятын болған. Ауыл шаруашылығымен табысты түрде айналысу үшін арифметикалық білім қажет болды. Күндерді санамайынша егістікке дәнді қашан егу керек, малдың төлдеуін қашан күту керектігін анықтау қиын болды. Отарда неше қой барын, қоймаға қанша қап бидай жиналғанын білуу қажеттілігі туындады.
Міне, сондықтан да осыдан сегіз мың жылдан астам уақыт бұрын ежелгі бақташылар әрбір қой басына арнап саз балшықтан бір-бір кружкадан жасаған. Қораға кіргізген кезде қойды түгендеу үшін бір қой кірген сайын бір кружканы жанына қойып отырған. Осылай қойды түгендеген соң көңілі орнына түсіп, ұйықтауға жататын. Оның отарында қоймен қатар сиырлар да, ешкілер де болған. Сондықтан оған саз балшықтан басқа да фигуралар жасауға тура келген. Ал диқандар балшықтан соғылған фигуралардың көмегімен жиналған астықтың, алынған зәйтүн майының, т.б. есебін жүргізіп отырған. Бақташы егер қой төлдесе, кружкаларына жаңадан кружкалар жасап қосқан, ал қойдың біразы етке сойылса, сонша кружканы алып тастап отырған. Санауды білмесе де ежелгі адамдар арифметикамен айналысқан.
5-сабақ. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру
Сабақтың мақсаты: 1000 көлемінде есеп жүргізу, ауызша және жазбаша есептеу, өрнектерді салыстыру, құрама есептерді шешу, теңдеу шешу дағдыларын тексеру.
Бұл сабақ баланың 2-сыныпта өткен материал бойынша білім, білік, дағдыларын тексеруге арналған. Тексеруі үшін балаларға 2-сыныпты қорытындылауда жүргізілгендей бақылау жұмысын ұсыну қажет. Оның қорытындысын 2-сыныптағы бақылау қорытындысымен салыстыру мұғалімге өткенді қайталаудың тиімділігі қандай болды, қай материал жеткіліксіз игерілді, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керектігін тұжырымдауға көмектеседі.
Бақылау жұмысы
Есепте
821 - 793 321 + 564 280 + 20-40
1000-547 786 + 127 790 -130 + 70)
|
Есепте.
842 - 329 213 +524 1000-325
356 + 478 570 + 30-20 620 - (180 + 20)
|
Есепті шығар:
Дүкенде 390 велосипед бар. Оның 140-ы ерлерге, 100-і әйелдерге, ал қалғандары балаларға арналған. Қоймада балаларға арналған неше велосипед бар?
|
2. Есепті шығар:
Театр кассасында үш күн ішінде 490 билет сатылды. Бірінші күні 150 билет, екінші күні 140 билет сатылды. Үшінші күні неше билет сатылды?
|
3.Теңдеуді шеш:
800-х=240+160
Х-300=260+50
|
3.Теңдеуді шеш:
Х-200=480+50
800-х=1000-300
|
4. Қабырғары 2 см және 7 см болатын тіктөрбұрыш сал, периметрін тап.
|
4. Қабырғары 4 см және 8 см болатын тіктөрбұрыш сал, периметрін тап.
|
5.Баған түрінде шығар:
275+468 1000-137
394+555 1000-456
|
5.Баған түрінде шығар:
215+648 1000-713
345+655 1000-645
|
6.Дүкенде алма, алмұрт, жүзім
әкелінді. Алма 250 кг, жүзім 430 кг. Алма мен алмұртты қосқанда қанша болса, сонша жүзім әкелінді. Сонда
дүкенде қанша килограмм алмұрт
әкелінді?
|
6.Вафли мен прәникті қосқанда қанша болса, сонша печенье дайындалды. Вафли 120 кг, печенье 310 кг. Сонда қанша килограмм прәндік дайындалды?
|
6-сабақ. Қатемен жұмыс. Білімдерін пысықтау
Сабақтың мақсаты: бақылау жұмысында жіберілген қателерді талдау; «1000 көлеміндегі қосу және азайту» тақырыбы бойынша алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Сабақ мұғалімнің қалауы бойынша бақылау жұмысында жіберілген қателерді есепке ала отырып құрылады. №1,7,8 тапсырмалар ауызша жұмыс және өздік жұмыс ретінде беріледі. №2,3,4 тапсырмаларды мұғалімнің жетекшілігімен немесе өз беттерінше орындайды.
№5, 6 тапсырмаларды орындағанда бақылау жұмысында тапсырманың шешуін дұрыс таппаған балаларды тақтаға шығаруға болады.
Үйге әр оқушының жіберген қателеріне қарай жеке тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар «Құрастыру» ойыны дайындалады. Келесі сабақты қараңыз.
КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БӨЛУ
7-сабақ. Көбейту
Сабақтың мақсаты: балаларды көбейту амалымен және
бейту кезінде компоненттердің аталуымен таныстыру;
көбейту амалының нақты мән-мағынасы туралы білімдерін қалыптастыру, есептеу дағдыларын жетілдіру.
1. Психологиялық дайындық.
- Табиғатта күн сәулесі бар. Ол жер бетіне жарық шашып, тіршілік береді. Күнді өзіміз жасап көрейік. Көздеріңді жұмып, жүректеріңде кішкентай жұлдызша бар деп сезініңдер. Оған оймен жақындық сезімін әкелетін күн сәулесін бағыттайық. Жұлдызша үлкейіп барады. Сәулені бейбітшілікке бағыттайық. Жұлдызша тағы үлкейді. Сәулені қайырымдылыққа бағыттаймыз, ол одан әрі үлкейе түсті. Мен сәулені денсаулық, қуаныш, жылу, жарық, нәзіктік, мейірімділік жұлдызшаларына бағыттаймын. Енді жұлдызша күн сияқты үлкен болды. Ол бәріне-бәріне жылу береді (қолды екі жаққа жайып, бейнелеп көрсету).
2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Ауызша есеп ретінде алдыңғы сабақтардағыға ұқсас тапсыр - маларды енгізу.
«Математикалық эстафета» ойыны. Ойынның мақсаты есептеу дағдыларын арттыру.
Үш бет қағазға әр қатардағы бала санына сәйкес көбейту мен бөлудің өтілген жағдайларына мысалдар жазылады. Балалар артқы партадан бастап, жауаптары жазылған беттерді алдындағы балаларға береді. Тез және қатесіз шығарған қатар жеңеді.
Бірдей қосылғыштар қосындысын табуға арналған тапсыр ма. Тақтаға мысалдар жазылады:
7+7+7 + 7; 6+6+6+6+6; 4+4+4; 3+3+3+3+3
«Біз шешкен мысал несімен қызықты, қандай қосылғыштардың қосындысын табамыз? Мұнда қанша қосылғышты табамыз? Жетіні неше рет алдық?»
Қалған мысалдармен де осылай жұмыс жүргізу керек. Шешілген мысалдарға қайта оралып, мұғалім сұрақ қояды: «28 санын бірдей қандай қосылғыштар қосындысы түрінде алуға болады?» және т.б.
Ауызша жаттығулар:
- 0-ден 20-ға дейін екіден, 3-тен 30-ға дейін үштен, 4-тен 40-қа
дейін төрттен тура және кері санаңдар.
- Жәшікте 4 доп бар. Екі, үш, бес жәшікте неше доп бар?
Қалай есептедіңдер?
- Өрнектің мәнін табыңдар. Олар несімен ұқсас? (екі өрнектегі
ірдей 4 косылғышты қосады) 21+ 21+21+21; 8+8 +8 +8.
- Мұнда неше қарындаш барын санаңдар (немесе басқа заттар).6 данадан 6 қорап салынған.
- 1 пакетте 8 алма бар. 7 пакетте неше алма бар? Балалар алдымен ауызша есептейді, кейбірі шатасады, сол кезде мұғалім
тақтаға жазуды сұрайды. Бұлайша жазып тұру ыңғайсыз және көп уақыт алатынын ұғындыру қажет.
3. Жаңа білімді енгізу.
Мұғалім балаларға «сонша алдым» сөзінің мағынасын түсіндіреді. «Мен 2 текше алдым және оны үстелге қойдым, мен тағы 2 текше алдым да, сол үстелге қойдым. Мен 2 текшеден неше рет алдым? Мен 2 текшеден неше рет үстелге қойдым. Өмірбек, үстелге тағы 2 текше қой. Бізде үстел үстінде 2 текшеден нешеуі жатыр? Енді мен текшелерді екі-екіден балаларға таратамын. Текшені неше бала алады?»
Мұнан кейін оқушылар жаңа арифметикалық амал - көбейту және көбейту кезіндегі компоненттердің аталуымен танысады (№1 тапсырма).
4. Бекіту.
Бекіту үшін тақтада №2 және №3 тапсырмалар орындалады.
5. Өткен материалмен жұмыс.
№4 (а, ә) тапсырмаларын мұғалімнің басшылығымен ұжыммен орындау.
6. Өздік жұмыс.
Өздік жұмыс ретінде №5 (1-ші және 2-бағандар) және №6 тапсырмалар ұсынылады.
Оқулықта осы сабақтан бастап «Танграм» («Құрастыру») ойыны ұсынылады. Балалар үйден алдын ала осы ойынға арнап қатырмақағаздан фигуралар дайындап алуы қажет. Бұл фигураларды оқулық мұқабасына жапсырылған хатқалтаға салуға болады.
7.Сабақты қорытындылау.
Мұғалім алдыңғы сабақтардағыдай қорытынды жүргізе алады.
Үйге №5 (3-ші және 4-бағандар) және №7 тапсырмалар беріледі. Келесі сабаққа қағаздан 2 жолақ әзірлеп келу: бірінің ұзындыры 9 см, екіншісі 4 см.
8-сабақ. Көбейтуге берілген есептер
Сабақтың мақсаты: көбейту амалының нақты мән-мағынасы туралы білім қалыптастыру; математикалық есептердің жаңа түрлерімен таныстыру.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Қане, достым, сабаққа дайынсың ба?
Кітап, дәптер, қаламың бәрі бар ма?
2. Тірек білім, білік, дағдыларын пайдалану алдыңғы
сабақтарыдай жүргізіледі. №1 және №7 тапсырмаларды ауызша орындауға болады.
№8 логикалық тапсырманы шешу кезінде жолақтардың көмегімен шешімін көрсетуге болады.
3. Жаңа материалмен танысу.
Көбейту түсінігін қалыптастыру, компоненттер атауы мен
амал нәтижесін меңгеру, оқу, жазу және нәтижені құрау бойынша жұмыс жалғасады.
Иллюстрацияларға, практикалық амалдарға сүйене отырып жазу жұмыстары орындалады. Бірдей қосылғыштарды қосуды көбейтумен алмастырамыз. Әрбір оқушы жазғанын оқып, ондағы әрбір сан нені білдіретінін түсіндіруі керек:
Бірінші көбейткіш - көбейтілетін сан (қаншадан алды).
Екінші көбейткіш - көбейтетін сан (неше рет алды).
Нәтиже - барлығы неше болғаны.
Есеп құрастырылады: оның шарты мен сұрағы жазылады. Жай жұмыс дәптерге қысқаша жазуға немесе сызба сурет салуға болады:
Мысалы:
3 • 3 = 9
Оқушылар мұғалімнің басшылырымен №2 (а-в) есепті шығарады. Есептің шешімін дұрыс жазуға, математикалық терминологияны (бірінші көбейткіш, екінші көбейткіш, нәтиже)| пайдалануға көңіл бөлген жөн.
4. Бекіту.
№3 (1 және 2-бағандар) тапсырмада көбейту мысалдарын, қосу амалдарымен ауыстыра отырып орындау тапсырылады.
5.Өткен тақырыппен жұмыс.
№4 және №5 тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындап, соңынан тексеріледі. №6 тапсырма оқушыларды бөлудің нақты мәнімен таныстыруға бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |