Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Мемлекеттік қызметші шетелдік іссапарда жүргенде, кері
рейстің ұзақ кідіруіне байланысты өз наразылығын қатты
білдіре бастады, әуежай қызметкерлерімен төбелеске
ұласқан ұрыс-керіске түсті, нәтижесінде ол ұсталды.
3- жағдай
Шетелдік іссапарда болған кезде мемлекеттік қызметшілер
қазақстандық заңнамада белгіленген қызметтік әдеп
нормаларын бұлжытпай ұстануға және өзінің мінез-
құлқымен мемлекеттік қызметке кір келтірмеу тиіс.
Талдау
Тұжырым
Шетелде жүрген мемлекеттік қызметші өз мемлекетінің
«бет-бейнесі» болып табылады және оның мінез-құлқы мен
әдептілігіне неғұрлым жоғары талаптар қойылады.
Қызметкерлер шетелге іссапарға шыққан кезде
мемлекеттік органдардың персоналды басқару
қызметтеріне осы нұсқаулықта баяндалған мемлекеттік
қызметшілердің әдеп және мінез-құлық нормаларын сақтау
қажеттігі туралы оларға ескертуі қажет.
28
1.5 Мүдделер қақтығысы
Өз кезегінде басшылық мүдделер қақтығысы
Мүдделер қақтығысы туындауының
потенциалды мүмкіндігі пайда болған жағдайда
мемлекеттік қызметші бірден жазбаша түрде өзінің
тікелей басшысын туындаған мүдделер қақтығысы
немесе оның туындауының мүмкіндігі туралы
хабар жеткізуі қажет.
Мүдделер қақтығысы мемлекеттік қызметші іс-
қимылдарға қатысқанда немесе оны алаңдататын
не жұмысқа толық кірісуге және қызметті алушыға
ізгі ниетті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін, не
жұмыста қабылдайтын шешімге заңсыз тұрғыда
әсер етуі мүмкін оның жеке (қаржылық) мүддесі
болғанда туындайды.
Мемлекеттік қызметші лауазымдық өкілеттілігін
объективті орындауда жеке мүддесінің әсер етуіне
жол бермеуі қажет.
Жауап: Тікелей немесе
функциональдық
бағыныштылықта болып
табылатын жақын
туыстардың бірге жұмыс
істеуіне тыйым салынады,
себебі мүдделер
қақтығысының туындау қаупі
бар.
Сұрақ: Мен өзімнің жақын
туыстарыммен бір
мемлекеттік органда жұмыс
істеп, сондай-ақ өз қызметтік
міндеттерімді орындау
процесінде өзара іс-қимыл
жасай аламын ба?
туындаған немесе
туындауы мүмкін мәселе
бойынша мемлекеттік
қызметшінің лауазымдық
өкілеттілігін орындауды
басқа мемлекеттік
қызметшіге жүктейді
немесе мемлекеттік
қызметшінің лауазымдық
өкілеттілігін өзгертеді.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
29
1- жағдай
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Мемлекеттік орган
басшысының бұйрығымен
Наурыз мейрамын тойлау
құрметіне орай техникалық
персоналдың 8 жұмыскеріне
сыйақы берілген болатын.
Ақшалай сыйақы алған 8
жұмыскердің ішінде,
басшының күйеу баласы
(туған әпкесінің күйеуі)
болып табылатын, басшының
жүргізушісі Н.-ге 50 мың
теңге, ал қалған 7
жұмыскерге, оның ішінде
осы мемлекеттік органда
жүргізуші болып жұмыс
істейтін және жүргізуші Н.
сияқты функционалдық
міндеттерді атқаратын 3
тұлғаға да 25 мың теңгеден
төленген.
Аталған факті басшы мен
оның күйеу баласы
(жүргізуші) арасындағы
мүдделер қақтығысы
болып табылады. Басқа
жұмысшыларға
қарағанда, екі есе көп
ақшалай сомада өзінің
қармағындағы жұмыс
істейтін туысқанына
сыйақы төлеу бойынша
басшысының әрекетінде
қабылданған шешімнің
әділетсіздігі байқалады,
бұл қызметтік әдеп
нормаларын бұзу болып
табылады. Бұл жағдай
үшін басшы тәртіптік
жауапкершілікке
тартылады.
Талдау
Сұрақ: Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, ол қандай
зардаптар алып келуі мүмкін?
Жауап: Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және
мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер
қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі
шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта болады.
30
2- жағдай
Өтінімдерді қарастыру барысында комиссия мүшелері
конкурсқа қатысушы компаниялардың бірінің басшысы
мемлекеттік қызметке кірместен бұрын аудан әкімінің
орынбасары болғандығын анықтады.
Бұдан басқа, әрі қарайғы тексеру нәтижесінде қазіргі
уақытта осы компанияның меншік иесі жоғарыда аталған
аудан әкімі орынбасарының немере ағасы екендігі
айқындалды.
Ауданның білім бөлімі ауданның ауылдық мектептеріне
мектеп жабдықтарын (интерактивті тақталар,
компьютерлер) жеткізуге электрондық конкурс өткізіп
жатты.
Міндеттерді бөлуге байланысты аудан әкімі
орынбасарларының бірінің құзыретіне ауданның білім,
мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт
бөлімдеріне тікелей басшылық ету кірді.
Талдау
Егер мүдделер қақтығысының туындау ықтималдығы үлкен
болса, тікелей басшыға мектеп жабдықтарын жеткізуге
жоғарыда аталған электрондық конкурсты өткізу және
ұйымдастыруға қатысты лауазымдық міндеттерді
орындаудан мемлекеттік қызметшіні уақытша шеттету
ұсынылады.
Мұндай жағдай туындаған кезде мемлекеттік қызметші
жазбаша түрде тікелей басшысын осы ұйымдағы бұрынғы
жұмысы және шиеленісті жағдаяттардың туындау мүмкіндігі
туралы хабардар етуі тиіс.
Тұжырым
Біз кез келген мүдделер қақтығысының туындауын болдырмауға
талпынамыз. Егер қайшылық болуы мүмкін деген болжам туындаса
немесе оның орын алуы мүмкін деген пікір қалыптаса бастаса, бізге өз
басшымызбен, кадр бөлімінің қызметкерімен немесе әдеп жөніндегі
уәкілмен жағдаятты талқылау қажет.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
31
Достарыңызбен бөлісу: |