5 тетікбөлшектер сызбасын орындау



жүктеу 1,05 Mb.
Дата19.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#33411
5-тақырып көріністерді салу


5 ТЕТІКБӨЛШЕКТЕР СЫЗБАСЫН ОРЫНДАУ


Тетікбөлшектердің жұмыс сызуын мемлекеттік үлгіқалыпты сақтай отырып орындау тәсілін үйренеміз.

Орындалатын тапсырма: нұсқа бойынша берілген тетікбөлшектердің үш проекциясын сызамыз. Тетікбөлшектердің жұмыс сызбасы А4 форматында орындалады. Ары қарата тетікбөлшектің изометриялық проекциясы салынады.

Ең алдымен, сызбаға қажетті қабаттар жасаймыз. Инструменттер тақтасынан Object Snap (Объектная привязка (Объектілік байлам)) және Dimension (Размеры (Өлшемдер)) қосамыз. Ары қарата тетікбөлшектердің жұмыс сызбасын бастаймыз, Line (Кесінді) бұйрығымен тетікбөлшектердің үш проекциясының осьтік сызықтарын сызамыз.

HATCH (Штриховка (Штрихтау)) қабатын қосып, Bhatch (Кштрих) бұйрығының көмегімен тетікбөлшектердің тілінген жерлерін штрихтаймыз. Draw (Сызу) Þ Hatch… (Штриховка…) немесе Draw (Сызба) инструменттер тақтасынан –Hatch (Штрихтау) пиктограммасын аламыз.


Сурет 19 - Штрихтау шекарасы сұхбаттық терезесі


Pattern: (Узор (Өрнек)) бөлігінен – металл тілігін көрсететін ANSI131 – графикалық белгісін таңдаймыз.

Әр түрлі шаблондағы: америкалық үлгіқалыптарға сәйкес – ANSI және европалық – ISO, типтік әр саладағы жобалау жұмыстарына арналған графикалық мысалдар ашылады.

Angle: (Угол-Бұрыш:) – мәні 0. Штриховканың типтік шаблонын қолданғанда, түзудің көлбеу сызығы беріліп тұрады, және сұхбаттық терезедегі Angle опциясы шаблон бұрышын өзгертуді ұсынады;

Scale: (Масштаб:) – мәні 1. Штриховканың Scale опциясы таңдалған үлгінің штрихтарының тығыздығын өзгертуге мүмкіндік береді, бұл бірдей металдан жасалған біріктірілген тетікбөлшектердің көзге айқын көрінуін қамтамасыз етеді.



- объектілердің жиегін анықтау контур арқылы таңдалады,

AutoCAD таңдалған үлгіні штрихтайды;



- бұл пернеге басу сызба аймағында бірден таңдауға алдын

ала шеткі жиекті салуға мүмкіндік береді. Бұдан кейін AutoCAD автоматты түрде уақытша шеткі жиекті анықтап, штрихтайды.

Razm (Размер (Өлшем)) қабатын ағымды етеміз, өлшемдер стилін береміз – құлайтын менюінен Dimension (Өлшемдер) Þ Style…(Стиль…) таңдаймыз немесе инструменттер тақтасынан Dimension (Өлшемдер) пиктограммасына шертеміз. Dimension Style Manager (Өлшемдер стилінің менеджері) Þ New… (Жаңа…) Þ сұхбаттық терезесінен Create New Dimension Style (Өлшемнің жаңа стилін жасау) Þ Continue (Жалғастыр) Þ Modify Dimension Style (Өлшемнің жаңа стилі:) бойынша төмендегілерді орнату ұсынылады:


  • бағдаршаның ұзындығы 5-ке тең;

  • объектіден шегіну мәнін 0-ге тең етіп алып – объектіден шығару сызықтарын анықтаймыз.

  • мәтін биіктігін 3.5 тең еткен дұрыс;

  • өлшем сызығынан кейінгі – мән 1.3;

  • мәтінді түзету –ISO стандарт бойынша;

  • өлшем сызығының дәлдігі – 0.

Шеткі жиекті бастыратын сызықтың қалыңдығын – 0.6, өлшем сызығын, шығару сызығын, ось сызығын және штриховканы – 0.25 етіп тағайындаған дұрыс. Сызықтардың қалыңдығын экранда көру үшін LWT (Все линии (Барлық сызықтар)) режимін қосамыз.

Тетікбөлшектердің изометриялық сызуын орындаймыз, ішкі қуыстарын дұрыс көрсету үшін тетікбөлшекті алдыңғы жағынан X және Y осьтерінің арасынан ¼ бөлігін кесеміз. Қима жазықтығына түскен тетікбөлшектің бөліктерін штрихтаймыз.

Изометриялық сызбалар-бұл көлемді денелердің жазықтықтағы бейнесі. Дененің көлемді болуы, нақты масштабтағы кесінділермен ОХ осінің бағытына сәйкес 30°, 90°және 150° бұрыштағы үш ось бағыты бойынша осьтерге проекциялануы болып табылады.

Изометриялық сызбаны орындау реттілігі:

1.Изометриялық режимді орнату үшін Режимы рисования (Салу режимі) аймағында Шаг и сетка (Қадам және тор) сұхбаттық терезезінде Тип привязки (Байлам типі) аймағында Изометрическая привязка (Изометриялық байлам)

қосылады.



Сурет 19 – Изометриялық режимді орнату сұхбаттық терезесі
Изометриялық режимде оське параллель түзу сызықтарды салу өте жеңіл,

ол үшін ОРТО (немесе F8) режимі қосылуы тиіс.



Ellipse ( Эллипс) командасымен эллипстің қалыптасуы.

Эллипстерді тұрғызу осьтің басқы және аяққы нүктелерін және де екінші осьтің ұзындығының жартысын көрсету арқылы немесе Изокруг опциясын таңдалынғанда центрі мен радиусын беру арқылы жүзеге асырылады.



Ellipse ( Эллипс) командасының сұрауы:

Изокруг опциясы таңдалынғаннан кейін қажетті жазықтықта эллипстің центрі көрсетіліп, F5 режимін қолданыла отыра орналасуы және соңында қажетті радиусы беріледі.


Сурет 11-Тетікбөлшек изометриясы
Соңында, тетікбөлшекті алдыңғы жағынан X және Y осьтерінің арасынан ¼ бөлігін кесеміз, штрихтаймыз.

Сурет 11-Тетікбөлшек изометриясының қиылған көрінісі


жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау