3- жағдай
Мемлекеттік қызметшінің әдебі
және мінез-құлық нормалары
Осы орайда, жоғары тұрған органға орын алуы мүмкін
мүдделер қақтығысын болдырмау және оны реттеу
бойынша қажетті шараларды уақытылы қабылдау жөнінде
хат жіберілген.
Мемлекеттік органдардың қызметіндегі орын алуы мүмкін
мүдделер қақтығысы фактілерін анықтау және жою
мақсатында тұрақты негізде жүргізілетін мониторинг
барысында, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аумақтық
департаментінің жаңадан тағайындалған басшысы мен
аталған тұлғаның қалалық білім беру бөлімінің басшысы
арасында жақын туыстық бар екендігі белгілі болып,
аумақтық департамент басшысының лауазымдық
уәкілеттіліктерінде мүдделер қақтығысының тәуекелдері
болу қатері анықталды. Өйткені аталған аумақтық
департаменті қалалық білім беру бөліміне бағынышты
барлық мекемелерге қатысты мемлекеттік білім
стандартарының орындалуына бақылауды жүзеге
асырады. Алайда, жаңадан тағайындалған басшы аталған
мәселені жоғары тұрған органға жеткізбей, осы
әрекетімен тәртіптік теріс қылыққа жол берген.
Талдау
32
Аталған жағадайда жаңадан тағайындалған департамент
басшысы заңнамаға сәйкес мүдделер қақтығысы
тәуекелдерінің болуы мүмкіндігін болдырмау және оларды
реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін жоғары
тұрған органға көрсетілген мән-жайлар жөнінде хабарлау
қажет.
4- жағдай
Мемлекеттік мейрам қарсаңында басқарма басшысы
басқарма қызметкерлеріне, соның ішінде өзіне сыйлық
беру туралы бұйрық шығарған.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
33
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның
тексеруі барысында көтермелеу туралы бұйрық шығару
сәтінде басқарма басшысында алынбаған тәртіптік
жазасы болғаны анықталды.
Басшсының осындай әрекеттерінде өзінің лауазымдық
өкілеттіліктерін жеке өзiнің материалдық мүдделерін
қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу
кезінде пайдалануында көрінетін мемлекеттік қызметке
кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтың белгілері бар
екенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29
тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы
органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру,
материалдық көмек көрсету және лауазымдық
жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесіне сәйкес
қызметкерге оның алынбаған тәртіптік жазасы болған
кезде сыйлық берілмейді.
Осыған орай, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша
аталған басшы мемлекеттік қызметке кір келтіретін
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін «қызметіне толық
сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік
жауапкершілікке тартылды.
5- жағдай
Қадағалаушы органның тексеруі барысында мердігермен
келісімнің шарттары орындалмағаны анықталды. Осыған
орай, мемлекеттік органның басшысына «Мемлекеттік
сатып алулар туралы» Заңға сәйкес мердіргерді
жозықсыз жеткізуші, сондай-ақ келісім-шарттта
көрсетілген тұрақсыздық айыбы сомасын өндіріп алу
туралы сотқа талап-арыз жолдау жолымен заң
бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Мемлекеттік органның басшысы мердігермен денсаулық
сақтау, білім объектілерінің және тұрғын-үй құрылысы
бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарат
жасады.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Талдау
34
Бұнымен қоса, мемлекеттік орган басшысы мемлекеттік
сатып алулар туралы келісімнің шарттарына сәйкес
келмейтін орындалған жұмыстарды заңсыз қабылданған.
Алайда, мемлекеттік органның басшысы анықталған
бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамаған.
Сонымен, мемлекеттік орган басшысымен заңды тұлғаға
құқыққа сыйымсыз қолдау, сондай-ақ кәсіпкерлік және
кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда
заңнамада көзделмеген жәрдем көрсетуі мемлекеттік
қызметке кір келтіретін теріс қылық болып табылады.
Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша атаған басшы
«қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту»
түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аталған жағдайларда мемлекеттік қызметшінің жеке
басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері
арасындағы қайшылықтың болуы мемлекеттік
қызметшінің жеке басының мүдделері оның лауазымдық
өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше
орындамауына әкеп соқты.
Тұжырым
Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттiк
қызметшiлердің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына
тыйым салынады, бұл ретте мемлекеттiк қызметшiлер
мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі
шараларды қабылдауға тиiс.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
1.6 Жария сөз сөйлеу, БАҚ-пен қарым-қатынас
Жиналыс, презентация, брифингтер,
конференциялар, жаңа ақпаратты
бағыныштыларға жеткізу, баяндама немесе есеп –
барлығын бір түсінікке біріктіруге болады, ол –
жария сөз сөйлеу.
Әрқайсымыз жария
сөз сөйлер алдында толқуды
және қысылушылықты сезінеміз. Осы сезімдер
БАҚ-та сөйлейтін болсақ, одан да үдей түседі,
себебі аудиторияның реакциясы әртүрлі болуы
мүмкін.
Бізге мемлекеттік саясат және мемлекеттік
қызмет мәселелері бойынша өз пікірімізді жария
айтудың қажеті жоқ, егер ол:
Біз кез кезген сөз сөйлеу жария сипатқа ие
екендігін есте сақтауымыз қажет, сондықтан
тыңдаушыға құрмет білдіре отырып, мемлекеттік
қызметтің беделін түсірмей,
барынша дұрыс
формада анық ақпаратты таратуымыз керек.
ь
Жариялауға рұқсат
етілмеген қызметтік
ақпаратты ашса;
ь
Мемлекеттік саясаттың
негізгі бағыттарына
сәйкес келмесе;
ь
Мемлекеттің
лауазымдық
тұлғаларына қатысты
бейәдеп пікірден тұрса.
Жауап: Сіз тікелей
басшыңыздың келісімі бойынша
мемлекеттік қызметтегі жұмыс
тәжірибеңіз туралы
әңгімеңізбен сыртқы іс-
шараларда (конференцияларда,
форумдарда, дөңгелек
үстелдерде) сөз сөйлей аласыз.
Сұрақ: жуырда мені өзім оқуды
бітірген университет сөз
сөйлеуге және өз еңбек жолым
туралы айтып беруге шақырды.
Мен өзімнің мемлекеттік
қызметтегі жұмысым туралы
айта аламын ба?
35