ШҚО Қоғамдық кеңесінің
2016 жылғы
қызметі туралы ақпарат
2016 жылы 107 іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді, оның ішінде:
ШҚО Қоғамдық кеңесінің 17 мәжілісі, оның ішінде 12 қоғамдық тыңдаулар форматында;
ШҚО Қоғамдық кеңесінің жұмысшы сараптау топтарының 49 мәжілісі;
Жұмысшы сараптау топтары жетекшілерінің 7 брифингі денсаулық сақтау бойынша (2), ТҮКШ бойынша (4), экология бойынша (1);
Тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетуді қоғамдық бақылау мақсатымен медициналық мекемелерге 14 рейд, оның ішінде Өскемен қаласында (13), Риддер қаласында (1) рейд өткізілді;
Тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрі-дәрмекмен қамтуды қоғамдық бақылау мақсатымен Өскемен қаласының дәріханаларына 2 рейд өткізілді;
ШҚО Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділігі бойынша материалдарды дайындау мақсатымен осы мекемелерге 4 рейд өткізілді;
ШҚО Қоғамдық кеңесінің жұмысшы сараптау топтарының Семей, Риддер, Курчатов қалаларындағы, Бородулиха, Шемонаиха, Глубокое, Ұлан, Бесқарағай, Зырян, Жарма, Көкпекті, Күршім, Аягөз, Үржар аудандарындағы 4 көшпелі мәжілісі.
Есептік кезеңде нормативтік құқықтық актілердің 245 жобасы қаралды, оның ішінде:
облыстық мәслихаттың шешімдері – 17
қалалық және аудандық мәслихаттардың шешімдері – 84
облыстық әкімдіктің қаулылары - 90
қалалық және аудандық әкімдіктердің қаулылары – 54.
Салалар бойынша:
тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша – 51 НҚА жобасы,
бюджетке өзгерістер енгізу және бюджетті орындау бойынша - 36 НҚА жобасы,
жер қатынастары саласында (қолданылмайтын жер телімдеріне базалық мөлшерлемелерді арттыру бойынша) - 21 НҚА жобасы,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша - 14 НҚА жобасы,
ауылшаруашылығы саласында - 20 НҚА жобасы,
білім беру саласында - 9 НҚА жобасы,
мемлекеттік қызмет регаменттері бойынша - 53 НҚА жобасы
Қоғамдық кеңестің қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланады, «Қоғамдық кеңес» атауымен арнайы айдарлар облыстық әкімдіктің, облыстық мәслихаттың, ішкі саясат басқармасының және құрылым бойынша Қоғамдық кеңес қызметін үйлестіруші Шығыс Қазақстан облысының Талдау және болжау институтының интернет-ресурсында құрылған.
Осылайша, 2016 жылы БАҚ-да 171 материал жарияланды, оның ішінде:
республикалық баспа БАҚ-да - 10 мақала
республикалық электронды БАҚ-да – 9 сюжет
аймақтық баспа БАҚ-да – 111 мақала
аймақтық электронды БАҚ-да – 16 сюжет
аудандық БАҚ-да – 25 мақала
2016 жылғы 12 ақпанда – ШҚО облысы әкімінің 2015 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2016 жылы даму болашағы туралы есебі тыңдалды;
2016 жылғы 15 наурызда – ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының облыстық ОДА және ФАП медициналық құралдармен жабдықталуы туралы есебі және ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының 2016 жылға жұмыс жоспары туралы есебі тыңдалды;
2016 жылғы 4 мамырда – Қазақстан Республикасының жер заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты туындаған сұрақтарды талқылау және түсіндіру бойынша мәжіліс өткізілді;
2016 жылғы 27 маусымда – Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарау бойынша мәжіліс өткізілді.
2016 жылғы 17 маусымда - ШҚО қалалары мен аудандарының Қоғамдық кеңестерінің төрағалары үшін семинар өткізілді.
2016 жылғы 6 тамызда ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Головатюк В.М. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовтың Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының Қоғамдық кеңестер төрағаларымен Павлодар қаласында өткізілген кездесуіне қатысты. Кездесу барысында мәселелі сұрақтар, тәжірибе алмасу, Қоғамдық кеңестер қызметін одан әрі жетілдіру жолдары талқыланды.
2016 жылғы 19 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО Департамент басшысы орынбасарының «Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы» ақпараты тыңдалды.
2016 жылғы 3 қазанда ШҚО Қоғамдық кеңесі Төрағасының «ШҚО Қоғамдық кеңесінің 2016 жылғы І жартыжылдықтағы қызметі туралы» ақпараты, Ұлан ауданы әкімінің «Ұлан ауданындағы Окуньки және Сартымбет көлдерінде демалыс орындарын ұйымдастыру туралы» ақпараты тыңдалды.
2016 жылғы 11 қарашада ШҚО Денсаулық сақтау және білім беру мекемелері басшыларының «Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінің ғимаратын күрделі жөндеу барысы жайындағы», «Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің ғимаратын күрделі жөндеу барысы жайындағы», Ұлан ауданы әкімінің «ШҚО Ұлан ауданы Қ.Қайсенов к. жылыту маусымының барысы жайындағы» ақпараттары тыңдалды.
2016 жылғы 6 желтоқсанда ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысы орынбасарының «2016 жылы табиғат қорғау бағдарламаларын орындау барысы және 2017 жылға жоспарлар жайындағы», ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқарма басшысының Шығыс Қазақстан облысындағы туристік саланың жағдайы және аумақтарды дамыту бағдарламаларының аясындағы даму келешегі жайындағы» ақпараттары тыңдалды.
Өз бағыттары бойынша денсаулық сақтау, экология, қажеттілігі ерекше азаматтардың құқықтары, ТҮКШ, тұрақты даму және ӨСАБ бойынша жұмысшы сараптау топтары белсенді жұмыс атқаруда.
ШҚО Қоғамдық кеңесінің
төрағасы В. Головатюк
Достарыңызбен бөлісу: |