Есенғабылов ілияс жансеркеұЛЫ



жүктеу 376,63 Kb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата31.05.2018
өлшемі376,63 Kb.
#18563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

 

 



18 

 

1) оқушылардың геометрияның бастауыш курсын және математиканың 5-



6-шы  сыныптардағы  жүйелі  курсының  алғашқы  тарауларын  оқығанда 

кездестіретін қиыншылықтарын анықтау;  

2)  осы  анықталған  қиындықтарды  5-6  сыныптардағы  математика  курсын 

оқу үрдісінде жоюдың жолдарын іздеу;  

3)  5-6  сыныптардағы  математика  курсында  геометриялық  материалды 

оқытудағы  және  мәтіндік  есептерді  шығаруда  компьютерді  пайдаланудың 

мүмкіндіктері мен әдістерін анықтау;  

4) мұғалімдердің компьютермен жұмыс істеу сауаттылығының деңгейі мен 

сипатын, олардың экспериментке қатысуға деген ынтасын анықтау. 

Бұл  кезеңде  қолданылған  әдістер  негізінде  5-ші,  6-шы,  7-ші  сынып 

оқушыларының  геометриялық  түрде  ойлай  білуінің  деңгейін  сипаттайтын 

мәліметтер  алынды,  сонымен  бірге,  компьютерлік  оқытудың  оқу  үрдісіне 

тиімділігін арттыру мәселесі зерттелді. 

Бірінші  кезеңнің  нәтижесі  5-6-шы  сынып  оқушыларының  геометриялық 

фигураларды  түрлендірулерді  жүргізу  негізінде  компьютерді  пайдалану 

мүмкіндігі  туралы  гипотезаны  алға  қою  болды.  Компьютерлік  оқыту 

жағдайында  геометрияны  оқып-үйренуде  мотивацияны  арттыру  тенденциясы 

анықталды,  ал  ол  ӛз  кезегінде  эксперименттік  және  зерттеушілік  іс-  әрекетті 

қалыптастыруға  және  дамытуға  жағдай  тудырды.  Дегенмен,  бұл  кезеңде 

компьютерлік оқытудың тиімділігінің сандық сипаттамалары анықталған жоқ. 

Бағдарламалық 

оқытудың 

принциптеріне 

сүйенетін 

оқыту 

бағдарламаларын,  сурет  салатын  бағдарламаларды,  графиктік  редакторларды 



пайдалану  нәтижесі  мардымсыз  болуымен  бірге,  кӛп  уақытты  қисынсыз 

жоғалтуға соқтырды. 

Сондықтан,  5-6-шы  сыныптарда  математика  курсын  оқып-үйренудің 

тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік  тудыратын  және  жалпы  дидактикалық 

талаптарға сай келетін бағдарламалық құралдарды таңдап алу мәселесі туды. 

Осындай  бағдарламалық  құралдардың  бірі  –  «Geometer’s  Skеtсhpad» 

бағдарламасы,  соның  негізінде  біз  5-6-шы  сынып  оқушыларына  геометрияны 

оқып үйретуге арналған жұмыс материалдарын құрастырдық. Оларды сынақтан 

ӛткізу және бейімдеу эксперименттің келесі кезеңінде жүргізіледі. 

Іздеу  эксперименті  2005-2006  жылдарда  Талдықорған  қаласындағы  №13, 

және  Ескелді  ауданының  Бақтыбай  ауылындағы  С.Сейфуллин  атындағы  орта 

мектептерінде жүргізілді. 

Эксперименттің мақсаттары:  

   оқушылардың білім сапасын арттырудың шарттарын зерттеу;  



   5-6-шы  сыныптардағы  математика  курсында  компьютерді  пайдаланып 

геометриялық  материалдарды  оқыту  әдістемесіне  түзетулер  енгізу  және 

бейімдеу; 

   жасалынған  әдістеменің  оқушылардың  ойлау  қабілетіне  сапалық 



жағынан әсер етуінің жағдайларын қарастырып, дәрежесін анықтау. 

Бұл  кезеңде  жұмыстық  материалдарды  сабақтың  әр  түрлі  модельдерінде 

сыннан  ӛткізу  арқылы,  әдеттегі  оқыту  жүйесіне  компьютерді  енгізудің 

(лабораториялық  жұмыстарды)  негізгі  ұйымдастыру  формаларын  анықтау 




 

 

 



19 

 

арқылы  теориялық  мәселелер  біз  ӛткізген  эксперименттік  сабақтарда 



нақтыланды. 

Эксперимент  жүргізудің  осы  кезеңі  бізді  5-6-шы  сыныптардағы 

математика курсында геометриялық фигураларды түрлендірулер арқылы оқып-

үйренуде компьютерді пайдалану оқыту үрдісінің тиімділігін арттырумен бірге, 

оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, олардың шығармашылық қабілеттерін 

және  есептер  шығара  білу  біліктіліктерін  арттыруға  жағдай  тудыратынына 

сендірді. 

Оқыту  эксперименті  2006-2008 жж  Талдықорған  қаласындағы  №9,  №13, 

№19  мектептерінің  сыныптарында  және  Ескелді  ауданының  Бақтыбай 

ауылындағы  С.Сейфуллин  атындағы,  Кербұлақ  ауданының  Ш.Уәлиханов 

атындағы орта мектептерінде жүргізілді. 



Оқыту экспериментінің мақсаттары:  

  5-6-шы сыныптарда математиканы оқытуда ӛзіміз құрған компьютерлік 



технологияларды қолдану әдістемесінің  тиімділігін тексеру;  

 



Ұлттық  ақпараттандыру  орталығы  дайындаған  5-6  сыныптардағы 

математика  пәніне  арналған  электрондық  оқулықтарды  пайдаланып,  дәстүрлі 

оқытумен  салыстыра  отырып  олардың  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін 

айқындау.  

Алға  қойылған  гипотезаны  тексеру  үшін  педагогикалық  эксперименттің 

бұл  кезеңінде  материалды  тексерудің  негізгі  критерийлері  анықталды,  олар 

бойынша бақылауға алынған сынып пен эксперименттік сынып оқушыларының 

білімдерінің сапалары салыстырылды.  

Оқыту  экспериментін  жүргізгенде,  біз  тӛмендегі  тұжырымдарды 

басшылыққа алдық: 

 

эксперименттік және бақылауға алынатын сыныптарды таңдағанда білім 



деңгейлері  бірдей,  құрамдары  ӛзара  тең  болатын  (немесе  бақылауға  алынған 

сыныпқа  қарағанда,  білім  деңгейі  эксперименттік  сыныпта  тӛмендеу 

болатындарын) сыныптар алынды. 

 



бақылауға  алынған  және  эксперименттік  сыныптарда  геометриялық 

материалды оқып-үйренуге бӛлінген уақыт бірдей болды; 

 

шығарылатын  мәтіндік  есептердің  күрделілігі  мен  қиындығы  бірдей 



дәрежеде болды; 

 



бақылауға  алынған  және  эксперименттік  сыныптардағы  білімді, 

біліктілік пен дағдыларды бақылау бірдей әдістемемен жүргізілді. 

 

бақылау  жұмыстарын  жүргізгенде,  олардың  негізінде  қазіргі  кезде 



қолданылып  жүрген  математикалық  бағдарлама  бойынша  анықталатын 

білімнің, біліктілік пен дағдылардың тізімі айқындалды. 

Кӛрсетілген 

оқу 


мекемелерінің 

барлық 


бақылауға 

алынған 


сыныптарындағы сабақтар әдеттегі әдістеме бойынша, яғни оқытудың әдеттегі 

құралдарын  пайдалану  арқылы  жүргізілді.  Ал  эксперименттік  сыныптардағы 

оқыту  біз  жасаған  компьютерлік  технологиялар  қолданылатын  әдістеме 

бойынша  және  Ұлттық  ақпараттандыру  орталығы  жасаған  электрондық 

оқулықтар бойынша жүргізілді. 



жүктеу 376,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау