Есенғабылов ілияс жансеркеұЛЫ



жүктеу 376,63 Kb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата31.05.2018
өлшемі376,63 Kb.
#18563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 

 



 

оқу  әрекеттерін  даярлау  арқылы  олардың  белсенділігін  арттыру  мәселелеріне 



қатысты проблемаларды шешуге жағдай жасайды. 

Қазіргі  кезде  5-6-шы  сыныптарда  математиканы  оқытудың  сапасын 

арттыруда  компьютерлік  технологияны  қолданудың  қажеттігі  мен  оның 

жеткілікті  дәрежеде  шешімін  таппай  отырғандығы,  компьютерлік  оқыту 

бағдарламаларын  жасаудың  ғылыми  негізінің  анықталмауының  және  олардың 

әдістемелік  жағынан  қамтамасыз  етілмеуі  арасында  қарама-қайшылық 

туындап  отыр.  Осы  қарама-қайшылықты  жою  диссертациялық  жұмыстың 

көкейкестілігін анықтайды. 

Жоғарыда  айтылғандарға  байланысты,  зерттеудің  проблемасы  былай 

анықталды:  орта  мектептің  5-6-шы  сыныптарында  математиканы  оқыту 

барысында  компьютерлік  технологияны  қолдануды  теориялық  жағынан 

негіздеп, оның әдістемесін жасаудың жолдарын анықтау. 

Зерттеу  мақсаты  –  орта  мектептің  5-6-шы  сыныптарында  математиканы 

оқытуда  білім  беру  үрдісінің  тиімділігін  арттыру  үшін  компьютерлік 

технологияларды қолдануды теориялық тұрғыда негіздеп, соның негізінде оның 

әдістемесін жасау.  



Зерттеу нысаны – 5-6-шы сыныптарда математиканы оқыту үрдісі. 

Зерттеу  пәні  –  5-6-шы  сыныптарда  математиканы  оқыту  үрдісінде 

компьютерлік технологияны қолдану. 



Зерттеудің  ғылыми  болжамы  –  егер  5-6-шы  сыныптарда  математиканы 

оқытуда  компьютерлік  технологияны  қолданудың  әдістемесі  жасалып,  ол  оқу 

үрдісіне енгізілсе, онда оқушылардың математикадан алған білімдерінің сапасы 

артады,  өйткені  бұл  жағдайда  геометриялық  материалдарды  меңгеру 

барысында  оқушылардың  кеңістікті  елестету  қабілеттері  артып,  геометриялық 

фигуралар  элементтерінің  арасындағы  байланыстарды  дәл  анықтауға  және  де 

математикалық 

ұғымдарды 

қалыптастырудың 

тиімділігінің 

артуына, 

оқушыларда  есептер  шығару  іскерліктері  жоғары  дәрежеде  қалыптасуына 

жағдай жасалады. 

Қойылған  зерттеу  мақсатына  сәйкес,  зерттеу  болжамын  тексеру  үшін, 

зерттеу жұмысының мынандай міндеттерін шешу қажет болды: 

1.  Математиканы  оқытуда  компьютерлік  технологияны  қолданумен  оның 

қазіргі  жағдайын  анықтау  негізінде,  оны  қолданып  оқытудың  тиімділігін 

арттыру  үшін  оның  мүмкіндіктерін  анықтау  және  қолданудың  басты 

бағыттарын негіздеу; 

2.   5-6-шы  сыныптарда  математиканы  оқыту  үрдісінде  компьютерлік 

технологияны қолданудың дидактикалық аспектілерін айқындау; 

3.  5-6-шы 

сыныптарда 

математиканы 

оқытуда 

компьютерлік 

технологияны  қолданудың  әдістемесін  жасау  және  оның  тиімділігін 

тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру. 



Жетекші идея: компьютерлік технологияның барлық мүмкіндіктерін 5-6-

шы  сыныптарда  математиканы  оқыту  барысында  қолдану  арқылы 

оқушылардың  математикадан  алатын  білім  сапасын  арттыруға,  жалпы  оқу 

іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, оқушылардың кеңістікті елестету 

қабілетін  арттыруға,  есептерді  шығара  білу,  ӛзін-ӛзі  бақылау,  бағалау 



 

 

 



 

іскерліктерін  қалыптастыруға,  ӛздігінен  танымдық  белсенділіктерін  арттыруға 



болады.  

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: таным, білім, жеке тұлға және оның іс-

әрекеті,  ақыл-ой,  ойлау,  құндылық  туралы  философиялық,  психологиялық, 

педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар, білім сапасын арттыру туралы 

қағидалар болып табылады.  



Зерттеудің  теориялық  негіздері:  білімді  ақпараттандыру  концепциясы, 

оқу  іс-әрекеті  туралы  концепциясы,  ақыл-ой  іс-әрекеттерін  кезеңмен 

қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина және т.б.), ақпараттық-

қатынастық  технологияны  мектеп  тәжірибесіне  енгізу  методологиясы 

(Е.Ы.Бидайбеков,  А.А.Кузнецов,  Э.И.Кузнецов,  Е.И.Машбиц,  Е.Ӛ.Медеуов, 

В.М.Монахов,  Г.Қ.Нұрғалиева,  И.В.Роберт  және  т.б.),  эмпирикалық  және 

теориялық 

жалпылаудың 

түрлері 

(В.В.Давыдов, 

С.Л.Рубинштейн), 

дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісі (П.М.Эрдниев) және т.б.  



Зерттеу  көздері:  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңы, 

Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  стандарттары,  орта  мектептің  пәндік  оқу  бағдарламалары,  педагог 

және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері. 



Зерттеу  әдістері:  қарастырылып  отырған  зерттеудің  теориялық-

әдіснамалық  негізін  айқындау  мақсатында  психологиялық,  педагогикалық, 

әдістемелік  әдебиеттерді  зерделеу  және  оларға  талдау  жасау;  математика  пәні 

бойынша жасалған оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, есептер жинақтарына, 

әдістемелік 

құралдарға, 

ғылыми-әдістемелік 

негізде 


талдау 

жасау; 


оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларының жайын зерттеу; 

пән мұғалімдерімен әңгімелесу; тәжірибелік-эксперимент жүргізу; компьютерді 

қолданып  жүргізілетін  практикалық  жұмыстарды  зерделеу;  сауалнамалар 

жүргізу; эксперимент нәтижелерін математикалық статистика кӛмегімен ӛңдеу 

және қорытындылау. 

Зерттеудің  тәжірибелік-экперименттік  базасы:  Ұлттық  ақпараттандыру 

орталығы,  І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университеті, 

Талдықорған  қаласындағы  №9,  №13,  №19,  Ескелді  ауданының  С.Сейфуллин 

атындағы  және  Кербұлақ  ауданындағы  Ш.Уәлиханов  атындағы  орта 

мектептері. 

Зерттеу кезеңдері: зерттеу бір-бірімен байланысты үш кезеңнен тұрады. 

Зерттеу  жұмысының  бірінші  кезеңінде  (2004-2005  жж.)  қойылған 

проблемаға  байланысты  психологиялық-педагогикалық,  ғылыми-әдістемелік 

әдебиеттер  зерделеніп,  оларға  талдау  жасалды  және  5-6-шы  сыныптарда 

математиканы оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны іс жүзінде қолдану 

тәжірибелері  зерттеліп,  оның  қазіргі  жағдайы  айқындалды,  геометриялық 

материалдарды қабылдау барысындағы және есептер шығару үрдісіндегі ойлау 

әрекеттерінің 

психологиялық-педагогикалық 

негіздері 

анықталды. 

Математиканы  оқыту  сапасын  арттырудағы  компьютерлік  технологияның 

мүмкіндіктері  және  оны  қолданудың  5-6-шы  сынып  оқушыларының 

математикалық  ойлау  қабілеттерін  дамытуға  тигізетін  әсері  зерттелді, 




жүктеу 376,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау