4
9-тақырып. Ет және шҧжық ӛнімдерінің сапасын сараптау............... 71
9.1 Ет ӛнімдерінің сапасына қойылатын талаптар.............................
71
9.2 Үлгі алу және еттің сапа кӛрсеткіштерін талдау..........................
76
9.3 Шұжық ӛнімдерінің сапасын сараптау..........................................
81
10-тақырып. Шайдың және кофенің сапасын сараптау......................
87
10.1 Шайдың сапасын сараптау............................................................ 87
10.2 Кофенің сапасын сараптау............................................................
91
Глоссарий ..................................................................................................... 96
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................ 99
5
КІРІСПЕ
Қазақстанда сапа мәселесі және сапаны басқарудың жалпы мемлекеттік
жүйесін жасаумен байланысты мәселелер қазіргі таңда ӛзекті. Қазақстанның
экономикалық дамуы – отандық ӛнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын
қамтамасыз ететін, олардың бәсекеге қабілеттілігін кӛтеретін, сондай-ақ ішкі
және сыртқы нарықта тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын шарттар
жасаусыз қол жеткізу мүмкін емес.
Осыған байланысты ӛнім сапасын басқару және сараптау жүргізу
саласындағы мамандардың теориялық білімді меңгеруі стратегиялық міндет
болып табылады. Осы міндетті шешуде азық-түлік ӛнімдері мен тұтынушылық
тауарларды ӛндіру мен ӛткізу саласында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар
мен ұйымдар, ӛнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы және саудадағы
мамандар тікелей қатысуы қажет.
Қойылған міндетті шешу үшін ӛнімнің сапасын сараптау ерекше орын
алады. Мұндай сараптаудың мақсаты – ӛнімнің сапасын мұқият талдау
негізінде, оның тұтынушылық құндылығын анықтау. Сараптау – ӛнім сапасын
басқару жүйесінің элементі, тұтынушыға сапасыз, моралды ескірген және
бәсекеге қабілетті емес ӛнімдердің жетуіне кедергі болуы тиіс.
Ӛнім сапасын сараптау ауыл шаруашылығында, тамақ ӛнеркәсібінде және
саудада кеңінен қолданылады. Ол ӛнімнің техникалық тапсырма кезеңін, жасау,
ӛткізу, пайдалану және бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау кезеңдерін
қамтиды.
Сараптау арқылы сарапшылар ӛнімдердің саны мен сапасының
нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігі мен ақауы бар
ӛнімдерді анықтайды және тұрғындар сұранысының қанағаттану дәрежесін
бағалайды.
Бұл оқу құралының мақсаты – сараптаудың жалпы әдістемесін жүйелі
меңгеруде кӛмек кӛрсету және оны ӛнімнің сапасын бақылауда, сапа деңгейін
бағалау мен сертификаттауда қолдану мүмкіндігін қарастыру.
Сараптық бағалаудың заманауи әдістерін меңгеру ӛнімнің сапасын, оның
бәсекеге қабілеттілігін дұрыс бағалау мен бірдейлендіруге мүмкіндік береді.
6
1-ТАҚЫРЫП. САПА ТУРАЛЫ БІЛІМ ЖҤЙЕСІ
1.1 Сапа туралы білім жҥйесі
Сапа – философиялық дәреже. Бұл алғаш рет б.э.д. ІІІ ғасырда
Аристотелмен кӛрсетілген. Ал сапаның философиялық анықтамасы Гегельмен
(ХІХ) берілді: «Сапа ең біріншіден болмыспен тепе-тең нақтылық, сондықтан
бір нәрсе ӛзінің сапасын жоғалтқан кезде ол ӛз болмысын жоғалтады». Сондай-
ақ сапаның заманауи анықтамасы да бар. Сапа дәрежесі объектінің объективті
қызметінің маңызды жағы – нақтылығын кӛрсететінін айта кеткен жӛн.
Объектінің сапасы, әдетте оның жеке қасиеттеріне түйіспей, одан бӛлінбейтін,
оны толығымен қамтитын объектімен байланысты болады. Сондықтан сапа
түсінігін заттың болмысымен байланыстырады.
1-кестеде сапа түсінігінінің әртүрлі анықтамасы кӛрсетілген. Бірақ
адамдардың бірлесе қызмет етуі үшін терминді стандарттау қажет болды.
1-кесте. Сапа түсінігінің динамикасы
Автор
Сапа анықтамасы
Аристотель (б.э.д.
ІІІғ)
- Заттардың арасындағы айырмашылық;
- «Жақсы-жаман» белгі бойынша жіктеу;
Гегель (ХІХ ғ)
- Сапа ең біріншіден болмыспен тепе-тең анықтылық, сондықтан
бір нәрсе ӛзінің сапасын жоғалтқан кезде ол жоқ болады
Қытайлық нұсқа
- Сапаны таңбалайтын иероглиф екі элементтен тұрады: «тепе-
теңдік» пен «ақша» (сапа = тепе-теңдік + ақша), сәйкесінше сапа
«жоғары сыныпты», «қымбат» түсініктеріне тепе-тең.
Шухарт (1934ж.)
Сапа екі кӛрініске ие:
- объективті физикалық сипаттамалары;
- субъективті жағы: зат қаншалықты «жақсы».
Искава К. (1950 ж.)
- Сапа – тұтынушыларды шынайы қанағаттандыратын қасиеті;
Джуран Дж.М. (1979
ж.)
- Қолдану үшін жарамдылығы (бағытына сәйкестігі);
- Субъективті жағы: сапа тұтынушының қанағаттану дәрежесі
(сапаны жүзеге асыру үшін ӛндіруші тұтынушының талаптарын
біліп, ӛзінің ӛнімінің осы талаптарды қанағаттандыратындай етіп
жасау тиіс)
ГОСТ 15467-79
- Ӛнім сапасы – ӛнімнің бағытына сәйкес белгілі бір
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын
оның қасиеттерінің жиынтығы.
ИСО 8402-94
халықаралық
стандарты
- Сапа – ӛнім мен қызметке шартталған немесе болжанған
қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттілігін беретін олардың
қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы
1986 жылы Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) бизнес пен
ӛнеркәсіптің барлық саласы үшін сапа бойынша терминді тұжырымдада. 1994
жылы термин нақтыланды. Сапаның келесі анықтамасы стандартталған: сапа –
объектінің бекітілген және болжалатын қажеттіліктерді қанағаттандыру
қабілеттілігіне қатысты оның сипатттамаларының жиынтығы.
1994 жылы «сапа» терминін нақтылау кезінде оның анықтамасынан