Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі



жүктеу 373,06 Kb.
бет1/3
Дата18.12.2017
өлшемі373,06 Kb.
#4809
  1   2   3



Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі

2015-2016 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар

ЖОСПАРЫ
Мазмұны:


  1. Кіріспе

  2. Ағымдағы ахуалды талдау.

  3. Мақсаттар мен міндеттер.

  4. Негізгі бағыттар.

  5. Күтілетін нәтижелер


Кіріспе

Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауын іске асыру бойынша кешенді жұмысты жалғастыру мақсатында әзірленген.


2014 жылы басқа да мемлекеттік органдардың (білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат министрліктерімен) келісімі бойынша Ішкі істер министрлігімен әзірленген Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2014 жылға арналған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспарының мерзімі аяқталды.

Сонымен қатар, қоғамда құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, 2014-2015 жылдарға арналған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру бойынша медиа-жоспармен көзделген іс-шаралар аяқталды (Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрімен бекітілген).

Осыған байланысты, Іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға кешенді және жүйелі тәсілді жалғастыру және оларды жасағаны үшін жазалаудан құтылмаушылық қағидатын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.

Жоспармен қоғамдық қарым-қатынастың барлық салаларын қамту және қоғамда ұсақ бұзушылықтар мен мәдениетсіздікке жалпы төзбеушілікті, азаматтардың құқықтық танымы мен мәдениетін қалыптастыруда жаңа импульс беру жоспарланған.
Ағымдағы жай-күйді талдау
Мемлекет басшысының тәріпсіздік пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде қабылданып жатқан шаралар мүдделі мемлекеттік органдардың тарапынан және азаматтық қоғам институттарының қатысуымен еліміздегі қылмыстылықтың жай-күйіне оң ықпал етуде.

Осылайша 2014 жылдың 12 айында республика бойынша жалпы қылмыс санының 4,4%-ға, оның ішінде аса ауыр қылмыстың 17,5%-ға және ауыр түрлерінің 16,6%-ға төмендегені байқалады. Қоғамдық орындарда (1%), көшелерде (10,5%), «мас күйде» (4,2%), рецидивті (10,5%), сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында (16,8%) және атыс қаруын пайдалана отырып жасалған (21,5%) қылмыс азайған.



Сонымен қатар, еліміздің жолдарындағы ахуал тұрақтанған. Егер 2013 жылдың қорытындысы бойынша 2012 жылмен салыстыра алғанда апаттылықтың өсуі 65% (14 168-ден 23 359-ға дейін) құраса, 2014 жылы осы көрсеткіш 12,8%-ға (23359-дан 20378 дейін) төмендеген. Бұл ретте, жол-көлік оқғиаларында қайтыс болған азаматтардың саны 15%-ға (3037-ден 2585-ке дейін) және жарақат алғандардың саны 13,2-ға (29872-ден 25942-ге дейін) төмендеген.
1 диаграмма. Жол-көлік оқиғаларының, онда қайтыс болған және жарақат алғандардың саны.



жүктеу 373,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау