Азаматтарды және олардың өтініштерін қабылдау тәртібі
Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін аудан әкімінің аппаратының азаматтарды қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауды аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы жүргізеді. Жеке қабылдау кестесі аппарат ғимаратының холында ақпараттық тақтада орналастырылған.
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Аудан әкімі әр айдың бірінші жұмасы сағат 10.00-16.00-ге дейін.
1) аудан әкімінің экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі орынбасары- әр айдың екінші бейсенбісі сағат 10.00-16.00-ге дейін;
2) аудан әкімінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары- әр айдың үшінші сейсенбісі сағат 10.00-16.00-ге дейін;
3) аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары- әр айдың екінші сәрсенбісі сағат 10.00-16.00-ге дейін;
4) аудан әкімі аппаратының басшысы - әр айдың бірінші жұмасы сағат 10.00-16.00-ге дейін.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша аудан әкімімен қабылдау сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін аудан әкімінің бөлмесінде жүргізіледі,
Аудан әкімінің қабылдауына жазылуды қабылдау бөлмесінің хатшысы 8 (723-32) – 3-24-01 телефоны бойынша күні бұрын жүргізеді. Аудан әкімінің азаматтарды қабылдау барысында берген тапсырмаларын орындалуын бақылауды құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жүзеге асырады.
Шет қалалардың азаматтарын қабылдау аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысының келісімдері бойынша, олардың өтініш берген күні жүзеге асырылады. Азаматтардың өтініштерін қарауда ауданның бөлімдер, басқармалар, кәсіпорындар басшылары тартылады.
Аудан әкімі аппаратының лауазымды тұлғалары азаматтардың жеке қабылдауын айына бір реттен кем емес жүргізеді. Қабылдау белгіленген күні және уақытында жүргізіледі. Егер өтініш қабылдау кезінде шешілмейтін болса, онда азаматтар көтеріп отырған мәселелер жазбаша түрде жазылады және онымен әрі қарай жұмыс істеу жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу сияқты жүргізіледі.
Аудан әкімі айына бір рет Шемонаиха ауданының елді мекендерінде заңды тұлға өкілдері мен азаматтарды көшпелі жеке қабылдауды, әзірленген кестеге сәйкес жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |