- А. Әбсадықов, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
- «Кеше Алаш, Алаш болғанда,
- Алаша хан болғанда,
- Үйіміз ағаш болғанда,
- Ұранымыз Алаш болғанда,
- Үш жүздің баласы қазақ емес пе едік?!»
- ( Қазақ аңызы)
- Біз бір енеден бір едік,
- Біз енеден екі едік.
- Екеуіміз жүргенде,
- Бір-бірімізге ес едік.
- Бір енеден үш едік,
- Үшеуіміз жүргенде,
- Толып жатқан күш едік.
- Бір енеден бес едік,
- Бесеуіміз жүргенде,
- Алашқа болман деуші едік
- Махамбет Өтемісұлы
- «...Бұл рулардың ешқайсысы кез-келген қазақты жәбiр көрген қандастарына қол ұшын беруге ұмтылдыратын жалпыхалықтық «Алаш» ұранынан (әр рудың жеке рулық ұранының жөнi басқа) ешқашан бас тартқан емес, тiптi бұл тұста олар өзара жауластық пен өшпендiлiктi ұмытып, жауының тым күштiлiгiнен жеке өмiрiне туатын қауіп-қатерге қарамастан «Алаш» ұранының соңына еретiн болған”
- А. Бөкейханов
- «Пәлен хан-ай, түген би-ай!» деп үйде отырып өкiнесiңдер. Бұрынғы хандарың да, бұрынғы билерiң де осы күнгi атқа мiндiм деп жүрген өздерiңдей едi! Қазақтың бұрынғы басшыларында әдiлдiк, береке болса, бұл күнде қазақ бұл күйде болар ма едi?! Жұрттың берекесi кетуге түптен себеп болған нәрсе - қазақта бiрлiктiң жоқтығы. Бiрлiк жоқтан һәм жанға еріп бытыраған, бірлік жоқтан қазақтың һәр қайсысын һәр жерде дұшманы обайлатқан. Бұрынғы хан болсын, билер болсын, әдiлдiктен жырақ болған, дәл осы күнгi атқа мiнген өздерiңдей»
- А. Бөкейханов
- «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы. Атадан алған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға (келер ұрпаққа) бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік керек емес. Көп жұртта да ғылым, өнер кем, бәрі қарайлас, тең заманда қазақ та қалт- құлт етіп, өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым, өнерді керек қылмаған. Бірімен – бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс ойланбаған. Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ кері басқан. Ханы надан, халқы надан жұрт мықты мемлекеттің жанында өз алдына хан болып тұруға көп күш керек екен: ол күш алтыбақан ала ауыз қазақта болмаған. Хан басын қарашаға теңгеру жеңіл болмаса да, өз алдына жұрт болып тұра алмайтұғын болған соң, хандарымыз халқыменен Россияға қосылған»
- А. Байтұрсынов
- «Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
- Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
- Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
- Істеген ынтымақсыз ісің оңбас”
- А. Байтұрсынұлы “Қырық мысал”
- «Ұлт ісі деген, - ұлы жұмыс. Ұлт ісін ұлт болып өзі істемесе, өзі жөндемесе істелмейді де, жөнделмейді де, әр жұрт өз ісін өзі істеп, өзі жөндеп апара алса, жұрт болмақ. Жұрт ісінен кімге де болса жұмыс табылады»...Көп ісіне көп болып жабылайық. Ұлтына қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылғандай. Көп жұмыстың ішінде ауыры да, жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Әркім әлі келетін жұмыс алсын. Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке сеп болмақшы. ...Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет. ...Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенше істеп кетелік»
- «Қазақ» газеті»
- «Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»
- «Қазақтың кемтігі, керегі көп. Кемтігін толтырып, керегін табуға істегені аз, тіпті жоқ. Бұрын бізге ғылым да, өнер де қажет емес еді. Кең далада еркін жүріп, еркін тұрып, мал бағып, бар керегіміз малдан табылып, басқа нәрселерді керек қыла қоймаушы едік. Заманында сол қалпында болса, қазаққа ғылым, өнер керек болмас еді. Адам ғылым, өнер үшін жаратылған емес, ғылым мен өнер – адам үшін шыққан, адамның өзі тіршілігіне керек болған кезде ойлап тапқан нәрселер. ...Өзгелерден кем болмай, тең боламын деген жұрт қатарынан қалмасқа тырысады. Тең болғанда адам болсын, жұрт болсын білімімен, өнерімен тең болады. Ғылым, өнерімен асқандар білімсіз, өнерсіздерді білімімен жығып, аяғына баспақшы»
- А. Байтұрсынұлы
- «Поэтикалық қуаты шексіз күшке ие Абай өлеңдері – қазақ халқының мақтанышы. Халықтың рухани шығармашылығын Абайдай биікке көтерген қазақ ақыны жоқ. Абайдың жылдың төрт мезгіліне (көктем, жаз, күз, қыс) шығарған ғажайып өлеңдері оны Европаның атақты ақындарының қатарына қоса алады»
- Әлихан Бөкейхан
Достарыңызбен бөлісу: |