Есенғабылов ілияс жансеркеұЛЫ



жүктеу 376,63 Kb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата31.05.2018
өлшемі376,63 Kb.
#18563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 

 



11 

 

Электрондық  оқулық  –  компьютер  экранында  кӛрінетін  жай  ғана  мәтін 



емес,  ол  оқушыға  керекті  материалдарды  ӛз  бетінше  меңгеруге,  ӛзін-ӛзі 

тексеруіне, бағалауына және білім сапасын арттыруына мүмкіндік береді.  

Қазіргі  заманғы  озық  технологияларды  құрастыру  және  пайдалану 

негізінде  Ұлттық  ақпараттандыру  орталығында  (ҰАО)  орта  мектепте 

оқытылатын пәндер бойынша Қазақстан республикасының жалпыға ортақ білім 

беретін  және  жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандартына  сай  электрондық 

оқулықтар  дайындалып,  қолданысқа  беріліп  отыр.  5  және  6  сыныптардың 

«Математика»  пәніне  арналған  электрондық  оқулықтар  жаңа  білімдерді 

түсіндіруге,  оны  бекітуге,  қайталау  және  қорытындылауға  арналған.  Бұл 

электрондық оқулықтардың мазмұны модульдік технология бойынша құрылып, 

ақпараттық  білім  берудің  математикалық  кеңістігі  ретінде  ұйымдастырылған. 

Барлық  бӛлімдер  теориялық  материалдардан,  дыбысталған  жанбітірімдерден, 

тапсырмалар  мен  тест  сұрақтарынан  тұрады.  Мұндай  озық  оқу-әдістемелік 

электрондық  оқулықтар  Республика  кӛлемінде  жаппай  сұранысқа  ие  болып, 

қазіргі уақыт талабынан туындаған идея екендігін дәлелдеп отыр. 

Компьютерді оқу үрдісінде қолдану проблемаларының ішінен екі бағытты 

бӛліп  алуға  болады,  олардың  біріншісі  –  компьютерлік  сауаттылықты 

қамтамасыз  ету,  бұл  жағдайда  компьютер  зерттеу  нысаны  болып  табылады, 

екіншісі – компьютерді оқу құралы ретінде пайдалану. 

Екінші  бағыт  шеңберінде  компьютер  оқыту  құралдары  жүйесінің  белгілі 

бір компоненті деп есептеледі. 

Біздің  зерттеуіміздің  мақсаты  компьютерді  5-6-шы  сыныптардың 

математика  курсын  зерттеу  құралы  ретінде  пайдалану  және  оның 

мүмкіндіктерін қарастыру.  

Математика  курсын  оқытуда  қолданылатын  компьютерлік  құралдардың 

кӛптігіне  қарамастан,  олардың  ішінде уақыт  сынағынан  сүрінбей ӛткен  тиімді 

идеялардың  саны  санаулы-ақ.  Солардың  ішінде  біздің  назарымызды  аударған 

Borland  фирмасы  шығарған  (авторы  Nicholas  Jackiw)  және  АҚШ  мектептеріне 

енгізілген  –  «The  Geometer’s  Sketchpad»  бағдарламасы.  Бұл  бағдарламалық 

құрал  Windows-пен  жұмыс  істейтін  IBM  PC  платформалы  компьютерлерге 

арналған. “Geometer’s Sketchpad” бағдарламасының техникалық мүмкіндіктерін 

геометриялық  фигураларды  олардың  түрленуі  негізінде  оқыту  үшін 

пайдалануға болады. 

 «Geometer’s  Sketchpad»  бағдарламасының  негізінде  Санкт-Петербург 

қаласында  «Информатизация  образования»  Кәсіптік  Жаңарту  Орталығында 

педагогика  ғылымдарының  кандидаты  С.Н.Поздняковтың  басқаруымен  7-ші 

сыныптың  геометрия  курсы  бойынша  қажетті  барлық  оқу  материалынан 

тұратын  «Геометрия  в  движении-7»  планиметрия  бастамаларына  арналған 

компьютерлік жұмыс дәптері жасалған. Бірақ, кейбір себептерге (геометрияның 

жүйелі  курсына  және  А.Н.Колмогоровтың  оқулығына  бағыттау)  байланысты, 

бұл  оқу  құралын  алдын-ала  ӛңдеу  мен  бейімдеусіз  5-6  сынып  оқушыларының 

геометриялық  материалдарды  оқып-үйренуі  үшін  қолданылуы  мүмкін  емес. 

Сондықтан,  біз  зерттеу  жұмысымызда  геометриялық  фигураларды  олардың 

түрленуі негізінде оқытудың әдістері мен оқыту мазмұнын іріктеу міндеттерін 




 

 

 



12 

 

«Geometer’s  Sketchpad»  бағдарламасының  кӛмегімен  шештік.  5-6-шы  сынып 



математика  курсының  геометриялық  материалдарының  негізгі  сұрақтарын 

қамтитын  компьютерлік  лабораториялық  жұмыстар  жасалынды.  Осы 

лабораториялық жұмыстарды ӛткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар берілді.  

Компьютерлік  оқыту  жағдайында  негізгі  ұйымдастырушылық  форма 

ретінде  лабораториялық  жұмыс  сабағын  таңдадық.  Мұндай  сабақ,  біріншіден, 

геометрияны 

оқып-үйрену 

кезінде 


компьютердің 

артықшылықтарын 

толығынан жүзеге асыруға, екінші жағынан, компьютерлік сабақтарды әдеттегі 

сабақтардың жүйесіне қосуға мүмкіндік тудырады. 

Компьютерлік  лабораториялық  жұмыстарға  арналған,  біз  құрастырған 

кӛптеген  тапсырмалар,  оқыту  мақсатынан  және  5-6-шы  сыныптардың 

математика  курсындағы  геометриялық  материалдардың  мазмұнынан  алынды 

және оларға ұқсас тапсырмалар жүйесі құрастырылды. 

Дегенмен, кейбір тапсырмалар «Қозғалыстағы геометрия-7» деп аталатын 

компьютерлік жұмыс дәптерінен алынды. 

Мұнда  біз  осы  оқу  құралындағы  қолданылған  терминология  мен 

белгілеулерді  оқушыларға  таныс  терминдер  мен  белгілеулермен  ауыстырдық, 

сонымен  қатар,  тапсырмаларды  5-6-шы  сынып  оқушыларының  жас  ерекшелік 

мүмкіндіктері мен оқытудың мақсаттарына сай қайта тұжырымдадық. 

Оқушылар  іс-әрекетінің  әр  түрлілігін  және  олардың  шығармашылық 

қабілеттерін  ескеріп,  лабораториялық  сабақтарда  геометриялық  фигураларды 

салуды  ойластыратын,  оларды  зерттеуге  және  геометриялық  объектілер  мен 

тәжірибе жүргізуге арналған тапсырмаларды енгіздік. 

Лабораториялық  жұмыстың  соңында  оқушыларға  олардың  білімін 

бақылауға  арналған  тапсырмалар  ғана  емес,  өзін-өзі  бақылауға  арналған 

тапсырмалар да ұсынылды. 

1-кестеде  лабораториялық  жұмыстың  жеке  кезеңдерінің  сипаттамасы 

берілген. 

 

1 кесте - Лабораториялық жұмыстың негізгі кезеңдері 



 

Кезең уақыты 

Кезең мақсаты 

Мұғалімнің іс-әрекеті 

Оқушының іс-

әрекеті 


1). Кіріспе 

әңгіме. 


Зерттеу 

проблемасының 

қойылуы. 

(5 минут) 

 

Оқушылардың білімін 



бекіту. Зерттеу 

проблемасын 

қалыптастыру. 

1).Алдын-ала 

дайындалған сұрақтар 

бойынша 


оқушылармен әңгімені 

ұйымдастырады. 

2). Зерттеу 

проблемасын 

қалыптастырады. 

1). Кіріспе әңгімеге 

қатысады. 

2). Зерттеу 

проблемасын 

ұғынады. 

 



жүктеу 376,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау