Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет34/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48

БАЛАЛАР
НЕВРОЗЫ
22
137


H
евроз туралы барлық ата-аналар естіген. Бірақ, невроз 
не екені туралы ата-аналардың ешқайсысы дерлік біл-
мейді. Тек кең таралған және берік орныққан пікір бар: 
егер баланың «жүйкесі сыр берсе», жылаңқы, тез қозғыш, 
ашушаң, басқа балаларға ұқсамайтын болса, өзін дұрыс 
ұстамаса, тым мазасыз, мінезі қиын болса, ұйқысы бұзыл-
са немесе тәбеті нашар болса – демек, невроз.
НЕВРОЗ – зақым не жарақат келтіретін шынайылықтан оқшау-
лануға және қорғануға көмектесетін психикалық қорғаныстың 
ерекше түрі. Оның өрбуіне міндетті түрде қандай да бір ішкі 
шиеленіс ұйытқы болады. Ондай шиеленіске келесілер себепші 
болуы мүмкін:
баланың жаратылысынан қалыптасқан болмысын ба-
сып-жаншу (мінезі жұмсақ, «нәзік» ұл баланы әкесі ұрсады, 
ұлының бойынан «нағыз ер азаматты» көргісі келеді); 
психофизикалық ақау (бала өзіне қойылған талаптарға сай 
келмейтінін сезеді, өзін басқалардан нашар деп ойлайды, 
бірақ, шын мәнінде олай болмауы мүмкін);
өзіне саналы түрде берген бағасының нақты бір уақыт-
та жеке тәжірибесі және айналадағылардың бағасына 
негізделген, психикасында қалыптасқан, түйсік деңгейінде 
өз-өзіне берген бағасына сәйкес келмеуі.
138
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


Бұл невроздың емес, неврозалды күйінің, жылдар бойы, 
тіпті бүкіл өмір бойы жалғасуы мүмкін күйдің белгілері. 
Жалпы невроз ешқашан жалғасын таппауы мүмкін, 
бірақ, айтарлықтай күшті физикалық немесе психикалық 
соққыдан кейін пайда болуы мүмкін, әрі, дәл осы бала 
үшін өзекті болуы ықтимал. 
Неврозалды күйіне шалдыққан бала невроз бағытында бет 
алғанда өз-өзіне сенімсіздігінен азап шегеді, бірақ, абыржулы 
болады. Жан-дүниесі ішкі шиеленіске толы болады. Егер қандай 
да бір оқиға орын алса, осы тұрақсыз тепе-теңдік бұзылады 
– жойқын сәтсіздік, ауыр қорлану, сезімтал жеңіліс, яғни, ауыр 
психикалық зақым – баланың басына жай түскендей болады, 
ол өзіне деген сенімінен түбегейлі және біржолата айырылады, 
ол сөзсіз тізе бүгеді. Енді абыржу жоқ, ауруға шалдықтыратын 
ішкі шиеленіс те жоқ. Бірақ, бұл әлі невроз емес. Егер ол тізе 
бүгіп, өз ар-намысынан және абыройынан бас тартса – ол тек 
сағы сынған адам. Егер ол тізе бүккен күннің өзінде ар-намы-
сын және абыройын сақтап қалса, бұл – невроз. Бірақ, жеңілісті 
мойындап, тізе бүккенде ар-намысы пен абыройды қалай 
сақтап қалуға болады?
Бұл кідіріп барып, жарылатын бомба сияқты, себебі, 
мұндай күй сөзсіз ата-ананың назар аударуын және 
мамандардың араласуын талап етеді.
Невроз алдында болатын, әлдеқайда жиі кездесетін күй невро-
залды күйі деп аталады.
Невроздың өрбу мүмкіндіктерінің белгілері немесе ата-аналар 
көңіл бөлуі тиіс жайттар келесілер:
1. 
Неврозалды күйі менменшілдікпен сипатталады, осындай 
күйге шалдыққан бала - ең алдымен, тым менменшіл. 
Ол адам төзбестей талапшыл, ата-анасы шаршағанында, 
әжесінің жүрегі, ал атасының басы  ауырып тұрғанында 
шаруасы жоқ. Ол адамды мезі етеді, ол – озбыр.
2. 
Сонымен бірге, мұндай бала өзінің қауқарсыздығын 
сезініп, бөтен адамдардан, соның ішінде, қатарластарынан 
қорқады, себебі, неврозалды күйінің екінші негізгі ерек-
шелігі – қауқарсыздық сезімі. 
3. 
Осыдан – оның тек өзіне ғана тән сипаты – мі-
нез-құлықтағы қарама-қайшылық туындайды. Неврозалды 
күйіне шалдыққан баланың іс-әрекетін болжау мүлдем 
мүмкін емес. Қауқарсыздық сезімі басым түссе – ол 
шегінеді, көнгіш бола кетеді, шешім қабылдауда жаны 
қиналады, қорқақ болады, қалауынан бас тартады. Ар-на-
мыс сезімі басым түссе – төбелеске, жойқын қақтығысқа 
алды-артына қарамай қойып кетеді, айтқанынан қайтпай-
ды. Біресе, әлсізден жеңіледі, біресе, қарсыласының күшті 
екенін біле тұра төбелеседі. Бірде ол масқарасы шығып, су 
жүрек екенін көрсетеді, бірде кенеттен батыл және өжет 
болып шығады.
139
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


ЖАЛПЫ ҮШ НЕВРОЗ ТҮРІ БАР ДЕП ЕСЕПТЕЛЕДІ.
Бұл түр «нәзік» балаларда, әсіресе, отбасына қатты бауыр 
басқан ұл балаларда («генофил», «генос» - шыққан тегі және 
«фил» - сүю) жиі дамиды. Неврастения күйінде бала ата-ана-
сына «невротикалық астения» - өлердей қажу, әлсіз денсаулық 
күйін көрсетеді.
Ол ештеңе талап етпейді, одан да ештеңе талап етілмейді. 
Оған қоса, барлығы, тіпті балалар да, оны қорғаштайды. Оның 
айтқанына барлығы көне бастайды. Оған ешбір жауапкершілік 
артылмайды, ал ол дәл соны бәрінен де қатты қалайды. Оған 
ешкім мін тақпайды, айыптамайды, бұл оның өзіне де қолай-
лы. «Жағдайы жақсы» сияқты. Ата-анасының, мұғалімдерінің 
көретіні: онымен қарым-қатынас құрудың арнайы бір әдісі 
қажет емес, одан ештеңе шықпайды. Оған көп талап та қойыл-
майды – тірі жүрсе, жетіп жатыр.  
1. НЕВРАСТЕНИЯ
МҰНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ОНЫ САҚТАП ҚАЛУҒА ПСИХОЛОГИ-
ЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫС КӨМЕКТЕСЕДІ.
Психологиялық қорғаныс, қайталап айтамыз, түйсік деңгейінде 
өзін-өзі алдау, яғни, түйсігінде осындай қорғанысқа жүгінетін 
адам өзінің кез-келген уақытта және істе жақсы екеніне, ал 
айналадағы адамдардың әрдайым жаман болатынына, өзі 
әлсіз емес, өмір оған әділетсіз екеніне кәміл сенетін, өзіне, 
өзгелерге және өміріне осындай көзқараста болуды білдіреді. 
Нәтижесінде ар-намыс қорғаулы қалады, ал қауқарсыздық 
сезімі жоғалады. Бірақ, осылай болған күннің өзінде өмірге 
бейімделу жолын табу керек қой! Психологиялық қорғаныс 
неврастения кезінде (жүйке бұзылуында) бұл мәселені өте 
оңай шешеді.
Невроз, жоғарыда айтылғандай, шын мәнінде ерекше психо-
логиялық қорғаныс түрі болғандықтан, адам психикасының 
дербес ерекшеліктеріне қарай әрбір нақты жағдайда белгілі 
бір дербес сипатқа ие болады.
140
БАЛАЛАР НЕВРОЗЫ
22


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау