Зертханалық ЖҰмыс №1



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет6/43
Дата04.01.2020
өлшемі1,1 Mb.
#25851
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

15 

 

анықтау кезінде қолданылады. Яғни: 



-  хромотраграфикалық  (ароматты  және  бояғыш  заттардың  саны  мен 

табиғатын,  ақуыздардың  аминоқышқылды  құрамын  және  жеке  органикалық 

қышқылдар құрамын анықтау); 

-  потенциометрикалық  (зерттелетін  ерітіндідегі  ЛПУ-1  потенциометрі 

арқылы сутегі иондарының конценрациясын анықтау);  

- кондуктрометрикалық (ерітіндінің электрӛткізгіштігін зерттеу); 

-  калориметрикалық  (жарықты  жұтуы  бойынша  еріндіде  заттардың 

концентрациясын анықтау). 



Микороскопиялық  әдісті  зиянкестері  (кӛкӛністегі  бізтұмсықтар), 

қоспаларды  (құм,  топырақ)  және  талшықты  қабаттың  антомиялық  құрылымы 

бойынша талшық сапасын анықтау үшін қолданылады.  

Биологиялық  әдістер  зертханалық  және  далалық  ӛскіндеді,  ӛнімдегі 

токсикалық  заттарды  және  микроорганизмдермен  заладануын  анықтау  үшін 

қолданылады. Сонымен қатар биологиялық әдістерге жәндіктермен кенелермен 

заладануын анықтауда жатады.  



Физиологиялық  әдістермен  тағамдық  заттарды  сіңіру  коэфициентін, 

физиологиялық  калориялығын  (энергетикалық  қабілеттілігі),  биологиялық 

құндылығын және қауіпсіздігін анықтайды. 

Технологиялық  әдістерді  болашақ  ӛнім  туралы  мәлімет  беретін 

ӛсімдікшаруашылығы  шикізатының  технологиялық  қасиетін  анықтау  үшін 

қолданады.  Мысалы  5-10  кг  астық  масасының  үлгісін  арнайы  зертханалық 

диірмендерде тәжірибелік тартуда келесі диірмендік қасиеттерін анықтайды: 

-  үгітілу  қабілеттілігі  (дәннің  оңай  уатылуы  және  тарту  ӛнімдерінің 

бӛлінуі); 

- дайын ӛнім шығымын; 

- диірмендік қүұңдылығын; 

- тәжірибелік үлгінің үгіту ұзақтығы; 

- тартуға кеткен электрэнергиясының меншікті шығыны, 



Тіркеу әдісі – белгілі бір жағдайларды, заттардың және шығындар санын 

есептеу  және  қараумен  сипатталды  Тіркеу  әдісі  белгілі  жағдайлар  санын 

есептеу және тіркеуде алынатын ақпараттарға негізделеді. 

Есептеу  әдісі  -  ӛнім  сапасының  кӛрсеткіштерінің  параметрлерінің 

теориялық  байланыстылығын  қолдану  негізінде  жүргізіледі.  Есептеу  әдісі 

кезінде  ӛнім  сапасының  кӛрсеткіштері  басқа  әдістермен  алынған  параметрлер 

мәндерін есептеу арқылы анықталынады.  



Органалептикалық  әдіс  –  адамның  сезім  мүшелерінің  (кӛру,  иіс  сезу, 

сипап  сезу,  есту,  дәм  сезу)  қабылдауын  талдау  негізінде  ӛнім  сапасының 

кӛрсеткіштерін  анықтау  әдіс  болып  табылады.  Стандарттарда  барлық 

органалептикалық кӛрсеткіштер мәндері орнатылған. Бұл әдіс қарапайым және 

кӛп  уақыт  алмайды.  Әдістің  кемшілігі  –  адамның  физиологиялық 

ерекшеліктеріне  байланысты  субъективтілігі.  Бағалау  нәтижесі  сезім 

мүшелерінің  дайындалуына,  қадағалауына,  дегустацияны  жүргізу  шарттары 

мен техникасына және қабілетіне байланысты болады.  




16 

 

Әлеуметтік  әдіс  –  мүмкін  немесе  нақты  тұтынушылардың  пікірлерін 

жинау  және  талдау  негізінде  ӛнім  сапасының  кӛрсеткіштерінің  мәндерін 

анықтауды  қарастырады.  Әлеуметтік  әдіс  кезінде  тұтынушылар  пікірлерін 

жинау  ауызша  сұрау  арқылы  немесе  арнайы  анкетеларды  тарату  арқылы 

жүргізіледі.  әлеуметтік  әдіс  тұтынушылардан  түсетін  ақпараттарды  жинаудың 

және ӛңдеудің жүйелік әдістерін талап етеді.  

Сараптық  әдіс  –  сарапшы  мамандар  топтарымен  қабылданатын 

шешімдер  негізінде  ӛнім  сапасының  кӛрсеткіштерінің  сандық  мәндерін 

анықтауға негізделген. Бұл әдісті объективті әдістерді қоллдану мүмкін немесе 

қиын  болған  жағдайда  қолданады.  Сараптық  әдісті  ӛнім  сапасын 

органалептикалық әдіс пен анықтауда және ӛнім сапасын кертияикаттау кезінде 

кеңінен қолданылады.  

Ӛнім сапасын сараптық бағалаудың негізгі операциялары келесілер:  

- жұмысшы тобын құру; 

- сараптық топты құру

- ӛнімдерді жіктеу; 

- сапа кӛрсеткіштер сызбасының құрылымын құру; 

- сарапшылардан сұрау жүргізу үшін қажет анкеталарды және түсініктеме 

жазбаларды дайындау; 

- сараптық бағаларды ӛңдеу; 

- сараптық бағаларды талдау. 

Сараптық  комиссиялар  құрамына  жоғары  білікті  мамандар  кіруі  тиіс. 

Сараптық  комиссия  құрамына  кіретін  сарапшылар  саны  жетіден  кем  болмауы 

қажет.  Сараптық  комиссия  тек    сарапшылардың 

2

/

3



  дауыс  берсе    ғана  шешім 

қабылдай алады.  

Сараптық 

әдіспен 


қажетті 

нақтылы 


нәтижелерді 

алу 


үшін 

субъективтілікті  тӛмендететін  шаралар  қолдану  қажет.  Осы  мақсатпен 

сарапшыларды  сұраудың  брнеше  кезеңін  жүргізеді.  Алдымен  сарапшылар 

бағаны  бір-біріне  қарамай  қояды.  Содан  кейін,  әрбір  сарапшымен  қойылған 

бағаларды  қысқа  уақыт  талқылағаннан  кейін  сұраудың  екінші  кезеңін 

жүргізеді.  Бұл  кезең  барысында  сарапшы  бір-біріне  қарамай  жаңа  бағаларын 

қояды. Сұрау кезеңдерінің нәтижесі мамандардың біліктілігі мен тәжірибесіне 

байланысты  болады.  Нақты  қолайлы  нәтижені  орташа  есеппен  үш  кезеңде 

алады.  Сынау  әдістерін  қолдануға  байланысты  сапаны  бағалауды  үш  түрге 

бӛледі:  

- метрикалық; 

- баллдық; 

- ӛлшемсіз.  

Метрикалық  бағалауды  метрикалық  ӛлшемдер  жүйесіндегі  ӛлшеулер 

нәтижесімен  ӛрнектейді.  Оларды  зертханалық  ӛлшеулерді  жүргізгеннен  кейін 

және ӛнімнің қасиетін немесе белгілерін анықтағаннан кейін қояды: 

- ылғалдылығы(%); 

- натурасы (г/л); 

- дәрумен құрамы (мг %); 



жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау