Есенғабылов ілияс жансеркеұЛЫ



жүктеу 376,63 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата31.05.2018
өлшемі376,63 Kb.
#18563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 

 



 

мұғалімдер  мен  оқушылардың  бұл  технологияны  қолдана  білу  әдістемесін 



қаншалықты меңгергендіктері тексеріліп айқындалды. 

Екінші  кезеңде  (2005-2006  жж.)  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттердегі 

математиканы  оқыту  әдістемесін  жетілдірудегі  басты  идеяларға,  5-6-шы 

сыныптарда  математиканы  оқыту  саласындағы  алдыңғы  қатарлы  әдістерге 

сүйене отырып және қоғамның алға қойып отырған талаптарын ескере отырып, 

математикалық  ұғымдар  мен  ережелерді  меңгеру  және  есептер  шығаруға 

үйретудегі компьютердің атқаратын рӛлі мен қызметі анықталып, соның ішінде 

компьютерді  тиімді  пайдалану  арқылы  меңгерілетін  оқу  материалының  ішкі 

байланысы  айқындалды.  Іздеу  эксперименті  жүргізіліп,  осы  эксперимент 

негізінде  5-6-шы  сыныптарда  компьютерді  оқыту  құралы  ретінде  қолданудың 

әдістемесі жасалып, оған түзетулер енгізілді. 



Үшінші  кезеңде  (2006-2008  жж.)  зерттеу  жұмысының  негізгі  теориялық 

мәселелері  нақтыланып,  дайындалған  әдістеменің  тиімділігін  тексеру 

мақсатында 

оқыту 


эксперименті 

жүргізілді. 

Алынған 

эксперимент 

материалдары  сараланып  ӛңделіп,  зерттеу  жұмысының  нәтижелеріне  ғылыми-

теориялық  тұрғыдан  талдау  және  интерпретациялау  жасалды,  қорытындылар 

негізделіп  анықталды,  оларды  мектеп  тәжірибесіне  енгізу  жүзеге  асырылып, 

диссертацияны рәсімдеу жұмыстары орындалды. 



Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 

 



компьютерлік  технологияларды  математиканы  оқыту  құралы  ретінде 

қолданудың маңызы мен мүмкіндіктері және рӛлі айқындалды; 

  5-6-шы  сыныптарда  математиканы  оқытуда  оқушыларда  кеңістікті 



елестетуді қалыптастыру мен дамытуда және оқушыларды теңдеу құру арқылы 

мәтіндік  есептерді  шығара  білуге  үйретуде  компьютерлік  технологияларды 

қолданудың дидактикалық аспектілері негізделді

  5-6-шы 



сыныптарда 

математиканы 

оқытуда 

компьютерлік 

технологияларды қолдану теориялық тұрғыда негізделіп, соның негізінде оның 

әдістемесі жасалды және іс-тәжірибеден ӛткізілді.  



Зерттеудің теориялық маңыздылығы: 5-6-шы сыныптардың математика 

курсындағы  геометриялық  материалдарды  оқыту  барысында  компьютерлік 

технологияны қолдану арқылы оқушылардың кеңістікті елестетуін дамытудың 

жолдары  анықталып,  осы  сыныптарда  мәселе  есептерді,  оның  ішінде  теңдеу 

құрып шығарылатын есептерді шығару біліктерін қалыптастырудың әдістемесі 

жасалды. Бұлардың барлығы орта мектепте математиканы оқыту әдістемесінің 

теориясын одан әрі дамытуға үлкен әсерін тигізіп, оған қосылған қомақты үлес 

болып табылады.  



Жұмыстың  практикалық  маңыздылығы:  ғылыми-зертеу  жұмысының 

барысында  «Теңдеулер  құру  арқылы  есептер  шығару»,  «5-6-шы  сынып 

оқушыларын  математикалық  есептерді  шығаруға  үйрету»  және  т.б. 

тақырыптарда 

(Delphi 

бағдарламалау 

тілінде) 

компьютерлік 

оқыту 

бағдарламалары 



жасалды. 

Интерактивті 

тақтаның 

ACTIVstudio 

бағдарламасында 5-6-шы сыныптардың математика курсындағы ӛрнектер, жай 

бӛлшектерді салыстыру, рационал сандарды қосу, ортақ кӛбейткішті жақшаның 

сыртына  шығару  т.б  тақырыптарын  бекіту  үшін  презентациялар  жасалды. 



 

 

 



 

Жасалған  оқу-әдістемелік  материалдар  Білім  беруді  ақпараттандырудың 



педагогикалық  технологиялар  орталығы  шығарған  5  және  6  сыныптарға 

арналған «Математика» электрондық оқулықтарының құрамына енгізілді. 

Зерттеу  нәтижелерін  қолдану  5-6-шы  сыныптарда  математиканы  оқыту 

тиімділігін  арттыруға,  оқушылардың  ӛзіндік  және  жүйелік  жұмыстарының 

дағдыларының 

қалыптасуына, 

оқушылардың 

оқу 


жүктемелерінің 

дифференциациялануына мүмкіндік туғызуы мүмкін. Әдістемелік нұсқауларды 

әдістемелік  оқу  құралдарын  жасауда  және  мұғалімдер  біліктілігін  кӛтеру 

курстарында  қолдануға  болады.  Зерттеу  барысында  жасалған  компьютерлік 

бағдарламалық  құралдарды  орта  мектеп  мұғалімдері  күнделікті  іс-

тәжірибелерінде қолдана алады.  



Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 

1.  Дербес  компьютерді  5-6-шы  сыныптарда  математикадан  білім  берудің 

негізгі бір әдістемелік құралы ретінде қолданудың негіздемесі. 

2.  Компьютерлік 

технологияны 

қолданып 

5-6-шы 

сыныптарда 



математиканы оқыту сапасын арттырудың дидактикалық шарттары.  

3.  Компьютерлік 

технологияны 

қолданып, 

5-6-шы 

сыныптарда 



математиканы оқытудың әдістемесі. 

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: диссертацияның негізгі 

нәтижелері мен қорытындылары қазіргі заманғы психология мен дидактиканың 

ережелеріне  сай  және  5-6-шы  сыныптарда  математиканы  оқыту  әдістемесіне 

сүйене  отырып  құрылған  зерттеу  жұмысынан,  зерттеліп  отырған  мәселеге 

жасалған  теориялық  талдаудан,  экспериментке  қатысушы  оқушылар  санының 

жеткілікті  қамтылғандығынан,  5-6-шы  сыныптардағы  оқу  үрдісінде 

компьютерлік  технологияны  қолдану  әдістемесінің  бірнеше  рет  тексеруден 

ӛтілгендігінен,  зерттеу  жұмысының  нәтижелерінің  мектептердің  іс-

тәжірибелерінде кеңінен қолдануынан шығады. 

Зерттеу  нәтижелерін  сынақтан  өткізу  мен  іс-тәжірибеге  енгізу. 

Зерттеудің  негізгі  мәселелері  мен  нәтижелері  Ұлттық  ақпараттандыру 

орталығындағы  ғылыми-практикалық  семинарларда,  І.Жансүгіров  атындағы 

Жетісу  мемлекеттік  университетінің  профессор-оқытушыларының  ғылыми-

әдістемелік  конференцияларында  (2004-2008  жж.),  Жетісу  мемлекеттік 

университетінің  математика  және  информатиканы  оқыту  әдістемесі,  физика 

және физиканы оқыту әдістемесі кафедраларының кеңейтілген отырыстарында, 

базалық  мектептердің  әдістемелік  кеңестерінде  талқыланды.  Алматы 

облысының  Талдықорған  қаласындағы  №9,  №13,  №19  орта  мектептердің, 

Ескелді  ауданындағы  С.Сейфуллин  атындағы  және  Кербұлақ  ауданындағы 

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептердің оқу іс-тәжірибелеріне енгізілді.  

Зерттеудің  қорытындылары  негізінде  жасалған  тұжырым  іс-тәжірибеде 

тексеріліп,  5-6-шы  сыныптар  үшін  әдістемелік  нұсқау  ретінде  және  оқу 

материалы ретінде ұсынылып, таратылды.  



Диссертация  құрылымы:  диссертациялық  жұмыс  кіріспеден,  екі 

бӛлімнен,  қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімінен  және 

қосымшалардан тұрады. 



жүктеу 376,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау