2019 жылдың 1-тоқсанына Құлсары қаласының, Жаңа-Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау жобасына түсіндірме жазба (сессия- 2019 жылғы 29 наурыз)
Ағымдағы жылдың 26 наурызында аудандық бюджет нақтыланды. Осының негізінде Құлсары қаласының, Жаңа-Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна ауылдық округтерінің бюджеттеріне де өзгерістер енгізіліп, 860,3 млн. теңгеден 1 млрд 092 млн. теңгеге нақтылау көзделуде. Атап айтқанда, барлығы 232 млн 094 мың теңгеге бюджет өсіріліп отыр, оның ішінде : 74 млн 525 мың теңге- жыл басындағы еркін қалдықтың есебінен, ал 157 млн 669 мың теңгеге субвенция өсіріліп отыр, атап айтқанда:
Құлсары қаласы әкімі аппаратына 64482,0 мың теңгеге өсіріліп отыр, оның ішінде:
. Кіріс бөлігі бос қалдық есебінен 64482,0 мың теңгеге өсіріліп отыр.
Шығысы бос қалдық есебінен 64482,0 мың теңгеге ұлғайып, бюджеттік алулардан 183992,0 мың теңге шегеріліп, қажетті сұраныстарына қарай бөлінді.
Атап айтқанда Құлсары қаласындағы 4 тірек пунктын ағымдағы жөндеуге 7892,0 мың теңге, СКУД жүйесін қондыруға 600,0 мың теңге, Мини Атс қондыруға 550,0 мың теңге, Құлсары қаласы көшелерін жарықтандыруға 15000,0 мың теңге, Құлсары қаласының санитариясына 65000,0 мың теңге, Құлсары қаласына баннерлер дайындау және орнату жұмыстарына 3000,0 мың теңге, Құлсары қаласындағы аялдамаларын күтіп ұстау жұмыстарына 2500,0 мың теңге, Құлсары қаласындағы арам шөптер мен жыңғылдарды шабу жұмыстарына 17000,0 мың теңге, Құлсары қаласындағы жасыл желектерді малдардан қорғау жұмыстарына 7500,0 мың теңге, Рәміздер алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3583,0 мың теңге, Құлсары қаласына QR код дайындау және орнатуға 4000,0 мың теңге, Құлсары қаласын көгалдандыру жұмыстарына 50000,0 мың теңге, 1 дана әмбебап ойын алаңын орнатуға 38016,0 мың теңге, Скуд сатып алуға 2143,0 мың теңге, дрон сатып алуға 1000,0 мың теңге, Жер телімін беруді атоматтандыру базасына 1000,0 мың теңге, Мини АТС сатып алуға 1401,0 мың теңге, Құлсары қаласына шағын футбол алаңын салу 25542,0 мың теңге,Мұнайшылар м/үйін күрделі жөндеу үшін ЖСҚ жасақтауға 3747,0 мың теңге.
Қосшағыл ауылдық округіне 68 033,0, мың теңге
Кіріс бөлігі 31.12.2018 жыл соңында қалған 2433,0 мың теңге бос қалдық арқылы және 65 600,0 мың теңге субвенция бөлу арқылы ұлғайтылды, сәйкесінше шығысы 68 033,0 мың теңгеге ұлғайтылды, оның ішінде
Әкімшілік ғимаратты ағымдағы жөндеуге 6496,0 мың теңге, жерге орналастыру құжаттарына 2352,0 мың теңге, "Парус-КАЗ.Бюджет" МСУ бағдарламасына қосымша жұмыс орнын орнату 100,0 мың теңге, Энергетикалық аудит жүргізу 240,0 мың теңге, Лотус программасын қосуға құрылғылар сатып алуға 350,0 мың теңге, көше жарығын желілерін техникалық тексеруден өткізуге 250,0 мың теңге, Кіруді бақылау жүйесі (скуд) құрылғыысн сатып алуға 582,0 мың теңге, Мемлекеттік Рәміздер сатып алуға 315,0 мың теңге, Заң базасы бағдарламасын жаңартуға 150,0 мың теңге және маңдайша жасатуға 72,0 мың теңге, әмбебаб ойын алаңын сатып алуға 38016,0 мың теңге, 800 тұрғын үйге көше атауын дайындау және орнатуға 3968,0 мың теңге.
Қосшағыл мәдениет үйіне барлығы 10 866,0 мың теңге, оның ішінде: «Ауыл бесігі» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен 1 696,0 мың теңге, құрал жабдықтар, ЛЭД экран, көкалды шөп алуға 2216,0 мың теңге, сахна киімдерін тіктіруге 3064,0 мың теңге және Мәдени шараларды ұйымдастыруға 3890,0 мың теңге;
Қосшағыл ауылындағы «Мейірім» бала бақшасына маңдайша жасату мен Мемлекеттік Рәміздер сатып алуға 181,0 мың теңге, «Ауыл бесігі» бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджеттен Бешім атаны қоршауға және жолды ағымдағы жөндеуге 4095,0 мың теңге;
Жаңа Қаратон кентіне 38694,0 мың теңге, оның ішінде:
кіріс бөлігі 3600,0 мың теңге бос қалдық арқылы және 35094,0 мың теңге субвенция арқылы ұлғайтылды, сәйкесінше шығысы 38694,0 мың теңгеге ұлғайтылды, оның ішінде Кіруді бақылау жүйесі (скуд) сатып алуға 582,0 мың теңге, заң деректер базасын жаңартуларға 96,0 мың теңге, әмбебаб ойын алаңын сатып алуға 38016,0 мың теңге.
Қара-Арна ауылдық округіне 37073,0 мың теңге, оныі ішінде
Кіріс бөлігі 2256,0 мың теңге бос қалдық арқылы және 34817,0 мың теңге субвенция арқылы ұлғайтылып, шығысы сійкесінше 37073,0 мың теңгеге ұлғайтылды, атап вайтқанда Әкімшілік ғимаратты ағымдағы жөндеуге 6496,0 мың теңге, жерге орналастыру және кадастырлық қызметтерге 2711,0 мың теңге, Лотус программасын қосуға құрылғылар сатып алуға 350,0 мың теңге, көшедегі 483 үйге маңдайша жасатуға 2396,0 мың теңге, Көшедегі қоқыс салуға контейнер жасатуға 6 дана 240,0 мың теңге, кіруді бақылау жүйесін (скуд) сатып алуға 583,0 мың теңге, Мемлекеттік Рәміздер алуға 120,0 мың теңге, көше жарығына техникалық күтім жасауға 600,0 мың теңге, әмбебаб ойын алаңын сатып алуға 20000,0 мың теңге;
«Балдаурен» балабақшасына дәрі дәрмектер, кеңсе тауарлары мен шаруашылық тауарлар сатып алуға, семинарға ақы төлеуге мемлекеттік сатып алуға 3364,5 мың теңге, Мемлекеттік Рәміздер алуға 223,0 мың теңге
Жем ауылдық округіне 23812,0 мың теңге, оның ішінде:
Кіріс бөлігі 1654,0 мың теңге бос қалдық арқылы және 22158,0 мың теңге субвенция арқылы ұлғайтылып, сәйкесінше шығысы бөлігі 23812,0 мың теңгеге ұлғайтылды.
Программа "Парус-КАЗ.Бюджет" МСУ қосымша жұмыс орнын орнату бойынша 100,0 мың теңге, "Заң/Закон" деректер базасын жаңарту 80,0 мың теңге, энергетикалық аудит жүргізу 240,0 мың теңге, Лотус программасын қосуға құрылғылар сатып алу мен қондыруға 350,0 мың теңге, Лотус программасы жүйесін қондыруға 120,0 мың теңге, көшедегі 600 үйге маңдайша жасатуға 2526,0 мың теңге, әмбебап балалар ойын алаңын сатып алу мен қондыру жұмыстарына 20000,0 мың теңге, кіруді бақылау жүйесін (скуд) сатып алуға 650,0 мың теңге, Мемлекеттік Рәміздер алуға 225,0 мың теңге.
Санитариядан үнемделген 471,0 мың теңге қаржыны көше жарығын желілерін техникалық тексеруден өткізуге ығыстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |