Есенғабылов ілияс жансеркеұЛЫ



жүктеу 376,63 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата31.05.2018
өлшемі376,63 Kb.
#18563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 

 



 

Кіріспеде  зерттеу  тақырыбының  кӛкейкестілігі  мен  маңыздылығы 

негізделген,  зерттеу  жұмысының  мақсаты,  оның  нысаны  мен  пәні,  болжамы 

мен  міндеттері  анықталып,  әдіснамалық  және  теориялық    негіздері,  зерттеу 

әдістері,  оның  кезеңдері,  ғылыми  жаңалығы,  теориялық  және  практикалық 

маңыздылығы,  қорғауға  ұсынылатын  қағидалар,  зерттеу  нәтижелерінің 

дәлелдігі мен негізділігі баяндалған. 

«5-6-шы 

сыныптарда 

математиканы 

оқытуда 

компьютерлік 

технологияны  қолданудың  теориялық  негіздері»  деп  аталатын  бірінші 

бӛлімде  орта  мектепте  компьютерлік  технологияны  қолданудың  қазіргі 

жағдайы  мен  бағыттарына  талдау  жасалынып,  дербес  компьютердің  білім 

беруде  негізгі  бір  әдістемелік  құрал  екендігі  негізделді.  Сонымен  қатар,  бұл 

бӛлімде  5-6-шы  сыныптарда  математиканы  оқыту  үрдісінде  компьютерлік 

технологияны  қолданудың  техникалық  мүмкіншіліктері  анықталып,  осы 

сыныптарда  бұл  технологияны  қолданудың    дидактикалық  аспектілері 

баяндалған. 



«5-6-шы 

сыныптарда 

математиканы 

оқытуда 

компьютерлік 

технологияны  қолданудың  әдістемесі»  атты  екінші  бӛлімде  осы 

сыныптардағы  математика  курсындағы  геометриялық    материалдарды  оқып 

білуде,  компьютерлік  технологияны  қолданудың  әдістемесі,  5-6-шы 

сыныптардың  оқушыларын  математикалық  есептерді  шығара  білуге  үйретуде 

компьютерлік технологияны қолдану жолдары баяндалып, оқушыларды теңдеу 

құру  арқылы  есептер  шығаруға  үйретуге  арналған  педагогикалық 

бағдарламалық құралдар жасаудың әдіс-тәсілдері айқындалған. Сондай-ақ, бұл 

бӛлімде  педагогикалық  экспериментті  жүргізу  және  оның  қорытындылары 

жӛнінде мәлімет берілген. 

Қорытындыда  жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының  нәтижелері  бойынша 

алынған негізгі тұжырымдар келтірілген. 



Қосымшаларда 

зерттеу 


жүргізу 

барысында 

пайдаланылған 

материалдардың кейбіреулері келтірілген. 

 

Негізгі бөлім 

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында 

технологиялық жаңа әдістерді кең кӛлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті 

сабақта  компьютерді  пайдалану  –  заман  талабы.  ХХІ  ғасырда  қоғам 

қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру  саласында  тӛмендегідей 

міндеттерді 

шешу 

кӛзделіп 



отыр. 

Олар: 


білім 

сапасын 


кӛтеру, 

компьютерлендіру, 

интернет, 

компьютерлік 

желі, 

электрондық 



телекоммуникация,  электрондық  оқулықтар  даярлау.  Бұлардың  оқушылардың 

қазіргі  заман  талабына  сай  білім  алуына,  танымдық  белсенділігін  арттыруға 

әсері мол. 

Қоғамды  ақпараттандырудың  негізгі  бағыттарының  бірі  –  дамыта  оқыту 

идеяларын  жүзеге  асыруда  және  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін 

қалыптастыруда  компьютерлерді  пайдалана  отырып,  білім  сапасын  арттыруда 

ақпараттық  технологияларды,  информатиканың  әдістері  мен  құралдарын 

қолдану арқылы білімді ақпараттандыру болып табылады.  




 

 

 



10 

 

Білім  беруді  ақпараттандыру–жаңа  технологияны  пайдалану  арқылы 



дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асырады. 

«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік 

стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  ӛте  қажет»  деп,  Ел  басы  атап 

кӛрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны, яғни 

компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы 

зор.  


Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  ақпараттандыру 

мәселесі бойынша тӛмендегідей басты ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді 

және нақты зерттеулер жүргізілуде: 

-  осындай  ғылыми  мектептің  негізін  салушылардың  бірі  профессор 

Г.К.Нұрғалиеваның  жетекшілігімен  білім  беруді  ақпараттандырудың  негізгі 

әдіснамалық  мәселелері  зерттеліп,  соған  орай  электрондық  оқулықтарды 

дайындау  технологиясымен  түрлі  оқыту  мақсатындағы  бағдарламалық 

құралдарды  жасау  проблемаларымен  кӛптеген  ғалымдар  айналысуда 

(Д.М.Джусубалиева, 

А.К.Қозыбай, 

Ш.Х.Құрманалина, 

Ш.Т.Абишева, 

Г.Б.Ахметова,  А.С.Кадырова,  Г.Кудебаева,  А.Х.Накпаева,  Н.М.Сағитова, 

А.И.Тажигулова, Н.Даумов және т.б.); 

-  профессор  Ж.А.Қараев  және  кӛптеген  ғалымдар  (М.Б.Есбосынов, 

С.В.Рах,  К.З.Халикова,  Ж.С.Сардарова,  С.Т.Мухамбетжанова,  Б.К.Тульбасова, 

Г.Г.Бегаришева, Б.Абыканова, О.К.Ахметова және т.б) ақпараттық-қатынастық 

технологияны  жалпы  орта  білім  беретін  мектептің  оқу  үрдісінде,  кәсіби 

дайындықта  және  жоғары  оқу  орындарында  информатиканы  оқытуда 

қарастырған;  

профессор  Е.Ы.Бидайбеков  студенттерді  ақпараттық-қатынастық 



технология 

құралдарын 

қолдануға 

әдістемелік 

тұрғыдан 

дайындау, 

информатика  пәнін  оқыту  және  соған  сәйкес  информатик-мамандарды 

дайындау  мәселелерін  (Ш.Шекербекова,  Г.А.Абдулкаримова,  Ж.К.Нұрбекова, 

Е.А.Вьюшкова, А.Ибашова және т.б.) қарастырған. 

Компьютерлік  технологиялар  компьютермен  жұмыс  істеуге,  оқу 

барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, 

интерактивті  тақтаны  қолдануға,  компьютерлік  оқыту  бағдарламаларына 

негізделеді. 

Бүгінгі 


күнде 

оқытуды 


электрондық 

оқулықтардың 

кӛмегімен 

ұйымдастыру 

оқушылардың 

білімдерін 

жетілдіруге, 

сабаққа 


деген 

қызығушылықтарын  арттыруға  мүмкіндік  беріп  отыр.  Электрондық 

оқулықтардың  дәстүрлі  қағаз  кітаптардан  айырмашылығы  «жандандырылған» 

болып  келеді.  Бұл  педагогика  ғылымдарының  негізін  салушы  Ян  Амос 

Каменскийдің  дидактикалық  ережесіне  сай  келеді:  «Барлық  мүмкін  деген 

нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: кӛру – кӛз 

жанар  арқылы;  есту  –  құлақ  арқылы;  иіс  сезу  –  мұрын;  дәм  –  тіл  арқылы 

қабылданады. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек 

болса, бірнеше сезім салу қажет». 



жүктеу 376,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау