Управления при президенте республики казахстан



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет4/25
Дата24.12.2019
өлшемі2,22 Mb.
#24888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Бұл ретте, бізге мас күйде қоғамдық 
орындарда болу, адамның ар-намысына тіл 
тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың 
тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды 
адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол 
бермеу керек. 
Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған 
тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын 
ұстануы және отбасы құндылықтарын 
насихаттауы қажет. 
Бұдан басқа, жұмыстан тыс уақытта бізге 
рухани баю үшін мәдениет және демалыс 
мекемелеріне бару керек, қайырымдылық пен 
қоғамдық қызметке қатысу, мүмкіндігінше 
волонтерлық қызметпен айналысу және т.с. 
қажет. 
Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта біз өз іс-
әрекетіміз бен мінез-құлығымызға жауапты 
екенімізді, ал кез келген жағдайда әдеп 
қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік 
қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып 
табылатындығын есте сақтауымыз қажет. 
1.3 Жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық 
15
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары


1-жағдай
Талдау
Жұмыстан тыс уақытта жергілікті атқарушы органның 
мемлекеттік қызметшілері жоғары тұрған лауазымға 
әріптестерінің бірінің тағайындалуын атап өтіп жатқан.  
Алкогольді ішімдіктер ішілгеннен кейін ұрыс-керіс шығып, 
ол төбелеске айналған. 
Осы мейрамхананың келушілері болып жатқан оқиғаның 
еріксіз куәгері атанған. Тәртіпсіздік нәтижесінде 
мейрамханаға айтарлықтай материалдық залал 
келтірілген. 
Аталған жағдай осы тұлғаларға қатысты шұғыл шешім 
қабылдауды талап еткен,  негативті қоғамдық резонансты 
тудырды.
Кейін интернетте осы оқиғаны көргендердің бірімен 
салынған бейнежазба пайда болған. 
  
Жоғарыда баяндалған мысал лауазымды тұлғалардың 
жалпыға ортақ моральдық әдеп нормаларын бұзғандығын 
көрсетеді.  Алкогольді мас күйде олар қоғамдық орындағы 
мінез-құлық қағидаларын ескермеді, қоғамдық 
адамгершілік, тәртіп және қауіпсіздікке қол сұқты.  
Бұл жағдай қолданыстағы заңнама шеңберінде тексеру 
жүргізуге және оқиғаға қатысқан барлық мемлекеттік 
қызметшілерге тиісті шаралар қабылдауға негіз бола 
алады.
16
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары


2-жағдай
Талдау 
Көлік көп жүретін жол қилысында қала әкімі жұмыстан тыс 
уақытта жеке автокөлігін жүргізіп келе жатып, жол 
қозғалысы ережесін бұзған, бұл ретте ол жол полициясы 
қызметкерлерінің машинаны тоқтату туралы талаптарын 
ескермеген.   
Өзінің заңсыз әрекетін әкім отбасылық іс-шараға кешігіп 
бара жатқанымен және жол белгісін, сондай-ақ жол 
полициясы қызметкерлерін байқамағанымен дәйектеді. 
Бұдан басқа, ұсталғаннан кейін бұзушылық жасаған тұлға 
медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. 
Жұмыстан тыс уақытта 
мемлекеттік қызметшіге 
беделін түсіретін және 
қоғам тарапынан сын мен 
айыптау тудыратын 
жағдаяттардан алшақ болу 
қажет.  
Жол қозғалысы ережесін 
бұзу, алкогольді мас күйде 
автомобиль басқару, сондай-
ақ жол полициясы 
қызметкерлеріне бағынбау 
өрескел әдеп бұзушылық 
болып табылады. 
17
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
2-жағдай
Әдеп жөніндегі кеңестің 
отырысында ауылдық 
округ әкіміне қатысты 
тәртіптік іс қарастырылған 
болатын. Ауылдық округ 
әкімі жексенбі күні окургті 
аралау кезінде егін 
жиналып жатқан 
егістіктердің бірінде шаруа 
қожалығының басшысымен 
сөйлесу барысында 
нормативтік емес 
лексиканы қолданған. Бұл 
оқиғаның куәгерлері 
жұмысшылар болған, 
солардың бірі аталған 
әңгімені диктофонға 
жазып алған. 


Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Әкім өзінің заңға қайшы 
мінез-құлқын шаруа 
қожалығының басшысы 
оған балағат сөздер айта 
бастағандықтан, ол оған 
солай жауап бергенімен 
дәйектеді.  
Ауылдық округ әкімі Әдеп 
жөніндегі кеңестің шешімі 
негізінде қатаң тәртіптік 
жауапкершілікке 
тартылды. 
Іскерлік этикет пен ресми 
мінез-құлық қағидаларын 
сақтамау Әдеп кодексін 
өрескел бұзу болып 
табылады. 
Жұмыс және жұмыстан 
тыс уақытта да 
мемлекеттік қызметші 
беделін түсіретін немесе 
қоғам тарапынан сын 
тудыратын 
ситуациялардан өзін 
алшақ ұстауы тиіс. 
Талдау 
Тұжырым 
Біз алкогольді мас күйде қоғамдық орындарда болу, айналадағыларға 
физикалық күш қолдану және жол қозғалысы ережелерін бұзу 
адамгершіліксіз, қоғамдық қауіпті және мемлекеттік қызметші үшін 
лайықсыз қылық екендігіне  берік сенімдіміз. 
Бізге қоғамдық тәртіпті сақтау және жеке мінез-құлығымызбен өнегелі 
өмір салтының үлгісін көрсету қажет.
18


19
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
Сұрақ: Мемлекеттік органның лауазымды 
адамымен сән-салтанатты тойлар және басқа да 
мерекелер туралы әлеуметтік желілерде 
мәліметтер таратылған жағдайда оның 
жауапкершілігі қаралады ма және осындай 
мерекелерді өткізу бойынша шектеулер бар ма?
Жауап: Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы 
заңнамамен тойлар және басқа да отбасылық 
мерекелерге қатысты шектеулер жоқ.
Сонымен бірге, Әдеп Кодексіне сәйкес, мемлекеттік 
қызметшілер қарапайым болуға, жалпы 
қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын 
сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен 
қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер 
болмауға тиіс.
Үйлену тойларды және өзге де отбасылық әдет-
ғұрыптарды, оның ішінде балалардың туылуына 
байланысты шараларды нақты қаржылық 
мүмкіндіктерге сүйене отырып, жақын адамдармен 
(ең көп саны 120 адамға дейін) өткізу ұсынылады.
Сонымен, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік 
лауазымға тағайындалу, шендер, атақтар, 
мемлекеттік наградалар, ғылыми және кәсіптік 
дәрежелер алуға байланысты ресми қабылдаулар 
ұйымдастыру ұсынылмайды. 
Қарапайымдылықтың көрінісі сондай-ақ сән-
салтанатты үйлену тойлардың, мерейтой және өзге 
де отбасылық салтанаттардың өткізілуіне тікелей 
байланысты. Мұндай тәжірибе қарапайым 
азаматтар тарапынан сын туғызады және бүкіл 
мемлекеттік қызмет институтының беделіне күмән 
тудырады.
Туған күндерді отбасылық ортада, сондай-ақ 
жақын достармен спирттік ішімдіктерді ішпей-ақ 
атап өту ұсынылады.


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау