* Бұл басылым Еуропа Одағы қолдауымен шығарылды



жүктеу 0,77 Mb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі0,77 Mb.
#19316


 

 

 



 

 

 



 

 

 



* Бұл басылым Еуропа Одағы қолдауымен шығарылды.   

Оның мазмұны үшін Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі  

Қазақстан  халықаралық бюросы, «Нота Бене» Қоғамдық Қоры, Адам құқықтары бойынша 

Түркмен бастамасы мен Адам құқықтары үшін халықаралық ынтымақтас- 

тығы  жауап береді және Еуропа Одағының көзқарасын білдірмейді.  

 

 

 

 

 

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде 

адам құқықтарын қорғау  

АҚПАРАТ БРОШЮРАСЫ 

 

 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



Мазмұны 

 Кіріспе ............................................................................................................................................................... 1 

БҰҰ Адам құқықтары бойынша Кеңесі шеңберінде адам құқықтарын қорғау 

тетіктері ............................................................................................................................................................ 2 



 Универсалдық  мерзімдік шолу (УМШ) ......................................................................................... 2 

 Адам құқықтары бойынша Кеңеске шағым беру рәсімі ..................................................... 4 

 Адам құқықтары бойынша Кеңесінің «Арнайы рәсімдері» ............................................... 5 

 Адам құқықтарын келісімдік (конвенциялық) қорғау тетіктері ..................................... 8 

 

Мемлекеттердің баяндама жіберу міндеттері ................................................................... 9 

 Жеке хабарламаларды қарау ......................................................................................................... 11 

 Тексеру ....................................................................................................................................................... 11 

 Жалпы ескертпелер ........................................................................................................................... 11 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



 

КІРІСПЕ 

Адам  құқықтарын  қорғау  қызметін  жүзеге  асырғанда,  біз  ұлттық  және 

халықаралық  деңгейде  мүлдем  әртүрлі  тетіктер  мен  рәсімдерді  пайдаланамыз. 

Елдегі жүйелік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдар 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  жүйесіндегі  адам  құқықтарын  қорғау  тетіктерін 

белсенді  қолданады.  Осы  тетіктерді  қолдану  мемлекеттің  адам  құқықтары 

саласындағы  саясатына  әсер  еті  жолдарының  бірі  болып  табылады  және 

үкіметтік емес ұйымдарға елдегі адам құқықтары жағдайына алаңдаушылығын 

халықаралық құқықтық органдарға жеткізу үшін таптырмас мүмкіндішін береді.  

БҰҰ жүйесінде адам құқықтарын қорғау екі негізгі бөлікке бөлуге болады: 

а)  БҰҰ  жарғылық  органдары  шеңберінде  істейтін  тетіктер;  және  б)  адам 

құқықтарын келісімдік (конвенциялық) қорғау тетіктері.  

Адам құқықтары бойынша жарғылық органдарының ерекшелігі осы тетіктердің 

БҰҰ  жарғысы  негізінде  құрылып,  БҰҰ  мүше  барлық  елдерге  таралатынында. 

Қайсыбңр  ел  үшін  тетіктің  жүмыс  істеуіне  халықаралық  құжатты 

ратификациялаудың  керегі  жоқ.  Бұл  азаматтық  қоғамға  осы  тетіктерді 

пайдалануға кең мүмкіндік береді.  

Келісімдік  (конвенциялық)  адам  құқықтарын  қорғау  тетіктеріндегі  талаптар 

қатаңдау  болып  табылады,  сондықтан  мемлекет  оларды  орындау  міндеттерін 

алу  үшін  келісімді  немесе  конвенцияны  ратификациялау  тиіс.  Конвенциялық 

тетіктермен жұмыс істегенде еліңіздің сол құжатқа мүше екеніне көз жеткізіңіз.    



Осы басылым БҰҰ адам құқықтарын қорғау жүйесімен жаңа танысқандарға 

және  барлық  құжаттар,  тетіктер  мен  рәсімдерді  білуге  тырысқандарға 

арналған.  Онда  БҰҰ  жүйесіндегі  барлық  негізгі  тетіктерге  қысқаша  шолу 

жасалып,  үкіметтік  емес  ұйымдар  үшін  мүмкіндіктер  мен  оқуға  болатын 

материалдардың тізімі келтіріледі.   

 

Біз сонымен бірге, мынадай басылымдармен танысуға кеңес береміз. Онда 



төменде  келтірілген  адам  құқықтарын  қорғау  тетіктердің  бәрі  нақтырақ 

жазылған: 

БҰҰ адам құқықтары саласындағы бағдарлама бойынша қалай жұмыс 

істеуге болады (азаматтық қоғам үшін анықтама).  

http://www.ohchr.org/EN/AboutUs/CivilSociety/Documents/Handbook_ru.pdf

   

Азаматтық қоғам үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының келісімдік органдары 

тетіктерін пайдалану бойынша Нұсқау  

http://notabene.tj/documents/publication/04_Rukovodstvo_dlya_grajdanskogo_obshe

stva.pdf

  



 

 

 





БҰҰ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША КЕҢЕСІ ШЕҢБЕРІНДЕ 

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІ  

Адам  құқықтары  бойынша  Жарғылық  органдары  арасында  Адам  құқықтары 



бойынша 

Кеңес 

ерекше 


оорын 

алады. 


Бұл 

Бас 


Ассамблеяның 

60/251-резолюциясына  сәйкес  құрылған  көмекші  орган  болып  табылатын 

орган.  Ол  бұрын  Адам  құқықтары  бойынша  Комиссияға  жүкітелген  мандаттар, 

тетіктер,  функциялар  мен  құзіреттердің  орнына  болды  немесе  оларды  өзіне 

қабылдап алды. Кеңес құрамына 47 БҰҰ мүше елдер қосылған.  

Кеіес  адам  құқықтарын  бұзуға,  оның  іщінде  дөрекі  және  жүйелі  түріндегі 

бұзушылықтарға байланысты жағдайларды қарап, олар бойынша өз кеңестерін 

береді.  Ол  сонымен  бірге  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  жүйусінің  шеңберінде  адам 

құқықтарына  қатысты  қызметті  нәтижелі  үйлестіру  мен  біріктіруді  қолдауы 

тиіс.   


Универсалдық мерзімдік шолу (УМШ) 

УМШ  –  бұл  2006  ж.  5  наурызда  БҰҰ  Бас  Ассамблеяның 

60/251-

резолюциясына 



сәйкес құрылған Адам құқықтары бойынша Кеңестің тетігі. Оның шеңберінде әр 

төрт  жыл  сайын  БҰҰ  мүше  мемлекеттерінің  адам  құқықтары  саласындағы 

міндеттемелерін  орындауына  мерзімдік  шолу  жасалады.  УМШ  арқасында  бүкіл 

жүние  жүзі  бойынша  адам  құқықтары  саласындағы  ең  үздік  тәжірибе  алмасу 

өтеді.  Шолу  жасалғанда  тиісті  мемлекеттің  ақпараты  (ұлттық  баяндама),  БҰҰ 

құрылымдары мен басқа мүдделі жақтар берген ақпарат, оның ішінде үкіметтік 

емес ұйымдар мен ұлттық құқық қорғау мекемелерінің ақпараты сарапталады.  

Шолу  өткізілгеннен  кейін  қаралатын  мемлекет  пен  БҰҰ  АҚКЖК  қолдауымен 

қорытынды  құжат  дайындалады.  Оған  мемлекеттердің  шолу  кезінде  қойған 

сұрақтар,  жасаған  қорытындылары  мен  кеңестер  енгізіліп,  сонымен  бірге, 

қаралатын мемлекеттің жауаптары келтіріледі. Тетіктің ерекшелігі мемлекеттің 

қайсыбір  кеңесті  қабылдауға  немесе  одан  бас  тартуға  мүмкіндіктің  бар 

болуында. Бұл мемлекет кеңесті қабылдаған жағдайда оның жүзеге асыруға бар 

күшін  салады  деп  ойлауға  негіз  береді.  Сонымен  бірге,  Адам  құқықтары 

бойынша  Кеңестің  қатысушы  мемлекеттері  қабылданбаған  кеңестерге  қайта 

оралып,  келесі  шолу  циклінде  жекелеген  адам  құқықтары  мәселелерін  көтере 

алады.  

ҮЕҰ үшін қандай мүмкіндіктер бар

Ұлттық баяндама дайандау және УМШ кеңестерін орындау барысында мемлекет 

азаматтық  қоғаммен  кеңесу  тиіс.  ҮЕҰ  ұлттық  баяндаманы  талқылау  процесіне, 

сонымен  бірге  кеңестерді  орындау  бойынша  ұлттық  әрекет  жоспарын 

дайындауға белсенді қатыса алады.   



 

 

 



 



ҮЕҰ өздері немесе азаматтық қоғамның басқа институттарымен бірлесіп, 

өз баяндамасын жібере алады (5 бет тақырып бойынша баяндамаға және 

10  бет  коалиция  атынан  баяндама  көлеміне  рұқсат  етіледі).  Баяндамада 

жеке  адам  құқықтары  туралы  ақпарат  немесе  мемлекет  үшін  кешенді 

кеңестер берілуі мүмкін.  

 



ҮЕҰ өз кеңестерін алға бастыру үшін Адам құқықтары бойынша Кеңеске 

мүше  мемлекеттердің  елшіліктеріне  өз  елінде  немесе  Женевада 

брифингтер өткізе алады.  

 



 Кеңестер  қабылданғаннан  кейін  УМШ  кеңестерін  жүзеге  асыру  жалпы 

немесе жекелеген құқықтар бойынша орындау процесін бақылай алады.  



Қосымша керекті ақпаратты қайдан табуға болады: 

УМШ туралы жалпы ақпарат: 



http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/UPR/Pages/BasicFacts.aspx

 



ҮЕҰ УМШ процесіне қатысу: 

http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/UPR/Pages/NgosNhris.aspx

 



www.upr-info.org 



ақпарат  көзі.  Сайт  ағылшын,  француз  және  испан 

тілінде.  Сонымен  бірге,  сайттан  ҮЕҰ-ға  арналған  орыс  тілінде  көптеген 

пайдалы  құралдарды  табуға  болады 

http://www.upr-info.org/en/how-

to/documentation-for-ngos/handbooks---toolkits

   


Орталық  Азия  бойынша  мемлекеттік  баяндамалар  және  ҮЕҰ-ң 

баяндамалары. 

Бұл 


парақшаларда 

ұлттық 


баяндамаға, 

БҰҰ 


құрылымдарынан  жинақталған  ақпаратқа,  мүдделі  топтардан  (ҮЕҰ-н) 

жинақталған  ақпаратқа  және  ел  бойынша  жұмыс  тобының 

баянадамасына  сілетемелрді  көресіз.  Сонымен  бірге,  ҮЕҰ-ң  жекелеген 

баяндамаларын  іздесеңіз,  тиісті  бөлімнің  сілетемесін  басу  керек  (әр 

блоктан кейін кішкене сандарды көресіз).  

 



Қазақстан: 

http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/UPR/PAGES/KZSession20.aspx

 



 



Қырғызстан: 

http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/UPR/PAGES/KGSession21.aspx

  



 



Тәжікстан: 

http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/UPR/PAGES/TJSession12.aspx

  



 



Түркменстан: 

http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/UPR/PAGES/TMSession16.aspx

  



 



Өзбекстан: 

http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/UPR/PAGES/UZSession16.aspx

  



 

 

 





Адам құқықтары бойынша Кеңеске шағым беру рәсімі

1

  

5/1-Резолюциясына  сәйкес,  дүние  жүзінің  кез  келген  жерінде  және  кез  келген 

жағдайда  барлық  адам  құқықтары  мен  негізгі  бостандықтарды  дәлелденген 

бұзушылықтарды  қарау  мақсатында  жаңа  тәртіп  орнатылған.  Осы  рәсім  Адам 

құқықтары бойынша Комиссияның жетілдірілген  1503-рәсімі болып табылады.  

Жаңа  рәсім  мемлекетпен  тығыздау  ынтымақтастық  мақсатында  өзінің  кұпия 

сипатын сақтайды.   

Рәсімге  сәйкес,  екі  жеке  жұмыс  тобы  құрылған  –  Хабарлама  бойынша  Жұмыс 

тобы және Жағдай бойынша Жұмыс тобы. Хабарламалар бойынша Жұмыс тобы 

хабарламаның қабылдану мүмкіндігін және мәнін бағалайды, оның ішінде адам 

құқықтары  мен  негізгі  бостандықтардың  тұрақты  және  дәлелденген  дөрекі 

бұзушылықтар  туралы  жеке  немесе  басқа  хабарламалармен  бірге  екендігін 

қарайды. Жағдай бойынша Жұмыс тобы әртүрлі хабарламалар бойынша жұмыс 

топтары  берген  хабарламаларды,  оның  ішінде  мемлекеттердің  жауаптарын 

қарап, Кеңеске қолдану керек шаралар туралы тиісті баяндама жасайды.  

Адам  құқықтары  бойынша  Кеңес  хабарламаны  қарап,  мынадай  шара  қолдануы 

мүмкін:  

a) 


Жағдайды  әрі  қарай  қарауға  немесе  шара  қолдану  негіздері  жоқ  болса, 

оның қаралуын тоқтату; 

b) 

Жағдайды  бақылауды  жалғастырып,  тиісті  мемлекеттен  ақылға  сиымды 



мерзім ішінде қосымша ақпарат сұрау; 

c) 


Жағдайды  бақылауды  жалғастырып,  оның  бақылауға  және  Кеңеске 

баяндама жасауға тәуелсіз де жоғары деңгейдегі маманды тағайындау; 

d) 

Шағымдарды қарау құпия рәсіміне тиіс мәселенің қаралуын тоқтатып,  осы 



мәселені ашық қарауға кірісу; 

e) 


АҚЖКБ-на  тиісті  елге  техникалық  қолдау,  қабілетін  күшейтуге  қолдау 

көрсетіп, кеңес беруді ұсыну.  



ҮЕҰ үшін қандай мүмкіндіктер бар:  

Адам  құқықтарын  жаппай  және  дөрекі  бұзу  оқиғаларын  анықтап,  құжаттаған 

жағдайда  ҮЕҰ-р  осы  рәсім  шеңберінде  шағым  дайындап,  тапсыра  алады. 

Өкінішке  орай,  рәсім  жабық  болғандықтан,  ҮЕҰ-ң  шағым  бойынша  әрі  қарай 

байланысу және Адам құқықтары Кеңесінде істі қарау процесіне белсенді қатысу 

мүмкіндіктері  жоқ. 

Адам 

құқықтары  бойынша  Кеңесінің  жариялы 



баяндамаларында  осы  рәсімнен  өткен  елдер  және  қабылданған  шешім  туралы 

                                                           

1

  5/1-Резолюциясын  қараңыз.  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Адам  құқықтары  бойынша  Кеңесін 



институционалдық құру.  

 



 

 

 



ақпарат  қана  енгізіледі.  Шағым  мәні  және  оны  қарау  процесі  туралы  ақпарат 

берілмейді. Сонымен бірге,  осы рәсімді  менсінбеуге болмайды.  Шағым тіркеліп, 

ол  бойынша  байланыс  басталса,  бұл  ҮЕҰ  үшін  ұлттық  және  халықаралық 

деңгейде  жекелеген  адам  құқықтары  туралы  кең  талқылау  бастаудың  жақсы 

мүмкіндігі болып табылады.  



Қосымша керекті ақпаратты қайдан табуға болады: 

Барлық керекті ақпаратты, оның ішінде шағымды қабылдау шарттары 



мен үлгісін мында таба аласыз: 

http://www.ohchr.org/ru/HRBodies/HRC/ComplaintProcedure/Pages/HRCCo

mplaintProcedureIndex.aspx

  



 

Осы  рәсім  бойынша  ең  жиі  қойылатын  сұратар  тізіміне  назар 

аударыңыз: 

http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/HRC/ComplaintProcedure/Pages/FA

Q.aspx

  



 

Осы  рәсімнен  өткен  елдер  тізімі  және  Адам  құқықтары  бойынша 

Кеңестің қабылдаған шешімдері: 

http://www.ohchr.org/Documents/HRBodies/HRCouncil/Situationsconside

redHRCJan2013.pdf

  

Адам құқықтары бойынша Кеңесінің «арнайы рәсімдері» 

«Арнайы  рәсімдер»

  -  бұл  Адам  құқықтары  бойынша  Комиссиясы  елдегі 

нақты  оқиғаларды  қарауға  немесе  дүние  жүзіндегі  тақырыптық 

мәселелерді  қарау  үшін  құрып,  Адам  құқықтары  бойынша  Кеңесі 

қабылдаған  тетіктерге  берілген  жалпы  аталуы.

 Қазіргі 

уақытта 

39 


тақырыптық

 мандаттар мен 

елдер бойынша 

14 мандат бар.   

Елдер  бойынша  мандаттар  зерттеп,  мониторинг  жүргізіп,  кеңес  береді  және 

қоғамға  нақты  елдерде  немесе  нақты  аумақтарда  адам  құқықтары  жағдайы 

туралы  ақпаратты  ашық  береді.  Ал,  тақырыптық  мандаттар  бүкіл  дүние 

жүзіндегі  адам  құқықтарын  бұзу  оқиғаларымен  айналысады. Арнайы  рәсімдер 

әртүрлі  әрекет  жасай  алады,  оның  ішінде  жеке  тұлғалардың  шағымдарына 

жауап  беру,  щерттеу  жүргізу,  ұлттық  деңгейде  техникалық  ынтымақтастық 

мәселелері бойынша кеңес беру, сонымен бірге жалпы қолдау қызметіне қатысу.  

Арнайы  рәсімдер  ("Арнайы  баяндаушы",  "Бас  Хатшының  Арнайы  өкілі",  "Бас 

Хатшының  Өкілі"  немесе  "тәуелсіз  сарапшы"  деп  аталатын)  жеке  тұлғаны  

немесе  әдеттегідей,  Адам  құқықтары  бойынша  Кеңеспен  тағайындалып,  жеке 

дәрежеде жұмыс істейтін бес мүшеден (әр аумақтан бір өкілден) тұратын жұмыс 

тобын аңғарады.    




 

 

 



Өз  қызметінің  шеңберінде  арнайы  рәсімдердің  көпшілігі  мынадай  қызмет 

атқарады:  

Елдерге  бару:  Арнайы  рәсімдердің  мандатарийлері  әртүрлі  елдерге  ұлттық 

деңгейде  адам  құқықтары  жағдайын  бағалауға  барады.  Мандатарийлер 

әдеттегідей, направляют письмо правительству с просьбой о посещении страны, 

и,  если  правительство  соглашается,  оформляется  приглашение  на  посещение 

страны.  Кейбір  елдер 

тұрақты  шақыру

  жібереді.  Бұл  арнайы  рәсімдердің  кез 

келген  мандатарийін  әркез  қабылдауға  дайын  екенін  аңғартады.  Орта  Азия 

елдері ішінен  2015  ж.  басында  Қазақстан  ғана  (2009  ж. бастап) барлық  арнайы 

рәсімдерге тұрақты шақыру жіберді.  

Осындай  сапар  кезінде  сарапшылар  тиісті  елде  адам  құқықтары  жалпы 

жағдайын  бағалайды,  сонымен  бірге,  нақты  институционалдық,  қоғамдық, 

соттық,  әкімшілік  жағдайын  өз  мандаттары  шеңберінде  бағалайды.  Өз  сапары 

барысында олар жергілікті билікпен, оның ішінде сот органдары қызметкерлері 

және парламентарийлер, ұлттық құқық қорғау институттарымен, үкіметтік емес 

ұйымдар өкілдерімен, азаматтық қоғам ұйымдар мен адам құқықтары бұзылған 

адамдармен,  БҰҰ  агенттіктері  мен  басқа  да  осы  елдегі  халықаралық 

ұйымдармен,  миссияның  аяқталуына  орай  берілетін  баспасөз  үшін 

мәслихатында БАҚ-мен кездеседі. Жиналған ақпарат негізінде арнайы рәсімдер 

мандатарийлері  Адам  құқықтары  бойынша  Кеңесіне  баяндама  жасайды.  Оған 

мемлекетке берілген 

кеңестер


  енгізіледі.  

Хабарламаларды  қабылдау  рәсімі:  Арнайы  рәсімдер  болған  немесе  болуы 

мүмкін  нақты  адам  құқықтарын  бұзу  оқиғалары  туралы  ақпаратты  ала  алады. 

Ақпарат  жекелеген  тұлғалар  немесе  біртоп  адамдардың  құқықтарын  бұзуға, 

адам  құқықтары  мен  негізгі  бостандықтарды  бұзуы  мүмкін  заңды  дайындап, 

қабылдауға  қатысты  болуы  мүмкін.  Нақты  адам  құқықтарын  бұзу  туралы 

хабарламада  болжамды  құрбанның,  бұзушының  (белгілі  болса)  мәліметтерін 

келтіріп, сонымен бірге,  бұзушылықтың толық сипаттамасын көрсету керек. Заң 

құжаттарына  қатысты  хабарламаға  заңның/заң  жобасының  мәтінін,  сонымен 

бірге  құқықтық  ережелер  немесе  заңның  қолданылуы  адам  құқықтары 

саласындағы халықаралық үлгілерді неге бұзатыны туралы ақпарат беру керек. 

Арнайы  рәсімдерге  жіберілген  кез  келген  ақпарат  ағылшын,  француз  немесе 

испан  тілінде  болуы  тиіс.  Кейбір  арнайы  рәсімдер  жеке  хабарламалардың 

арнайы үлгілерін енгізген.     

Хабарламаны  алған  кезде  арнайы  рәсімдер  үкіметтерге  жедел  әрекет  жасауға 

шақыру  немесе  түсініктеме  сұрап,  болжамды  бұзушылықтарды  көрсететін  хат 

жіберуі мүмкін. Кейін нақты адам құқықтарын бұзу оқиғасы толық шешілгенше 

арнайы  рәсімнің  болады,  ал  нақты  іс  бойынша  бұзушылық  және  мемлекетпен 

ынтымақтасу туралы ақпарат арнайы баяндамаларда жарияланады.  



ҮЕҰ үшін қандай мүмкіндіктер бар:  


 

 

 





Елге  бару:  өзіңізге  керек  мандаттың  парақшасында  нақты  арнайы  баяндаушы 

/тәуелсіз  сарапшы  баруға  жоспарлаған  елдердің  тізімін  таба  аласыз.  Таңдаған 

тақырыбыңыз  бойынша  жалпы  адам  құқықтары  жағдайы  туралы  ақпарат 

жібере  аласыз,  оның  ішінде  баруы  тиіс  мекемелердің  тізімі,  кездесуі  тиіс  адам 

құқықтары бұзушылықтардың  құрбандары  тізімі,  сонымен  бірге,  сапар  кезінде 

үкіметке  қоя  алатын  нақты  сұрақтарды  кедтіре  аласыз.  Сапар  барысында 

арнайы рәсімдер міндетті түрде азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі. Сіз үшін 

ол нақты адам құқықғы бойынша өзекті мәселелерді көтерудің жақсы мүмкіндігі 

болып  табылады.  Арнайы  рәсімдердің  кеңестерді  алғаннан  кейін  азаматтық 

қоғам  өкілдері  үкіметпен  алғна  кеңестерді  талқылау  бойынша  ұлттық 

кеңесулерді  бастап,  оларды  қабылдау  жоспарларын  ұсынып,  арнайы  рәсім 

кеңестерін  орындауды  бақылай  алады.  Жыл  сайын  арнайы  рәсімге  кеңестерді 

орындау туралы ақпарат жіберу керек.  

Жеке хабарламалар: адам құқықтарын бұзу оқиғалары (нақты істер) бойынша 

немесе    дайындалып  жатқан  заң  жобалары,  адам  құқықтарын  бұзатын  және 

арнайы  рәсімнің  дереу  араласуын  талап  ететін  ақпаратты  URGENT  деген 

белгімен 

urgent-action@ohchr.org 

мекен-жай

 

бойынша  жібере  аласыз.  Кейін  іс 



немесе жағдай туралы соңғы ақпаратты жіберіп тұру маңызды болып табылады.  

Қосымша керекті ақпаратты қайдан табуға болады: 

Арнайы рәсімдердің парақшасы: 



http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/SP/Pages/Welcomepage.aspx 

 



Тақырыптық мандаттар тізімі: 

http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/SP/Pages/Themes.aspx

  



 



Бейбіт жиналу және бірлесу бостандығына ие болу құқығы бойынша 

Арнайы баяндаушы: 

http://www.ohchr.org/EN/Issues/AssemblyAssociation/Pages/SRFreedo

mAssemblyAssociationIndex.aspx

  

 



Пікір бостандығы және оны еркін білдіру бостандығын қолдау 

мәселесі бойынша Арнайы баяндаушы: 

http://www.ohchr.org/EN/Issues/FreedomOpinion/Pages/OpinionIndex.a

spx


  

 



Құқық қорғаушылар жағдайы туралы мәселе бойынша Арнайы 

баяндаушы: 

http://www.ohchr.org/EN/Issues/SRHRDefenders/Pages/SRHRDefenders

Index.aspx



  

 



Судьялар  мен  адвокаттар  тәуелсіздігі  мәселесі  бойынша  Арнайы 

баяндаушы: 

http://www.ohchr.org/EN/Issues/Judiciary/Pages/IDPIndex.aspx

  

 



Саны аз топтар мәселелері бойынша Тәуелсіз сарапшы: 

http://www.ohchr.org/EN/Issues/Minorities/IExpert/Pages/IEminorityiss

uesIndex.aspx

  




 

 

 



 



Адам  құқықтары  және  халықаралық  ынтымақтастық  мәселесі 

бойынша Тәуелсіз сарапшы:  

 

http://www.ohchr.org/EN/Issues/Solidarity/Pages/IESolidarityIndex.aspx



  

 



Әйелдерге қатысты заң құжаттарында және тәжірибеде кемсіту 

мәселесі бойынша Жұмыс тобы: 

http://www.ohchr.org/EN/Issues/Women/WGWomen/Pages/WGWomenI

ndex.aspx



  

 



Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі, оның себептері мен 

салдары туралы Арнайы баяндаушы: 

http://www.ohchr.org/EN/Issues/Women/SRWomen/Pages/SRWomenIn

dex.aspx


  

Арнайы рәсімдер бойынша жеке хабарламалар: 



http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/SP/Pages/Communications.aspx

  

Хабарлама үлгілері: 



http://www.ohchr.org/EN/HRBodies/SP/Pages/QuestionnairesforsubmittingI

nfo.aspx


  

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КЕЛІСІМДІК  

(КОНВЕНЦИЯЛЫҚ) ТЕТІКТЕРІ

2

 

БҰҰ  жетістіктерінің  бірі  ретінде  адам  құқықтары  саласындағы  жалпы 

нормативтік жинағын дайындау болып табылады. Барлық мемлекеттер қосыла 

алатын адам құқықтарына қатысты жалпы заңдар жинағы тұнғыш рет құрылған 

болатын.  Қазіргі  уақытта  БҰҰ-да  100-ден  аса  жеке  конвенциялар  күшіне  енді, 

олардың ішінде ең маңыздылары қатысушы мемлекеттер сол конвенциялардың 

ережелерін қалай орындайтынын бақылайтын органдарды құрған құжаттар: 

Экономикалық,  әлеуметтік және  мәдени  құқықтар  туралы  Халықаралық 



Пакт (ЭӘМҚХП) және оның қосымша хаттамасы

Азаматтық  және  саяси  құқықтар  туралы  Халықаралық  Пакт  (АСҚХП) 



және оның екі қосымша хаттамалары;  

Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе 



қорлайтын қарау мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенция (АҚК) және 

оның қосымша хаттамасы; 

Нәсілдік  кемсітудің  барлық  түрлерін  жою  туралы  Халықаралық 



конвенция (НКЖК); 

Әйелдерге қатысты барлық кемсіту түрлерін жою туралы Конвенция 



(ӘКЖК) және қосымша хаттамасы; 

                                                           

2

  Толығырақ  Адам  құқықтары  саласындағы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  келісімдер  жүйесін 



қараңыз. № 30-фактілер жинағы. 

http://ohchr.org/Documents/Publications/FactSheet30ru.pdf

 

 



 

 

 



Бала  құқықтары  туралы  Конвенция  (БҚК)  және  балалардың  әскери 



қақтығыстарға  қатысуға  қатысты  Бірінші  қосымша  Хаттамасы, 

балаларды сату, балалар жезөкшелігі мен порнографияға қатысты Екінші 

қосымша Хаттамалары;  

Барлық  еңбекші  мигранттар  мен  олардың  отбасы  мүшелерінің 



құқықтары туралы Халықаралық конвенция; 

Мүгедектігі  бар  тұлғалардың  құқықтары  туралы  Конвенция  және  оның 



қосымша хаттамасы;  

Барлық  тұлағаларды  құпиялы  бас  бостандығынан  айырудан  қорғау  



туралы  Конвенция. 

Адам құқықтары туралы халықаралық келісімдер мүше мемлекеттердің ұлттық 

деңгейде  адам  құқықтарын  қолдап,  қорғау  заңдық  міндетін  бекітеді.  Әр 

келісімге  сәйкес,  тіуелсіз  сарапшылардан  тұратын  халықаралық  комитет 

құрылады  (Адам  құқықтары  бойынша  Комитеттер).  Олар  сол  келісім 

ережелерінің орындалуын әртүрлі әдістермен бақылайды.   

Әр комитет тәуелсіз сарапшылардан тұрады (10-нан 23 адамға дейін). Олардың 

адам  құқықтары  саласында  мойындалған  дәрежесі  бар  және  мүше 

мемлекеттермен  қайта сайлану  құқығымен  төрт  жылға  тағайындалады  немесе 

сайланады.   

Барлық келісімдік органдар мүше мемлекеттер тұрақты беретін баяндамаларды 

қабылдап,  қарауға  өкілетті  және  тиісті  елдерде  келісім  ережелердің 

орындалғаны  туралы  нақты  мәлімет  береді.  Олар  мемлекеттерге  өз 

баяндамаларын  дайындағанда  көмек  көрсету  үшін  басшылыққа  алынатын 

ұстамдарды  шығарып,  жалпы  ескертпелерді  дайындайды.  Онда  келісім 

ережелері  талқылап,  келісімдерге  байланысты  тақырыптар  бойынша  пікір 

алмасу  ұйымдастырады.  Келісімдік  органдар  егер  мемлекет  шағым  қарау 

рәсіміне келісімін берсе, жеке тұлғалардың шағымдарын немесе қайсыбір мүше 

мемлекеттің  құқықтарын  бұзу  туралы  хабарламаларды  қарай  алады. 

Кейбіреулері сонымен бірге тергеу де жүргізе алады.  



Мемлекеттердің баяндама жасау міндеттемелері 

Әр  мүше  мемлекет  әдеттегідей,  өзіне  қатысты  келісім  күшіне  енгеннен  кейін 

бір-екі  жылдан  соң  тұнғыш  баяндама  жасау  тиіс.  Сосын  ол  келісімнің 

ережелеріне  сәйкес  оны  орындау  туралы  әрі  қарай  қолданылатын  шаралар 

туралы мерзімдік баяндамалар жасау тиіс.  

Баяндамаларда  тиісті  мемлекеттің  келісім  ережелері  күшіне  ену  үшін  жасаған 

заңгерлік,  әкімшілік  және  соттық  шаралар  келтіріліп,  құқықтарды  сақтауды 

қамтамасыз  ету  кезінде  пайда  болған  кез  келген  факторлар  не  қиындықтар 

көрсетілуі  тиіс.  Баяндамаларды  дұрыс  дайындау  үшін  әр  келісімдік  орган 

мемлекеттер  баяндамаларының  түрі  мен  мәніне  қатысты  басшылыққа 



алынатын ұстамдарды дайындады.   


 

 

 



10 

Баяндаманы  қарау  нәтижесі  «қорытынды  кеңестерді»  қабылдау  болып 

табылады. Олардың мақсаты тиісті мемлекетке тәжірибелік кеңестер беріп, оны 

келісімде  бекітілген  құқықтарды  жүзеге  асыру  бойынша  әрі  қарай  шара 

қолдануға  ықпал  ету.  Келісімдік  органдар  өздерінің  қорытынды  кеңестерінде 

мемлекеттер жасаған  жағымды  қадамдарды  атап  көрсетіп,  келісім  ережелеріне 

толық сәйкес болу үшін қосымша шара қолдану керек салаларды белгілейді.  

Қауымдастыққа  адам  құқықтары  туралы  келісімдерді  нәтижелі  жүзеге  асыру 

жолдары  туралы  ақпарат  беру  мақсатында  мемлекеттерге  өз  елінде 

қорытынды кеңестерді жариялау ұсынылады.  

Комитеттердің  қорытынды  кеңестерін  алғаннан  кейін  мемлекеттер  оларды 



жүзеге асрыу шараларын қолдану тиіс. Ол үшін кеңестерді орындауға керекті 

шаралар  мен  мезімдер,  жауапты  мемлекеттік  органдар  белгіленген  іс-әрекет 



жоспарларын,  сонымен  бірге  кеңестерді  орындауды  бақылау  жоспарын 

қабылдау ұсынылады. Мүше мемлекеттерге көмек ретінде БҰҰ Адам құқықтары 

бойынша  Жоғарғы  Комиссар  Басқармасы  БҰҰ  келісімдік  органдары 

Төрағаларының  сұрауымен  адам  құқықтары 

бойынша  халықаралық 

келісімдерді  орындауды  бақылау  көрсеткіштері  туралы  баяндама  дайындады. 

Онда  көрсеткіштер,  концептуалдық  және  әдістемелік  шарттар  туралы  ақпарат, 

сонымен бірге, жоспарлардың нақты мысалдары келтірілген.  



ҮЕҰ үшін қандай мүмкіндіктер бар:  

Балама есептерді беру. Ұлттық баяндама жібергенімен бірге азаматтық қоғам 

мемлекеттің  халықаралық  келісімді  орындағаны  туралы  өз  (балама)  есебін 

жібере  алады.  Адам  құқықтары  бойынша  Комитеттер  мүше  мемлекеттердің 

есептерін  қабылдау  және  қарау  бойынша  өз  бақылау  міндеттерін  орындағанда 

халықаралық, аймақтық, ұлттық және жергілікті ұйымдардың жазбаша ақпарат 

жіберуін  қолдайды.  Осындай  есептер  жағдайды  жан  жақты  қарап,  үкіметке 

маңызды нақты сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.  

Комитет  мүшелерімен  брифинг  өткізу.  Тиісті  Комитетке  жазбаша  ақпарат 

(балама  баяндама)  берген  ҮЕҰ-р  ресми  жабық отырыста  Комитет  мүшелерімен 

кездесе  алады.  Бұл  кездесулер  осы  сессияда  баяндамалары  тыңдалатын  елдер 

бойынша  барлық  ҮЕҰ-р  өкілдері  үшін  мүше  мемммммммммлекеттің 

делегациясымен диалогтың алдында өтеді.  

Ұлттық  деңгейде  адам  құқықтарын  алға  бастырту  мүмкіндіктері. 

Ұлттық  баяндамаларды  БҰҰ  келісімдік  органдарына  дайындау  және  жіберу 

азаматтық  қоғам  өкілдеріне  жүйелі  өзгерістерді  алға  бастыру  бойынша  жақсы 

мүмкіндіктер  туғызады.  Алға  бастыру  процестері  баяндамаларды  дайындау 

және  жіберудің  барлық  сатыларында,  сонымен  бірге,  БҰҰ  Комитеттерінің 

қорытынды кеңестерін алғаннан кейін де жүргізіле алады.   



Ұлттық  баяндамалар  жобаларын  талқылау  ҮЕҰ-ң  ұлттық  баяндамаларды 

дайындау  процесіне  қатысудың  бір  түрі  болып  табылады.  Бұл  жағдайда  ҮЕҰ 




 

 

 



11 

үкіметтік жұмыс тобына адам құқықтарының жеке мәселелері бойынша негізгі 

заң  құжаттары  мен  тәжірибенің  қиындықтары  туралы  өз  ұсыныстары  мен 

пікірін беру мүмкіндігіне ие болады.  



БҰҰ Комитеттері кеңестерін орындауды бақылау. Үкіметтік емес ұйымдар 

үкіметтік  деңгейде  Комитет  кеңестерін  жүзеге  асыру  бойынша  іс-әрекет 

жоспарын  алға  бастыру  қызметімен,  сонымен  бірге  қорытынды  кеңестердің 

орындалуын  бақылаумен  айналыса  алады.  Қорытынды  кеңестерді  (немесе 

халықаралық міндеттерді) орындауды бақылау жоспарларын құрғанда бір ғана 

Комитеттің  қорытынды  кеңестерімен  шектелмей,  осы  мәселені  БҰҰ  барлық 

органдарының, мысалы, ЖМШ, арнайы рәсідер мен келісімдік органдар сияқты 

әртүрлі  органдарының  кеңестері  жағынан  да  қарауға  ұсынамыз.  Кеңестерді 

жүйеге  келтіру  және  олардың  орындалуын  бақылау  ҮЕҰ-ға  немесе  ҮЕҰ-р 

коалициясына  адам  құқықтары  саласында  жүйелі  өзгерістерді  алға  бастыруға, 

әртүрлі  БҰҰ  органдары  үшін  сараптық  құжаттарды  бір  кезде  дайындау 

мүмкіндігін береді. Бұл олардың қызметінің нәтижелігін арттырады.    



Жеке хабарламаларды қарау 

Адам  құқықтары  бойынша  Комитеттер  мүше  мемлекет  өздерінің  құқықтарын 

бұзды  деп  санайтын  жеке  тұлғалардің  хабарламаларын  немесе  арыздарын 

қабылдап,  қарай  алады.  Бұл  рәсім  мүше  мемлекеттер  үшін  қосымша  болып 

табылады:  Комитет  сол  келісімдік  органның  өкілеттігін  анық  мойындамаған 

мемлекетке  қатысты  хабарламаларды  қарай  алмайды.  Өкілеттікті  мойындау 

келісімнің  тиісті  бабына  сәйкес  арыз  беру  немесе  тиісті  қосымша  хаттама 

қабылдау арқылы жүзеге асырылады. 



 

Терегеулер 

Үш  келісімдік  органдар  –  Азаптауға  қарсы  Комитет,  Әйелдерге  қатысты 

кемсітуді  жою  Комитеті  және  Құпиялы  бас  бостандығынан  айыру  мәселесі 

бойынша  Комитет  –  өз бастамасымен  қайсыбір  мүше  мемлекеттің  елеулі,  ауыр 

немесе  жүйелі  бұзушылықтар  туралы  дәлелді  ақпарат  алған  жағдайда  тергеу 

жүргізе  алады.  Тергеулер  тиісті  комитеттің  тергеу  жүргізу  өкілеттігін 

мойындаған  мүше  мемлекеттерге  ғана  қатысты  жүргізілуі  мүмкін.  Осы  рәсім 

Комитет  қайсыбір  мүше  мемлекеттің  Конвенцияда  бекітілген  құқықтарды 

жүйелі бүзғаны туралы дәлелді ақпарат алғанда жүргізілуі мүмкін. Комитет елге 

сапар жасап, құпиялы тергеу жүргізуге және өзіне тиісті баяндама жасай алады. 

Рәсім  құпия  болып  табылады  және  бүкіл  жұмыс  бойы  мүше  мемлекетпен 

ынтымақтастық орнатуға шара қолданылуы тиіс.  



Жалпы ескертпелер 

Әр  келісімдік  орган  орындалуын  өзі  бақылайтын  адам  құқықтары  бойынша 

келісім  ережелерінің  талқылауын  жалпы  ескертпелер  түрінде  жариялайды. 



 

 

 



12 

Келісімдік органдардың жалпы ескертпелері кең ауқымды мәселелерді қамтиды 

– келісімдердің (жекелеген адам құқықтарының) негізгі ережелерін жан жақты 

талқылаудан  бастап,  мемлекеттердің  баяндамаларында  берілуі  тиіс  ақпарат 

бойынша жалпы нұсқауларға дейін.  

Қосымша керекті ақпаратты қайдан табуға болады:  

Халықаралық құжаттар каталогы: 



http://www1.umn.edu/humanrts/russian/instree/Rlist.html

  



БҰҰ Адам құқықтары бойынша Комиттерінің парақшалары. Әр парақшада 

тиісті Комитет жұмысы туралы толық ақпарат таба аласыз: рәсім 

ережелері, сессиялар, жалпы ескертпел, сонымен бірге, азаматтық қоғам 

өкілдерінің ақпараты: 

http://www.ohchr.org/RU/HRBodies/Pages/HumanRightsBodies.aspx

  



Біріккен Ұлттар Ұйымының келісімдік органдары тетіктерін пайдалану 

бойынша азаматтық қоғамға арналған нұсқаулық: 

http://notabene.tj/documents/publication/04_Rukovodstvo_dlya_grajdanskog

o_obshestva.pdf



  

жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау