7
алдыңғы жылдары «қасиет» термині алынып тасталған болатын. Егер де сапа
туралы түсініктің тұтастығы бойынша терминдерді орналастыратын болсақ,
онда келесідей қатар аламыз: «сипаттама» – «қасиет» – «сапа».
Сипаттама – мәтін, кесте, математикалық формула, график түрінде
ӛрнектелетін тәуелсіз және тәуелді ӛзгермелі арасындағы байланыс. Әдетте
техника
бірлік
кӛрсеткіштермен
емес
(вольтамперлік
сипаттама,
дифференциальналдық теңдеудің сипатамасы), функционалды сипатталады.
Мысалы, экономикада сұраныс кӛлемінің функциясы (Q) шын мәнінде
нақты тауардың бағалық сипаттамасы (Б). Сол бағада сұраныстың артуы (Q
1
–
Q
2
) тауар сапасының жақсарғаның білдіреді.
«Қасиет», «сапа» сияқты – философиялық дәреже және заттың басқа
заттан айырмашылығына немесе тұтастығына себепші болатын ерекшелігін
сипаттайды. Әдетте ол объектінің бірқатар сипаттамаларын жинақтайды: еру,
радиобелсенділік, қауіпсіздік қаситеті және т.б.
«Сапаны» анықтау кезінде түсіндіруді қажет ететін тағы екі термин бар,
олар – «қажеттілік» және «объект».
Қажеттіліктер ағзаның (соның ішінде қоғамның) қалыпты жұмыс
жасауына қажет талаптардың қанағаттанбауынан пайда болады және осы
қанағаттанбаушылықты жоюға бағытталған. Қоғам қажеттіліктерінің жартысы
экономикалық қызмет қажет етеді, яғни бұл экономикалық қажеттіліктер деген
атауға ие. Басқарудың әлеуметтік формалары және экономикалық
қажеттіліктерді
қанағаттандыру
қоғамдық-экономикалық
құрылыммен
анықталады. Нарық тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатар
олардың қажеттіліктерінен шығатын сатып алушылардың сұранысын
(сұраныстың тӛлем қабілеттілігі) қанағаттандыруғада бағытталған.
Сапа анықтамасында қажеттілік түсінігінде бастапқы болып табылады.
Олардың сипаттамалары объект сапасының сипаттамаларына сәйкес болуы
тиіс.
Объект – бұл жеке сипатталуы және қарастырылуы мүмкін. Мысалы,
процесс немесе қызмет, ӛнім, ұйым, жүйе немесе дербес тұлға және олардан
құралған кез келген комбинация объект бола алады.
«Процесс» терминінің стандартты анықтамасы кіретін элементтерді
шығатын элементке айналдыратын ӛзара байланысты ресурстар мен қызметтің
жиынтығын білдіреді. Ресурстарға жатады: қызметкерлер, қызмет кӛрсету
құралдары, жабдықтар, технология және әдістеме.
«Ӛнім» терминінің стандартты анықтамасы оның қызмет немесе процесс
нәтижесі екенін білдіреді. Ӛнім қызметті (жеткізуші мен тұтынушының тікелей
ӛзараәрекетінін және тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша
жеткізушінің ішкі қызметінің қорытындысы), жабдықтарды, ӛңделетін
материалдарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және олардан құралған
комбинацияны қосуы мүмкін.
«Жақсы-жаман», «жоғары-тӛмен» түсініктерімен және объектінің шығу
тегіне байланысты сапаның стандартты емес (тұрмыстық, жарнамалық)
терминдері кеңінен таралған.
8
1.2 Ӛнімнің сапасын зерттеу әдістемесі
Ӛнімнің әрбір түрі бір ӛнімді басқа ӛнімнен ажыратуға мүмкіндік
беретін бірқатар ерекше қасиеттерге ие. Өнімнің қасиеті – ӛнімді жасау,
ӛткізу және тұтыну кезінде байқалатын объективті ерекшелігі.
Ӛнімнің қасиеті сансыз кӛп болуы мүмкін, себебі олар ӛнім
ұшырайтын шарттар мен жағдайларға байланысты үнемі білінуі және
байқалуы мүмкін. Ӛнім күрделі болған сайын ол одан да күрделі қасиеттер
кешеніне ие болады.
Қасиеттер қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Ӛнімнің
қарапайым қасиеттеріне оның түсін, иісін, массасын және т.б., ал күрделі
қасиеттеріне оның сақталуын, мүлтіксіздігін (безотказность), тӛзімділігін
жатқызуға болады.
Ӛнімнің кез келген қасиетін оның белгілерінің кӛмегімен ауызша,
сандық, графикалық және кесте мен функция түрінде сипаттауға болады.
Өнімнің белгісі – ӛнім қасиеттерінің сандық және сапалық
сипаттамасы. Ӛнім қасиеттерінің сандық сипаттамасы параметрмен
анықталады. Кез келген ӛнімнің сапасын объективті бағалау үшін оның
қасиеттерін ӛнім сапасының кӛмегімен сандық сипаттау қажет.
Сапа көрсеткіші – ӛнімнің сапасын құрайтын қасиеттерінің сандық
сипаттамасы. Оны ӛнімнің белгілі бір жасау, ӛткізу және тұтыну
шарттарына қатысты қарастырады. Сондай-ақ әрбір ӛнімде ӛзіне тән
кӛрсеткіштер номенклатурасы бар, ал оның саны ӛнімнің бағытына тәуелді
болады.
Сапа кӛрсеткіштері әртүрлі бірліктермен ӛрнектеледі (мысалы,
физикалық – мг, см; шартты - балдар). Сонымен қатар ӛнімнің қасиеттері
ауызша болуы мүмкін (мысалы, консистенция – әлсіреген; иісі – балықтың
осы түріне тән, қышқылданған майдың иісі жоқ).
Өнім параметрі ӛнімнің кез келген қасиетін сипаттауы мүмкін,
соның ішінде оның сапасын, яғни бұл жағдайда сапа кӛрсеткіші ӛнім
параметрі болуы мүмкін. Кӛптеген сапа кӛрсеткіштері ӛнімнің
параметрлерінің функциясы болып табылады.
Ӛнімнің бағытын және қолдану шартын анықтайтын сипаттамалар ең
маңызды параметрлер болып табылады:
- ӛлшемдік параметрлер (киім мен аяқ киімнің ӛлшемі, ыдыстың
сыйымдылығы);
- салмақтық параметрлер (спорт жабдықтарының кейбір түрлерінің
массасы);
-
машиналар мен құралдардың ӛнімнімділігін сипаттайтын
параметрлер;
- энергетикалық параметрлер (қозғалтқыштың қуаттылығы).
Сапаны бағалау – бекітілген талаптарға нақты ӛнімнің сәйкестігін
бағалау мақсатымен орындалатын операциялар жиынтығы. Талаптар
техникалық регламенттерде, стандарттарда және басқа да нормативтік
құжаттарда бекітіледі. Сонымен қатар бекітілген талаптардың тасушылары