Көкпекті ауданының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы ақпарат. Көкпекті ауданында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру мақсатында «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі



Дата22.11.2018
өлшемі33 Kb.
#23459
түріҚұрамы

Көкпекті ауданының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысы туралы ақпарат.
Көкпекті ауданында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру мақсатында «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия» және «Іскер әйелдер клубы» жұмыс атқарады. Аудандық әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамына 9 адам енгізілді. Көкпекті ауданының 17 селолық округтерінде әйелдер кеңесі жұмыс жасайды, құрамында 89 адам бар. Оның ішінде сала бойынша 21- білім, 15- денсаулық, әлеуметттік жұмысшылар -8, кәсіпкерлер -11, құқық қорғау органдары- 17 және мемлекеттік қызметте 17. Көкпекті ауданы бойынша 2017 жылдың 1 қарашасында әйелдер саны 14535, аудан тұрғындарының 50% құрайды. Жыл бойында 85 жаңа жұмыс орны ашылды. Жалдамалы жұмысшылар үлесі шамамен 52% құрайды. Бұл ретте экономикалық қызмет түрлері бойынша әйелдер үлесі басым. Сонымен денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтердегі әйелдердің 85,59% құрайды, жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан қонақ үй бизнесінде, кәсіпорындарында қоғамдық тамақтану-76,0%, білім саласындағы -73,7%, қаржылық қызмет -70%, өзге де коммуналдық, әлеуметтік қызметтер -52%, үй шаруашылығы және сауда қызметтері бойынша -54%.Ауданда 868 ауылшаруашылық құрылымдарында 700 астам әйелдер қызмет етуде, сонын ішінде 2-ұсақ шаруқожалық басшысы, 1- өндірістік кооператив басшысы. Әйелдер санатының құрамы: аудандық маслихат депутаты-4, аудан әкімінің орынбасары -4, аудан әкімінің аппарат басшысы -1, селолық округ әкімдері-2, селолық округ әкімдерінің орынбасары-2, жергілікті атқарушы орган басшылары -6, жергілікті атқарушы орган басшыларының орынбасарлары -5, саяси партия басшысы-1, сот билігі -11, құқық қорғау органдары -7.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хаттамасын орындау барысында және жүйелі жұмыс жүзеге асыру үшін 2017 жылға арналған жылдық жоспар құрылып, бекітілді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 4 комиссия отырысы өткізіліп, 10 сұрақ қаралды.

Жыл бойы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия белгілі бір жұмысты орындады.

Жыл басынан әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі комиссияның бастамасымен «Жастар орталығы»КММ және, орталық мешітпен бірлесіп «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.1 наурыз Алғыс айту күні бойынша жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді, мүмкіндігі шектеулі 10 балаға әлеуметтік пакет берілді, 15 жалғыз басты зейнеткерлерге қар тазалау бойынша көмек көрсетілді. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне күніне орай аудан әкімінің әйелдер қауымдастығының өкілдерімен дәстүрлі кездесуі ұйымдастырылып, өткізілді. Соғыс, еңбек, тыл ардагерлерімен және көп балалы аналармен кездесу өтті. Наурыз мейрамы қарсанында Бастаушы ауылында «Асыл мұра» әжелер клубының 30 жылдығына арналған облыстық іс-шара ұйымдастырылды. Сәуір айында аудандық «Мерейлі отбасы» сайысы өткізіп, 5 отбасы қатысты. Сайыста жеңіске жеткен Көкжыра ауылының тұрғыны Жанабаевтар отбасы облыстық сайысқа қатысты. Мамыр айында «Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің аясында «Әйелдер болашақ энергиясы үшін» әйелдер форумы өтті. Шілде және қыркүйек айлары аралығында әйелдер кеңестерінің төрайымдары 19 қолайсыз отбасын аралады. «Мектепке жол» акциясы аясында жағдайы төмен отбасыларға 350 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Қыркүйек айында «Азық-түлік сапасын жақсарту арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру: проблемалар мен перспективалар» атты аудандық конференция өткізілді. Қазан айында II Республикалық әкелер форумы аясында іскер әйелдер клубының мүшелеріне және ауылдық әйелдер кеңесі төрағалары үшін зорлық-зомбылыққа ұшыраған және діни экстремистердің ықпалына ұшыраған әйелдермен жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өткізілді. 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясы аясында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.



Жыл бойы әйелдер істері бойынша комиссияның бастамасымен 276 іс-шара өткізіліп 12590 адам қамтылды, сонын ішінде 25 мәдени, 10 спорттық, 224 қайырымдылық іс-шаралары жалпы 11,4 млн соммасына ұйымдастырылып, 17 іс-шара отбасындағы әкенің рөліне бағытталған. Кәсіпкер әйелдерді қолдау аясында «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ жалпы сомасы 13 млн. теңге көлемінде 2 әйелдерге несие берілді. Мүмкіндігі шектеулі жас кәсіпкер Жанна Жабекова 3 млн.теңге грант ұтып алып, ШҚО ұлттық палатаның және аудандық іскер әйелдер клубының мүшелерінің қолдауымен бизнеске қажетті құрал жабдықтар алып жұмсақ ойыншықтар тігу цехін ашты. Жыл көлемінде әр тоқсан сайын білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік мәселелері жөнінде ауылдық округтік комиссия хатшылары үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Жыл бойы барлық сыныптарда оқушылар арасында отбасылық және гендерлік саясат тақырыбы бойынша сабақ өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таратылды. 2017 қорытындысы бойынша аудандық газетінде отбасылық және гендерлік саясат саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы 25 мақала жарияланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау