Экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедрасы



жүктеу 234 Kb.
бет1/3
Дата23.11.2018
өлшемі234 Kb.
#23834
түріЛекция
  1   2   3

Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 



экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедрасы

 

 



 

 

Кожахметова Г.А



тауартанудың теориялық негіздері

пәнінен лекциялар

аударған Балтина Дария

 

КӨКШЕТАУ-2003



 

 

Тақырыбы:Тауартану теориялық негіздері



1.Тауартану:түсінігі,пәні,мақсаттары.

Тауартану ,тауарлардың тұтыну қасиеттерін зерттейді:

-класстарға бөлінуі және кодтау ;

-тауардың сапасын бақылау және бағалау факторлары ;

-тауардың жиынтығын құрудың заңдылықтары;

-тауарларды тасымалдау,тұтытыну және пайдалану кезінде сапасын сақтау шарттары;

К.Маркс тауартануға нақты анықтама берді:Тауарлардың тұтыну бағасын зерттеу тауартану пәніне жатады. Тауар-дегеніміз сыртқы бұйым,зат өзінің қасиеттері арқылы адамның қажеттіліктерін қанағаттандырады.Тауартану тауарлардың пайдалы қасиеттерін,оның тұтыну бағасын қарастырады.Тауартану ,сондықтан тауарларды тұтыну бағасын зерттейтін техникалық пән болып табылады.Ол щығарылған заттардың сапа,тұтыну қасиеттері жөнінде тұтынушыларға керекті екенін анықтауға көмектеседі.

Тауартану көптеген химия,биоллогия,физика,экономикамен,ұйымдастырумен,техникамен, технологиямен байланысты.

Тауар саудалық жұмыстар объектісі.

Тауартану өздерінің керекті қасиеттері болу арқылы адамдарға пайдалы болады.Заттың пайдалы болуы бағасымен белгілі болады,тұтыну бағасы тек қана тауардың пайдалы қасиеттері арқылы белгіленеді.Тауардың тұтыну бағасы,оның өзінің қасиеттері арқылы қаншалықты адамдардың қажеттігін өтеуіне жарайтынын көрсетеді.

Өзінің табиғаты жағынан тұтыну қасиеттері :физикалық, химиялық,биологиялық т.б болып бөлінеді.Тұтыну қасиеттерін негізгі үш классқа бөлуге болады:

1).Материалдық қажеттілікті өтейтін қасиеттер;

2).Материалдық емес қажеттіліктерді өтейтін қасиеттер;

3)Қажеттілікті өтеудің уақытқа байланысты қасиеттері;

Тауардың тұтыну қасиеттері оны пайдалану кезінде физикалық,қоғамдық,материалдық,материалдық емес қажетттіліктерді өтеу кезінде анықталады.Тауарды үш түрге бөлуге болады:нақты тауар,кеңейтілген,жалпылама.

Нақты тауар,ол негізгі физикалық мән,дәлдікпен берілген анықтама немесе шартты белгіме берілген.

Кеңейтілген тауарға оның мәні ғана емес,оны пайдалану тәртіптері кіреді.

Жалпылама тауар-бұл тауарды тұтыну қасиеттері қоғамға берген әлеуметтік экономикалық әсері бойынша көрінеді.

Барлық тауарлар екі үлкен топқа бөлінеді:

1).Халық тұтыну тауарлары(тұтыну тауарлары).

2).Өндірістік бағыттағы тауарлар(өндірістік құралдар).

Тұтыну тауарлары үшке бөлінеді:

1).Ұзақ пайдалану тауарлары.

2).Қысқа мерзімді пайдалану тауарлары.

3).Қызмет көрсету.

Тұтыну тауарлары тағыда негізгі категорияларға бөлінеді:

1).Негізгі жабдықтар.

2).Көмекші жабдықтар.

3).Бөліктер мен агрегаттар.

4).Негізгі материалдар.

5).Көмекші материалдар мен шикізаттар.

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.

1).Азық-түлік тауарларының тұтыну қасиеттері.

2).Азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.

Азық-түлік тауарларының негізгі тұтыну қасиеттері оның керектігін анықтайды:

-тамақтық бағалығы

-биологиялық

-қуаттылық

-физиологиялық



Тамақтық бағалығы барлық пайдалы қасиеттерін көрсетеді,мысалы,тазалығы,зиянзыздығы,жұғымдылығы,тамақтық және биологиялық активті заттардың мөлшері.

Биологиялық бағалығы-биологиялық активті заттардың мөлшеріне байланысты болады,олар:витаминдер,макро,микро элементтер аминқышқылдары,толықпаған май қышқылдары,бұл заттар организмде өндірілмейді басқа заттармен ауыстырылмайды.

Физиологиялық бағалығы-адамның жүйке,жүрек тамыр,ас қорту жүйелеріне әсері бойынша анықталады(шәй,кофе,арақ-шарап).

Қуаттылығы-майлар,белоктар,углеводтардың мөлшерімен және жұғымдылығымен анықталады.

Теориялық және нақты қуаттылық болып бөлінеді.



Теориялық қуаттылығы химиялық құрамы бойынша анықталады.Белоктың қуаттылығы4,1ккал,майдыкі9,3ккал(килокалрия).Бірақ біздің организм барлық заттарды түгел қорыта алмайды.

Қорыту (жұғымдылық)пайызы-организмнің керекті заттарды пайдалану мөлшерін көрсетеді.Ол жұғымдылық коэфицентімен анықталады,заттардың қандай бөлігі адам организміне пайдаланылғанын көрсетеді.Жұғымды тауарлардың объективтік қасиеттеріне(түрі,дәмі,иісі,тығыздық қасиеттері т,б)және адам организмінің жағдайларына(тамақтанужағдайына,әдеттері,талғамы т,б).Орташа жұғымдылықтар мынадай:

-белоктар 84,5%

-майлар 94%

-углеводтар(көміртегілер)

Тағамдардың химиялық құрамы:

Тағамдардың құрамына неорганикалық және органикалық заттар кіреді.Неорганикалық заттар:су және минералдық құрамалар.Органикалық-углеводтар,майлар,азот құрамдас заттар,ферменттер,витаминдер,органикалық қышқылдар,түстік және дәмдік заттар.



Су.Адамның тәуліктік қажеттілігі 1,75-2,2литр су.Бұл қажеттілік ауыз су,сусындар(0,8-1,0л),сорпалар(0,25-0,5л)және басқа тағамда (0,7л )пайдалану арқылы өтеді.Су барлық тағамдарда баланулы түрінде болады(қант,шемішке майы(1%),қиярлар(95%).

Бос су клеткалық шырын немесе ұсақ тамшылар ретінде майда не тағамның бетінде болады.Бос суда-қант,қышқылдар,тұздар,басқа органикалық неорганикалық заттар ерітілген болады.

Байланылған су-су емес заттармен мықты байланыста болады,ол тірі организмдердің қолайсыз жағдайларға төзімді болуын жоғорлатады.Тағамдарды сақтағанда ол ылғалды сіңіріп алуы мүмкін,оны гигроскопиялық су деп атайды.

Минералдық (күл түзетін) заттар.Бұларға жатады минералдық және органикалық қышқылдардың тұздары,органикалық заттардың(белок,фермент т,б)күл түзгім элементтері.Тағамдағы мөлшеріне байланысты минералдық заттар үшке бөлінеді:макроэлементтер,микроэлементтер,ультра микроэлементтер.

Макроэлементтерге жататындар: Ca,P,Na,Ka,Fe,cl,S,магний,кремний

Микроэламенттерге жататындар:марганец,цинк,хром,мыс,кобальт,малибден,селен,фтор,йод т,б.

Ультра микроэлементтер-радий,уран,торий,цезий,қалайы және басқа радиоактивтік элементтер.

Минералдық заттар-ферменттер,ас қорыту шырындары,гормондар,сүек ет массаларын түзу процесстеріне қатынасады.Адамның кейбір минералдық заттар қажеттілігі милиграммен:Ca-800000гр,фосфор 1000-1500мг,натрий 4-6мың гр,калий 2500-5000мг,магний 300-500мг,темір 15мг мыс купрум 2мг.Адамға тәулігіне 20-30гр минералдық заттар керек.

Углеводтар.Тәуліктік қажеттілігі 400-500гр.Молекулалық құрлысы бойынша углеводтар (көмірсутегілері) былай бөлінеді:моносахаридтер,олигополисахаридтер,полисахаридтер.Моносахаридтер-пектоза,гексоза.Пентозалар күрделі полисахаридтер құрамына кіреді,дәнді дақылдар,жүгері дәні,жемістермен көкөністерде болады,чексозалар белгілері-глюкоза мен фруктоза.Глюкоза бос түрінде-жемістерде,балда және басқа тағамдарда болады.Фруктоза-қанттардың ішіндегі ең тәттісі,әдетте глюкозамен қатар болады.Олиполисахаридтерге жатады:дисахаридтер,сахароза,мальтоза,латоза және басқа углеводтар.Сахарозаны өнеркәсіптік көлемде қант троснигінен алады.

Лактоза-сүттік қант,сүтте болады(4,7%)глюкоза молекуларының қалдықтарынан құралады.

Мальтоза-крахмалды ферменттік немесе қышқылдық гидролиз жасау кезінде пайда болады,патока мен салодтада болады.

Полисахаридтерге жатады:крахмал грикоген,

клетчатка және басқа углеводтар .



Крахмал болады-ұндық тағамдар ,картофельді тамақ ретінде пайдалынылады.

Гликоген (организмдер крахмалы)болады бұлшық еттерде(4%дейін),бауырда(20%дейін).Жануарларда кейбір өсімдіктерде (саңырауқұлақтар, ашытқылар)артық материалдар ретінде болады.

Клетчатка(целюлоза)өсімдіктіктағамдардаболады:картофель,көкөністежемістер,піскеннан,қарақұмық,сұлы,ешмен жармаларында.

Липидтер-екі қатар заттар жатады:майлар май тәрізді заттар(липоидтар).

Майлар-өсімдіктік және жануарлық болып бөлінеді.Майлар-ең жоғарғы қуаттылық пен бағаланады( 37,7% КДЖ грамға)майға ерітілмеген витаминдердің (A D E K) көзі болып табылады.Адамның тәуліктік майлар қажеттігі 80-100грамм.

Липоидтарға жатады-фосфолипидтар, стеролдар және балауыз.

Азот құрамдас заттар екі топқа бөлінеді: белоктық және белоктық емес.

Белоктар-тағамдық жағынан өте бағалы бөлігі болып табылады.тағамдағы белоктар дене белогын құруға пайдаланылады. Адамнның тәуліктік белоктар қажеттігі 80-100грамм.Белоктық емес заттарға жатады :белоктың гидролиз немесе толық емес синтезінің бөліктері(аминдік қышқылдар,албутоздар,алкалойдтар,азоттық және азотты қышқылдар тұзы , нуклейін қышқылы).

Ферменттер –(немесе энзима ерекше)тірі,өсімдіктер,микробтар клеткаларынан бөлінетін заттар,химиялық реакцияларды тездету қасиеттері болады.

Витаминдер-физиологиялық белсенді,төмен молекуларлық,органи-

калық құрамалар,организмнің қалыпты жұмыс істеуіне өте аз мөл-шерде керек.Витаминдер-майға ерілетін және витаминге ұқсастар болып екіге бөлінеді.

Майға ерілетіндерге мынавитаминдержатады:А тобы(ретинол,

каротин),D тобы(кальций,феромы),E және K тобы, суда ерітілетін витаминдер :B1(тиамин),B2(рибофломин),PP(нисцин),C(аскорбин қышқылы),P(рутин).



Қышқылдар-органикалық органикалық емес болып бөлінеді.Орга-

никалық қышқылдардың көп тарағандары:сірке,сүт,алма,шарап лимон қышқылдары.Сірке қышқылы-шараптарда,нанда,жеміс-алмашырында.

Сүт қышқылы-етте,балықта,нанда,сүтте,ашыған сүт тағамдарында бо-

лады.Бензой,құмырысқа,салицил қышқылдарында тазарту және емдік қасиеттері болады.



Неорганикалық қышқылдардан тағамдарда ортофосфорлық қышқыл болады.

Бояғыш заттар(пигменттер)олар майға ерітілетін пигменттер арқы-

лы көрсетілген хлорофил(жасыл),каратиноидтар(қызғылт,сары,қызыл),

флавондық(сары,қызғылт),антоциандар(қызыл,көк).

Иіс беруші заттар(ароматтық).Иіс құрамына әртүрлі заттардың күр-

делі араласуы арқылы пайда болады,әртүрлі химиялық қоспалар,иісті углеводтар,күрделі эфирлер,альдегидтер,кетондар,қышқылды спирттер

т,б заттар.Хош иіс беретін заттар тағамдардың дәмдік қасиетін және жұғымдылығын арттырады.

2.Азық-түлік емес тауарлардың тұтыну қасиеттері.

Бұларға жатады:әлеуметтік,функциялық,эргономикалық,эстетикалық,

тұтыну сенімділігі,экологиялық,қауіпсіздік қасиеттері.

Әлеуметтік көрсеткіштерге жатады:әлеуметтік адрес және тұтыну классы,тауарлардың үйлесімді ассортименті,моральдік ескіру қасиет-тері.Әлеуметтік адресс және тұтыну классы көрсеткіштерін белгілеуге

халықтың берілген тауарлармен жабдықталуы,тауардың сұранымы,та-

уарларды тұтынушылардың крегіне жарауы,тауардың техникалық жа-

рақтануы және бөлшек сауда бағасы қолданылады.



Функциялық қасиеттер-тауарлардың негізгі және көмекші функция-

ларын орындау,мүмкіншілігі. Мұнда мынадай көмекші функциялар қосылады.Тауардың құрамы техникалық жетімділігі.



Эргономикалық қасиеттер-тауардың адамдардың кейбір қасиетте-

ріне және қоршаған ортаға бейімділігі.



Эстетикалық қасиеттер-жетілген және тиімді түрі,өнеркәсіптік жетілген орындалу қасиеттері.

Тұтыну сенімділігі-беріктігі,қолдану ұзақтығы,жөндеуге бейімділігі

сақталуы:

a) Беріктігі-тауарды белгілі мерзімде өзінің қасиеттерін сақтауы;

б) Қолдану ұзақтығы-заттың өзінің жұмыс атқару мүмкіндігін сақтау қасиеті.Бұл көрсеткіш жұмыс істеу ұзақтығы,орташа мүмкіндік және

орта,күрделі жөндеуге дейінгі жұмыс уақыты арқылы белгіленеді;

в) Жөндеуге бейімділігі-ақауды табу және оның себептерін анықтау,

және осы ақауларды жою жөндеу жұмыстарын атқару мүмкіншілігі.

г) Сақталу қасиеті-тауарлардың жұмысқа кіріскенше және жұмыс кезінде,сақталу кезінде,тасымалдау кезінде белгілі жағдайларда өзінің қасиеттерін белгілі уақытқа дейін жоймау қасиеті(сақталу уақыты жарамдылық уақыты).



Қауіпсіздік қасиеті-тұтыну және шығару кезінде адамдарға қауіпсіз

болуы.Сертификация кезінде белгіленеді.



Технологиялық қасиет-шығару тұтыну кезінде технолгиялық-конструктивтік шешімдердің тиімділігі.Тауарларды дайындау,шығар-

ру,тұтыну кезіндегі тиімділігі.



Тасымалдауға бейімділік-тауардың қолданылмай тасымалдауға

бейімділігін көрсетеді.



Тауар сапасы түсінігі.

. Тауарлардың сапасы-дүниежүзілік МСО стандарты бойынша,ол тауардың қасиеттерінің белгілі қажеттіліктерді өтеуге арналған жиынтығы.Тауардың қасиеттеріоны пайдалану немесе тұтыну кезінде көрінеді.



Тауарларды пайдалану-пайдалану кезінде тауарлардың ресурстарын

жоғалту процессі.



Тұтыну-бұл тауарларды толық пайдалану.Кез келген тауарларды оны сапасы,сапалық көрсеткіштері бойынша анықтауға болады.Тауар-

дың қасиеттері оны белгілі қажеттіліктерді өзінің тағайындалған орны

бойынша өтеу.

Тауардың қасиеттері-жай және күрделі қасиеттер болып бөлінеді.

Тауардың сапасы-қоғамның әлеуметтік қажеттілігін өтеуі және өндірістік тиімділігі бойынша анықталады.

Тауардың пайдалы қасиеттері болуы,бірақ сапасы жоғары болмауы мүмкін,егер қажеттілікті өтеу қасиеті төмен болса.

Мөлшерлік формада тауардың сапасы сапа көрсеткіштері арқылы белгіленеді.

Бірлік көрсеткіш-тауарладың қоғамның көрсеткіштерін өтеуге жарамдылығын көрсетеді.Сапалық көрсеткіштер:бірлік және комплекстік болып бөлінеді.

Бірлік көрсеткіш-тауардың бір ғана қасиетін көрсетеді.

Комплекстік көрсеткіш-тауардың сапасын көрсететін бірнеше қасиеттерінің жиынтығы.Комплекстік көрсеткіштің бір түріне интег-

ралдық көрсеткіш жатады.Бұл көрсеткіш тауардың тұтыну бағасының

бағаға ара қатынасы бойынша мына формула есептелінеді:

A=K /Z

А-интегралдық сапа көрсеткіші

К0-комплекстік көрсеткіш,тауардың тұтыну қасиеттері бйынша

Z-тауарды шығару және тұтыну шығындары

Интегралдық көрсеткішті басқа формула бойынша табуға болады.

Ип-Э/З


Э-пайдаланудың жиынтық пайдалы әсері

З-тауарды өндіру және пайдаланудың жиынтық шығыны

Тауарлардың сапалық көрсеткіштерін анықтағанда негізгі тауарлардың

көрсеткіштері эталон ретінде қолданылады.Бұл жағдайда негізгі көрсеткіштер ретінде ең жақсы шетелдік тауардың немесе жобадағы

тауарлардың тәжірибелік көрсеткіштері алынады.Бірақ сапаның өзі анықталмайды.Тауардың сапалық деңгейі-дегеніміз тауардың сапалық көрсеткіштерін базалық көрсеткіштермен салыстыру арқылы табылады:

Yk=G/Gв

G және Gв-анықталатын тауардың сапалық көрсеткіштерінің сандық мәндері.Тауарлардың сапалық деңгейін анықтағанда мынандай тәсіл-

дер қолданылады:

1)Диференциалдық

2)Комплекстік

3)Аралас


Диференциалдық тәсіл-тауардың бірлік көрсеткіштерін негізгі эта-

лондық көрсеткіштермен салыстырамыз:



(1) Gi=Pi/Piв

Pi-анықталатын тауардың көрсеткіші

Piв-негізгі тауардың көрсеткіші


  1. G=Pi/Piв

Бірінші формула-дәмдік,иістік көрсеткіштерді анықтауда қолданы-

лады.Бұл көрсеткіш бірге жақын,не одан жоғары болады.

Екінші формула-тағамдардағы ауыр металлдар тұздарының қоспасын

анықтауда қолданылады.Бұл жағдайда тауардың сапалық қасиеттері осы санның кемігеніне байланысты.Көрсеткіштің сандық мәні кем болса,онда тауардың сапасы жоғары болады.



Комплекстік көрсеткіш-бірнеше қасиеттермен кескінделеді.Ол зат-

тың комплекстік көрсеткіштерін негізгі көрсеткіштермен салыстыруға негізделген.Бірақ әртүрлі көрсеткіштердің ара салмағы бірдей болмайды.Сондықтан комплекстік көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі.



К= MiGi

Mi-i көрсеткішінің салмақтық коэфиценті

Gi-салыстырмалы сапа көрсеткіші(баллмен берілген)

N-көрсеткіштердің саны



Комплекстік көрсеткіш көбіне тамақ өнімдерінің сапасын көрсетуде

қолданылады,мұнда сапа оргоналептикалық тәсілмен анықталады.



Аралас тәсіл тауардың сапасын дифференциалдық және комплекстік

тәсілдердің жиынтығы ретінде анықтайды.Маңызды қасиеттерін диф-

ференциалдық тәсілмен,ал басқа қасиеттері топтарға біріктіліп комп-

лекстік тәсілмен табылады.

Әдетте бұл тәсіл өнімді аттестациялауда қолданылады.

Азық-түлік тауарларының ақаулары.

Тауарларды бағалау процессінде өнімнің әртүрлі талаптарға сәйкестігі тексеріледі.Егер өнім талаптарға сәйкес келмесе ол ақаулы өнім деп аталынады,ал әрбір талапқа сәйкес келмеуі ақау деп аталады.Ақаулар-

дың мынадай түрлері болады:

1)Анық


2)Жасырын

3)Аумалы ақау

4)Едәуір ақау

5)Шамалы


6)Түзетілетін

7)Түзелмейтін



Анық ақау-көзге көрініп тұрған ақаулар.

Жасырын ақау-.бұл көзбен анықталмайды,анықтау тәсілдері құжатта көрсетілмеген.Көбінесе жасырын ақау тауардың жарамсыз болуына себеп болады.

Аумалы ақау-бұл ақау көзбен анықталмайды,анықтау тәсілдері құ-

жаттарда көрсетілмеген,көбінесе жасырын ақау тауардың жарамсыз болуына себеп болады



Едәуір ақау- тауарды қолдануға және сақталуына едәуір кері әсер етеді,бірақ аумалы ақаудан кем болады

Шамалы ақау-бұл ақау өнімді пайдалануға және оның сақталуына көп әсер етпейді(түсі,сыры,ұсақ сызықтар т,б).

Түзелетін ақау-бұл ақау техникалық жағынан түзетуге болатын,ал

экономикалық жағынан тиімді болады.



Түзелмейтін ақау-бұл жарамсыз өнім.Жарамсыз өнімдер қайта түзе-

летін немесе қайта түзелмейтін болып бөлінеді.



Тауарларға қойылатын талаптар.

Талаптар дегеніміз тауарлардың өзінің орнын пайдалануға сәйкесбо-

лу ерекшеліктерінің өзінің керекті уақытына дейін сақталуы.Талап қою деңгейі әрбір уақыт ішінде біркелкі болмайды,ол халықты материал-

дық және мәдени деңгейіне,халықтың тауар жөнінде хабарлануына байланысты.

Тауарға қойылатын талаптар мен сапасы арасында белгілі айырма-

шылық болады,ол сапаның деңгейінің жоңартуға ынталандырады.Та-

уарға қойылатын талаптар болуы мүмкін:

1).Керекті және алдағы

2).Жалпы және ерекше



Керекті талаптар көптеп шығарылатын тауарларға сатуға қойылғанда белгіленеді.Оларды экономикалық,техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып белгілі бір мезгілге қойылады.Олталаптар стандарттар мен техникалық талаптар арқылы белгіленеді.Олар өзгертіліп отырады.

Алдағы талаптар-олар жалпылама және жоғары талаптар керекті талаптар арқылы белгіленеді.

Жалпы талаптар-бір немесе көпшілік тауарларға қойыладықауіпсіз-

дік талаптары.



Ерекше талаптар-бұл талаптар белгілі тауарға не тауарлар тобына белгіленеді(мысалы:фарфор,фаянс тауарларына).

Керекті,алдағы,жалпы және ерекше талаптар қай тұтыну жағын көр- сетуіне байланысты басқаша бөлінуі мүмкін:

-әлеуметтік

-функциональдық

-технологиялық

-эргономикалық

-гигиеналық

-эстетикалық

-экологиялық

-беріктілігі

-сенімділігі

-тиімділігі

Барлық осы талаптар өздеріне тән тауардың қасиеттерімен белгіленеді.

Тауардың сапасын қалыптастыру факторлары.

1).Тауардың сапасына әсер ету факторлары.

2).Тауардың сапасын көтеретін факторлар.

3).Тауарлардың сапасын сақтауға әсер ететін факторлар.

1).Тауарлардың сапасына әсер ететін факторлар:

a).Жобалау мен модельдеу сапасы.

b).Жасау сапсы кезегінде мыналарға тәуелді нормативті-техникалық документтер сапасы,жабдықтар мен құралдар сапасы,ши-

кізат сапасы,құрамдас заттар сапасы,жұмыс сапасы,техникалық талап- тарды сақтау.

2).Тауарлардың сапсын көтеретін факторлар-экономикалық тиімділік

соның ішінде:

a).Бағасы.

b).Жұмысшылырдың материалдық ынтасы.

c).Сапсы төмен тауар шығаруға қарсы тауарлар.

(a)және (b) факторлар объективтк және субъективтік болып бөлінеді.



Объективтік факторлар-өнімнің конструкциясы,өндірістік техника-

лық негізі,пайдалану негізі.Бұл факторлар аз өзгеретін факторлар.



Субъективтік факторлар-адамдарға байланысты болады,орындаушы адамдардың ынтасы мен орындау мүмкіндігіне байланысты.Бұған жа-

тады шеберлік деңгейі,еңбекке деген ынтасы.Бұл факторлар объектив- тік факторларға қарағанда жеңіл өзгермелі болады.

3).Тауардың сапасын сақтау факторлары.

a).Анық және толық белгілеу.

b).Керектіорау.

c).Тасымал ережелерін орындау.

d).Сақтау ережелерін орындау.

e).Барлық уақытта,пайдалану,тасу,сату кезінде керекті тиісті жасау.

Тауарлардың сапасының тасу,сақтау,пайдалану кезінде кемуіне қо- лайсыз факторлардың әсер етуінен болады.Бұл факторлар былай бөлінеді:

a).физико-химиялық факторлар

b).механикалық факторлар

c).биологиялық факторлар

Механикалық факторлар-деформация,механикалық әсерлер,кенеттен жоғарыдан құлау,сырғанау

Биологиялық факторлар-бұл факторлар организмдердің әсерінен бо-

лады,бактериялар,жәндіктер,зиянкестер тауарлардың сапасын төмендетеді.

Сақтау кезінде тауарлардың сапасын жоғалтпау үшін сақтау ережеле-

рін орындау керек.

Азық-түлік тауарларды сақтау және тасымалдау ерекшеліктері.

Сақтау жағдайлары тауарлардың аман сақталуына әсер етеді және олардың ерекшеліктері мен қасиеттеріне байланысты.Сақтау кезінде мыналарды қадағалайды:ауaның құрамы,оның ылғалдылығы,темпера- турасы,сақтау орнының жарықтануы,тауарлардың орналасу реті т,б.

Ауаның құрамы металлдардың тоттануын тездетеді,тоттықтану про- цесстеріне т,б қоймаларда оптималды ауа ортасын құру керек,ол үшін ауа алмастыру желдеткіштері қолданылады.

Ауаның ылғалдылығы ондағы су буларының мөлшері бойынша анық- талады.Тауарларды сақтау кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылы-

ғы есепке алынады,ол %пен көрсетіледі,параметрлермен өлшенеді. Көптеген азық-түлік емес тауарлар ауаның салыстырмалы ылғалдылы- ғы 50-70%,температурасы 10-20 С да сақталады.Қоймаларды жарық- тандыру тауарлардың қасиеттеріне байланысты.



Тауарларды дұрыс орналастыру оларды аман сақтаудың маңызды шарты.Олар қабырғадан 20см,электр шамдардан 50см,жылу приборла- рынан 1метрден жақын орналастырылмауы керек.Тауарларды орналас- тырғанда олардың өзара әсері-иістарауы,ылғал тарауы ескерілуі керек.

Тауарларды ую тауарлардың формасының сақталуына және оларды көруге ыңғайлы болуы керек.



Тасымалдау жағдайы тауарлардың қасиеттерін сақтау мүмкіндігін жа

сау керек.Тұтыну тауарлары барлық транспорт түрлерімен тасымалда- нады.Транспорт түрі тауарлардың қасиеттері,орамы және тасу қашық- тығы бойынша анықталады.Көптеген тауарларды контейнермен тасыған қолайлы,өйткені олар жақсы сақталады.

Сақтаудың қалыпты жағдайларында тауардың табиғи кемуі болуы мүмкін,олар,кебу,шаңдау,үгілу т,б.

Табиғи кемудің көлемі тауардың түріне,транспорт түріне,тасу уақы-

тына,сақталу мерзімі мен жағдайларына байланысты.Табиғи кемуге тез

сынатын тауарлардың тасымал кезінде сынуы жатады(сынықтар).Тауар ыдыстарға(тара)салады,олар былай бөліне-: ді қолданбағыты,материалы,мықтылығы,конструкциясы,айналым са-

ны, көлемдері.

Қолдану бағыты бойынша ыдыстар бөлінеді:өнекәсіптік, тұтынушы- лық,транспорттық



Өнеркәсіптік ыдыстар-(жәшіктер,түптер т,б)өнім шығарушы мекеме-лерде шикізат,жартылай өнім,дайын өнімдер тасуға қолданылады.

Тұтынушы ыдыстары-(пакет,қорап,шынылар,банкалар т,б)тауардың бағасына кіреді және сатылғанда тұтынушы меншігіне көшеді.

Транспорттық ыдыстар-(жәшік,қорап,бөшкелер,қаптар т,б)тауарды шығарушыда тұтынушыға жеткізгенше қолданылады.

Материалы бойынша ыдыстар болуы мүмкін:ағаш,металл, пластмас- са, қағаз,пластикті.

Механикалық әсерлерге төзімділігі бойынша ыдыстар бөлінеді:қатты (бөшкелер,шынылар,флакондар,жәшіктер),орташа қатты(картон, жә- шіктер),жұмсақ(қаптар).

Конструкциясы бойынша:бұзылмайтын,бұзылатын,жиналатын,

бұзылып-жиналатын.

Айналымы бойынша ыдыстар бөлінеді:бір айналымды,қайтарымды,

көп айналымды.

Ыдыстардың мөлшері-көлемі немесе гобариттікөлшемдері бойынша (ұзындығы,ені,биіктігі)беріледі.

Орамдар өнімдерді сыртқы ортаның әсерінен,ақаулардан, жоғалудан, яғни тауардың сапасын сақтауға керек.Ол жарнама құралы ретінде қолданылады және қолдануға ыңғайлы,сатып алушыларға мәдениетті қызмет көрсетуге арналған.

Ыдыстың түрі,орамдық материалдар ыдысқа қойылатын талаптар,

стандарттар мен технологиялық талаптарда әрбір тауарға көрсетіледі,

тауарды қабылдағанда бақыланады.



жүктеу 234 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау