Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет36/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48

Мұндай баланың аса ауыр психикалық зақым алуы – 
қақтығыс тудыратын, кез-келген «қалаймын» немесе 
«қаламаймын» арасындағы қарама-қайшылық. Бұл 
– оған қойылатын талаптардың арта түсуі, оның «қалай-
мын» немесе «қаламаймын» деген пікірімен санасуды 
доғару және менмендігіне қарсы тұру (бөбекжай немесе 
балабақша, мектеп, қатарластарымен кездесу: оның 
барлық талаптарын екі етпей орындайтын ата-анасының 
орнына өзіне талап қоятын адамдармен кездесу); қала-
улары мен еркеліктері жайына қалатын өмірлік қиын-
дықтар, өзіне барып тұрған әділетсіздік болып көрінетін 
өмірінің нашарлауы. Сол кезде бала «керек», «болмай-
ды», «ұят болады» дегеннің барлығын шетке ысырып 
қояды. Сол сәтте «сырқатқа жүгіру» түрінде психоло-
гиялық қорғаныс қызметіне кіріседі. Сырқат адамдар 
жеңілдіктер алуға, жұмсағырақ шарттар берілуіне, өмір 
қиындықтарынан қорғалуға құқылы ғой. Есіріктік – 
өмірге бейімделу тәсілі. Есірік невроз тіпті ең кішкентай 
балаларда да болады. 
Есірік невроз кезінде бала ағзасы кез-келген сырқат 
түрін жасап шығаруға қауқарлы. Балаға тұмау тиіп, 
балабақшаға, мектепке баруды қойды. Оның түсігінде 
келесі жайт орнықты: дене қызуы өлшенді, төсекке 
жатқызылды, бәрі әуре-сарсаңға түсті, барлық міндет-
тер алынып тасталды. Міне, әлдебір жағымсыз жайттан 
құтылу қажет болды. Жылуды реттеу орталығына түйсік 
деңгейінде «бұйрық» жетті – дене қызуы көтерілді.
145
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


Егер ата-анасы баласының мінез-құлқы жоғарыда 
сипатталған түрлердің біріне ұқсас болып бұзылғанын 
байқаса, балалар мамандарының көмегіне жүгінген 
дұрыс, олар: невролог, психоневролог, психолог. Қажет 
болса, дәрі-дәрмектер немесе арнайы психотерапия 
тағайындалады. Кейін күресіп әлек болғанша, сырқаттың 
бетін қайтарған абзал.
Есірік арқылы бейімделу, неврастенияға қарағанда, 
жалғыз қалауы – «мені жайыма қалдырыңдар» - өзінің 
менменшілдік мәселелерін өзгелердің қолымен шешу. 
Есіріктік әрдайым белгілі бір адамға бағытталған. Барлық 
жағдайда дерлік ата-анасына бағытталады. Анасы бала-
сының ауырып қалғанына уайымдайды – бала ауырады. 
Анасы баласының тәбеті нашарласа, зәре-құты қашады – 
бала тамақ ішпейді. Баласының құсуы анасының зәресін 
алады – міне, жүдеулік пайда болады – бала жүдеп кетеді, 
құр сүлдері қалады. Нәтижесінде, оған ешбір талап қой-
ылмайды, оған барлығы қызмет етеді, ол қалағанына қол 
жеткізе алады. Ол есіріктігінің арқасында бейімделді.
Есірік неврозына шалдыққан бала өзінің ауыр және со-
зылмалы сырқатқа шалдыққанына сенімді. Егер дәрігер 
оған дене қызуының өлшемдерін көрсетсе: сенбі күні 
кешке қалыпты, жексенбі күні кешке, дүйсенбі алдын-
да – жоғары, яғни, дәрігер оны әшкерелесе, ол енді сол 
дәрігерге бармайды, себебі, ол – «жаман және зұлым» 
дәрігер. Көп жағдайда бұл анасының да намысына тиеді: 
«Сонда менің балам өтірікші ме?». Жоқ, ол өтірікші емес, 
ол – сырқат, бірақ, невропатолог Ж.Бабинский тауып 
айтқандай, «үлкен өтірікші» – оның сырқаты.
146
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


Баланың осал тұстарын айта берудің қажеті жоқ, оған 
бойында бар жақсы, құрметке лайық қасиеттерін дамытуға 
көмектесу керек. Қыз бала сұлу емес пе? Ештеңе етпейді, 
есесіне оның күлкісі қандай, өзі қандай көпшіл, мейірімді 
және ақылды. Баланың кемшілігі жайлы айтқанда «бұл 
бастысы емес» деген сияқты жалпы сөздермен құтылуға 
болмайды, балама ретінде оның бойында нақты бар жақ-
сы қасиетті айту керек.
Балаға әділ көзқараспен қарауға тырысу керек және өзіне 
деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру қажет. Бойында 
жоқ қасиеттерді өтірік қосудың, ата-анасы оның бойынан 
көргісі келетін қасиеттері үшін мақтаудың, сонымен қатар, 
ата-анасы қолынан келеді деп ойлайтын істі «жасағысы 
келмегені» үшін ұрсудың еш қажеті жоқ. Бірақ, керемет 
қасиеттерін айтпай кетуге болмайды, баланың 
бойындағы кез-келген дарын –баға 
жетпес байлық, олардың қайсы-
сы ең маңызды екенін тек өмір 
көрсетеді.
Тұлғасын емес, баланың мінез-құлқын өзгертуге ты-
рысу керек. Баланы сөзсіз қоғамдағы мінез-құлық 
ережелеріне үйрету керек, бірақ, ешқашан ата-а-
насының түсінігіндегі мінсіз адам жасап шығаруға 
талпынбау керек. Жазалау қажет болса, жалпы 
мінезі үшін емес, тек нақты теріс қылықтары үшін 
ғана жазалау керек. Баланың іс-әрекеттеріне 
кез-келген баға беруге болады, бірақ, оған жағым-
сыз қасиеттерді – «ақымақ», «қабілетсіз», 
«қырсық», «ешқашан түзелмейтін ...», 
«ұсқынсыз» және т.с.с. балап, оның 
тұлғасына сын айтуға жол бермеңіз.
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ 
БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР 
147
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


Қорытындылай келе, невроз өз-өзіне сенімді, шынайы 
өмірге дайындалған, өмірге тиісінше және лайықты 
бейімделе алатын, әрі, ең бастысы, менменшілдіктен 
бойы таза адамдарда болмайтынын мол сеніммен 
айтуға болады. Бала өзін-өзі жақсы көруі тиіс, оның 
бойында біршама өзімшілдік болуы – заңдылық, бірақ, 
ол сондай-ақ, айналасындағыларды да – анасын, әкесін, 
достарын, қаланы, табиғатты, күнделікті істерін және т.б. 
жақсы көруі тиіс.  Ата-ананың міндеті – баланың бойын-
да осы қос сүйіспеншілік қасиетін тәрбиелеу.
Баланың бойында қоғамдық мінез-құлық дағдыла-
рын дамыту керек. Баланы қоғамда қабылданған 
сәлемдесу, танысу, қоштасу рәсімдеріне үйрету 
қажет, баланы елемеуге және шеттетуге жол бермеу 
керек, баланың жеткілікті дәрежеде хабардарлығын 
қадағалап отыру қажет – айналадағылармен тілдесу 
үшін олармен талқылайтын ортақ тақырыптары 
болуы керек.
Шамадан тыс қамқорлық көрсетуге жол беруге 
болмайды. Балаға өз бетінше әрекет ету мүмкіндігі 
берілсе болды – орынды шектерде, әрине – ол мұн-
дай мүмкіндікті мүлт жібермейді.
148
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау