12
бағалау үшін сапа кӛрсеткіштерін таңдап, олардың сандық мәнін анықтап
және алынған мән санын базалық кӛрсеткіштердің мән санымен салыстыру
қажет.
Ӛнімнің сапа деңгейін анықтаудың мақсаты кӛп жоспарлы. Ол
бірқатар міндеттерді шешуді қарастырады, соның ішінде:
- ӛндірістің мақсатқа сәйкестігін бекіту және ӛнімді жасаудың
оңтайлы нұсқасын таңдау;
- ӛнімнің ең жақсы үлгісін таңдау;
- ӛнімнің сапасын кӛтерудің мүмкін жолдарын табу;
- оңтайлы бағасын бекіту;
- стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау;
- ӛнімнің сапасын бақылауды жетілдіру;
- ӛнімді сертфикаттау;
- ӛнімнің сапа динамикасын зерттеу және т.б.
Ӛнімнің сапасын бағалауды бір түріне де (бір тобы мен бағытына),
әртүрлі түріне де жүргізеді. Бір ӛнім түрінің сапа ӛлшемі оның сапа
деңгейі. Ӛнімнің сапа деңгейін бірнеше түрге бӛледі: техникалық,
дайындық, нормативтік, технико-экономикалық.
Сапаның
техникалық
деңгейін
бекіту
кезінде
таңдалатын
кӛрсеткіштер тізіміне экономикалық кӛрсеткіштерді кіргізбейді. Олар
негізінен шығарылатын ӛнімді шет елдермен шығарылатын дәл осындай
балама ӛніммен салыстыруды жүргізу үшін қызмет атқарады.
Өнімді дайындаудың сапа деңгейін дайындалған ӛнімнің сапа
кӛрсеткіштерінің нақты мәндерінің стандартта немесе басқа да құжаттарда
кӛрсетілген мәнге сәйкестік дәрежесі ретінде ӛрнектейді.
Өнім сапасының нормативтік деңгейі сапа кӛрсеткіштерінің нақты
мәндері шекті мәндермен шектелген аймақта болатын деңгей. Бұл
кӛрсеткішті сапа кӛрсеткішінің құқықтық аспектісін қарастыру кезінде
қолданады.
Ӛнім сапасының технико-экономикалық деңгейі кӛрсеткіштердің
мәндері бойынша есептелінеді. Деңгейдің бұл түрі ӛнімді бағалау (талдау,
сертификаттау) жүйесінің әртүрлі деңгейлерінде сапа дәрежесін анықтау
кезінде қолданылады.
Ӛнімнің сапа деңгейін сандық бағалау процесінде үш кезеңді бӛледі:
- бағаланатын және базалық кӛрсеткіштерін, олардың сандық мәнін
анықтау тәсілдерін таңдау;
- ӛнімнің сапа деңгейін бағалауды жүргізуді және бағалау әдістерін
таңдау;
- бағалау нәтижелерін талдау және шешім қабылдау.
Сапа деңгейін бағалау шағырылған ӛнімнің сапасын базалық үлгінің
(эталон-үлгі) сапасымен салыстыру болып табылады. Базалық үлгіні
таңдау кезіндегі негізгі міндет оны сипаттайтын барлық кӛрсеткіштердің
сандық мәндерін дұрыс анықтау. Базалық үлгінің сапа кӛрсеткішетерінің
қате (негізсіз) мәнін қолдану ӛнім сапасын тӛмен немесе жоғары бағалауға
13
алып келеді.
Базалық үлгінің сапасын анықталатын кӛрсеткіштер номенклатурасы
және бағаланатын үлгінің ӛлшем бірліктері мен әдістері бірдей болуы
қажет.
Эталондық-үлгі
сапасының
базалық
кӛрсеткіштеріне
келесі
кӛрсеткіштер тобының сандық мәндері қабылдануы мүмкін:
- ең жақсы отандық немесе әлемдік сапа деңгейін сипаттайтын ӛнім
сапасының болжамданатын кӛрсеткіштері;
-
халықаралық
ұйымдармен
ұсынылатын
ӛнім
сапасының
кӛрсеткіштері;
- отандық және әлемдік ӛнімдердің ең жақсы сапа кӛрсеткіштері;
- стандарттар және басқа да нормативтік құжаттарда кӛрсетілген
сапаның прогрессивті кӛрсеткіштері.
Бір ӛнім түрінің сапасын бағалауды дифференциалды, кешенді және
аралас әдістермен жүргізеді.
Дифференциалдық әдіс бағаланатын ӛнімнің сапа кӛрсеткіштерін
базалық кӛрсеткіштермен салыстыруды қарастырады. Салыстыру кезінде
келесі жағдайлар болуы мүмкін:
1) барлық салыстырмалы кӛрсеткіштер бірден артық;
2) барлық салыстырмалы кӛрсеткіштер бірден кем;
3) барлық салыстырмалы кӛрсеткіштер бірге тең;
4) салыстырмалы кӛрсеткіштер бір бӛлігі бірден артық, ал екінші
бӛлігі бірге тең;
5) салыстырмалы кӛрсеткіштер бір бӛлігі бірден кем, ал екінші бӛлігі
бірге тең;
6) салыстырмалы кӛрсеткіштер жартысы бірден артық немесе кем, ал
қалған жартысы бірден кем.
1-інші, 3-інші және 4-інші жағдайларда бір мәнді қорытынды
шығаруға болады – бағаланатын ӛнімнің сапа деңгейі базалықтан тӛмен
емес, ал 2-інші және 5-інші жағдайда – базалықтан тӛмен. Ал 6-ыншы
жағдайда ӛнімнің сапа деңгейі туралы қорытынды жасау үшін барлық
кӛрсеткіштерді маңыздылығы бойынша екі топқа бӛлу керек:
1) ӛнімнің маңызды қасиеттерін анықтайтын кӛрсеткіштер;
2) екінші дәрежелі қасиеттерін анықтайтын кӛрсеткіштер.
Егер де 1-інші топтағы кӛрсеткіштер бірден артық немесе тең, ал 2-
інші топтағы кӛрсеткіштердің кӛп бӛлігі бірден кем болмаса, онда
бағаланатын ӛнімнің сапа деңгейі базалық үлгіден тӛмен емес деп
тұжырым жасауға болады. Басқа жағдайда сапаны бағалауды басқа әдіспен
жүргізу қажет.
Ӛнімнің сапа деңгейін бағалаудың кешенді әдісі кешенді (жинақтық)
кӛрсеткішті қолдануды қарастырады. Бұл әдісті сапа деңгейін бір санмен
сипаттай (ӛрнектеу) қажет жағдайда қолданады.
Бұл жағдайда сапа деңгейін (С) бағаланатын ӛнім сапасының
жинақтық кӛрсеткішінің (Q
бағ
) базалық үлгінің жинақтық кӛрсеткішіне
14
(Q
баз
) ара қатынасымен анықтайды, яғни:
(1)
Аралас әдісті кейбір әдістер бағаланатын ӛнімнің барлық маңызды
қасиеттерін есепке алуға мүмкіндік бермейтін жағдайда қолданады. Бұл
жағдайда дифференциалды және кешенді әдістер біруақытта қолданылады.
Аралас әдіспен бағалаудың мәні мен дәйектілігі келесідей, сапаның
дара кӛрсеткіштерін жеке топқа біріктіріп, әрбіреуі үшін сапаның топтық
кешенді кӛрсеткішін анықтайды. Сапаның ең маңызды кӛрсеткіштерін
топқа кіргізбей, жеке қрастыруға болады. Кӛрсеткіштерді топқа бағалау
түріне байланысты біріктіру қажет.
Топтық, кешенді және ең маңызды дара кӛрсеткіштердің белгілі бір
шамаларын базалық кӛрсеткіштердің сәйкес мәндерімен салыстырады,
яғни дифференциалды әдіс принципін қолданады.
1.5 Ӛнім сапасының кӛрсеткіштерін анықтау әдістері
Қәзіргі уақытта ӛсімдікшаруашылығы ӛнімдерін сапасын анықтаудың
келесі түрлерібар: ӛлшеу, тіркеу, есептеу, органалептикалық, әлеуметтік,
сараптық.
Ӛлшеу әдістері – кӛрсеткіштерді құралдар арқылы ӛлшеу және талдауға
негізделген және санды кӛрсеткіштермен ӛрнектеледі. Ӛлшеу әдістері
физикалық, химиялық, физико-химиялық, микроскопиялық, биологиялық,
физиологиялық және технологиялық болып бӛлінеді.
Физикалық әдістер ӛнімнің физикалық қасиеттеріне негзіделген.
Физикалық әдістерге поляметриялық, рефрактометриялық, реологиялық және
диэлектриялық әдістер жатады. Поляметриялық әдістерді оптикалық белсенді
заттарды (сахароза, глюкоза, фруктоза) сандық анықтаму үшін қолданады.
Рефрактометриялық әдістерді ерітілетін құрғақ заттарды, қанты және майды
анықтау үшін қолданады.
Реологиялық әдістерді тағамдық ӛнімдердің құрылымды-механикалық
қасиеттерін аныӛтау үшін қолданады. Яғни мӛлшерін, ірілігін, кӛлемін,
астықтың шынылығын мен натурасын, сусымалдығын, ӛздігінен сортталуын
және т.б. Диэлектриялық әдісті ылғалдылығын анықтау үшін қолданады.
Химиялық әдістерді ӛсімдікшарушылығы ӛнімдерінің химиялық құрамын
анықтау үшін қолданады. Яғни қанттарды, крахмалды, клетчатканы, майды,
азоттық қосындыларды, минералды элементтерді, дәрумендерді, суды және
басқа да химиялық заттарды.
Бұл заттардың химиялық қасиеттеріне негізделген аналитикалық химия
(титрлеу әдісімен қышқылдықты анықтау), органикалық химиия (С дәруменің
және ақуызды заттарды анықтау) және биологиялық химия (ӛнімдерде белсенді
ферменттерді анықтау) әдістері.
Физико-химиялық әдістер ӛсімдікшаруашылығы ӛнімдерінің сапасын
Достарыңызбен бөлісу: |