ӘОЖ 373.1.02:372.851:002.6 Қолжазба құқығында
ЕСЕНҒАБЫЛОВ ІЛИЯС ЖАНСЕРКЕҰЛЫ
Орта мектептің 5-6-шы сыныптарында математиканы оқытуда
компьютерлік технологияны қолданудың әдістемесі
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта
және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
3
л
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қоғамды ақпараттандыру, есептеу
техникасының құралдары мен ақпараттық технологияларды адам ӛмірі мен
қызметінің барлық салаларына кең түрде енгізуді алға қояды. Ол қоғамның
барлық құрылымдарын ӛзгертеді және білім беру жүйесіне үлкен ықпал етеді.
Оқу үрдісіне компьютерлік технологияларды қолдану проблемасының
кӛпжақты мәселе екені белгілі. Сондықтан педагогикалық әдебиеттерде келесі
бағыттар қарастырылады: біріншісі – информатика курсындағы компьютерлік
технологиялардың әдістері мен құралдарын оқып үйрену, екіншісі –
компьютерлерді әр түрлі пәндерді оқыту үрдісінде қолдану.
Екінші бағыт аясындағы компьютерлерді оқушыларды әр қилы оқыту,
тәрбиелеу және дамыту мәселелеріне қолдану қазақстандық (Б.Баймұханов,
Г.Қ.Нұрғалиева, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев, Е.Ӛ.Медеуов, С.Е.Чакликова,
Д.М.Джусубалиева, А.К.Қозыбай және т.б.) және ресейлік (Е.П.Велихов,
Б.С.Гершунский, А.П.Ершов, А.А.Кузнецов, В.М.Монахов және т.б.), сондай-
ақ, шетелдік (С.Пейперт, Г.Клейман, Б.Сендов, Б.Хантер, Р.Вильямс, К.Маклин
және т.б.) авторлардың кӛптеген зерттеулерінде негізделген.
Дербес компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану сәйкес түрдегі
бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етусіз мүмкін емес. Педагогикалық
бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптар кӛптеген зерттеушілердің
еңбектерінде әдіснамалық (Б.Баймұханов, Б.С.Гершунский, Е.И.Машбиц,
Н.Ф.Талызина), дидактикалық (А.А.Кузнецов, Т.Ф.Сергеева, И.В.Роберт),
психологиялық (Е.И.Машбиц, В.В.Рубцов, В.В.Тихомиров), физиологиялық-
гигиеналық тұрғыдан (Л.А.Леонова, С.С.Савватеева) қарастырылған.
Тармақты-диалогтық оқыту жүйелерін жобалаудың ғылыми-әдістемелік
негіздері М.М.Буняевтың докторлық диссертациясында айқындалған.
Қазіргі кезде компьютерлік оқыту құралдарын мектеп оқушыларын
математикаға оқытуға тиімді түрде қолданудың әдістемесі мен мүмкіндіктерін
ашып кӛрсетуге арналған бірқатар зерттеу жұмыстары орындалуда. Дербес
компьютерді білімді реттеу құралы ретінде (Ю.Г.Гузун), оқытуды жекелеу
құралы ретінде (М.Вахидов, Г.В.Ходякова), білімді жүйелеу және
қорытындылау құралы ретінде (А.В.Якубов) қарастырды, сол сияқты
компьютерлік
технология
математикалық
анализдің
(Е.В.Ашкинузе),
алгебраның (Б.Б.Беседин, Ю.А.Дробышев, О.И.Журавлева, Г.А.Постовалова,
Г.В.Ходякова) нақты түсініктерін және кӛпжақтардың графиктік бейнелерін
қалыптастыру үшін (Л.Л.Якобсон) қолданылған.
Р.С.Шуақбаеваның
кандидаттық
диссертациясы
компьютердің
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына кӛпжақтарға
берілген есептерді шығаруға үйрету әдістемесін жасауға арналған.
С.С.Дайырбековтың диссертациялық жұмысында қоғамдық гуманитарлық
бағыттағы мектеп оқушыларының математиканы оқу белсенділігін компьютер
арқылы дамыту қарастырылған.
4
Р.Б.Бекмолдаеваның ғылыми зерттеулері жаратылыстану-математикалық
бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын компьютерлік технологияны
қолданып оқытуға арналған.
Э.А.Абдыкаримованың
ғылыми
жұмыстарында
компьютерлік
модельдеудің негізінде мектеп физикасын оқытудың әдістемесі зерттелген.
Б.Т.Абыканованың
кандидаттық
диссертациясында
компьютерлік
технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігінің
дидактикалық шарттары қарастырылған.
Республикамыздың кейбір жоғары оқу орындарында оқытушыны білім
беруді ақпараттандыру жағдайында дайындау туралы ғылыми зерттеулер
жүргізілуде, атап айтқанда, Абай атындағы КазҰПУ-де «Информатика мен
есептеу техникасын мектепте және педагогикалық жоғары оқу орнында
енгізудің негізгі бағыттарын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мен
мазмұнын жасау» атты тақырыпта, ал І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-да
«Компьютерлік техниканы оқыту үрдісінде пайдаланудың дидактикалық
негіздері» деген тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Оқытушыларды білімді ақпараттандыру жағдайында дайындаудың әр
түрлі мәселелері бірқатар диссертациялық зерттеулерде қарастырылды.
Н.Б.Бальцюктың, Б.К.Тульбасованың диссертацияларында информатиканы
мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытудың біртұтастық
концепциясы қарастырылып, соның негізінде мұғалімдерді мектепте
информатика мен есептеуіш техника негізін оқытуға дайындау мен қайта
дайындаудың әдістемелік жүйесі зерттелген.
М.И.Жалдактың докторлық диссертациясы оқыту үрдісінде ақпараттық
технологияны пайдалану жүйесіне студенттерді дайындауға арналған.
А.А.Абдукадырованың докторлық диссертациясында оқыту-тәрбиелеу
үрдісінде компьютерлік құралдарды қолдану негізінде физика-математика
пәндерінің мұғалімдерін дайындауды жеделдетудің теориясы мен практикасы
қарастырылған.
Ш.Х.Құрманалина
ӛзінің
докторлық
диссертациясында
білімді
ақпараттандыру
жағдайында электронды-әдістемелік жүйені құрудың
әдіснамасы мен технологиясын қарастырған.
Э.И.Кузнецовтың
докторлық
диссертациясында
педагогикалық
институттарда информатика мен есептеу техникасын оқытудың жалпы білім
беру мен кәсіптік-қолданбалы аспектілері зерттелген.
С.А.Ждановтың жұмысында педагогикалық жоғары оқу орындарындағы
оқыту үрдісіне және педагогикалық зерттеулерге ақпараттық технологияларды
пайдалану мәселелері қарастырылған.
Л.И.Долинердің диссертациясында оқытушыларды жалпы білім беретін
мектептер үшін педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасай білуге үйрету
мәселелері қарастырылған.
Бұл зерттеулер компьютерлік технологияны қолданып оқытудың
кӛрнекілігін арттыруға, математикалық ұғымдарды қалыптастырғанда олардың
абстрактілігінен туындайтын қиыншылықтарды болдырмауға, оқушылардың