Зертханалық ЖҰмыс №1



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет4/43
Дата04.01.2020
өлшемі1,1 Mb.
#25851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

 

стандарттық  үлгілер,  үлгі-эталондар,  балама  тауарлар  болуы  мүмкін. 



Талаптарды орындамау сәйкессіздік болып табылады.  

Бағалаудың негізгі түрі бақылау. Кез келген бақылау екі элементтен 

тұрады: объектінің нақты жағдайы туралы ақпарат алу (ӛнім үшін  – оның 

сандық  және  сапалық  сипаттамалары  туралы)  және  сәйкестікті  анықтау 

мақсатымен бекітілген талаптармен алынған ақпаратты салыстыру. 

Өнімнің  сапасын  бақылау  –  ӛнімнің  сандық  және  сапалық 

сипаттамаларын бақылау. Сонымен қатар сапаны бақылау процедурасына 

ӛлшеу,  талдау  және  сынау  операциялары  кіруі  мүмкін.  Ӛлшеу 

метрологияның объектісі болып табылады.  

Ӛнімд,  атап  айтқанда  оның  құрамы  мен  құрылымын  талдау 

аналитикалық 

әдістермен 

жүргізіледі: 

химиялық 

талдау, 


микробиологиялық талдау, микроскопиялық талдау және т.б. 

Сынау  –  бекітілген  процедураға  сәйкес  ӛнімнің,  процестің  немесе 

қызметтің 

бір 

немесе 


бірнеше 

сипаттамаларын 

анықтаумен 

тұжырымдалатын  техникалық  операция.  Сынау  кезінде  ӛнімнің 

сипаттамаларын  анықтаудың  әртүрлі  әдістері  қолданылуы  мүмкін: 

ӛлшеулік, аналитикалық, тіркеулік, органолептикалық.  



Өнімнің 

сапасын 

бағалау 

– 

бағаланатын 



ӛнімнің 

сапа 


кӛрсеткіштерінің номенклатурасын таңдаудан, осы кӛрсеткіштердің мәнін 

анықтаудан және оларды базалық кӛрсеткіштермен салыстырудан тұратын 

операциялар жиынтығы.  

Ӛнімнің сапасын бағалау кезінде  техникалық бақылау негізгі болып 

табылады,  яғни  ӛнімнің  немесе  процестің  сапасы  тәуелді  болатын 

бекітілген техникалық талаптарға олардың сәйкестігін тексеру. 

Нормативтік-техникалық  құжаттаманың  барлық  талаптарына  сәйкес 

болатын ӛнім жарамды болып есептелінеді. Бекітілген талаптарға ӛнімнің 

әрбір жеке сәйкессіздігі кемістік (дефект) болып табылады.  

Ӛнімді  бағыты  бойынша  қолдану  мүмкін  болмайтын  немесе  рұқсат 

етілмейтін кемістік қауіпті болып есептелінеді.  

Маңызды  кемістік  ӛнімді  бағыты  бойынша  қолдануға  және  оның 

тӛзімділігіне маңызды әсер етеді, бірақ қауіпті болып табылмайды.  



Елеулі  кемістік  ӛнімді  бағыты  бойынша  қолдануға  және  оның 

сақталуына әсер етпейді.  

Техникалық  жою  мүмкін  және  экономикалық  жағынан  орынды 

болатын  кемістік  жойылатын,  ал  жою  мүмкін  емес  кемістік 



жойылмайтын деп есептелінеді.  

Кемістіктердің бар болуынан тұтынушыға жіберуге рұқсат етілмейтін 

ӛнім ақаулы деп аталынады.  

 

1.3 Ӛнімнің сапа кӛрсеткіштерінің жіктелуі 

Ӛнім  сапасының  кӛптеген  кӛрсеткіштері  келесі  негізгі  белгілері 

бойынша жіктеледі:  

- сипатталатын қасиеттер саны бойынша;  




10 

 

- анықтау нәтижелерін ӛрнектеу тәсілі бойынша;  



- анықтау әдісі бойынша;  

- анықтау кезеңі бойынша;  

-  қолдану  саласы  бойынша  (ӛнім  бірлігіне  немесе  біртекті  және 

әртекті ӛнім бірлігінің жиынтығына);  

- сапа деңгейін бағалау үшін қолданылуы бойынша; 

- әртүрлі қасиеттерге қатысты. 

Сонымен қатар ӛнім сапасының кӛрсеткіштері жіктеледі: 

1) анықтау нәтижелерін ӛрнектеу тәсілі бойынша – ӛлшемдік (ӛлшем 

бірліктер арқылы) және ӛлшемсіз (балдық жүйе арқылы); 

2) анықтау әдісі бойынша – сараптамалық, есептік және әлеуметтік

3)  анықтау  кезеңдері  бойынша  –  жобалық,  ӛндірістік  және 

пайдаланушылық; 

4)  қолдану  саласы  бойынша  –  ӛнім  бірлігіне  жатқызылған 

кӛрсеткіштер,  біртекті  және  әртекті  ӛнім  бірліктерінің  жиынтығына 

жатқызылған кӛрсеткіштер.  

Ӛнімнің  сипатталатын  қасиеттер  саны  бойынша  сапа  кӛрсеткіштері 

дара және кешенді болуы мүмкін (1-сурет).  

 

 



 

1-сурет. Ӛнім сапасының кӛрсеткіші 

 

Ӛнім  сапасының  дара  кӛрсеткіші  ӛнімнің  тек  қана  бір  қасиетін 



сиапттайтын  сапа  кӛрсеткіші  (мысалы,  массасы,  түсі  және  с.с.).  Дара 

кӛрсеткіштер  бір  қарапайым  қасиетті  сипаттайтын    ӛнім  бірлігіне  де, 

біртекті  ӛнімнің  бірліктерінің  жиынтығына  да  қатысты  болуы  мүмкін. 

Мысалы,  майдың  массалық  үлесі  12%  (кӛрсеткіш  тек  қана  бір  қасиетті 

сипаттайды – майлылық). 

Дара 


кӛрсеткішінің 

түрлері 


салыстырмалы 

және 


базалық 

кӛрсеткіштер.  

Ӛнім 

сапасының 



салыстырмалы 

көрсеткіші 

салыстырмалы 

бірліктермен  немесе  пайызбен  ӛрнектелген  сапаның  бірлік  кӛрсеткішінің 

базалық кӛрсеткішке ара қатынасы.  

Ӛнім  сапасының  базалық  кӛрсеткіші  –  бастапқы  (эталонды)  деп 

қабылданған  ӛнім  сапасының  кӛрсеткіші.  Сапаны  салыстырмалы  бағалау 

кезінде  елімізде  немесе  шетелде  ӛндірілетін  ӛнімнің  ең  жақсы  үлгілеріне 

тән кӛрсеткіштерді немесе перспективалық үлгілердің сапа кӛрсеткіштерін 

Ӛнім сапасының кӛрсеткіші 

Дара 


Кешенді  

Салыстырмалы 

Базалық  

Топтық  


Интегралдық 

Топтық  



11 

 

базалық деп қабылдайды. Базалық кӛрсеткіш кешенді де болуы мүмкін. 



Ӛнім сапасының кешенді кӛрсеткіші бірнеше қасиеттерді немесе бір 

күрделі  қасиетті  (бірнеше  қарапайым  қасиеттерден  тұратын)  сипаттайтын 

кӛрсеткіш.  Сапаның  кешенді  кӛрсеткіші  орташа  арифметикалық  әдіспен 

есептелуі мүмкін, бұл кезде ол есептеудің шартты  бірлігімен ӛрнектелген 

(мысалы балмен) шартты шама болады.  

Ӛнім  сапасының  кешенді  кӛрсеткішінің  түрлеріне  интегралды, 

топтық және жинақтық.  

Ӛнім  сапасының  интегралдық  көрсеткіші  ӛнімді  тұтынудың 

жиынтықты (суммарный) пайдалы әсерінің және оны жасау мен тұтынуға 

кеткен жиынтықты шығындарының ара қатынасы.  

Ӛнім  сапасының  топтық  көрсеткіші  оның  қасиеттерінің  тобына 

жататын ӛнім сапасының кешенді кӛрсеткіші (мысалы, ӛнімнің дайын болу 

дәрежесі).  

Ӛнім  сапасының  жинақтық  көрсеткіші  ӛнім  сапасын  бағалау 

бойынша  шешім  қабылданатын  кӛрсеткіш,  яғни  оның  мәні  ӛнім 

қасиеттерінің  мәндерінен  жинақталады.  Ӛнімнің  қасиеттерінің  біреуі 

анықтаушы болуы мүмкін.  

Ӛнім  сапасының  анықтаушы  көрсеткіші  оның  сапасын  бағалау 

шешімі  қабылданатын  кӛрсеткіш.  Жинақтық  кӛрсеткішті  анықтау  кезінде 

сарапшылар ӛнімнің қандай бір қасиетін (мысалы, сыртқы түрі, иісі, дәмі, 

консистенциясы)  сипаттайтын  әрбір  кӛрсеткішті  балмен  бағалайды.  Ол 

қасиеттердің  жиынтығына  кіреді,  олар  бойынша  қандай  да  бір  ӛнімнің 

сапасын  бағалайды.  Содан  кейін  әрбір  кӛрсеткішті  бағалаудың  орташа 

нәтижелерін  осы  кӛрсеткіш  үшін  сарапшылармен  бекітілген  салмақты 

параметріне (коэффициентіне) кӛбейтіп, кӛбейтіндіні қосады.  

Жинақтық кӛрсеткішті табу кезінде жіктеуді кӛрсеткіштердің ӛнімнің 

әртүрлі  қасиеттеріне  қатысты  жүргізген  жӛн.  Сипатталатын  қасиеттері 

бойынша сапа кӛрсеткіштері бірнеше топқа бӛлінеді.  

«Қолдану»  кӛрсеткіштер  тобы  ӛнімнің  қолдану  саласын  анықтайды 

және  оны  қолданудың  пайдалы  әсерін  сипаттайды.  Тағам  ӛнімдері  үшін 

бұл кӛрсеткіштер тобына ақуыз, май және т.б. құрамын жатқызады.  

Қолдану бағытына байланысты ӛнім сенімділік (ӛнімнің сенімділігін 

қаматамасыз  етуде  ӛнім  ӛндірісін  бақылау,  сақтау  мен  тасымалдау 

кезеңінде  оның  сапасын  бақылау  маңызды  рӛлге  ие),  сақталуы, 

технологиялығы  (ӛнімді  ӛндіруге  жұмсалған  еңбек,  құрал,  материал  және 

уақыт  шығындары),  қауіпсіздігі,  тасымалдауға  жарамдылығы,  үнемділігі, 

экологиялығы,  эргономикалығы  және  эстетикалығы  сияқты  қасиеттер 

тобымен сипатталады.    



 

1.4 Ӛнімнің сапа деңгейін бағалау  

Ӛнімнің  сапа  кӛрсеткіштерінің  жиынтық  мәндерін  базалық 

кӛрсеткіштердің  жиынтық  мәндерімен  салыстыруға  негізделген  ӛнімнің 

сипаттамасы  сапа  деңгейін  анықтайды.  Сондықтан  ӛнімнің  сапа  деңгейін 




жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау