Денсаулық
сыры
Адамның саулығы қоғамның байлығы
-
Республикалық
ақпараттық
қ
басылым
- танымды
№27 (29)
(
і)
19 тамыз сейсенб 2014 жыл
densaulyk.syry.13@mail.ru
.
Облыстық медицина орталығының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау
басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және Қазақ Тағамтану
академиясының бірлесуімен “Дұрыс тамақтану – денсаулық берекесі” атты дөңгелек үстел
отырысы өтті.
Басқосуға Қазақ Тағамтану академиясы, Ұлттық Дұрыс тамақтану орталығы мен
Профилактикалық медицина академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы,
ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов және денсаулық сақтау, білім басқармасы мен өзге де
тиісті сала мамандары қатысты.
Шараның мақсаты тұрғындар арасында саламатты тамақтануды насихаттау жұмыстарын
жан-жақты жетілдіру болып табылады.
Түрлі аурулардың алдын алып, тұрғындардың денсаулығын сақтауда ұтымды тамақтану
мәселесі маңызды рөлге ие. Осы орайда дұрыс тамақтанбау немесе шамадан артық ішіп-жеу
бүгінгі күннің күрделі проблемасына айналып отырғаны жасырын емес. Мамандар дұрыс
тамақтанбау мәселесінің әлеуметтік маңызы бар аурулардың көбеюіне және соның салдарынан
өлім-жітімнің артуына әкеліп отырғанын айтуда.
Деректерге сүйенсек, семіздіктен зардап шегетін адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы
қалыпты салмақтағылармен салыстырғанда 8-10 жылға қысқарады екен. Отырыста сөз алған
Қазақ Тағамтану академиясының президенті, ҚРҰҒА академигі Төрегелді Шарманов елімізде
соңғы он жылда тамақтануға байланысты аурулардың артып отырғанын, әсіресе асқорыту
ағзаларының, эндокриндік жүйе аурулары, қант диабеті өлім-жітім жағдайларының 86 пайызын
құрап отырғанын атап өтті.
– Дұрыс тамақтану ұлтты сауықтырудың, жұқпалы аурулардың алдын алу, өлім-жітімді,
әсіресе, ана мен бала өлімін азайтудың басты факторы болып табылады. Артық салмақ пен
семіздіктің 90 пайызы дұрыс тамақтанбау салдарынан туындауда. Зерттеулер көрсеткендей,
қазіргі таңда семіздік әлемдік деңгейдегі эпидемияға айнала бастады,– дейді академик.
Сондай-ақ, академик соңғы уақытта семіздіктің балалар арасында белең алып бара
жатқанына алаңдаушылық білдірді. Мамандардың
мәліметінше, елімізде балалардың 22
пайызы, ал ересектердің 55 пайызы артық салмақ жинаған немесе семіздік дертіне шалдыққан.
Ұлттық Дұрыс тамақтану орталығы таратқан деректерге жүгінсек, жастар арасында
денсаулыққа аса үлкен зиян келтіретін тамақтар мен сусындарға деген сұраныс жоғары.
Мәселен, әрбір үшінші оқушы қалтасындағы ақшасын фаст-фудқа, әрбір үшінші бала кем
дегенде аптасына бір рет тәтті газдалған сусындар ішеді, әрбір оныншысы энергетикалық
сусындар сатып алады екен. Ал, студент қауымының 60 пайызы фаст-фудпен ауқаттанады.
Дөңгелек үстел басында қатысушылар тамақтану мәселесіне қатысты ой-пікірлерін
ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Әсіресе, балалардың сапалы тамақтануына барынша
көңіл бөліну керектігі баса айтылды. Мектеп асханаларында берілетін ыстық тамақ сапасының
әлі де болса өз деңгейінде ұйымдастырылмай отырғаны, ата-аналар тарапынан жеткіншектердің
дұрыс, саламатты тамақтануына аса мән берілмейтіндігі, осы орайда тұрғындар арасында
ақпараттық-насихаттық жұмыстарын, ағарту шараларын күшейту керектігі айтылды.
Айнұр БАТТАЛОВА.
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ БЕРЕКЕСІ
Астанада «Денсаулық сақтау саласындағы
ақпараттық технологиялар: табыстар мен
үндеулер» атты халықаралық конференция өтті.
«
»
Шара барысында Қазақстан Республикасының
2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық
сақтау тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде
республикада электрондық денсаулық сақтаудың
бірыңғай жүйесін құру жайы талқыланды.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды
дамыту департаментінің директоры Светлана Шубина
электрондық денсаулық сақтау жүйесін құру
бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың
нәтижелерімен таныстырып, өз баяндамасында
электрондық денсаулық төлқұжаттарын енгізу жайына
тоқталып, 2016 жылы электрондық денсаулық
паспорттарын ҚР медициналық ұйымдарында
енгізілуі жоспарланғандығын айтты.
ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық
орталығының бас дәрігері Әмір Ахметов Кешенді
медициналық ақпараттық жүйелердің (КМАЖ)
енгізілуі аурухана менеджментін жетілдірудегі ықпалы
туралы айтып:
д е п
а т а п
ө т т і .
Айта кетейік, қазіргі таңда аурухананың
КМАЖ-ға 500-ден астам автоматтандырылған жұмыс
орны қосылды. Жүйеде 215 дәрігер, 297 медбике
ж ұ м ы с ж а с а й д ы . Ко н ф е р е н ц и я с о ң ы н д а
«Информатика Сибири» ЖАҚ, «Брегис» ҚБ және
«MedElement» ЖШС сияқты медициналық ақпараттық
жүйелерді өндірушілер медициналық қызметкерлерді
өз өнімдерімен таныстырды.
Қазіргі таңда ауруханада
медициналық-технологиялық үдерістерді
сүйемелдеу бойынша ақпараттық-талдамалық
кезеңі іске асырылуда. Жүйе үйлесімді және
ықпалдастырылған функционалдық-кеңейтілген
модульдер кешені боп табылады. Ол тәуекелдерді,
шығындарды және жұмсалған еңбекті азайтады.
Ақпараттық жүйені пайдалану науқасқа қатысты
мәліметтерді орталықтандырылған күйінде
сақтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде
медициналық мамандарға қағаз сараптамаларды
жібермей-ақ, емханалық карта арқылы қажетті
ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді
КМАЖ-дің енгізілуі аурухананың
менеджментін жетілдіреді
2016 жылы электрондық денсаулық паспорттарын ҚР медициналық
ұйымдарында енгізілу жоспарланған.
Бұл жөнінде «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялар: табыстар мен
үндеулер» атты халықаралық конференциянда ҚР
ДСӘДМ Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
департаментінің директоры Светлана Шубина
мәлімдеді.
Ко н ф е р е н ц и я б а р ы с ы н д а ж а с а ғ а н
баяндамасында ол:
-
деді.
Айта кетейік, бұл жүйе бойынша «Ақпарат пациентпен бірге жүреді» қағидасы іске
асырылады. Бұл науқасқа көмек көрсету барысында медициналық қызметкерлер арасындағы қарым-
қатынасты жеңілдетеді, қай кезде және қандай өңірде жүрмесін, өткізілген диагностикалық және
емдеу іс-шаралар туралы ақпаратты алуға және қолдануға мүмкіндік береді.
Электрондық төлқұжат негізінде пациентке өз денсаулығы, дәрігерге бару туралы
хабарламалар, скринингнемесе профилактикалық тексеруден өту жөнінде ақпарат ала алатын жеке
кабинетін жасау жоспарланған.
Электрондық денсаулық сақтаудың
орталық элементі - мемлекеттің әр
азаматының электрондық денсаулық паспорты
болады. Ол адам денсаулығы, бұрынғы және
қазіргі аурулар, сонымен қатар аллергологиялық
және иммундық ахуалы туралы басты
жиынтық мәліметтерді қамтамасыз ететін
құралы болып табылады. 2016 жылы электрондық денсаулық паспорттарын ҚР медициналық
ұйымдарында енгізілуі жоспарланған, -
2016 жылы электрондық денсаулық паспорттары енгізіледі
Денсаулық
сыры
2
Денсаулық жаңалықтары
№27 (29) 19
(
і)
тамыз сейсенб 2014 жыл
Адамның саулығы қоғамның байлығы
-
Астанада психиатрлардың, наркологтардың, психотерапевтердің
және медициналық психологтардың IV съезді өтеді, - деп хабарлайды
Baq.kz тілшісі.
21-22 тамыз аралығында Астанада «Астана медицина университеті» АҚ
базасында «Медициналық-
санитарлық алғашқы көмекке
п с и х и к а л ы қ д е н с аул ы қ
қызметін ықпалдастыру»
т а қ ы р ы б ы н д а
п с и х и а т р л а р д ы ң ,
н а р к о л о г т а р д ы ң ,
психотерапевтердің және
м е д и ц и н а л ы қ
психологтардың IV съезді
ө
т
е
д
і
.
Бұл іс-шараны өткізудің
өзектілігі медициналық-
санитарлық алғашқы көмек
деңгейіне психикалық денсаулық қызметін ықпалдастырумен негізделеді. Бұл
жалпы алғанда қызмет тиімділігінің деңгейін, көрсетілетін қызметтердің
халыққа қолжетімділігін жоғарылатуға, сондай-ақ психикалық және мінез-
құлықтық бұзушылықтары бар адамдардың стигматизациясы мен
кемсітушілігін төмендетуге мүмкіндік береді.
Съезд шеңберінде Орталық Азия және Ресей Федерациясы
республикаларында психикалық денсаулықты дамыту жөніндегі ДДҰ
Еуропалық өңірлік бюросының екінші жұмыс жиналысы, сондай-ақ Ұжымдық
қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің бас наркологтарының
IVкездесуі өтеді.
Съезд жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік
органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, алыс
және жақын шет елдерінен психикалық денсаулық саласындағы жетекші
ғалымдар, ҰҚШҰ Хатшылығының қызметкерлері, РФ Есірткіні бақылау
жөніндегі федералды қызметтің және ҚР ІІМ Нашақорлықпен және ескірткі
бизнесімен күрес жөніндегі комитетінің өкілдері, ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің
бас наркологтары, сондай-ақ республиканың психикалық денсаулық қызметінің
мамандары қатысады.
Астанада дәрігерлердің IV съезді өтеді
ҚР Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы шеңберінде
онколог дәрігерлерлер жетекші шетелдік клиникадан тағылымдамадан
өтті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай
отырып.
Қазақстан Республикасында Онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016
жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – ұлттық және
жетекші шетел клиникалары мен ғылыми орталықтарын, соның ішінде
халықаралық ұйымдардың қолдауымен де қатерлі ісікті диагностикалау мен
е м д е уд і ң ж о ғ а р ы
т е х н о л о г и я л ы қ
ә д і с т е р і н к ө р с е ту
д а ғ д ы л а р ы н а и е
болған онкологиялық
қызмет мамандарын
даярлау және олардың
біліктілігін арттыру
б о л ы п т а б ы л а д ы .
О н кол о г и я л ы қ
к ө м е к т і д а м ы т у
б а ғ д а р л а м а с ы
ш е ң бе р і н д е Қ а з а қ
о н к о л о г и я ж ә н е
р а д и о л о г и я Ғ З И
дәрігерлері Париж
қ а л а с ы н д а Гу с т а в
Р у с с и ат ы н д а ғ ы о б ы р и н с т и ту т ы б а з а с ы н д а о қ ы туд а н ө т т і .
Аталған институт – Еуропадағы ең ірі ғылыми-зерттеу институттарының бірі.
Ж ы л с а й ы н о б ы р д ы ң 4 5 м ы ң ж а ғ д а й ы н е м д е й д і ж ә н е
2 0 0
м ы ң
ж а ғ д а й ғ а
к о н с у л ь т а ц и я
ө т к і з е д і .
Дәрігерлер жетекші еуропалық клиникада тағылымдама лекцияларға
және комитет отырыстарына ғылыми-практикалық семинарларға қатысумен
ғана шектелген жоқ. Олар француз әріптестерінің жұмысымен танысу,
еуропалық мамандардың емдеу тәсілдерін біздің елімізде де
қ о л д а н у
м ү м к і н д і к т е р і н е
и е
б о л д ы .
Дәрігер онкологтар HIPEC (ішкі интра-операция гипертермиялық
химиялық емдеу) инновациялық емдеу әдістерімен танысты.
ҚР онкологтары шетелде
тағылымдамадан өтті
«Жас-Ай» шығыс-тибет медициналық орталығына «ДЦП»
диагнозымен емделетін балалардың саны өте көп. Көбінің дерті
сауығып кетіп жатыр. Солардың бірі Атырау облысы, Жылыой
ауданы, Күлсары қаласының тумасы, төрт жасар Хансұлтан Данияр
Нұрғанатұлы. Бір жарым айында судорогасы ұстап, тұрғылықты
жерінің «ОРИТ» ауруханасына жоғары температурамен жеткізілген
балаға «желтуха» деген диагноз қойылады, деп хабарлайды Bnews.kz
тілшісі.
«Дер кезінде көмек ала алмаған баламның хал-жағдайы
нашарлап, төрт күн комада жатып қалды. Гемоглабинін көтереміз деп қан
құйды. Біз баланың сал ауруымен ауыратынын білмедік қой... Кейіннен
нақты диагнозы анықталып, ем-шаралар қолданыла бастады», – дейді
Д а н и я р д ы ң
а н а с ы .
Нәрестенің тауқыметімен ата-ананың бармаған жері, аспаған
тауы жоқ. Сонау Атырау облысынан Алматыдағы «Ақсай»
Республикалық клиникалық балалар емханасында, Астана қаласындағы
«Бөбек»мемлекеттік реабилитация орталығының неврология бөлімінде
оң жақ гемипарез, церебральды паралич, бірінші деңгейдегі анемия
диагнозы бойынша бірнеше рет емделеді. Өсе келе тілінің кекештенуі
а й қ ы н д а л а
т ү с е д і
ж ә н е
ж ү р е
а л м а й д ы .
«Біз «Жас-Ай» медицина орталығы жайында «Қазақстан»
телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасынан көрген болатынбыз.
Содан тәуекелге бел буып, жазылып кетеміз деген ниетпен, үмітімізді
үзбей ем алып келеміз. Бірінші курстан-ақ баламыздың жағдайы жақсара
бастады. Екінші, үшінші курсына келгенде кіші дәреті мен үлкен дәретіне
баратынын өзі айтып, бұрынғыдай «памперс» жөргектерін қолданбайтын
болдық. Біртіндеп еңбектей келе, жүріп кетті! Әр еміне келген сайын
жақсы көңілмен қарсы алатын балалар дәрігері Айгүл Ондасқызына,
мейірбикесі Айжамал Рахманқызына деген алғысымыз шексіз! Ең
алдымен атажұртына оралып, қазақ топырағына осындай шығыс-тибет
медицинасын енгізген академик Жасан Зекейұлына зор денсаулық,
еңбегіне табыс тілейміз!», – дейді Даниярдың ата-анасы ағынан
жарылып.
Отандық мамандардың күші жетпеген
дерт шығыс-тибет медицинасына «бағынды»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге
деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл
мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ елі деп атайтын боламыз»-деген
болатын. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын
қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің
ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына
сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл
саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы,
ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да,
құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл
меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға
қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. “Ана тілін
білмеген, анасын да сыйламас” демекші өз ана тілін білмеген жаннан,
анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. М.Шахановша айтатын
болсақ, қазіргі таңда өз тілін өгейсіп жүргендер көп. Шынында қазақ пен
қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде
сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жәйт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ
халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын,
оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп
есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның
болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды
қадірлегендей қадірлейік!
Р. Бегежанова, ХҚКО №3 қалалық бөлім инспекторы
Тіл мәртебесі – ел мерейі
Адамның саулығы қоғамның байлығы
-
Денсаулық
сыры
7
№27 (29) 19
(
і)
тамыз сейсенб 2014 жыл
Белсенді үміткерлік көңіл-күйі адам
ғұмырын ұзартады әрі тәннің ауруға қарсылық
қуатын күшейтеді. Ал жуық жылдардан бері, көңіл
күй мен денсаулық арасында қатыстылық
болатындығын ғалымдар тағы бір тұрғыдан
растады. Олардың көрсетуінше, егер адам жыл
бойы жабығып, торығып жүретін болса, онда қан
құрамындағы хлостерин шамасы артады және адам
тәнінің ауырсыну түйсігі ұлғаяды.
Ғалымдар мынаны байқаған: егер адам
өзінде бардың бәріне разы болса, мысалы, жанашыр
жұба йы ны ң бол ға ны н а, белг і л і т а бы с қ а
жеткендігіне, тіпті өзінің тірі жүргендігі сынды
болмыстың өзіне де разылық сезіммен қарай алатын
болса, бұндай разылық сезім иммунитеттік иқуатты
арттырып, қан қысымын төмендетіп, тұтас тәннің
қалпына келу қарқынын тездете түседі.
Көптеген адамдардың өмірінде мынадай
кешулер болған: қайғырып, жабыққан сәттерде
басы, асқазаны ауырып, ұйқы қашу, қан қысымы
өрлеу сияқты сырқат белгілері байқалады. Таяуда
АҚШ-тың Огайо штаттық университетінің
зерттеушілері мынаны байқады: егер жыл бойы
жабығып, басылып жүрген жағдайда адамның
қанындағы глюкоза мен май қышқылының шамасы
артып, сусамыр (диабет) ауруы мен жүрек
ауруының қатері зораяды, бұдан сырт, қысым адам
денесіндегі холестерин шамасын арттырып, жүрек-
қантамыр ауруларына оңай душар етеді.
Көңіл күй не үшін адам денсаулығына ықпал
жасайды? Осылай деудің ғылымилығы бар ма, жоқ
па? Мамандар көңіл күйдің сырын Қытай дәстүрлі
медицинасы тұрғысынан ашып берді.
Медицинада, физиологиялық аурулардың
көбі, айталық, әдеттегі тымаудан тартып ракқа
дейін писхологиялық қысыммен қатысты деген
күмән бар. Медициналық зерттеулер, адам
ұнжырғасы түсіп, торығып, пейілсіз күйге душар
болғанда, денедегі күрделі амин мен допамин
шамасы төмендейтіндігін дәлелдеді. Күрделі амин
адамның ауруды сезу қабілетін реттейді. Торығу
пиғылы бар науқастардың 45 пайызда әр алуан
ауырсыну, жайсыздану түйсігі болатынының себебі
міне осында.
Әр түрлі түйсік-сезімдер мен көңіл-күй
адамдардың бәрінде болатын жәйт. Жайшылықта
бұл қалыпты рухани физиологиялық құбылысқа
тән. Әр алуан көңіл күй әрекеттерінің
бәрінде
сезімді ояту, физиологиялық әрекеттерді сәйкестіру
рөлі болады. Дей тұрғанмен,
клиникалық
тәжірибелер, адам жанының ызалануы, қайғыру, ой
соқты болу, уайымдау, үрейлену сияқты жағымсыз
көңіл-күйлері меңдеп алып, ол толық бейнеленіп
шықпаса, денсаулыққа аса зиянды болатынын,
тіпті, дертке шалдықтыратынын дәлелдеген.
Бұндай аурулар да көңіл-күйден болған аурулар
делінеді.
Қытай дәстүрлі шипагерлігі, әр алуан сезім-
түйсіктер мен көңіл күйлерінің ішкі ағзалармен
арасында мынадай қатынас болады деп қарайды:
қайғы мен уайымды меңгереді,
шектен тыс қайғыру мен уайымдау өкпені
зақымдайды;
қуанышты меңгереді, шектен тыс
шаттану жүрекке зақым жеткізеді. Айталық,
мереке-мейрамдарда, шектен тыс шаттанудың
әсерінде жүрек науқасы қозғалып қалатындар үнемі
кезігеді;
ашу-ызаны меңгереді, шектен асқан
ашу-ыза бауырға зиян жеткізеді, адамда мынадай
бір түйсіну болады: ерекше ашуланғанда оң, сол
жақ қабырғалардың асты
ауырғандай сезім
байқалады, міне бұл ашуланудың бауырды
залалдағанының бейнесі;
ой соқтылықты
меңгереді,
шектен тыс ойланып-толғану көкбауырды
зақымдайды. Тұрмыс ауыртпашылығы зор,
жұмысы қарбалас адамдарда ылғи шаршау,
б о л д ы р у б е л г і л е р і к ө р і н е д і : а я қ - қ о л ы
дәрменсізденіп, бұлшық еттері ауырады, қимылдап
әрекет жасаған күнде де бұндай жағдай жоғалып
кетпейді. Не үшін? Қытай дәстүрлі шипагерлігі
тұрғысынан түсіндіргенде, бұл көкбауырдың нақ
өзін емес, қайта ол уәкілдік еткен адам тәнінің ас
қорыту, сіңіру, қан жасау иқуатын айтып отыр.
Жоғарыда айтылған жүрек жоғары дәрежелі жүйке
жүйесінің иқуатына, өкпе дене сұйықтығын теңшеу
мен тыныстық иқуатқа, бауыр бүкіл денелік зат
а лмасу иқуатына, бүйрек бүкіл денелік
эндокринологиялық иқуатқа уәкілдік етіп тұр.
Көкбауыр әлсіздігі тым ой соқтылықтың,
уайымшаңдықтың салдары. Ал үрейлену, қорқу
бүйрекке өз әсерін көрсетеді, адам қатты
үрейленгенде бүйректің физиологиялық рөліне
ықпал жасайды.
Қатысты зерттеулер көрсеткендей, тамаша,
көтеріңкі көңіл-күй адам денсаулығына ең демеуші
болатын бір түрлі күш екен. Егер көңіл-күйді
реттеудің ебін біліп, көңіл-күйді әрдайым көтеріңкі
де жадыраңқы ұстай білгенде, аурудың алдын алып,
сырқатты әу бастан емдеудің өнімін көруге болады.
АҚШ-тың Огайо штаттық университетінің
зерттеушілері мынаны байқаған: ғашықтық
сезіміне шомған адамның денесінде бір жылдай
“нерв өсу факторы” дейтін заттың деңгейі арту
жағдайында тұрады екен. Гормон сияқты осы зат
жаңа ми клеткаларын тітіркендіріп, олардың өсуін
жебеп, жүйке жүйесінің қалпына келуіне, әрі есте
сақтау қуатының артуына игі ықпалын көрсетеді.
А л ш ы н а й ы қ а р қ ы л д а п к ү л у а д а м н ы ң
психологиялық қысымының жеңілдеуіне мүмкіндік
жасап, қан тамырдың ішкі қабырғасын қорғауға,
жүрек ауруының қозғалу ықтималдығын азайтуға
тиімді келеді. Бұдан басқа, шын қайғырып қатты
жылағанда да, неғұрлым мол гормон мен нервтік
жеткізуші заттар бөлініп шығып, денедегі жабығу
тудыратын химиялық құрамдарды жойып жібереді
екен.Ғашықтық сезіміне шомған, қарқылдап
күлген, разылық көңіл-күйіне бөленген адам
қуанышқа шомып, өзін бақытты сезінеді, былайша
айтқанда, қуанышты көңіл-күйде болады.
Қуанышты жүрек меңгереді, сондықтан “Қуаныш”
жүрекпен қатысты болады. Қытай дәстүрлі
шипагерлігі теориясында: “Жүрек қанды меңгеріп,
рухты сақтайды”, рухпен нұрланған жүрек – адам
денесінің тіршілік қимылының әміршісі іспетті,
ішкі ағзалар жүректің біртұтас қолбасшылығында
болғанда ғана, біріңғай сәйкесті тіршілік әрекетін
жасай алады – делінеді. Шат көңілді, рухы
көтеріңкі, ойы сергек, дене мүшелері қалыпты
жұмыс істейтін адамның дені әрине сау болады.
Сонымен бірге, жылаудың өзі көңіл-күйі жағынан
алғанда оңды нәрсе емес, бірақ адам жылағаннан
кейін, ішкі шері тарап, мұңы азайып, дене
мүшелерінің рөліне жасайтын кері ықпалы
жеңілдеп, денсаулыққа пайдалы болады.
Алдыңғы ғасырдың 80 жылдарының орта
шенінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
(WHO) денсаулық жөнінде қайтадан мынадай
анықтама берді: “Денсаулық дегеніміз – тек
аурудың жоқтығы немесе әлсіздіктің болмауы ғана
емес, қайта тән, рухани жақтарда, қоғаммен
үйлесудің кемелді күйі».Адамның психологиясы
мен физиологиясы бейне компьютердің жұмсақ
бөлшегі мен қатты бөлшегіне ұқсайды, екеуінің бірі
кем болса болмайды. Денсаулықтың мәні
үйлесімділікте. Тамаша көңіл-күй – денсаулықтың
“жұмсақ бөлшегі”. Тіршіліктің, ең кемінде
адамзаттың тіршілігінің бір маңызды ерекшелігі
сол – сезімі бар нәрсенің бәрінде көмескі реттеу
күші болады. Сондықтан көңіл күйді реттеу үшін,
ең түбірлі нәрсе, көңіл-күйдің өзін түсіну керек.
Ж а й ш ы л ы қ т а ө з і м і з д і ң п с и хо л о г и я л ы қ
барысымызды қадаға лай бақылау әдетін
қалыптастырсақ, көңіл-күйдің бастапқы тұсын дер
кезінде байқай аламыз, әрі үйлесімді жетекшілік ете
аламыз. Физиологиялық және психологиялық
сәйкестікті жүзеге асыру үшін, күнделікті тұрмыста
үйлесімді азықтануға және дене шынықтыруға
көңіл бөлу керек. Психологиялық және
ф и з о л о г и я л ы қ ж а қ т а н ж а п п а й д а м уд ы
қамтамасыздандыру үшін, психологиялық
тұрғыдан айтқанда, кең пейілді мінез-құлық
жетілдіріп, ұзақ уақыт бойында алақызып абыржу
күйінде болудан сақтанған жөн.
Қытай дәстүрлі шипагерлігі былай дейді:
ф и з и о л о г и я л ы қ ж ә н е п с и х о л о г и я л ы қ
үйлесімділікті жүзеге асыру үшін, әлдебір іске
жолығудан ілгері “Ашуланудан” сақтанып, сезім
жағындағы өрекпуді ақылмен жеңе білу керек.
Өйткені “Ашулы көңіл” адам денсаулығына ерекше
қатерлі. Ашу бауырға зақым жеткізіп қана қоймай,
жүректі, асқазанды, миды зияндайды. Сонымен
қатар, өзге де ауруларға апарып соқтырады. Бұдан
сырт көңіл-күйді шеберлікпен реттеп, сыртқы
дүниенің тітіркендіруіне байсалды көңіл-күймен
төтеп беріп, сезім жағындағы шұғыл тітіркенуден
сақтанған жөн. Сондай-ақ оңсыз көңіл-күйді басқа
жаққа бұрып, белгілі бір іс жөніндегі ұстанымды
өзгертіп, мәселелерге белсенді тұрғыдан мұғамиле
жасай білген жөн. Егер сонда да сабасына түсіп
бәсеңдей алмағанда, ішке толған жабығуды, шерді
үйлесімді тәсілмен шығарып, психологиялық тепе-
теңдікке жету керек.
Көңіл ауанын бейнелеу лайықсыздығы ауруға
душар етеді
Өкпе
Жүрек
Бауыр
Көкбауыр
Көтеріңкі көңіл-күй ауру жолатпайды
Деннің саулығы – тән мен рухтың
жарасымында
Қытайшадан аударған: Екпін САБЫРҰЛЫ
Көңіл түйткілі мен күйінің ықпалы
Көңіл күйне үшін адам денсаулығына ықпал жасайды
Жаз – демалыс кезеңі. Алайда денсаулыққа
көбірек зиян келетін де жағдайлар да осы
мезгілмен тұспа-тұс. Бұл мезгілде, әсіресе,
алаңсыз демалатын балалар зардап шегіп жатады.
Сондықтан жазда барынша абай болып,
жайсыздыққа кенелген сәтте бірден әрекет етуге
көшу керек.
(белгілері: әлсіздік,
жүрек айнуы, бас айналуы) – тез арада денені
салқын дымқыл шүберекпен сүртіңіз немесе
салқын душ қабылдаңыз, басқа салқындататын
таңғыш тағыңыз (маңдайға және желкеге).
Суық, сәл тұзды су (1 л суға 2 шай қасық тұз)
ішіңіз. Науқасқа жалбызды кәмпит немесе
валидол (оларды тілдің астына салу керек)
беріңіз.
(белгілері: ісу,
қызару, қышу) – антигистамин препараттарын
ішіп, зақымданған аймаққа мұзды компресс
жасау керек. Егер науқастың дем алуы
қиындаса, міндетті түрде оны шалқасынан
жатқызыңыз. Сонымен қатар мұрнына қан
тамырын тарылтатын тамшыларды тамызыңыз.
(белгілері: терінің
қызаруы, ашуы) – дымқыл орамалмен салқын
компресс жасап, пантенолды, алоэ сығындысы
бар ылғалдандыратын крем жағу керек. Күніне 2,5
литрге дейін су ішу қажет.
(белгілері: іштің өтуі,
бүруі, іштің кебуі, жүрек айну) – ішектегі
инфекциялық үдерісті тоқтату қажет (көбіне іш
өту мен басқа да жағымсыз белгілер ауру
тудыратын микроағзалардың салдарынан болады)
.
Сонымен, егер сіздің немесе отбасыңыздағы
біреудің...
Басынан күн өтсе
Жәндік тістеп алса және ағза
аллергиялық реакция берсе
Күнге күйіп кетсе
Та ғ а м н а н ул а н ы п қ а л с а / і ш е к
инфекциясына ұшыраса
Анар Мұстафина
Науқасқа жедел көмек көрсете біліңіз!
Меншік иесі:
жауапкерлігі
шектеулі серіктестігі
Бас редактор
Гүлназ Абдраманова
Тілші
“Алтын Бесік
Қызылорда”
Ақтолқын Нұрыбаева
Газет Қазақстан
Республикасы
Байланыс және
ақпарат Министрлігі
Ақпарат және
мұрағат комитетінде
жылдың
сәуірінде тіркеліп,
тіркеу туралы
№
куәлігі
берілген.
2013
2
13490-Г
индекс
65119
Редакцияны
25
ң мекен
жайы: Қызылорда
қаласы, Панфилов
көшесі, №
үй
Телефон-факс:
23-18-00
Таралымы
6000 дана
Таралу аймағы:
Қазақстан Республикасы
Жекелеген
авторлардың пікірі
редакцияның көзқарасын
білдірмейді,
қолжазбалар
қайтарылмайды,
“Денсаулық сыры”
газетінде
жарияланған
мақала көшіріліп
басылса,
сілтеме жасалуы
міндетті.
Г
49
8 7242 27-61-62
азет редакцияның
компьютер орталығында
теріліп, беттелді.
“ПРИНТ” баспаханасында
басылды.
Қызылорда қаласы,
Байтұрсынов көшесі,
үй
Телефон:
E-mail:
densaulyk.syry.13@mail.ru
Адамның саулығы қоғамның байлығы
-
Денсаулық
сыры
8
№27 (29) 19
(
і)
тамыз сейсенб 2014 жыл
Бүгінде табыс пен жоғары әлеуметтік абырой дегенді ойлайтын адам ақ маржан
тістердің адамның беделіне қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Сонымен
қатар тіс саулығы жалпы ағзаның саулығымен тікелей байланысты.
Жүрек-қан тамырлары аурулары
Асқазан-ішек жолдары аурулары
Қант диабеті
Жүктілік
Ең алғаш танысқан сәтте адам
назары әңгімелесушінің тісіне
т ү с е д і . А л ж е к е ө м і р д і
қ а л ы п т а с т ы р у д а ә д е м і
ж ы м и ы с т ы ң қ а н ш а л ы қ т ы
маңызды екені айтпаса да
т ү с і н і к т і . Е р т е д е т і с т і ң
ж а ғ д а й ы н а б а й л а н ы с т ы
а д а м н ы ң д е н с а у л ы ғ ы н ,
т ө з і м д і л і г і м е н м ы қ т ы
генетикасын анықтаған. Бұл
үрдіс бүгінгі күні де сақталып
келеді. Бұрынғыдай тістер
жалпы ағзаның жай-күйін
анықтайтын барометр іспеттес. Ал тіске дұрыс күтім жасамау ауыз қуысына еш
байланысы жоқ ішкі ағзаның көптеген ауруларына себеп болуы мүмкін.
Сонымен қатар ауыз қуысының аурулары адамның жалпы иммунитеті мен өмірлік
тонусына әсер етеді. Төменде – ауыз қуысының қабынуы себеп болуы мүмкін ауру
түрлерінің жартысы ғана.
Ауру тістер мен қызыл иек жүрек ишемиясының
дамуына, миокард инфаркты және инсультке себепкер болатынын ғалымдар
дәлелдеген. Пародонтпен ауыратын адамдардың жүрек жетімсіздігіне ұшырау қаупі 2
есе көп!
Пародонттағы бактериялар қанға сіңіп, қан тамырлары қабырғаларының қабынуына
әкеліп, қанның ұюына себеп болуы мүмкін. Ал ұйыған қан қан саңылауларын бітеп,
жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына әсер етуі мүмкін.
Ауру тістер тағамды асқазан-ішек жолында дұрыс
қорытылатындай етіп, ұсақтап шайнауды қамтамасыз ете алмайды. Егер тісіңіз, қызыл
иегіңіз ауыратын болса және тағамды мұқият шайнауға мүмкіндігіңіз болмаса,
асқазанға қосымша салмақ түседі, ал бұл тағы бір ауруға себеп болады.
Пародонтиттің де, асқазан-ішек жолдары ауруларының да жалпы даму механизміне
қабыну мен иммундық реакция тудыратын микроағзалар себеп болады. Созылмалы
гастрит, асқазанның ойық жарасы, ұлтабардың ойық жарасы, панкреатит – бұл ауыз
қуысының ауруларынан туындаған асқазан-ішек жолдары ауруларының бір бөлігі ғана.
Ғалымдардың көбі пародонттың қабынып ауруы кезінде қандағы қант
деңгейі көтерілетінін айтады. Қант диабетімен ауыратын адамдар пародонтиттен
емделген соң уақыт өте келе қандағы қант деңгейі қалыпқа келгені анықталған.
Жағдайын қалыпқа келтіру үшін диабетпен ауыратындар негізгі аурудың емдік
шараларын жасап қана қоймай, қажет болса пародонтологиялық емдік шараларды
жасауы тиіс.
Жүктілік кезіндегі әйел ағзасындағы гормоналды өзгерістер қабыну мен
қызыл иектің қанауын тудыруы мүмкін. Жүкті әйелдің тісіндегі инфекциялар ұрыққа
теріс әсер етіп, түсік тастауға себеп болуы мүмкін. Пародонт аурулары ерте босану
қаупін 7 есеге арттырады!
Анар Мұстафина
Тіс саулығы ағза денсаулығына қалай әсер етеді?
Ықылық ату – диафрагмалық жүйке
талшықтарының тітіркенуінен болады
және ұзақ жалғасуы мүмкін. Ас қорыту
жүйе сінің және жүйке жүйе сінің
патологиясы кезінде бұл аурудың бір
белгісі болып табылады. Ал басқа
жағдайларда ықылықты кетіру оңай.
- ішек-қарын жолы аурулары;
- орталық жүйке жүйесі аурулары;
- асқазан созылғаннан диафрагмалық жүйке талшықтарының қозуы;
- суық тию;
- стресс, психоэмоционалды қозу;
- ішімдік ішу.
Көбіне адам көп тамақ жеген соң ықылықтай бастайды. Диафрагмалық
жүйке, асқазан қабырғасының оған шамадан тыс күш түсуі нәтижесінде
қозады. Бұл диафрагма бұлшық еттерінің бейберекет тарылуына
әкеледі.
Ықылық атудың көп таралған себептерінің бірі – суық тию.
Температураның төмендеуін әсіресе кішкентай балалар сезгіш келеді.
Ықылық басталғанда осыны да ұмытпаған жөн.
Күйзелістік жағдайларда немесе эмоционалды қозу кезінде ықылық
атуды қандай да бір мүшенуің тартуы сияқты түсінуге болады. Бет пен
дененің бұлшық ет талшықтары сияқты, ең ірі тыныс алу бұлшық еті –
диафрагма – стресстік жағдайларда тарылуымен белгі береді.
Сондықтан адам ықылық ата бастайды.
Ықылық жиі және ұзақ уақыт кетпей, адамды мезі етіп жіберген
жағдайда ғана дәрілік препараттар қолдануға болады. Ықылықты басу
үшін диафрагмалық жүйкенің тонусын қалыпқа келтіру керек. Ол үшін
бас ми қабығындағы қозуды басатын седативті құралдар
пайдаланылады.
Халық арасында деміңді толық ішке тартып, қайта шыққанша тез
бірдеңелерді айту керек деген тәсіл кең тараған. Бұл ең оңай жолы. Ал
ықылық ұзаққа жалғасқанда шипалы шөптер мен тұнбаларды
пайдалануға тура келеді.
Ықылықты тез басуға қалақай мен жалбыздың қайнатпасы көмектеседі.
Ол үшін 2 үлкен қасық қалақай мен жалбызды 200 мл қайнаған суға
қосып, аз отта қайнатыңыз. Қайнаған соң қайнатпаны сүзіп алып,
суытыңыз. Ықылық басталғанда аз-аздан ішіңіз.
Сонымен қатар, ықылықтан қарапайым картоп арқылы да арылуға
болады. Екі түйнек картопты қайнатып, қабығымен қоса езіңіз. Алынған
картоп езбесіне 2 шай қасық қыша қосып, жақсылап араластырыңыз.
Езбеден кішігірім шелпек жасап, ішіңізге, кеуде шетінің ортаңғы жағына
қойыңыз.
Картоп пен қыша қоспасының орнына қарапайым қышаны да
пайдалануға болады.
Ықылық атудың себептері:
Ықылық ұзаққа жалғасқанда не істеу керек?
Анар Мұстафин
Ықылықтан арылудың
халықтық тәсілдері
Әдетте өмірімізді өзгерткіміз келген кезде жаңа
жылдан бастаймын деп айтып жатамыз. Бірақ осы
ойымыз қаншалықты дұрыс? Өмірімізге ерекше
өзгерісті жаңа жылды күтпей дәл осы сәттен
бастауымызға болатын сияқты. Бізге ол өзгерісті
бойыңызды тік ұстаудан бастаңыз деп айтқымыз келеді.
Және мотивация ретінде оны өзгертудегі 8 себепті
ұсынамыз.
Мінсіз
келбет адам баласының бойына сенімділікті дарытады.
Тік тұруға тырысып, терең демалыңыз. Өзіңізді жақсы
сезіндіңіз бе? Сенімдірек пе? Айналаңыздағы
адамдарды бақылаңыз. Тамақ ішіп отырған кезде
қаншасы бүкірейеді. Ал осы көрініс қаншалықты
жағымды?
Бүкірейіп тұрып
терең демалуға тырысып көріңізші. Тыныс алуыңыз
қиындады емес пе? Бұл – бұлшық еттеріміз жиырылған
кезде тыныс алуымыздың қиындай түсетіндігін
дәлелдейтін мысал.
Мінсіз мүсін өкпегі оттегіні дұрыс
тасымалдайды. Артынша бүкіл ағза оттегімен толық
қамтамасыз етіледі.
Бойын тік ұстайтын
адам жас әрі жинақы көрінеді. Ал киген киім қонымды
тұрады.
Бойды тік ұстаған
кезде диафрагма да дұрысталады. Нәтижесінде
айтылған сөз әуезді естіледі.
Бойды тік
ұстау арқылы бұлшық ет пен буынға түсетін салмақты
азайтуға болады. Бұл болашақта артрит секілді
ауруларға шалдықпауға көмектеседі.
Бір қызығы
адамның көңіл-күйі мен ойлау қабілеті
бойын тік
ұстауымен тығыз байланысты екен.
Омыртқаның саулығына
күні бойы жүретін немесе көп отыратын адамдар назар
аударғаны жөн. Саулығын қамтамасыз етпеген
жағдайда арқаның бұлшық етіне қысым түсіп, артынша
түрлі аурулардың пайда болуына жол ашады.
Бастапқыда тік жүру қиынға соққанымен, артынша
әдетке айналады. Егер кезекті материалымызды оқып
отырған кезде бүкірейген болсаңыз, іске сәт дейміз!
Қарлыға Бүйенбай
1. Өзіне сенімді тұлға бойын тік ұстайды.
2. Тыныс алу тереңдей бастайды.
3. Ішкі ағзалардың барлығының жұмысы жақсара
түседі.
4. Мүсініңіз жинақы көрінеді.
5. Дауыс әдемі әрі ұяң шығады.
6. Буын мен бұлшық етке көмектеседі.
7. Ойлау мен көңіл-күйді жақсартады.
8. Омыртқаның саулығы.
Омыртқаның саулығы – өмірдің саулығы
Достарыңызбен бөлісу: |